Қызметкерлеріне



жүктеу 1,93 Mb.
бет2/57
Дата30.01.2023
өлшемі1,93 Mb.
#41064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
manual-kz

© Ұлттық салауатты тағамтану орталығы, 2017

Мазмұны


Кіріспе 4
Жұқпалы емес аурулардың алдын алудағы салауатты тамақтанудың, дене белсенділігінің, салауатты өмір салтының ролі 7
Балалар мен жасөспірімдердің тағамдық мінез-құлығына әсер ететін факторлар 29
Балалар мен жасөспірімдердің дене белсенділігіне әсер ететін факторлар 31
Салауатты тамақтану, дене белсенділігі саласындағы саясат пен тәжірибені дамыту, іске асыру және бағалау үшін үйлестірілген шараларды қолдану 32
Нұсқаулық 1. Оқушыларды сауықтыру бойынша мектеп бағдарламасын әзірлеу 41
Нұсқаулық 2. Денелік, психологиялық және әлеуметтік денсаулықты қолдау үшін жағдай жасау 43
Нұсқаулық 3. Мектеп оқушыларын сапалы тағаммен қамтамасыз ету 49
Нұсқаулық 4. Дене белсенділігі бойынша кешенді бағдарламаны енгізу 54
Нұсқаулық 5. Сапалы медициналық қызмет көрсетуді ұсыну 60
Нұсқаулық 6. Мектеп қызметкерлерін сауықтыру бағдарламасын енгізу 67
Қолданылған әдебиет тізімі 70

  1. қосымша. Мектеп жағдайын бағалау бойынша индикаторлар 83

  2. қосымша. Мектеп оқушыларының тамақтануын ұтымды ету үшін жағдай жасау бойынша Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арналған кешенді бағдарламаның жобасы 89

  3. қосымша. Оқушылардың денсаулығын нығайту үшін мектеп жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары 104

  4. қосымша. Созылмалы жұқпалы емес аурулардың мінезқұлықтық қауіп факторлары туралы оқушылардың білім деңгейін арттыруға арналған тест сұрақтары мен жағдайларға байланысты есептер 105

Кіріспе


Денсаулық пен елдің болашақ экономикалық тірегі - оқушылардың академиялық оқу үлгерімі арасындағы тікелей байланыс көптеген ғылыми зерттеулерде дәлелденген (Bradley B. et al, 2013, Report of a Joint WHO/FAO Expert Consultation. WHO. 2003). Әлемдік денсаулық сақтауда аурулармен күресу тұжырымдамасының орнына организмнің саулығы мен аурулардың алдын алуға сүйенетін жемісті идея келді. Созылмалы жұқпалы емес аурулардың (қан айналымы жүйесінің аурулары (ҚЖА), семіздік, диабет, қатерлі ісіктер) дамуы көптеген себептермен анықталады: энергетикалық құндылығы жағынан бай, ал қоректік заттектері жұтаң келетін, қаныққан және транс-майлардың, қант пен тұздың мөлшері жоғары болатын өнімдерді шамасынан артық тұтыну, көкөністер мен жемістерді жеткіліксіз тұтыну, дене белсенділігінің жоғары деңгейі, салауатты емес дағдылар (алкогольді, темекіні шамасынан артық қолдану) (Dietary intake of fruit and vegetables and risk of diabetes mellitus and cardiovascular diseases. WHO. 2005, Intervention on diet and physical activity: what works evidence tables. WHO. 2009). Салауатты өмір салтының ережелерін ұстану және ол үшін қажетті жағдайдың болуы жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қаупін азайтады.


Денсаулыққа оң әсер ететін сыртқы жағдайды жасаумен қатар сауаттылық пен ынталандыруды арттыру арқылы халықтың салауатты мінез- құлығына септестік ету қажет. Адамның тағамдық мінез-құлығына оның тамақтану мәселелеріндегі хабардарлық дәрежесі әсер етеді: хабардарлығы жоғары адамдар дұрыс тамақтануды таңдайды, ал тамақтанудағы бұзылыстардың себептерінің бірі – тамақтанудың денсаулыққа әсері туралы танымның төмен деңгейі. Денсаулық сақтау мәселелеріне үйрету салауатты мінез-құлықты таңдауға ынталандырады (Anne N. et al, 2012).
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша балалар денсаулығының нашарлауы жалғасуда, соңғы 5-10 жылда оқушылардың аурушаңдығы 22% өскен. Балалардың арасында ас қорыту, тыныс алу, көз, қан, жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының аурулары, эндокриндік бұзылыстар кең таралған, психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстар бойынша аурушаңдықтың өсуі тіркелуде. Артық дене салмағы және семіздік - өз алдына ҚЖА, диабеттің, қатерлі ісіктердің және басқа қатерлі аурулардың қауіп факторы. 2014 жылы өткізілген Қазақ тағамтану академиясының ұлттық зерттеулерінің мәліметтері бойынша 5-9 жастағы қазақстандық балалардың 17,6% және 10-14 жастағы балалардың 14,9% артық дене салмағы және семіздік анықталған (Тәжібаев Ш.С., Долматова О.В.т,т ., 2015). Оқушылардың 27,7% ғана спорттық секцияларға қатысады.
Қазіргі кезде қазақстандықтардың денсаулық көрсеткіштерін әлемдегі
30 дамыған елдердің деңгейіне жеткізу мақсатында 2016-19 жылдарға
арналған «Денсаулық» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Денсаулықты сақтауда жеке адамның және қоршаған өмір сүру ортасының аса маңызды ролін ескерумен және бала жастан салауатты мінез-құлық машықтарын енгізу маңыздылығына сай Үкімет Бағдарламаның мақсаттық индикаторларының қатарына спортпен айналысатын балалардың саны, салауатты өмір салтын насихаттаудағы оқушыларды қамту секілді көрсеткіштерді енгізді. Мектептерді сауықтыру бойынша бағдарламаларды жетілдіру қажеттігі жөнінде белгіленген мәселе Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының ұлттық басымдылығының бағытына сай келеді.
Мектеп шеңберінде денсаулыққа қамқорлық – денсаулық пен өмірге төнетін қауіптерді азайту бойынша мәселені шешудегі жемісті, ғылыми- негізделген, тәжірибеде тексерілген тәсіл (Downs JS. et al, 2009, Allensworth DD. et al,1987).
Бұл тәсілді «Денсаулықты нығайтуға септестік ететін мектептер»,
«Оқушылардың денсаулығын нығайтудың кешенді бағдарламасы»,
«Балаларға қамқорлық жасайтын мектептер», «Денсаулық мектебінің Еуропалық жүйесі» секілді денсаулықты сақтау бағдарламаларында халықаралық ұйымдар іске асырған (The health promoting schools: International advances in theory, evaluation and practice. Danish University of Education Press, 2005). 1999 жылы Қазақстан денсаулыққа септестік ететін мектептің Еуропалық жүйесіне кіру сертификатын алған, ал 2000 жылы оның ұлттық жүйесі құрылған. Бүгінде бұл тұжырымдама қазақстандық мектептердің 10% ғана іске асырылған. Ал мектептер оқушылардың денсаулығын нығайту бойынша стратегияларды дамыту үшін оңтайлы орта саналады, себебі, оқушылар 11 жыл бойы, құндылық бағдарлары мен мінез-құлық дағдылары қалыптасатын кезде өз уақытының едәуір бөлігін мектеп қабырғасында өткізеді. Мұғалімдер оқушылармен күнделікті 5-6 сағат өткізеді және салауатты өмір салтын ұдайы насихаттау арқылы салауатты дағдыларды енгізуге мүмкіндігі бар.
«Салауатты мектеп» тұжырымдамасын ілгерілету бойынша халықаралық бағдарламалардың теориялық ережелер мен тәжірибеде дәлелденген стратегиялық құжаттарында айтылғандай, келесі шарттардың болуында және қадағалануында ғана табысқа жетуге болады:

  • Саяси жігер;

  • Ағарту және денсаулық сақтау секторларының арасындағы серіктестік жұмыс қатынастары және өзара түсінік;

  • Мектеп әкімшілігінің жетекшілігі және қолдауы;

  • Ағарту жүйесімен бірігуі;

  • Ұлттық бағдарламалардың бөлігі ретінде жергілікті/өңірлік ынталарды мойындау;

  • педагогикалық, медициналық, психологиялық, әлеуметтік қызметкерлерді, мектептің тамақтану блогының қызметкерлерін үйрету.

Осы нұсқаулық мектеп қоғамдастығы денсаулығын нығайтуда өзгерістер жолына түскен мектептерге ақпараттық-әдістемелік қолдау көрсетуге арналған. Нұсқаулықта тұжырымдалған мектептерді сауықтыру бойынша ұсыныстарды біртіндеп, жоспарлы түрде мектептегі қорға, мүмкіндіктер мен алғашқы қажеттіліктеріне сай енгізу қажет. Өзекті қажеттіліктерге, мектеп басымдылықтарына және қолда бар қорға негіздей отырып, мектептер алдымен қандай ұсыныстардың орындауға келетіндігін анықтауы қажет. Отбасылар, мектеп қызмектерлері, дәрігерлер, оқушылардың өздері де үйлесімді тәсілді оңтайландыру мақсатында ұсыныстарды іске асыруға жүйелі түрде қатысуы тиіс.



жүктеу 1,93 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау