Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет12/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

ОААБ заңнаманың, саясат пен тәжірибенің адам 

құқықтары, атап айтқанда, қылмыстық сот төрелігі, 

іргелі бостандықтар, соның ішінде өз ойын білдіру, 

бейбіт жиналыстар мен бірлестіктер бостандығы-

на құқық, сондай-ақ зорлық-зомбылық экстре-

мизмінің алдын алу/ оған қарсы іс-қимыл жасау 

құқығы саласындағы халықаралық құқыққа сәйкес 

болуына ықпал ететін болады. ОААБ мемлекеттер-

ге олардың әлеуетін нығайтуға және уәкілетті ор-

гандардың адам құқықтарын қорғау мәселелерін 

түсінуіне жәрдем көрсететін болады. Бұл жұмысты 

ұлттық құқық қорғау мекемелерін олардың тиімділі-

гін, тәуелсіздігін және өзара іс-қимылын көтеру 

мақсатында кешенді өңірлік қолдау толықтырады. 

Сонымен қатар ОААБ азаматтық қоғамға, атап ай-

тқанда, құқық қорғаушылар мен адвокаттарға, 

олар өздерінің қамқорлығындағы адамдардың 

құқықтарын белсенді қорғауға және сақтап қалуға, 

сондай-ақ өздерін мүмкін болатын қуғын-сүргіннен 

тиімді қорғауға ерекше көңіл бөледі.

Қойылған міндеттерге мемлекеттерге өздерінің 

әлеуетін арттыруға және саясаткерлердің, заң 

шығарушылардың және сот жүйесінің БҰҰ-ның 

адам құқықтары жөніндегі механизмдері бойынша 

ұсынымдарын қолдануға жәрдемдесу жолымен, 

сондай-ақ ұлттық заңнамаға, саясат пен тәжірибе-

ге адам құқықтары жөніндегі халықаралық норма-

лар мен стандарттарды енгізуді ілгерілету есебінен 

қол жеткізілетін болады. Сонымен қатар, ОААБ 

адам құқықтарын қорғау саласындағы риторикаға 

неғұрлым оң бояу беру үшін адам құқықтары сала-

сында білім алуға ықпал ететін болады.

ОААБ өз бағдарламасын іске асыру барысын-

да әйелдер, жастар мен этникалық азшылықтар 

сияқты Орталық Азия халықтарының кейбір 

неғұрлым осал топтарын кемсітуге қарсы күрес 

тұрғысынан адам құқықтары, азаматтық кеңістік-

ті қорғау және кеңейту жөніндегі жаһандық 

қоғамдастық құруға ұмтылатын болады.

Болашақ  жоспарлары  

2018-2021 жылдарға арналған 

АҚЖКБ қызметінің тақырыптық бағыт-

тары келесідей болып белгіленген: 

•  адам құқықтары жөніндегі 

халықаралық 

•  механизмдерді қолдау, 

•  адам құқықтарын бейбітшілік пен 

қауіпсіздік контексінде қорғауға 

өзекті сипат беру, 

•  адам құқықтарын даму контексін-

де қорғауға өзекті сипат беру, 

•  адам құқықтарының негізгі қағи-

даттарын – есеп берушілікті, 

•  кемсітпеушілікті және қатысуды 

– ілгерілету.  

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

45



Негізгі жетістіктері 

ЮНИСЕФ Қазақстанда 1994 жылдан бастап 

жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ұйымның 

басымдықтары едәуір өзгерді: вакциналар, 

дәрі-дәрмектер мен басқа материалдық көмекті 

жеткізуден бастап қоғамның әлеуетін нығайтуға 

және балалар мен отбасы мүддесінде алдыңғы 

қатарлы әлеуметтік технологиялар енгізуге дейін. 

ЮНИСЕФ пен ҚР Үкіметінің бірлескен күш-жігері 

мен жаңашыл көзқарастары өте жемісті нәтиже-

лерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: 

•  Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 

жылы Қазақстан ратификациялаған алғашқы 

халықаралық шарттардың бірі болып 

табылады. Содан бері миллиондаған бала 

білім алу, денсаулық сақтау және әлеуметтік 

бағдарламаларға қатысты іс-әрекеттерді 

белсендірудің және шығыстарды өсірудің 

пайдасын көріп келеді.

БІРІККЕН ҰЛТТАР 

ҰЙЫМЫНЫҢ БАЛАЛАР 

ҚОРЫ (ЮНИСЕФ)   

Миссиясы

190 ел мен аумақтарда Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Балалар қоры (ЮНИСЕФ) балалар мен жастардың 

құқықтары мен әл-ауқатын қорғайды және қол-

дайды. 20 жылдан астам ЮНИСЕФ ҚР Үкіметімен, 

Парламентімен, жергілікті билік органдарымен 

және азаматтық қоғаммен Қазақстандағы бала-

лардың құқықтарын қорғау, сапалы әлеуметтік 

қызметтерге, денсаулық сақтау мен білім беруге 

қол жеткізуді жеңілдету саласында тығыз ынты-

мақтастықта жұмыс істеп келеді. Балалар үшін 

тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету Қазақстанда 

да, барлық әлемде де ЮНИСЕФ-тің аса маңызды 

міндеті болып табылады. Қазақстан 1994 жылы 

ратификациялаған Балалар құқықтары туралы 

конвенцияға сәйкес теңдік барлық балалардың 

тірі қалу, даму және өз әлеуетін толық ашу мүм-

кіндігін білдіреді. ЮНИСЕФ әрбір бала үшін жақ-

сы өмір сүруді қамтамасыз етудің жаңашыл тәсіл-

дерін енгізеді.  

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

46



Фото ЮНИСЕФ/А.Ким

•  2002 жылдан бері иммунитет көтеру мен 

қосымша вакциналаудың кеңейтілген 

бағдарламаларына жұмсалатын барлық 

шығыстарды ҚР Үкіметі жабады. Оған қоса, 

ЮНИСЕФ-тің қолдауымен вакциналардың 

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 

тұрақты «суық тізбек» жүйесі әзірленіп 

құрылды. Қазақстан В гепатиті мен 

пневмококке қарсы вакциналауды енгізген 

және жүзеге асырушы өңірдегі бірінші ел 

болды.


•  1999 жылдан бастап ана өлімінің жыл 

сайынғы коэффициенті 55 пайызға 

қысқарды.

•  Қазақстанда бес жасқа дейінгі сәбилер 

мен балалардың өлімін азайту үшін 

перинаталдық, неонаталдық және шұғыл 

медициналық көмек бойынша ұлттық 

нормативтік құжаттарда көрініс тапқан негізгі 

тәжірибелер пакеті әзірленді.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



47


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау