Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет2/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

Ел деңгейінде БҰҰ-ның барлық агенттіктерінің

бағдарламалары мен қорларының қызметіне ар-

налған басты біріктіруші құжат 2016-2020 жыл-

дарға арналған «Даму мақсаттарындағы әріпте-

стіктің негіздемелік бағдарламасы (ДӘНБ)» болып 

табылады. ДӘНБ «Қазақстан-2050: қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ұзақ мерзімді 

даму стратегиясында баяндалған өршіл ұлттық 

басымдықтарға ұжымдық және кешендік жауап 

болып отыр. Сонымен қатар, онда әлеуметтік, 

экономикалық және экологиялық аспектілерінде 

тұрақты дамуға жету үшін күш-жігерді біріктіретін 

2015 жылдан кейінгі кезеңге арналған Тұрақты 

даму мақсаттарына (ТДМ) жетуге ұмтылыс бей-

неленген. ДӘНБ-нің үш стратегиялық бағыты бар:

•  теңсіздікті қысқарту және адам дамуын 

жақсарту;

•  мемлекеттік институттардың инновациялық қа-

білетін нығайту және көтеру;

•  халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты 

нығайту.


ДӘНБ шегіндегі жалпы мақсат «Қазақстан-2050» 

стратегиясын жүзеге асыру үшін көркейген, 

әділетті және инклюзивті қоғам құру, есеп беретін 

және тиімді мемлекеттік институттарды нығайту 

мен аймақтық және халықаралық ынтымақтастық 

саласындағы елдің күш-жігеріне жәрдемдесу жо-

лымен Қазақстанмен стратегиялық әріптестіктің 

жаңа жолын дамытуды көздейді.

Сондай-ақ, ДӘНБ БҰҰ-ның адам құқықтары бойын-

ша механизмдерінің ұсынымдарын Қазақстанның 

іске асыруын және елдің осы механизмдерге қаты-

суын қолдайды. Мемлекетке гендерлік теңдік бой-

ынша халықаралық міндеттемелерді орындауды 

қамтамасыз ету үшін жан-жақты қолдау көрсетіледі.



БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ

•  БҰҰ елдік командасы Қазақстанда Үкіметке, 

азаматтық қоғам мен жеке секторға мына 

салаларда:

•  елдің болашаққа 

экономикалық, әлеумет-

тік және саяси жаңғырту арқылы саламатты 

халықпен, «жасыл экономикамен», көркеюші 

бизнеспен және барлығына бірдей кепілден-

дірілген құқықтармен жетуіне;

•  барлық азаматтардың, әсіресе осалдау топтар 

мен тәуекел топтары адамдарының құқықта-

ры мен бақуаттылығын қорғау және ілгеріле-

ту жолымен 

инклюзивті қоғам құруға;

• 

барлығына тең құқықтарды қамтамасыз ету 



үшін жауапкершілікті нығайту мақсаттарында 

барлық деңгейдегі мүдделі тараптардың әле-

уетін дамытуға;

•  жан-жақты және аймақтық ынтымақтастықты 

ілгерілетуге, әсіресе гуманитарлық көмек көр-

сету мен даму мақсаттарындағы көмек көрсе-

ту саласында жәрдем береді. 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



4


ТҰРАҚТЫ ДАМУ 

МАҚСАТТАРЫ

2015 жылдың қыркүйегінде 193 елден кел-

ген әлемдік лидерлер, оның ішінде Қазақстан 

Республикасының Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев 2015 жылдан кейінгі Біріккен Ұлттар 

Ұйымының жаһандық дамуының жаңа күн тәртібін 

қабылдау үшін Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде 

жиналды. Бұл күн тәртібіне 17 мақсат пен 169 

индикатордан тұратын 2016-2030 жылдарға 

арналған жаһандық Тұрақты даму мақсаттары 

(ТДМ) кіреді. ТДМ асқан кедейлікті жоюға, бар-

лығына бірдей теңдік пен мүмкіндіктерді қол-

дауға және елдер арасында тығыз әріптестікпен 

планетаны қорғауға бағытталған. БҰҰ елдік ко-

мандасы Қазақстанда ТДМ-н ұлттық контекстке 

бейімдеу, ТДМ-н Қазақстанда ілгерілету мен іске 

асыру жолында ҚР Үкіметі, азаматтық қоғам мен 

жеке сектор тарапынан әріптестермен тығыз әре-

кет жасайды.

2016 жылдың қарашасында MAPS жобасы: 

M-Mainstreaming (Кіріктіру), A-Acceleration 

(Жеделдету), PS-Policy Support (Секторлық са-

ясаттың құрылуын қолдау) шектерінде БҰҰ са-

рапшыларының миссиясы болып өтті. Бұл ТДМ 

бойынша Парламенттік өтінішті ҚР Сенатының қа-

былдауына әкелген өңірдегі бірінші ұқсас миссия 

болды.

MAPS есебінде берілген талдау қазіргі уақытта бар 



ұлттық басымдықтардың Қазақстанда ТДМ-нің 

60 пайызынан астамына жетуге көмектесе алаты-

нын көрсетті. Сондай-ақ сарапшылар мемлекеттік 

басқару реформаларына, экономиканы әртарап-

тандыруға, өсудің «жасыл» траекториясына өтуге 

және гендерлік теңсіздікті қоса алғанда, әртүр-

лі теңсіздіктермен күреске қатысты Қазақстанда 

ТДМ-н жеделдетілген жүзеге асыруға арналған 

төрт кең саланы анықтады.

2018 жылдың тамызында Қазақстан 

Республикасының премьер-министрі БҰҰ ұсы-

нымдарын басшылыққа ала отырып, құрамына 

премьер-министр орынбасарының төрағалық 

етуімен ТДМ бойынша Үйлестіру кеңесі кіретін 

ТДМ-н іске асыруды үйлестірудің ұлттық құрылы-

мын құру туралы қаулыға қол қойды. Үйлестіру 

кеңесіне тиісті министрлер басқаратын ТДМ-ң бес 

бағыты (адамдармен, планета, әл-ауқат, бейбіт-

шілік пен әріптестікпен байланысты мақсаттардың 

төңірегінде біріктірілген) бойынша бес салаара-

лық жұмыс тобы бағынады.

Болашаққа қарай отырып, Қазақстан 

Республикасындағы БҰҰ жүйесі ЕЭЫДҰ стандарт-

тарына қол жеткізіп, әлемнің ең дамыған 30 елінің 

қатарына ену талпынысын батыл қолдайды. Біз 

Қазақстанға Стратегия-2050 мен сәйкес рефор-

маларда мазмұндалған даму бойынша нәтиже-

лерге тиімді жетуге көмектесетін 2030 жылға 

дейінгі Тұрақты даму саласындағы жаһандық күн 

тәртібі мен 17 Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) 

тамаша құралдар болатынына кәміл сенімдіміз.

 

 



БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

5


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау