Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет1/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
26543

ынтымақтастыққа,  

әріптестік пен сенімге 25 жыл

БҰҰ – Қазақстан: 


Бұл басылымды БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушінің бөлімі даярлаған

Сурет: БҰҰ агенттіктері

©Біріккен Ұлттар Ұйымы, Астана 2018



Астана, 2018

ОРГАНИЗАЦИЯ ОБЪЕДИНЕННЫХ НАЦИЙ

В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН

ынтымақтастыққа,  

әріптестік пен сенімге 25 жыл

БҰҰ – Қазақстан: 


БҰҰ Тұрақты 

үйлестірушісінің 

кіріспе сөзі 


Құрметті достар!

Сіздердің назарларыңызға «БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріпте-

стік пен сенімге 25 жыл» жарияланымын ұсынуға қуаныштымын.

1993 жылдың ақпанында біз өзіміздің бірінші офистерімізді Алматыда 

аштық. 25 жыл бұрын бұл мүлдем басқа ел болатын, біздің Қазақстанға 

көмегіміз, негізінен, мемлекеттің шұғыл қажеттіліктерін қанағаттан-

дыру, оның ішінде гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету болды. 

Қазақстанмен қарым-қатынастар уақыт өте дами берді. Бүгінгі таңда, 25 

жылды артта қалдыра отырып, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының то-

лыққанды әрі белсенді мүшесі және көптеген маңызды бастамалардың 

авторы болып табылады. Оның ядролық қарусыздандыру, аймақтық қа-

уіпсіздік және дінаралық диалогты дамыту саласындағы жүйелі саясаты, 

сондай-ақ Астанада табысты өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық көр-

месі соның айқын үлгісі болған «жасыл» энергия насихаты дүниежүзілік қоғамдастықтың оны мойында-

уына лайық. Сол себептен, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес 

мүше болып сайлануы ғажап емес.

БҰҰ-ның Қазақстанда сәтті жұмыс жүргізуінің тарихы республиканың соңғы он жылдықта табысты даму 

тарихымен тікелей байланысты. Қазақстанның рөлінің өзгеруіне қарай БҰҰ агенттіктерінің елдегі жұмысы 

да өзгеріп отырды. Мысалы, егер бұрын жұмысымыз, негізінен, техникалық көмек көрсету болып табыл-

са, қазіргі кезде даму мәселелерінің ұзақ мерзімді шешімдерін әзірлеу және оларды жүзеге асыру үшін 

отандық әріптестердің әлеуетін арттыру мақсатында халықаралық тәжірибені тартуға негізделеді. Соңғы 

25 жыл ішінде БҰҰ агенттіктері Қазақстан Республикасының Үкіметіне макроэкономикалық реформалар-

мен, әлеуметтік мәселелермен, гендерлік теңдікпен, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорға-

умен байланысты әртүрлі стратегияларды, заңнаманы және бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру 

кезінде қолдау көрсетті.

Ал, қазір, 25 жылдан кейін бізде Қазақстанмен түбегейлі жаңа қарым-қатынас орнады. Қазір Астана мен 

Алматыда БҰҰ жүйесінің әртүрлі салада жұмыс тәжірибесі мол 20 агенттігінің өкілдері жұмыс істейді. Біз 

енді шетел көмегін жеткізушілер емеспіз. Дәлірек айтсақ, біз қалған даму сын-тегеуріндерін шешуге және 

бүкіл елдегі әйел немесе ер болсын, қыз не ұл болсын, әрбір адам үшін көркейген қоғам құруға бағыт-

талған бірлескен қызметте Қазақстанның әріптесіне айналдық. Қазақстанның даму саласында жинаған 

тәжірибесі басқалар үшін де шабыт көзі болмақ, бұл жерде БҰҰ-ның рөлі осы тәжірибені басқа елдермен 

бөлісуге жәрдемдесуде.

Біз Қазақстанмен оның болашаққа жолында ынтымақтасуға қуана дайынбыз. БҰҰ-ның республикадағы 

агенттіктері біздің Қазақстанмен қалыптасқан берік әріптестігімізді одан әрі нығайтуға және оны одан да 

жоғарғы деңгейге көтеруге барлық күш-жігерін салады.

 

Шынайы құрметпен,



Норимаса Шимомура

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



1


Қазақстандағы 

Біріккен  

Ұлттар  

Ұйымы  

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



2


БІЗ КІМБІЗ

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстанда өзінің жұ-

мысын 1992 жылғы 5 қазанда елдің Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаев пен сол кезеңде БҰҰ Бас 

хатшысы болған Бутрос Бутрос Гали арасын-

да келісімге қол қойылғаннан кейін1993 жылы 

бастады. 2017 жылы тек Қазақстанда жұмыс 

істейтін агенттіктер ғана елдің жаңа елордасы – 

Астанаға көшті. Аймақты қамтитын агенттіктер 

Алматыда қалды.

БҰҰ елдік командасы Қазақстанда мына 20 

агенттік арқылы әрекет етеді – ФАО, ХЕҰ, ХКҰ, 

ЮНЭЙДС, БҰҰ АҚЖКБ, ЮНИСЕФ, БҰҰ ҚАД, БҰҰ 

ҚҚД, БҰҰДБ, АТМЭӘК, ЮНЕСКО, БҰҰ-әйелдер, 

ЮНЕП, БҰҰ БЖКБ, БҰҰ ГМҮБ, БҰҰ ЕҚБ, ЮНФПА, 

ОААДАО, БҰҰЕ және ДДҰ. ЮНКТАД, БҰҰ ЕЭК, 

ЮНИДО, АҚАХС пен ЮНОПС 2016-2020 жыл-

дарға арналған Даму мақсаттарындағы әріпте-

стіктің негіздемелік бағдарламасының (ДӘНБ) 

қатарына кіреді.



БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТІМІЗ

БҰҰ елдік командасы барлық адамдар – әйелдер 

мен ерлер, қыздар мен ұлдар, әсіресе олардың 

осалдау топтары үшін қолайлырақ әрі қауіпсіздеу 

өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатта-

рында Қазақстанның халқымен және Үкіметімен, 

сондай-ақ басқа әріптестерімен жұмыс істейді.

БҰҰ елдік командасының жұмысы экономика-

лық және әлеуметтік даму мен денсаулық сақта-

уды, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи апат-

тар кезінде көмек көрсетуді, тиімді басқару мен 

адам құқықтарын ілгерілетуді, гендерлік теңдікті 

және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін 

кеңейтуді қоса алғанда кең ауқымды мәселелерді 

қамтиды.

Біз өзіміздің жұмысымызда БҰҰ-ның барлық 

бағдарламалық құжаттарын игеру мен іске асы-

рудың Қазақстанның ұлттық қажеттіліктері мен 

даму саласындағы стратегиялық басымдықтары-

на толық сәйкес жүзеге асырылуына тырысамыз. 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

3



жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау