С. Аманжолов Атындағы шҚму кафедра поқ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы



жүктеу 327,9 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі327,9 Kb.
#6773
түріСабақ



«Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ Министрлігі


С.АМанжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті


ЕРЕЖЕ


С.Аманжолов Атындағы шҚму кафедра ПОқ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы

ШҚМУ Е 004-16

Үшінші басылым


Көшірме № _________

Өскемен қ
2016 ж.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ Министрлігі

С.АМанжолов атындағы Шығыс қазақстан мемлекеттік университеті


БЕКІТЕМІН

Ректор

__________ Ә.Ө. Қуандықов

«____»____________2016 ж.

сапа менеджменті жүйесі


ЕРЕЖЕ

Үшінші басылым

ШҚМУ Е 004-16

Барлық беттер саны: 15

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кафедра ПОҚ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау туралы

Енгізілу күні:
«___»________2016 ж.


Бірінші тексеру уақыты 2019ж.

Тексеру мерзімділігі 3 жыл



ӘЗІРЛЕДІ:

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастығы




Л.Э. Гейцман



келісілді:

Сапа бойынша басқару өкілі



Б.А. Ердембеков



Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор


А.Б.Мырзағалиева

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті бастығы

И.С. Стеблецова



Сапа менеджменті, мониторинг және болжау бөлімінің бастығы

Н.Б. Әлімбекова



Құжаттарды бақылау және қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

Г.Қ. Жақиянова



Заңгер-кеңесші

Н.К. Жукокова


Мазмұны


1

Қолдану аясы ..............................................................................................

4

2

Нормативті сілтемелер...............................................................................

4

3

Белгілеулер мен қысқартулар ...................................................................

4

4

Жалпы ережелер .........................................................................................

4

5

Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жоспарлау........................

5

6

Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу шеңберіндегі сабақтарды жүргізу..........................................................................................................

6


7

Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу шеңберіндегі сабақтарды талқылау және талдау жасау …………………………….......................

7


8

Өзгертулер ..................................................................................................

8

9

Келісу, сақтау және тарату.........................................................................

9

Қосымша 1 ПОҚ сабақ жүргізілуін талдау .....................................................

10


Қолдану аясы





    1. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедрасы профессор оқытушылар құрамының (келесіде-ПОҚ) ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу және жоспарлау бойынша қазіргі Ережесі (келесіде-ереже) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (келесіде-университет) кафедраларында ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу тәртібі мен рәсімделуін іске асырады.



2 Нормативті сілтемелер

2.1 Қазіргі ереже келесі заңдастырылған актілер мен нормативті құжаттардың өзгеруіне байланысты талаптарды ескере отырып жасалды:



- №319-111 27 шілде 2007жыдағы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы;

- №1080 23 тамыз 2012 жылдағы ҚР МЖМББС;

- Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылдың 20 сәуіріндегі №152 «Оқу үрдісін кредиттік технология бойынша оқытуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» бұйрығы (от №198-ші 02 маусым 2014 жылда толықтырулар мен өзгертулер енгізілген);

- №499 17 мамыр 2013 жылдағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметін ұйымдастырудың типтік Ережесі;

- 023-14 Е ШҚМУ «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің әдістемелік кеңесі туралы» Ереже;

- 01-12 ӘН ШҚМУ «СМЖ құжаттарды рәсімдеу талабы».

Белгілеулер мен қысқартулар





ОТҚ – Оқытудың техникалық құралы;

ПОҚ – Профессор-оқытушылар құрамы;

ҚТ – Қауіпсіздік техникасы;

БӨЖ – Білім алушының өзіндік жұмысы;

МЖМББС – Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

СБӨ – Сапа бойынша басқару өкілі;

ШҚМУ ҚТ – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құжаттамалау тәртібі;

АСж БББД- Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті;

ҚН – Қызметтік нұсқаулар;



ҚБЖ – Құрылымдық бөлімшелер жетекшісі.


4 Жалпы ережелер
4.1 ПОҚ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу кафедра шеңберінде оқу үрдісін жетілдіру, ПОҚ педагогикалық шеберлігін көтеру, дер кезінде әдістемелік көмек беру, алдыңғы қатарлы педагогикалық іс-тәжірибелермен алмасу мақсатында жүргізіледі.

4.2 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу- педагогикалық шеберлікті жетілдіру, сонымен бірге, ПОҚ кафедраішілік және университетішілік бақылаудың бір түрі ретінде кафедра мен оқытушының міндетті оқу-әдістемелік жұмысын құрайтын, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру түрі болып табылады.



4.3 Ашық сабақтар жаңа әдістемелік тәсілдер мен оқу жұмысы түрлерін мақұлдауға бағытталады және әріптестерінің , әсіресе тәжірибелі педагогтардың білікті ұсынымдарын естіп білу үшін жүргізіледі. Олар педагогикалық инновацияны қолдануда жинақталған оңды тәжірибелерді , сабақтарда қазіргі ақпараттық технологиялар және т.б. тиімді әдістерін пайдалануды көрсетуге шақырылады.

4.4 Өзара сабаққа қатысу кафедра ПОҚ оқытудағы тәжірибе алмасу мақсатында және сабақ жүргізудің ұйымдастырылуы мен әдістемесіне, жоспарлануына өзара көмек көрсету мақсатында жүргізіледі.

4.5 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізуде тікелей басшылық жасап ұйымдастыруды кафедра меңгерушісі жүзеге асырады.
5 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жоспарлау
5.1 Ашық сабақтар мен өзара сабақтар оқу үрдісі сапасын жетілдіру бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекеттің нәтижесі болып табылады және оқытушының жеке жоспарының оқу-әдістемелік жұмыс бөліміне енгізіледі.

5.2 Кафедра меңгерушілеріне жыл сайын қыркүйек пен қаңтар айларында ПОҚ сабағына қатысу кестесі жасалынып, факультет деканымен бекітіледі(Ү ҚТ ШҚМУ 007-13-02, Ү ҚТ ШҚМУ 007-13-03). Сабақ кестесі ашық сабақтарға қатысу журналына толтырылады.

5.3 Кафедра меңгерушісі ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды бөлген кезде бакалавриат пен магистратура арасында олардың біркелкі бөлінуін қамтамасыз етеді.

5.4 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды қыркүйекке және каникулдан кейінгі семестрдің бірінші апталарына жоспарлау мақсатқа сай емес (бейімделу кезеңі).

5.5 Бекітілген сабақ жүргізу кестесін кафедра әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөліміне тапсырады (әрбір семестрдің басындағы апта ішінде).

Кафедралар тапсырған кесте бойынша әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі семестрге кафедралардың ашық сабақтар жүргізу жинақ кестесін жасайды

5.6 Кафедра бойынша оқу жылына ұсынылатын ашық сабақтар саны әрбір оқытушы үшін 1 сабақтан болу керек (оның нақты жүктемесін есепке алғанда).

Әрбір оқытушыға бір семестрге өзара сабаққа қатысуға ұсынылатын сабақтар саны -2 рет.

5.7 Ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысу оқу жылы көлемінде оқытудың барлық түрі бойынша жүргізілуі мүмкін. Оқытушының қалауы бойынша сабақтың кез-келген түріне беруі мүмкін, соның ішінде: дәріс, семинар және практикалық сабақтар, іскерлік ойын, жекелей немесе топтық кеңес беру, сынақ немесе емтихан және сабақтың т.б. түрлері.

5.8 Ашық сабақ жүргізудің міндетті шарты әдістемелік жасалымның бар болуы болып табылады. Ол оқытушы үшін дербес әдістерімен әдістемелік нұсқаулық түрінде, немесе жүргізілетін ашық сабақтың кең түрдегі жоспары түрінде берілуі мүмкін.

5.9 Ашық сабаққа кафедра ұжымы және барлық қатысуға ниет білдірушілер шақырылады. Келушілер сабақтың болатындығы туралы басталуына бір апта қалғанға дейін ақпарат алады. Сол себепті кафедрада және деканатта сабақтың өткізілу орны, уақыты туралы хабарландыру ілінуі керек. Хабарландыру сабақтың аңдатпасын, тақырыбы мен оны ашудың негізгі әдістерін көрсете отырып, мазмұндалу керек. Сонымен бірге, алдын –ала болатын ашық сабақтар мен шақырылу туралы ақпарат университет сайтында орналастырылады.

5.10 Өзара сабаққа қатысуды өзара сабаққа қатысу кестесі шеңберінде көрсетілген оқытушы ғана қатысып, жүзеге асырады.
6 Ашық сабақтар мен өзара қатысу шеңберіндегі сабақтарды жүргізу
6.1 Ашық оқу сабақтары іскерлік жағдайда өтеді.

6.2 Ашық сабақтарға қатысатын оқытушыларға таныстыру үшін әдістемелік жасалымдар, сондай-ақ орындауға жоспарланған дидактикалық материалдар көшірмесі ұсынылады.

6.3 Барлық шақырылғандар педагогикалық әдепті сақтауы қажет, сабақ жүргізілу барысына араласпауы керек, білім алушылардың көзінше оқытушы жұмысы жайында айтпауы керек.

6.4 Сабаққа қатысушылар бақылау үрдісінде: сабақ беретін оқытушының қойылған мақсатқа қалай жеткенін, оқу бағдарламасы талаптарын қандай әдістемелік тәсілдер мен оқу құралдарының көмегімен жүзеге асырғанын, осы іс-әрекеттің нәтижесі қандай болғанын қадағалауы қажет.

6.5 Ашық сабақтар мен өзара қатысу шеңберінде өткен сабақтарға қатысу нәтижелері кафедра меңгерушісі сабаққа қатысу журналында жазылып көрсетіледі, ал сабаққа қатысушылар үшін әдістемелік бөлім, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөліміне берілетін «ПОҚ сабаққа қатысу талдауы»(қосымша) бланк қағазына жазылады.

6.6 Сабаққа қатыушылардың қатысқан сабаққа сипаттамасы бағалау критерилерін ескере отырып жасалады. (Ү ҚТ ШҚМУ 007-13-02).

6.7 Ашық сабақ, егер оған кафедра меңгерушісін қоса есептегенде кафедрадан кем дегенде үш оқытушы қатысқан жағдайда ғана ашық сабақ өтті деп саналады.

6.8 Егер жоспарланған ашық сабақ болмай қалған жағдайда, оқытушыға дайындалуына қосымша уақыт беріледі, жоспардан тыс өткізу ұйымдастырылады.

6.9 Егер жоспарланған өзара сабаққа қатысу болмай қалған жағдайда, кафедра журналына не себепті болмай қалған себебі көрсетіліп, оқытушының қолы қойылуы керек.
7 Ашық сабақ пен өзара қатысу шеңберінде жүргізілген сабақтарды талқылау және талдау
7.1 Өткен ашық сабақты талқылау тура сабақты біте салысымен жүргізілуі керек, сонымен бірге жуық арада болатын кафедра отырысында да жүргізіледі. Қатысқандар болған ашық сабақтың талқылауын кемшілікті көрсету мақсатында емес, тәжірибе алмасу мақсатында өткізілгенін ұмытпауы керек, сондықтан олар тілектестік және әдептілік жағдайда болуы керек.

7.2 Талқылау мақсаты- таңдап алынған әдістерді, инновациялық технология мен құралдарды, әдістемелік тұрғыда құралған жеке әдістер мен технологияны білуін, олардың қойылған міндеттер тарапынан тиімділігін, сабақтың мақсатына жету деңгейін орынды бағалау.

7.3 Талқылауды кафедра меңгерушісі немесе әдістемелік секция жетекшісі ұйымдастырады.

7.4 Талқылау келесі тәртіппен жүргізілуі тиіс:

- сабақ жүргізген оқытушы (қысқаша өзіндік талдау);

- кафедра меңгерушісі;

- қатысқан оқытушылар;

- деканат, әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлім өкілдері;

- сабақ жүргізген оқытушы.

7.5 Алғашқы сөз сабақ жүргізген оқытушыға беріледі. Ол сабақтың мақсатын анық ашып, таңдалған әдістер мен құралдарды негіздеуі керек, олардың қолданылу сапасын, таңдалған материалдың мазмұны мен сабақ жүргізу бойынша сыни қорытындыны хабарлауы тиіс. Оқытушы сөйлеу сөзі қатысушыларға оның педагогикалық ойын, қолданылған әдістері мен тәсілдерінің ерекшелігін, оның жұмыс жүйесі негізіне жататын басты идеяларын түсінетіндей көмегі тиюі керек.

7.6 Сөз сөйлеушілер сабақтың құндылығы мен кемшілігін әбден талдап, дидактикалық принциптер тұрғысында сабақты бағалап, оқытудың қойылған тәрбиелік және дамыту мақсатына, көрнекті құралдар мен дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігіне назар аудару керек. Талқылау барысында кемшіліктерді, сабақ мазмұны мен ұйымдастырылу барысында жіберілген қателіктерді атап өтуге, жұмыс жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдар беруге болады.

7.7 УӘК кеңесі мүшелерінің өкілі мен кафедра меңгерушісі талқылау қорытындысын шығарады, қатысушылармен жіберілген қателері болғанын байқайды, сабақта пайдаланылған әдістер мен тәсілдерге баға береді, ашық оқу сабағының қойылған әдістемелік мақсатына жетудегі ашылу тереңдігін және көрсетілген тәжірибені қолдануда мақсатқа сәйкестілігі туралы қорытынды жасайды.

7.8 Ашық сабақты талдау кезінде барлық сөз алушылар сабақтың тәрбиелік рөлін, оның мағынасын бағалауы керек. Әріптестерінің жұмысын сыни тұрғыдан бағалайтын ғана ықылас тудыратындай емес, сонымен бірге, қызметте оның тәжірибесін шығармашылық жағынан да пайдалануға нақты пікір алмасу, дискуссия қажет.

7.9 Сабаққа қатысқандардың сөзінен кейін сөз қайтадан ашық сабақ жүргізген оқытушыға беріледі. Оқытушы қандай ескертпелерді қабылдайтынын, немен келіспейтінін және не үшін, өз көзқарасы тұрғысынан дәлелдеп, көрсетеді.

7.10 Ашық сабаққа қатысу нәтижесі, сонымен бірге өзара сабаққа қатысу жуық арада болатын кафедра отырысында талқыланады, талқылау қорытындысы журналға тіркеледі.

7.11 Кафедрада жоғары деңгейде өткен ашық сабақтар талдауы университет сайтына жариялану үшін, әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөліміне беріледі (қосымша сабақ талдауына фото-сурет, бейне материалдар және жүргізілген сабаққа иллюстрациялар тапсырылады).


8 Өзгертулер
8.1 Ережеге өзгерістер мен қосымшалар СБӨ рұқсатымен енгізіледі және оның қолы қойылып, өзгеріс туралы хабарлама түрінде құжатталады. Өзгеріс туралы хабарлау парағы белгіленген үлгіге сәйкес хатталады және осы ереже орналасқан барлық құрылымдық бөлімшелерге беріледі. Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшалар ҚР ШҚМУ 001-13 талаптарына сәйкес енгізіледі. Сақтауға берілген ережеге өзгерістер енгізу туралы хабарламаны әзірлеуші бөлімше шығарады. Ережеге өзгерістерді ҚБЖ өзгерістерді және қосымшаларды тіркеу парағына белгілей отырып, енгізеді;

8.2 Түпнұсқаға және есепке алынған жұмыс даналарына өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін СМЖжМББ және ҚБЖ жауапты.

8.3 Ережені тексерулердің мерзімділігін есепке алу парағына міндетте түрде белгілей отырып, ҚБЖ үш жылда кем дегенде бір рет қайта қарайды.

8.4 Ережеге өзгерістер мен қосымшаларды енгізу үшін мыналар негіз бола алады:



  • заң күші бар нормативтік-құқықтық актілерге жаңадан енгізілген өзгерістер мен қосымшалар;

  • ректордың бұйрықтары;

  • құрылымдық бөлімшелер арасында міндеттерді қайта бөлу;

  • құрылымдық бөлімшелерді қайта құру;

  • СБӨ рұқсатымен енгізілген өзгерістердің себебі көрсетілген ҚБЖ қызметтік жазбасы.

8.5 Ұйымның немесе құрылымдық бөлімшенің атауы өзгертілген кезде ереже ауыстырылуы керек.

8.6 Ауыстырылған жағдайда ереженің күшін жоғалтқан университеттегі барлық даналар алынып, жаңасымен ауыстырылуы тиіс.

Ескірген ережені алу және ауыстыру үшін ҚБЖ және СМЖжМББ жауапты.

8.7 Ескірген ережеде «Жойылды» деген белгі, жою негіздемесі, күні және «Жойылды» деген белгіні қойған тұлғаның қолы қойылып, мұрағатқа жіберіледі. Мұрағаттық құжаттар жұмысқа пайдаланылмайды.


9 Келісу, сақтау және тарату
9.1 Ережені Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келісуді ҚБЖ жүзеге асырады.

9.2 Ережені ҚБЖ әзірлейді.

Ережені мыналар келіседі:

- СБӨ;


- оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры;

- академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті бастығы;

- СМЖжМББ бастығы;

- құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы;

- заңгер-кеңесші;

9.3 Ережені ректор бекітеді және жойылғанға дейін әрекет етеді.

9.4 Ереженің түпнұсқасы құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінде сақталады және оның сақталуы үшін құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бастығы жауапты болады.

9.5 Құрылымдық бөлімшенің барлық жұмысшыларының ереженің мазмұнымен жеке танысуы үшін ҚБЖ, кадрлар бөлімінің бастығы және құқықтық қолдау жауапты.

9.6 Ереженің есепке алыныған жұмыс даналарын құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі таратады.

9.7 Ереженің есепке алныған жұмыс данасының бөлімшеде сақталуы үшін ҚБЖ жауапты.



Қосымша 1
ПОҚ сабаққа қатысу бойынша талдауы

________________________________________________________________

Оқытушының аты, жөні



Сабақ туралы жалпы мәлімет:

Күні ______________ Топ ______________

Пән ________________________________________________________________

Ашық сабақтың түрі (мастер-класс/ашық сабақ/көрсеткіштік сабақ)

Сабақ түрі (дәріс/практикалық/зертханалық сабақ)

Сабақ тақырыбы________________________________________________________

Сабақ мақсаты ________________________________________________________________

________________________________________________________________



Сабақты ұйымдастыру:

Оқытушыда сабақ жоспарының болуы, сабақ құрылымы, сабақтың жеке элементтері, олардың реттілігі және уақыттың үнемділігі, сабақ құрылымының оның мазмұнына және қойылған мақсатқа сәйкестілігі ________________________________________________________________

________________________________________________________________

Студенттердің оқу іс-әрекетінің әр-алуан түрлілігі ________________________________________________________________

________________________________________________________________

Студенттермен жұмыстың түрі (фронтальді/топтық/жекелей жұмыс)

________________________________________________________________

Сабақ мазмұны:

Сабақ мазмұнының МЖМББС-на, пәннің оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкестілігі

________________________________________________________________

Сабақ үшін оқу материалын таңдап алудың дұрыстығы, оны баяндаудың ғылымилығы

________________________________________________________________________________________________________________________________

Теорияның тәжірибемен байланысы (білімнің тәжірибелік маңыздылығын ашу, білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрету) _________________________________________________________________

________________________________________________________________

курс бойынша өзіндік жасалымдарын қолдану (иә/жоқ) ________________________________________________________________

пәнішілік және пәнаралық байланыстар ________________________________________________________________

________________________________________________________________

әр түрлі ақпарат көздеріне назар аудару (негізгі және қосымша әдебиет көздерінің тізімінен, соның ішінде ШҚМУ кітапханаларында бар периодикалық басылымдардан)__________________________________________________

________________________________________________________________



Сабақ жүргізу әдістемесі:

Сабақ барысында ақпараттық технология және ОТҚ қолдану ________________________________________________________________

дидактикалық материалдарды, көрнекілік құралдарды пайдалану _________________________________________________________________

________________________________________________________________

әдістердің оқу мазмұнына, студенттердің дайындық деңгейіне сәйкестілігі, қолданылған әдістер мен тәсілдердің тиімділігі ________________________________________________________________

________________________________________________________________

Оқытудың инновациялық әдістерін пайдалану ________________________________________________________________

________________________________________________________________

сабақта студенттерді белсендіру, олармен жұмыста дифференциалды қадам жасау

________________________________________________________________________________________________________________________________

СӨЖ ұйымдастыру ________________________________________________________________

студенттер білімін бақылау ________________________________________________________________

сабақтың қорытындысын шығару ________________________________________________________________

қойылған мақсатқа жету ________________________________________________________________

сабақ барысында аудиторияның тәртібі мен назары ________________________________________________________________

Сабақтың оның түріне байланысты сипаттамасы (дәріс, практикалық, зертханалық сабақ):

тәжірибе тарату бойынша ұсынымдар, жақсы жақтары:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Ескертулер, кемшіліктер:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытындылар:

1) оқытушыны ұсыну ________________________________________;


________________________________________________________________

2) ашық сабақ жүргізудің келесі әдістерін, тәсілдерін, түрлерін тарату үшін ұсыныс жасау: ________________________________________________________________________________________________________________________________

3)басқадай ________________________________________________________________

Ұсыным:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



________________________________________________________________

___________/_____________________/

___________/____________________ қорытындымен таныстым

Сабаққа қатысқандардың қолы

___________/_____________________/ оқытушы қолы

сабаққа келген адамның қолы

___________/_____________________/ Күні_____________________

Кафедра басқарушының қолы




танысу парағы




ТӘА

Міндеті

Күні

Қолы












































































































































































































































































































































































































































































































































































































ӨЗГЕРТУЛЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТІРКЕУ ПАРАҒЫ


Өзгерту нөмірі

Өзгерту енгізу туралы өкімші құжат нөмірі мен күні

Өзгерту енгізу күні

Өзгерту енгізген адамның аты-жөні, қызметі

Қолы

































































































































































































































































































































































































































































































































КЕЗЕКТІ ТЕКСЕРУДІ ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ


Тексеру күні

Тексеру нәтижесі

Тексеруді орындаған адамның аты-жөні, қызметі

Қолы




























































































































































































































































































































































































































«С.Аманжолов атындағы ШҚМУ кафедра ПОҚ ашық сабақтар мен өзара сабаққа қатысуды жүргізу мен жоспарлау туралы Ереже». ШҚМУ Е 004-16 Үшінші басылым. 15 беттен б.

жүктеу 327,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау