Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет9/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

Әлемнің 172 елі - ХКҚҰ мүшесі, тағы сегіз мем-

лекет қадағалаушылар мәртебесіне ие, ұйымның 

кеңселері жүзден астам елде орналасқан. ХКҚҰ 

ізгі және реттелген көші-қон мигранттар мен 

қоғамға пайда әкеледі деген қағидатты ұстанады.

ХКҚҰ  қызметі көші-қонды реттеу шараларын тәртіп-

ке келтіруге және ізгілендіруге, көші-қон саласындағы 

халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, көші-қон 

мәселелерінің практикалық шешімдерін іздестіру-

ге көмек көрсетуге және оған мұқтаж мигранттарға, 

оның ішінде босқындар мен ішкі көшіп-қонған тұлға-

ларға гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған.

ХКҚҰ көші-қонды реттеу қызметі мынадай төрт 

негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 

көші-қон және даму; көші-қонға жәрдем көрсету; 

көші-қонды реттеу; мәжбүрлі көші-қон.

Барлық осы бағыттарды қамтитын ХКҚҰ шарала-

ры халықаралық көші-қон заңнамасын дамытуға 

ықпалдасуға, көші-қон саясатының мәселелері 

бойынша пікірталастар ұйымдастыруға және ұсы-

нымдар дайындауға, мигранттардың құқықтарын 

қорғауға, көші-қон үдерістеріне байланысты ден-

саулық сақтау және гендерлік құқықтарды қорғау 

мәселелерін шешуге бағытталған.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  

КӨШІ-ҚОН ҰЙЫМЫ

БҰҰ көші-қон жөніндегі агенттігі

ХКҰ Бас директоры Уильям Лейси Свинг пен ҚР 

Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт 

Тоқаев. 2018 ж. 14 мамыр

Миссиясы

1951 жылы құрылған Халықаралық көші-қон 

ұйымы (ХКҚҰ) көші-қон саласындағы жетекші 

үкіметаралық агенттік болып табылады, ол үкімет-

тік, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдар-

мен тығыз өзара әрекет етеді.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

36



25 жылдағы негізгі 

жетістіктері  

Қазақстан Республикасы 2002 жылғы 2 желтоқ-

санда ХКҚҰ мүше мемлекеті болды. Орталық Азия 

үшін үйлестіру қызметтері бар елдік офис ретінде 

Қазақстандағы ХКҚҰ миссиясы жобаларды әзір-

леу және ресурстарды жұмылдыру үшін басым-

дықты белгілей отырып, сондай-ақ субаймақтық 

стратегиялар, саясаттар мен консультациялық 

үдерістер тұрғысынан елдегі бөлімшелердегі жо-

баларды әзірлеуді ынталандыра отырып, бағыттай 



«Мигранттар – Орталық Азиядағы көрінбейтін күш». Қастеев атындағы 

мұражайдағы фотокөрме, 2017 ж. 5 қыркүйек, Алматы қаласы

отырып және қолдай отырып, субаймақтық 

көші-қонның нақты мәселелерін шешуге және 

Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы, 

Түркменстандағы және Өзбекстандағы жаңа бе-

талысты айқындауға көмектеседі.

Қазақстандағы ХКҚҰ әлеуетті өсіру, кеңес беру және 

саясатты қалыптастыру, зерттеулер жүргізу, техни-

калық көмек, жұртшылықты ақпараттандыру, ми-

гранттардың осал топтарына және адам саудасының 

құрбандарына тікелей көмек көрсету арқылы көші-

қон басқаруды және адам саудасына қарсы іс-қи-

мылды реформалауда маңызды рөл атқарады.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



37


ХКҚҰ Қазақстандағы үкіметтерді, үкіметаралық 

ұйымдарды, халықаралық ұйымдарды, ҮЕҰ мен 

жеке секторды қоса алғанда, әртүрлі әріптестермен 

стратегиялық әріптестік қарым-қатынас жасайды.

Қазақстан Жаһандық көші-қон және даму фору-

мының (GFMD) қатысушысы, сондай-ақ ұйым-

ның қызметіне белсенді қатысатын ХКҚҰ мүше 

мемлекеті болып табылады.

Сонымен қатар Қазақстан 2011 жылы 

Қазақстанның Үкіметі, ХКҚҰ мен БҰҰ БЖКБ ба-

стамашылық еткен Алматы аймақтық консульта-

тивтік үдерісінің мүшесі болып табылады. Алматы 

үдерісі Орталық Азияда және аймақтан тыс жер-

лерде босқындардың көші-қоны және оларды 

қорғау мәселелері бойынша тұрақты диалогқа 

және ақпарат алмасуға ықпал етеді.

Жұмыс күшінің ұтқырлығы тұрғысынан аса маңы-

зды оқиға Қазақстанның Еуразиялық экономи-

калық одаққа (ЕЭО) мүше болуы және Армения, 

Беларусь, Қырғыз Республикасы мен Ресей 

Федерациясындағы жалпы еңбек нарығына қол 

жеткізу болып табылады.

ХКҚҰ жаһандық тәжірибесінің негізінде 2016 

жылдан бастап Қазақстанның Үкіметі еліміздің 

барлық облыстарында дерлік арнайы баспаналар 

құру және қолдау арқылы адам саудасының құр-

бандары үшін арнайы әлеуметтік қызметтердің 

стандарттарын енгізуге кірісті.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

38



Деян Кесерович, 

Қазақстандағы, 

Қырғызстандағы, 

Түркменстандағы 

және Өзбекстандағы 

ХКҰ миссиясының 

Басшысы, ХКҰ 

қолдау көрсететін 

Петропавлдағы 

әйелдерге арналған 

баспанаға келді. 2017 

ж. желтоқсан

Болашақ жоспарлары 

ХКҰ қойылған мақсаттарға жету үшін аймақтық, 

ұлттық және жергілікті деңгейлерде түрлі мүдделі 

тараптармен жұмыс істеуді жалғастырады. Көші-

қон мен даму ХКҰ үшін, әсіресе өңірдегі еңбек 

көші-қонының ауқымын ескере отырып, негізгі 

басымдық болып табылады.

ХКҰ аймақтық ынтымақтастықты нығайтуды 

және адам саудасы мен қанаушылыққа қарсы 

күресте келісілген іс-қимылдарды жетілдіруді 

жалғастырады.

Нақты деректерді негізге ала отырып, мигрант-

тарды және көші-қонды қабылдауға, сон-

дай-ақ көші-қонды ұлттық дамуды жоспарлауға 

және 2015 жылдан кейінгі БҰҰ даму жөніндегі 

бағдарламасына енгізуге бағытталған іс-қимыл-

дар жасаудың маңыздылығы назар аударуды та-

лап ететін негізгі жағдай болып табылады және 

іс-әрекеттер жасауға шақырады.

ХКҰ алдағы уақытта да Орталық Азиядағы көші-

қон мен шекараларды басқару жүйелеріне озық 

тәжірибенің енгізілуі үшін, сондай-ақ аймақтағы 

үйлестіру мен ынтымақтастықты ілгерілету үшін 

әрекет ететін болады.

ХКҰ Орталық Азия да гендерлік рөлдер, бала-

лар мен басқа осал топтар, мигранттардың ден-

саулығы мен құқықтары сияқты сектораралық 

мәселелерді интеграциялау бойынша жұмыс 

істейді.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



39


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау