Ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



жүктеу 22,61 Mb.
Pdf просмотр
бет8/24
Дата14.01.2020
өлшемі22,61 Mb.
#26543
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

Халықаралық еңбек ұйымы әлеуметтік әділет-

тіліктің жалпыға ортақ және мызғымас бейбіт-

шілік үшін маңызды екендігін білдіретін өзінің 

негізгі миссиясын жүзеге асыру арқылы әлеумет-

тік әділеттілікті және халықаралық деңгейде та-

нылған адам құқықтары мен еңбек саласындағы 

құқықтарды ілгерілетумен айналысады. БҰҰ-ның 

бірден-бір үшжақты агенттігі бола отырып, ХЕҰ 

187 мүше мемлекеттің үкімет өкілдерін, жұмыс 

берушілері мен жұмыскерлерін біріктіреді, ең-

бек стандарттарын белгілейді, барлық әйелдер 

мен ерлер үшін лайықты еңбекті қамтамасыз 

етуге бағытталған саясат пен бағдарламаларды 

әзірлейді.

Бүгінгі таңда ХЕҰ-ның Лайықты Еңбек саласын-

дағы Күн тәртібі барлық жұмыскерлердің, жұмыс 

берушілер мен үкіметтердің мызғымас бейбіт-

шілікке, гүлдену мен прогреске деген мүдделілі-

гін қамтамасыз ететін экономиканы және еңбек 

жағдайларын дамытуға көмектеседі.



ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  

ЕҢБЕК ҰЙЫМЫ

Жұмыс орындарының құрылуын

ынталандыру арқылы адамдарды қорғайық

Миссиясы

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) әлеуметтік 

әділеттілікті және халықаралық деңгейде та-

нылған адам құқықтары мен еңбек саласындағы 

құқықтарды ілгері жылжытатын маманданды-

рылған БҰҰ мекемесі болып табылады. 1919 

жылы құрылған ХЕҰ Версаль келісіміне қол қою 

нәтижесінде құрылған және Ұлттар Лигасының 

құрамына кірген бүгінге дейін әрекет етіп келе 

жатқан жалғыз ұйым болып табылады. ХЕҰ 1946 

жылы БҰҰ-ның тұңғыш мамандандырылған 

агенттігі болды.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

32



Лайықты еңбек тұжырымдамасының негізінде жатқан төрт 

стратегиялық мақсат:

•  еңбек саласындағы негізгі қағидалар мен құқықтарды ілгері жылжыту және іске асыру;

•  лайықты жұмыспен қамту үшін әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктерін кеңейту;

•  барлық адамдардың әлеуметтік қамсыздандырумен қамтылуын және оның тиімділігін арттыру;

•  үш партизм мен әлеуметтік диалогты нығайту. 

ХЕҰ қызметінің негізгі мақсаттары жұмыс орнындағы құқықтарды ілгерілету, лайықты жұмысқа орнала-

су мүмкіндіктерін көтермелеу, әлеуметтік қорғауды кеңейту және еңбек саласындағы диалогты нығайту 

болып табылады.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл

33



Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріне 

арналған лайықты еңбек мәселелері бойын-

ша техникалық қолдау тобы және ХЕҰ бюросы 

(2010 жылғы сәуірге дейін «Шығыс Еуропа мен 

Орталық Азияға арналған ХЕҰ Субөңірлік бюро-

сы» деп аталған) 1959 жылдан бері Мәскеуде 

орналасқан. Басқарма ХЕҰ қызметін он елде 

үйлестіреді: Әзірбайжан, Армения, Беларусь, 

Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, 

Түрікменстан және Өзбекстан.

Қазақстан негізгілерін қоса алғанда 24 ХЕҰ кон-

венциясын ратификациялады.

ХЕҰ Қазақстанда «Лукойл» компаниясының 

қаржылық қолдауымен «2013-2023 жылдар 

кезеңіне Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 

жастарды жұмыспен қамту саласындағы әріпте-

стік» жобасын жүзеге асыруда.

Негізгі жетістіктері 

Қазақстан Республикасы ХЕҰ-ға 1993 жылы кірді.

Қазақстанда ХЕҰ мүдделі тараптармен – ҚР 

Үкіметімен, жұмыс берушілердің және жұмы-

скерлердің ұйымдарымен – үйлестіре отырып 

жасалған Елдік Лайықты Еңбек Бағдарламасы 

(ЕЛЕБ) аясында қолдау көрсетеді. Бағдарлама 

ұлттық даму мақсаттарына сәйкес басымдықтар-

ды айқындап, саясат пен әлеуетті арттыру мәсе-

лелері бойынша консультациялар беру арқылы 

Лайықты Еңбектің басты тапшылығын жоюға 

бағытталған.

Елдің әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғы-

ртуға жәрдемдесе отырып, ХЕҰ күнкөріс миниму-

мын анықтау әдіснамасын жетілдіруге елеулі үлес 

қосты. «Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын-

да» ХЕҰ-ның стратегиялық үлесі мен бейресми 

жұмысбастылықтан ресми жұмысқа көшу туралы 

елдік зерттеудің нәтижелері пайдаланылды.

ХЕҰ жұмыспен қамту саласында ағымдағы қолда-

уды Жастарды жұмыспен қамту саласындағы ұлт-

тық іс-қимыл жоспарының жасалуына алып келген 

«Жастарды жұмыспен қамту саласындағы әріпте-

стік» жобасы аясында көрсетеді. Еңбек кодексіне 

енгізілген түзетулерге ХЕҰ-ның қосқан үлесі Кодек-

ске кәсіпорындар деңгейінде еңбекті қорғау коми-

теттері туралы ережені енгізуге ықпал етті.

Қазақстанда Елдік Лайықты Еңбек Бағдарлама-

сы әлеуметтік диалогты нығайтуға, әйелдер мен 

ерлер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін 

кеңейтуге, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау 

(ЕҚҚ) жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Лайықты Еңбек тұжырымдамасы Үкімет, жұмыс 

берушілер мен жұмыскерлер ұйымдары қолдау 

көрсететін ұлттық даму күн тәртібінің бір бөлігіне 

айналды және келесі мәселелерге қатысты болып 

табылады: 

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



34


•  еңбек миграциясы, еңбек қауіпсіздігі және ең-

бекті қорғау саласындағы құқықтық база мен 

ережелерді жетілдіру; Еңбек кодексіне ЕҚҚ 

бойынша ЕҚҚ саласындағы халықаралық стан-

дарттарға сәйкес маңызды түзетулер енгізілді;

•  Еңбек нарығының саясатын реттеудің ерекше 

мәні ретінде айқындайтын «Еңбек ресурстарын 

жұмыспен қамту тұжырымдамасы» мен 2011 

жылы қабылданған «Жұмыспен қамту 2020 

бағдарламасы»;

•  үш жақты органдардың әлеуметтік диалог са-

ласындағы рөлі мен мәртебесін күшейту: мүд-

делі тараптар әлеуметтік және еңбек жанжал-

дарының алдын алу, еңбек дауларын шешу, 

келіссөздер жүргізу және консенсус қалыпта-

стыру бойынша өз дағдылары мен білімдерін 

арттырды.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы 

әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» атты стра-

тегиялық құжатты әзірлеуге елеулі үлес қосылды. 

Мұны жүзеге асыру үшін ХЕҰ халықтың ең мұқтаж 

топтарына атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсе-

ту жүйесін жетілдіру бойынша шаралар ұсынды. 

Жүйе қазіргі уақытта жұмыс істеп жатыр.



Болашақ жоспарлары

ХЕҰ әлеуметтік әділеттік саласында өз мандатын ілгерілету мүмкіндігі болу үшін еңбек қатынаста-

ры аясындағы ағымдағы өзгерістерге тиімді жауап қайтаруы қажет.

2019 жылы ХЕҰ өзінің жүзжылдығын атап өтеді. «Еңбек саласының болашағы» бастамасы Жүзжылдық 

Декларациясын қабылдауға бағытталған. Оның күн тәртібінде келесі басымдықтар көрсетілген:

1) 


еңбек қатынастарын реттеуді жетілдіру және әлеуметтік диалогты нығайту;

2) 


әйелдер мен ерлер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін нығайту;

3) 


әлеуметтік жаңғырту контексінде әлеуметтік қорғау жүйелерін жетілдіру.

Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидаттар 

мен құқықтарды ілгерілету және еңбек заңнама-

сын халықаралық стандарттармен үйлестіру үшін 

ХЕҰ Еңбек туралы заңды, одан кейін ҚР Еңбек ко-

дексінің жобасын әзірлеуге жәрдемдесті (2007 

жылы қабылданды).

ХЕҰ-ның белсенді қатысуымен елде еңбек қа-

уіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың және еңбек ин-

спекциясының ұлттық жүйесі жаңғыртылды. 

«ХЕҰ-ЕҚБЖ 2001» басқару жүйесі енгізілді. ХЕҰ 

конвенциялары мен ЕО заңдарының негізінде ең-

бекті қорғау және еңбек инспекциясы жүйесі бой-

ынша екі салыстырмалы талдау (ХЕҰ аудиттері) 

жүргізілді.

ХЕҰ «Жұмыспен қамту туралы» заңды және 

«Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы», 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарла-

маларын қоса алғанда, жұмыспен қамту бағдар-

ламаларын әзірлеуге дәйекті түрде жәрдемдесті. 

Жастарды жұмыспен қамту саласындағы ұлт-

тық іс-қимыл жоспарын әзірлеуге бағытталған 

«Жастарды жұмыспен қамту» компоненті ХЕҰ 

жобасы қолдау көрсететін Ұлттық техникалық ко-

манда үшін ағымдағы мақсат болып табылады.

БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл



35


жүктеу 22,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау