жаһандық қорға елдің өтінімдерін әзірлеуге
техникалық көмек көрсете отырып, алдын алу
бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 60 милли-
оннан астам АҚШ доллары сомасына гранттар
алуға жәрдемдесті. Бюджеттің, нәтижелердің
және есептіліктің (UBRAF) бірыңғай қағидаттары
бағдарламасын жүзеге асыру жолымен 2018-
2019 жылдары ЮНЭЙДС елге ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО
және ЮНОДС агенттіктерінің күштерімен шаралар
өткізу арқылы 300 000 АҚШ доллары сомасы-
на қаржылық және техникалық көмек көрсетуді
жоспарлап отыр.
ЮНЭЙДС-тің, АӨА Қазақстандық Одағы мен
басқа әріптестердің адвокациялық күш-жігерінің
арқасында Қазақстан антиретровирустық (АРВ)
препараттарға бағаны төмендету есебінен бар-
лық мұқтаждарды антиретровирустық тера-
пиямен қамтамасыз етуде елеулі жетістіктерге
жетті. ЮНИСЕФ арқылы дәрі-дәрмектерді сатып
алудың халықаралық механизмін енгізу АРВ-
препараттарын екі есе арзан, ал кейбір дәрі-дәр-
мектерді Қазақстанда бар шекті бағалармен
салыстырғанда 40 есе арзан сатып алуға мүмкін-
дік берді. Егер 2014 жылы АРВ-терапияны бар
болғаны 4640 пациент қабылдаған болса, 2018
жылы антиретровирустық препараттарға баға-
ларды төмендетудің арқасында қол жеткізілген
үнемділік белгіленген дозасы бар жаңа біріктіріл-
ген дәрі-дәрмектерді қолдануға және АРВ емдеу-
ді қажет ететін 14740 пациентті емдеумен қамта-
масыз етуге мүмкіндік берді.
2017 жылы
Алматы қаласы 2030 жылға қа-
рай ЖИТС індетін тоқтатуға шақыратын Париж
Декларациясына қол қойды. ЮНЭЙДС офисі
әріптес ұйымдармен бірлесе әкімшілік пен қа-
лалық денсаулық сақтау басқармасына АИТВ-
инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша
бағдарламаны әзірлеу мен одан әрі іске асыруда
техникалық көмек пен сараптама береді.
2016 жылдың маусымында
БҰҰ Бас
Ассамблеясында «АИТВ мен ЖИТС бой-
ынша: АИТВ-мен күресті белсендіруге
және 2030 жылға қарай ЖИТС індетін
тоқтатуға жедел қарқынмен» саяси де-
кларациясы мақұлданды. Декларацияны
Қазақстан Республикасын қоса алғанда,
БҰҰ-ның барлық мүшелері қабылдады.
Бұл декларацияның орындалуын қамта-
масыз ету үшін БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөнін-
дегі Біріккен Бағдарламасы (ЮНЭЙДС)
2020 жылға қарай халықты тестіден өтуін
және хабардарлығын кеңейту (АИТВ-мен
өмір сүретін барлық адамдардың 90%-
ы өзінің статусын білуі қажет), жоғарғы
нәтижелі антиретровирустық терапиямен
қамтылуын кеңейту (АИТВ-инфекциясы
диагнозы қойылған барлық адамдардың
90%-ы АРВ терапия қабылдауға тиіс) си-
яқты «90:90:90» мақсаттарына жетуді
қамтитын «Жеделдету: 2030 жылға қарай
ЖИТС індетін тоқтату» жаһандық страте-
гиясын әзірледі және антиретровирустық
терапияны қабылдайтын адамдардың
90%-ында вирустық супрессия байқалуы
қажет.
Қазақстан Республикасы саяси декла-
рацияға қол қоя отырып, өзіне 2030
жылға қарай ЖИТС індетін тоқтату мін-
деттемелерін қабылдады. ЮНЭЙДС офисі
Қазақстан Республикасына
«90-90-90»
мақсаттарын қоса алғанда, АИТВ мен
ЖИТС-пен күресте әлемдік қоғамдастық
қабылдайтын мақсаттарға жету үшін жан-
жақты көмек көрсетеді.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
43
құқықтарын ілгерілету және қорғау стратегия-
лары мен шараларын әзірлеу және жүзеге асыру
үшін өзара әрекет етеді.
Негізгі жетістіктері
ОААБ үкіметтердің, ұлттық құқық қорғау меке-
мелерінің, бейүкіметтік ұйымдар мен азаматтық
қоғам ұйымдарының әлеуетін нығайту мақсатын-
да адам құқықтары стандарттарына сәйкестілікті
көтеру және адам құқықтарын бұзудан, атап ай-
тқанда, азаптаудан азат болу құқықтарын және
әділетті сот құқықтарын бұзудан қорғауды күшей-
ту үшін аймақтағы елдермен жұмыс істейді.
2008 ж. құрылған сәтінен бастап ОААБ өзін
адам құқықтары саласындағы сарабдал, сенімді
білім көзі ретінде танытып, аймақтағы көптеген
әріптестермен етене жақын байланыс орнатты.
Алдыңғы қызметінің шектерінде ОААБ Орталық
Азияда адам құқықтарын ілгерілетуде және
қорғауда салыстырмалы артықшылықты қамта-
масыз ете алды.
БҰҰ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӨНІНДЕГІ ЖОҒАРҒЫ
КОМИССАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
Орталық Азия бойынша аймақтық бөлімшесі
Миссиясы
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комис-
сары басқармасының (БҰҰ АҚЖКБ) Орталық
Азия бойынша аймақтық бөлімшесі (ОААБ)
2008 жылы Қырғызстандағы Бішкекте ашылды.
Аймақтық бөлімше аймақтағы бес елді қамти-
ды, оның өкілдіктері Бішкекте (Қырғызстан),
Душанбеде (Тәжікстан), Алматыдағы жобамен
Астанада (Қазақстан) бар және жақын арада
Ташкентте (Өзбекстан) де ашылады.
БҰҰ АҚЖКБ миссиясы барлық адамдар үшін
адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету,
адамдардың өздерінің құқықтарын жүзеге асыру
мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу, сондай-ақ
адам құқықтарының сақталуына жауапты адамдар-
дың осы құқықтардың жүзеге асырылуын қамтама-
сыз ету қызметіне қолдау көрсету болып табылады.
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы
комиссарының БҰҰ Бас Ассамблеясының 1993
ж. 20 желтоқсандағы 48/141 резолюциясымен
оған берілген мандатына сәйкес, ОААБ мемле-
кеттермен, үкіметаралық ұйымдармен, азамат-
тық қоғамдармен, жеке сектормен және БҰҰ
агенттіктерімен Орталық Азия елдерінде адам
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
44