2013 жылы
мемлекеттік қызмет саласындағы
Астана хабын – Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен БҰҰ Даму бағдарламасының баста-
масын – Астана хабын құру туралы декларацияны
бірауыздан бекіткен 25 ел мен бес халықаралық
ұйым құрған. Қазіргі таңда хабтың құрамын-
да 40 қатысушы ел бар. Ол қатысушы елдердің
үкіметтеріне әріптестік пен ынтымақтастық; әле-
уетті нығайту және оқыту; зерттеулер мен білімді
басқару сияқты негізгі қызмет бағыттарының шек-
терінде институционалдық әлеуетті және адам
әлеуетін өсіруде қолдау көрсету есебінен мемле-
кеттік қызметтің тиімділігін көтеруге бағытталған
жан-жақты платформа болып табылады.
Фото: Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының құрылтай конференциясы, Астана, Қазақстан.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
19
2013 жылғы 5 маусым
– «Алматы үдерісі» атты
Босқындарды қорғау мен халықаралық миграция
бойынша екінші министрлік конференция.
2014 жылғы 22-23 қазан
– Бейжің әрекеттер
платформасы +20 жүзеге асырылуының субай-
мақтық шолуы.
БҰҰ БЖКБ фотосы.
Конференцияның
тең төрағалары – ҚР
Сыртқы істер министрі
Ерлан Ыдырысов,
Босқындар істері
жөніндегі БҰҰ Жоғарғы
комиссары Антонио
Гутерреш пен ХКҰ
Бас директорының
орынбасары Лаура
Томпсон.
БҰҰ-әйелдер фотосы. БҰҰ
Орталық Азия аймағында
гендерлік теңдікке және
әйелдердің құқықтары мен
мүмкіндіктерін кеңейтуге
жәрдемдесу жөніндегі
сектораралық мәселелердің
талқылануын қолдайды.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
20
2015 жылдың қаңтары
– Қазақстан БҰҰ-ның
мүгедектер құқықтары туралы конвенциясын
ратификациялады.
2015 жылғы 9-10 маусым
– БҰҰ Бас хатшы-
сы Пан Ги Мун Қазақстанға Астанадағы Әлемдік
және дәстүрлі діндер лидерлері VІ съезіне қаты-
су үшін келді. Сапар барысында Бас хатшы ҚР
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен бірге
Астана қаласындағы жаңа БҰҰ ғимаратын ресми
ашу салтанатына қатысты.
БҰҰДБ фотосы. Осы
жылдар бойы БҰҰ
инновацияларды ендіре
отырып, мүгедектігі бар
адамдардың құқықтары
жөніндегі мәселелерді
шешудің алдыңғы шебінде
болды.
Фото: БҰҰ Бас
хатшысы Пан Ги Мун
(оң жағында) мен
Сыртқы істер министрі
Ерлан Ыдырысов
Астанадағы жаңа БҰҰ
ғимаратының тұсауын
кесуде
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
21
2015 жылдың
қыркүйегінде 70-ші БҰҰ Бас
Ассамблеясы шектерінде 2015 жылдан кейінгі
БҰҰ даму күн тәртібін мақұлдау жөніндегі сам-
мит барысында Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тұрақты даму
мақсаттарының (ТДМ) мақсаттары мен міндеттері
Қазақстанның басымдықтары мен міндеттері-
не толық сай келетінін атай өтіп, БҰҰ қатысушы
елдердің басқа көшбасшыларымен бірге кейінгі
жаһандық даму туралы жаңа құжатқа қол қойды.
2015 жыл
– Қазақстандағы үш объект «Turn
the World UN Blue» жаһандық бастамасының бір
бөлігіне айналды. Біріккен Ұлттар Ұйымының
70 жылдығы мерекесінің құрметіне Астанадағы
«Бәйтерек» монументі мен Алматыдағы екі ғи-
маратқа («Қазақстан» қонақүйі мен Республика
Сарайы) БҰҰ күніне орай 24 қазанда БҰҰ ресми
түсі – көгілдір түсті жарық берілді.
Фото БҰҰ/Лойе Фелипе. 2015 жылдан кейінгі БҰҰ
даму күн тәртібін мақұлдау жөніндегі саммит кезіндегі
Бас Ассамблея холлының көрінісі
Фото: «Turn the World UN Blue»
жаһандық бастамасының бір
бөлігі ретінде көгілдір түспен
жарықтандырылған Астанадағы
«Бәйтерек» монументі
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
22
2016 жылдың
маусымында Қазақстан «2030
жылға қарай жедел қарқынмен АИТВ-мен күре-
суді белсендіру және ЖИТС індетін тоқтату» атты
АИТВ мен ЖИТС бойынша саяси декларацияның
міндеттемелерін алды.
2016 жылғы 14 қыркүйек
– БҰҰ ТЖ қауіптерін
төмендетудің тиімді механизмдерін қамтамасыз
ету, олардың салдарларын бәсеңдету, аймақтық
және халықаралық ынтымақтастыққа орай әрекет
ету мен ынталандырудың бірлескен шараларын ұй-
ымдастыру мақсатында үкіметаралық орган болып
табылатын Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттар
қаупін төмендету орталығын ашу ойын қолдады.
2016 жылғы 6 желтоқсан
– Қазақстан
Республикасы Президентінің Бұйрығымен гендер-
лік теңдікке қол жеткізу, гендерлік зорлық-зом-
былықты жою және жастардың жыныстық және
репродуктивті денсаулығын жақсартуға арналған
реформалау (БҰҰДБ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ және
БҰҰ-әйелдер қолдауымен) бойынша негізгі құжат
болған 2030 жылға дейінгі Отбасылық және ген-
дерлік саясат тұжырымдамасы бекітілді.
ЮНЭЙДС фотосы. Дүниежүзілік
АИТВ-мен күрес күніне арналған
сөз.
БҰҰ ГМҮБ фотосы. Төтенше жағдайлар
мен табиғи апаттар қаупін төмендету
орталығының ресми ашылу салтанаты.
Фото/Алмас Жақсылықов. БҰҰ ұлттық әріптестерге
гендерлік теңсіздікті жою мәселесінде нысаналы,
гендерлік проблематикаға бағытталған бағдарламалар
арқылы және даму саласындағы барлық күш-жігер
әйелдердің тәжірибесін, қажеттіліктері мен үлестерін
ескеретіндей жұмыс істеу жолымен қолдау көрсетеді.
БҰҰ – Қазақстан: ынтымақтастыққа, әріптестік пен сенімге 25 жыл
23
Достарыңызбен бөлісу: |