Лэйн киркланд атындағы стипендиялық бағдарлама польша-Америка Еркіндік Қоры



жүктеу 152,03 Kb.
Дата12.01.2018
өлшемі152,03 Kb.
#7399
түріБағдарламасы

ЛЭЙН КИРКЛАНД атындағы СТИПЕНДИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


Польша-Америка Еркіндік Қоры

Бағдарламаның демеушісі

Және


Демократия Үшін Білім Беру Қоры

Бағдарламаның администраторы

Украина, Белорусь, Ресей, Молдова, Грузия, Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан үміткерлеріне Лэйн Киркланд стипендиялық бағдарламасының 2016/2017 оқу жылына арналған кезекті сайысын жариялайды.

Бағдарлама Магистр академиялық дәрежесі бар (немесе 5 жыл специалист), өз елінде демократия, экономика, азаматтық қоғам даму саласында жұмыс жасайтын жас көшбасшыларға арналады.

Бағдарлама Польшаның университеттерінде 2 семестр оқу, және мемлекеттік немесе жеке мекемелерде 2-4 апта кәсіби тәжірибе өтуден тұрады.
Бағдарлама стипендиаттардың қай ел азаматы болғандарына қарамастан бір-біріне құрмет көрсетуін қалайды.
САЛАЛАР:


  • Экономика және менеджмент

  • Әкімшілік басқару және ұйымдастыру (бизнес, үкіметтік емес мекеме, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау қызметі, білім беру)

  • Қоғамдық басқару (мемлекеттік және жергілікті басқару)

  • Құқық

  • Әлеуметтік ғылымдар (әлеуметтік психология, әлеуметтану)

  • Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар

  • Даму саясаты және гуманитарлық көмек.

Бағдарлама барысында жазылатын диплом жұмысы ғылыми немесе практикалық тұрғыдан орындалуы мүмкін (ғылыми жұмыс болса, ғылыми сипаттағы кіріспе бөлімін қамтуы тиіс).


ҮМІТКЕРЛЕР:

2016/2017 оқу жылдың Киркланд Бағдарламасы келесі сала өкілдеріне бағытталады:



  • Мемлекеттік қызметшілерге, жергілікті басқару мекемелерінің мамандарына, сарапшылар мен саясаткерлерге;

  • Кәсіпкер мен менеджерлерге;

  • Үкіметтік емес мекеме басқарушылар мен мәдениет саласының майталмандарына;

  • Ғылыми қызметкерлер мен университет оқытушыларына;

  • Журналистерге.



ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Жоғарыда аталған мемлекеттердің бірінің азаматы болу және сол елде тұру (Польшада тұрақты тұруға рұқсат картасының иегерлері Киркланд стипендиясына үміткер бола алмайды);

  • Толық жоғарғы білім (магистр дәрежесі немесе 5 жыл специалист);

  • Жас шамасы 35 жасқа дейін (негіздеуге мүмкін болған жағдайда 40 жасқа дейін);

  • Жұмыс өтілі – кем дегенде 2 жыл;

  • Академиялық сабақтарға қатысуға және дипломдық жұмыс жазуға жеткілікті деңгейде поляк тілін білу, немесе үміткер ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламаны таңдаған жағдайда ағылшын тілін білу (бұл жағдайда, поляк тілін бастапқы (пассивті) деңгейде білу жеткілікті). Үміткерлер, интервью барысында, поляк тілінде В1 деңгейінде (диплом жұмысы поляк тілінде жазылатын болса), кем дегенде А1 деңгейінде (диплом жұмысы ағылшын тілінде жазылатын болса) сөйлей алу керек.


АРТЫҚШЫЛЫҚТАР БЕРІЛЕДІ:

  • Өздерінің мамандығы бойынша, қоғамдық салаларда белсенді жұмыс атқарып жүрген үміткерлерге;

  • Маңызды жетістіктерге қол жеткізген үміткерлерге;

  • Осыған дейін Польшада оқымаған үміткерлерге.


ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  1. Оn-line режимде толтырылатын құжаттар:

  • Жеке мәліметтер сауалнамасы;

  • Ғылыми жоба. Жобада Киркланд Бағдарламасына қатысу себебіңіз бен болашақ жоспарларыңыз көрсетілу керек (пробелдерді қосқанда 4000-6000 белгі).

  1. Үміткердің жетістіктері мен біліктілігін көрсететін және болашақта мамандығы бойынша немесе әлеуметтік салада кәсіби даму мүмкіншіліктерін сипаттайтын екі Ұсыныс хат (поляк, орыс немесе ағылшын тілдерінде), электрондық нұсқада жіберіледі.

  2. Магистр (5 жыл специалист, PhD) дипломының көшірмесінің электрондық нұсқасы жіберіледі.


ІРІКТЕУ:

Үш кезеңнен тұратын іріктеу нәтижесінде 45 ең үздік үміткерлер таңдалады.


I кезең – міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау;

II кезең – үміткерлердің жобаларын бағалау (осы саладағы эксперттер бағалайды);

III кезең – біліктілікті анықтауға арналған сұқбаттасу (13.04 – 30.04.2016 аралығына жоспарланған).
Үміткер III кезеңге өткендігі жөніндегі хабарламаны және сұхбатқа шақыруды наурыз айының соңында электронды пошта арқылы алады. Сайыстың ақырғы нәтижесі туралы мәліметтер 2016 жылдың маусым айында электронды пошта арқылы хабарланады.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ШАРТТАРЫ:

Бағдарламаның сипаттамасы мен құжаттарды толтырудың нұсқауын www.kirkland.edu.pl сайтынан табуға болады


Сауанаманы on-line режимінде толтыру қажет.

Сауалнама on-line режимінде толтырылғаннан кейін, жүйе сіздің құжатыңызды қабылдағандығы туралы документ жариялайды. Сол документті баспадан шығарып, қол қойып, фото-суретіңізбен бірге бағдарламаның мекен-жайына пошта арқылы жіберуіңіз қажет.


Ұсыныс хаттар мен дипломдарды сканерден өткізіп мына электронды поштаға жіберу керек: kirkland@kirkland.edu.pl
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні:
1 наурыз 2016 жыл.
Жоғарыда көрсетілген мерзімнен кейін келген құжаттар сайыста қарастырылмайды.
ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАР:

Стипендия: ай сайын 1800 PLN. Қосымша келесідей шығындар өтеледі: оқу құны, Польшада тұру, сақтандыру, Польшаға келіп-қайту билеті, виза рәсімдеу.



СТИПЕНДИЯ КЕЛЕСІ БАҒДАРЛАМАЛАРДАН ТҰРАДЫ:

  • Бағдарламаның инаугурациясы (2016 жылдың қыркүйегінің ортасы);

  • Дайындық-информациялық курсы (10 күн);

  • Варшава, Краков, Познань, Вроцлав, Люблин қалаларындағы жетекші академиялық орталықтарында оқу процесі (екі семестр);

  • Семестрлік және дипломдық жазба жұмыстарын дайындау;

  • Барлық стипендиаттардың төрт дидактикалық кездесуі;

  • Кәсіби тәжірибе (2-4 апта), көбіне оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін;

  • Бағдарламаның салтанатты жабылуы және диплом тапсыру рәсімі (2017-жылдың маусым айының соңында).


БАҒДАРЛАМА ПАТРОНЫ

Лэйн Киркланд (1922-1999) америкалық кәсіподақтың (AFL-CIO) көп жылғы жетекшісі, Польша-Америка кәсіпкерлік қоры директорлар Кеңесінің мүшесі, Польша-Америка Еркіндік қорын құру жөніндегі бастамашылардың бірі. Өзінің беделі және қатысуымен 80-жылдарда Польшаның “Solidarność-Ынтымақтастық” қозғалысының жандануына күш берді. Сонымен қатар, басқа Орталық және Шығыс Еуропа халықтарының еркіндік сүйгіштігі және демократияға талпыныстарына түсіністікпен қарап, қолдап отырды. Оның еңбектері жоғары марапаттарға ие болды, соның ішінде АҚШ “Еркіндік Медалі” және Польшаның “Ақ Бүркіт медалі” марапаттаулары бар.





К

онтакттар
:

Демократия Үшін Білім Беру Қоры

http://www.edudemo.org.pl
Киркланд Бағдарламасы

ul. Hoża 59 m. 1A, 00-681 Warszawa, Poland



E-mail: kirkland@kirkland.edu.pl

www.kirkland.edu.pl


ПОЛЬША-АМЕРИКА ЕРКІНДІК ҚОРЫ (ПАЕҚ) – бағдарлама демеушісі
ПАЕҚ өз қызметін 2000 жылдан бастады. ПАЕҚ басты мақсаты: демократия, азаматтық қоғамды нығайту, қоғамдық және жеке бастамалардың дамуына тең мүмкіндік беру, нарықтық экономиканы дамыту, сонымен қатар, қоғам трансформациясы саласында Польшаның тәжірибесімен Орталық және Шығыс Еуропа елдері өкілдерін таныстыру. ПАЕҚ өзінің қызметін Қордың кірісімен қаржыландырады, бұл қаражат көзі өз кезегінде, Польша-Америка кәсіпкерлік қорының (ПАКҚ) табысы болып саналады. Қазіргі таңда ПАКҚ, ПАЕҚ қаражатына 250 млн. АҚШ долларын аударған. 2000 жылдан бастап ПАЕҚ өзінің бағдарламаларын іске асыруда шамамен 100 млн. астам АҚШ долларын жұмсаған.
Қордың бағдарламалары ПАЕҚ бекіткен тәртіп пен ұстанымдарға сәйкес, әртүрлі Польшаның үкіметтік емес ұйымдарымен басқарылады.
Лэйн Киркланд стипендиялық бағдарламасы ПАЕҚ-ның 2000 жылдан бастап ұйымдастырылған ұзақ мерзімді бағдарламасы. ПАЕҚ және оның бағдарламалары жөнінде қосымша мәліметтерді ғаламтордан таба аласыз: http://www.pafw.pl


Демократия Үшін Білім Беру Қоры – бағдарламаның администраторы



Қор 1989 жылы Польшаның оппозициялық активисттері мен Американдық Мұғалімдер Федерациясының бастамасымен құрылды. Қор – тәуелсіз, бейкоммерциялық, үкіметтік емес ұйым.
Қордың мақсаты болып демократия идеяларын білім беру саласына демеу көрсету арқылы алға бастыру, демократияның дамуы үшін, демократиялық институттардың игілігі үшін жұмыс істеуге дайындау болып табылады. Қор өзінің бағдарламаларын жергілікті дәстүрлер мен мәдениеттің іргетасында, саяси көз-қарасы бөлек, әр-түрлі халықтардың, діндердің өкілдерімен ынтымақтастықта қалайды. Қор Польшада, Шығыс Еуропада, Орталық Азия мен Кавказда жұмыс жасайды.
Оның жұмыс салалары: 1. мектептің әлеуметтенуі мен демократизациялануы, 2. азаматтардың белсенділігі мен жауапкершілігі, 3. жаһани ынтымақтастық.
Қор туралы және оның бағдарламалары туралы ақпаратты Интернеттен көруге болады – www.edudemo.org.pl


жүктеу 152,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау