44
саясат тиімсіз деп табылды, себебі, көптеген жағдайларда блокировкаға
қойылған веб-сайттар Еуро Одақ немесе заң құзіреттілігі аясынан тысқары
басқа атаумен қайта пайда болады.
Аймақтық ережелердің болмауына қарамастан, мемлекет көптеген жағдайларда
блокировкаға қойылған веб-сайттардың заң құзіреттілігі аясынан тысқары басқа
атаумен қайта пайда болуына ұлттық ережелерді ендіре алады, және бірқатар
елдер оны жасады да. Блокировкаға қою ойды білдіру еркіндігі құқығын іске
асыруда ықпал ететіндіктен, ол АСХҚП 19 бабы, 3 тармағына сәйкес болуы
шарт:
•
түсінікті және ашық, қолжетімді заңмен көрсетілген болуы;
•
заңды мақсатты қууы;
•
қажеттілік және үйлесімділікте болғандығымен шектеліп, ал
қолданушы шектеу себебі туралы ақпараттандырылған болуы
қажет.
Мұнымен қоса, кез келген негізсіз кемсітушілік түрі болмауы қажет. Контент-
провайдерлары шағымдану мүмкіндігінен, сонымен қатар сот арқылы
шағымдану үшін қайда баруға болатынынан хабардар болуы қажет.
cvii
Арнайы баяндамашы, блокировкаға қою шарасының ақталғандығы, балалар
порнографиясын қоспағандағы, ұлттық заңнама дұрыс қолданбаған немесе
теріс пайдаланушылыққа қарсы тиімді және нақты кепілдік беріп, соның ішінде
реттеуші орган мен әділ және тәуелсіз сот тарапынан бақылау мен қадағалау
жүргізетіні болып табылатынын атайды.
Түркияға қарсы Йылдырым ісі,
cviii
ЕС Интернетке қолжетімділікті шектеу
барысында жоғарыда аталған стандарттарды қалай қолданғанын көрсетеді. Сот,
түрік сотының Google Sites Интернет-доменінің, оның ішінде қуынушының
сайты да болған, қолжетімділігін блокировкаға қою туралы шешімі,
белгіленген заңмен ұсынылған негізделген жорамалы болмағандықтан, заңсыз
болған деп бекітті. Еуропалық Сот, түрік сотының қолжетімділікті
блокировкаға қою туралы шешіміш қабылдау барысында қажеттілік өлшемін
қолданбаған деп шешті (жоғарыдан 3-Бөлімді қараңыз).
Контентті жоюға қатысты қандай халықаралық стандарттар бар?
Контент заң құзіреті шеңберінде орналасса, контентті жою туралы бұйрығы
заңды.
ЕО елдері өз аймақтарында немесе аумақтарынан тыс орналастырылған
балалар порнографиясын таратқан немесе ұстаған веб-бөлімдерін тез арада
жоюға тырысулары қажет.
cix
Контентті жою туралы бұйрық ойды білдіру еркіндігі құқығына ықпал
ететіндіктен, олар осы құқық кепілдігіне сай болулары шарт. Сондықтан, әрбір
бұйрық:
45
•
түсінікті және ашық, қолжетімді заңмен көрсетілген болуы;
•
заңды мақсатты қууы;
•
қажеттілік және үйлесімділікте болғандығымен шектеліп, ал
қолданушы шектеу себебі туралы ақпараттандырылған болуы
қажет.
Блогерлер мен БАҚ, интернет-журналистердің заңды жауапкершіліктері
Интернеттегі бір қызмет, бір ақпаратқа қатысты заңдық құзіреттікке бірнеше
мемлекет бірден ниет білдірулері мүмкін, ал бұл қолдану ережісінде жанжал
және қарама-қайшылықты қамтамасыз етері сөзсіз. Заңсыз контент және қызмет
туралы ұлттық ереженің әр түрлілігі, сонымен қатар қарама-қайшы және
бәсекелес заңдарды қолдану күрделі құқықтық ортаны қалыптастырады. Ол
ішкі және халықаралық қолданушылармен кепілдендірілген қорғауға шағымды
қиындатады. Мәліметтерді өңдеу және сақтау бойынша, ақпаратты алушыға
немесе иесіне жақын жердегі емес қашықтағы қызметті тарату, бұл мәселені
ұлғайта түседі.
Блогерлер мен интернет-БАҚ жауапкершілігінің саласы қандай?
Интернет-БАҚ, журналистер және блогерлер өздерінің жариялаған онлайн-
контенттеріне заңды жауапкершілік атқарады.
Үшінші жақтың контентті орналастыру жауапкершілігі жайындағы мәселе
толықтай түсінікті емес.
Еуропалық Кеңестің өз мемлекеттеріне демократиялық коммуникацияға қатысу
мақсатында саяси партиялармен және мемлекеттік емес ұйымдармен,
азаматтардың ИКТ қолдануын қамтамасыз ететін заңнаманы қабылдауына
шақыруына қарамастан, ол үшінші тұлғалардың форумдар немесе веб-сайттарда
жасаған түсініктемелеріне жауапкершілікке қатысты ешқандай нұсқау
бермеді
cx
.
Еуро Одақта Директива электрондық коммерция
7
жайында ескерту және
жауапкершілік рәсіміне шектеу ендірді. ЕО Директивасына сәйкес ақпараттық
қызмет
жеткізушісі,
(интернет-провайдерлары,
хостинг-компаниялар,
әлеуметтік платформалар және ізденім жүйелері Web 2.0) егер олар
сақталынған ақпаратты білсе және бақылап отырса, жауапкершілік атқарады.
Осылайша, қызмет жеткізушісі заңсыз әрекет немесе ақпарат туралы «нақты
біліп алғаннан соң» жедел әрекет етпесе және сәйкес ақпаратты жедел жоймаса,
болмаса оған қолжетімділікке блокировка қоймаса, заң алдында жауап береді.
Электрондық коммерция жайындағы ЕО Дирекциясы, оның құзіретіне
интернет-БАҚ кіре ме, кірмей ме, оны көрсетпейді, сондықтан, интернет-БАҚ
7
2000 ж. 8 маусымдағы 2000/31/EC Еуропарламенті және Кеңесі Директивасының
ақпараттық қоғамдастық қызметін реттеуші бірқатар құқықтық аспектілері, соның ішінде ішкі
нарықтағы электронды коммерция туралы басылым, Еуропалық қоғамдастықтың Ресми
журналы, 2000 ж. 17 шілде, 1 бет. 43, OJ L 178