Интернеттегі ойды еркін білдіру құқығы: еуропалық стандарттар



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет16/22
Дата22.05.2018
өлшемі0,61 Mb.
#16032
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

 

36 


Фотосурет  жарияланған  жағдайда  жеке  өмір  сүру  құқығы  және  ойды 

білдіру еркіндігі құқығы арасындағы теңгерімді қалай сақтау керек. 

Адам құқығы жөніндегі Еуропалық сот (ЕАҚС): 

 

жеке  өмір  сүру  құқығы  және  ойды  білдіру  еркіндігі  құқығы  тең 



құрметке ылайық; 

 



көпшілік  алдындағы  қайраткерлер,  олардың  жеке  өмірі  қоғамдық 

өмірлеріне  әсер  етуі  мүмкін  жағдайды  есептемегендегі  кездерде,  

өздерінің жеке өмірлерін қорғау құқығына ие.  Көпшілік алдындағы 

қайраткерлерге,  мемлекеттік  қызмет  және/немесе  мемлекеттік 

ресурсты  қолданушы  тұлғалар,  ал  одан  да  кеңірек  алсақ,  барлық, 

саясат,  экономика,  мәдениет,  әлеуметтік  орта,  спорт  немесе  кез 

келген саладағы белгілі бір рөл атқарушы тұлғалар жатады. 

 



белгілілі  бір  жағдайларда  көпшіліктің  мүддесін  қорғау  үшін,  жеке 

өмір құқығына шектеу қойылуы мүмкін. Бұл жерде тек саяси немесе 

қылмыстық  мәселе  ғана  емес,  сонымен  қатар,  егер  олар 

«демократиялық  қоғамда  пікірталас  тудыра  алатын»  фактілер  болса, 

артистер  мен  кең  танымал  адамдарға  да  байланысты    сөз  қозғалып 

тұр.


xcv

  

Фотосуретті  жариялауға  кез  келген  шектеу,  жеке  өмір  сүру  құқығын  қорғауға 



сәйкес және қажеттілігі болып, әрі заңмен негізделуі шарт. 

Фотосуретті  жариялауға      шектеудің  сәйкес  және  қажеттілігін  қарастырғанда 

келесі өлшемдерді сақтау қажет: 

• 

Фотосурет,  қоғам  қызуғышылығын  білдіруші  пікірталасқа  ықпал 



ете ала ма? 

• 

Фотосуреттегі қаншалықты жақсы танымал тұлға  (демек ол адам 



«көпшілік алдындағы қайраткер болып табыла ма»)? 

• 

Осыған дейін бұл тұлғаға не болды? 



• 

Жарияланымның  мазмұны, түрі және салдары қандай? 

• 

Фотосурет жасалған кездегі жағдай қандай?   



• 

Салынған ықпалшаралар үйлесімді ме?

xcvi

 

 



Германияға қарсы Фон Ганновер ісінде (2) ЕАҚС-қа қуынушы  - марқұм Ренье 

III  (Монако  князы)  қызы  және  оның  жұбайы,  олардың  жеке  өмірлерінің 

фотосуреттерін  баспасөзде  жариялауға  жол  бермей  және  ордер  алуға  неміс 

сотына  өтініш  берді.  Фотосуреттер  олардың  келісімінсіз  демалыс  кездеріндегі 

тау  шаңғысы  шипажайында  түсіріліп,  екі  неміс  журналында  басылып  та 

үлгерді.  Жергілікті сот екі  фотосуретке қатысты олар қоғамдық қызығушылық 

білдіріп,  пікірсайыс  тудырмайды  деп  тауып,  жарлық  қағазын  берді.  Бірақ, 

үшінші фотосуретке қатысты шектеу қоюдан бас тартты. Онда қуынушылардың 

демалыс  уақыттарындағы  Санкт-Морицтегі  тау  шаңғысы  шипажайында 

қыдырып жүрген кездері түсірілген және аталмыш фотосуреттің астында князь 




 

37 


Рененің денсаулығының нашарлығы жайлы жазылған мақала орналастырылған. 

Осы фотосуретке қатысты жергілікті сот,  басқарымдағы князь денсаулығының 

нашарлығы  көпшілік  қызығушылығын  тудырған  және  фотографпен  берілген 

тұжырым конституциялық тұрғыдан лайықты болған деп шешті. 

ЕАҚС, князь Рене ауыруына неміс сотымен берілген қоғамдық оқиға мәртебесі 

негізді деп есептеле алады және журналдағы мақала мен фотосурет  ханшайым 

мен  оның  жұбайының  жеке  өмір  сүру  құқығын  бұзған  жоқ,  ешқандай  ұятқа 

қалдыратын  және  қорлайтын  мазмұны  болған  жоқ,  ал  басылым  Монако 

князының  денсаулығына  қатысты  сол  сәттегі  көпшіліктің  жоғары  ынталы 

қызығушылықтарымен ақталды деп қаулы шығарды. 

Мұнымен  қоса,  қуынушылар  көпшілік  алдындағы  қайраткерлер  деген  шешім 

қабылданды.  Фотосуреттер  түсірілген  жағдайға  қатысты  айтсақ,  жергілікті 

соттар  тарапынан,  фотосуреттердің  жасырын  немесе  басқа  да  ыңғайсыз 

жағдайда  жасалғаны  жайлы  қуынушылар  ешқандай  дәлел  келтірмегендері 

есепке  алынды.  ЕАҚС,  қуынушының  жеке  өмір  сүру  құқығы  бұзылғандығын 

таппады  және  ұлттық  соттар  қуынушылардың  жеке  өмір  сұру  құқығы  мен 

басылымдағы ойды білдіру  еркіндігінің құқығы арасындағы теңгерімді  мұқият 

сақтаған деген шешімге келді.  

 

Фотосуреттер  жарияланымын  шектеу  жағдайындағы  тексерістер,  телефондағы 



әңгімені жолай ұстау тәсілімен алынған ақпараттар және сот шешімін жариялау, 

қылмыстық істі қарастыру туралы репортаджар сынды жеке өмір сүру құқығын 

БАҚ-тың бұзуына байланысты басқа да жағдайларда жүргізіледі. 

Мемлекет жеке өмір сүру құқығын қандай жолмен қорғай алады? 

Мемлекет  жеке  өмір  сүру  құқығын  тиімді  қорғайтын,  сонымен  қатар,  сот 

орындары  осы  құқық  пен  жеке  өмір  сүру  құқығы  арасындағы  теңгерімді 

сақтайтынын кепілдендіретін заңды қабылдауы тиіс.  

Еуропа  Кеңесі  Парламенттік  Ассамблеясы  мемлекеттерге  өз  заңдарындағы 

журналистерге  қатысты  азаматтық  сипаттағы  санкцияларына  ерекше  көңіл 

аударуды ұсынды.

xcvii


  


 

38 


 

6 ТАРАУ 

Блогерлер және интернет-журналистер үшін басқа да кепілдіктер. 

Интернетке  қолжетімділік:    блогерлер  және  бұқаралық  ақпарат 

құралдарының интернетке қолжетімділік құқықтары.   

Желілік тең құқықтық дегеніміз не? 

Желілік  бейтараптық  немесе  «желілік  тең  құқықтық»  Интернеттегі 

мәліметтердің  барлық  трафиктеріне  үздіксіз  қолжетімділік  және  тең дәрежелік 

қағидаты  ретінде  анықталады.  Іс  жүзінде    бұл,  желілік  операторлар  мен 

провайдерлер    қолданушылардың  интернет-контентке  барынша  жоғары 

қолжетімділіктері  болуы  үшін,  контенттің  пайда  болуы  мен  оның  түрі  және 

мақсатына  қарамастан,  мәліметтер  пакетін  бірдей  тең көлемде  өңдейді  дегенді 

білдіреді.  Қолданушыларда  кез  келген  мәліметтерді  қолдануға,  сонымен  қатар 

өз  таңдауындағы  кез  келген  қызметке    желі  операторлары  тарапынан  трафик 

кемсітуінсіз 

немесе 

басымдылығынсыз, 



арнайы 

басқарымынсыз 

қолжетімділікке  мүмкіндігі  болуы  керек.  Бұл  жалпылама  қағидат  Интернетке 

қосылу үшін қолданылатын құрылғылар немесе желі, инфрақұрылымға тәуелсіз 

қолданылуы шарт. 

Желілік бейтараптық қағидат қалай көтеріледі? 

Желілік бейтараптылыққа әр түрлі ықпал етуге болады: 

 

Желілік    трафиктің  операторылары  бейнефайлдар  алмасуына  кедергі 



келтіре  және  зияткерлік  меншік  құқығы  үшін  қызметін  блокадалап 

немесе жылдамдықты шектеуі мүмкін.  

2011 жылы еуропалық  реттеушілер  Ассоциациясы электрондық коммуникация 

саласында  (BEREC)  сауалнама  жүргізіп,  Ұлыбритания  және  Польша,  Литва, 

Венгрия,  Греция,  Франция провайдерлары  бейне  бағдарламалар  ағынына  және 

қолданушылар  арасындағы  файлдар  алмасу  жылдамдығына  шектеу  ендіргенін 

анықтады. 

 



 

Трафик  және  желілік  қызмет  операторлары  неғұрлым  жоғары  бағасын 

төлеуге дайын контент-провайдерларға, кең көлемдегі деректерді неғұрлым 

жылдам  беретін  (IP-телефония  немесе  бейне  бағдарламалар  ағыны), 

премиум қызметтерін ұсына алады.  Олар бұны нарықта бәсекеге қабілетті 

болу  үшін,  өздерінің  техникалық  жүйесін  модернизациялау  қажеттігімен 

дәлелдейді.  Бұл,  мысалы,  БАҚ-қа  аздаған  этникалық  немесе  маргиналдық 

топтардың ықпал ету мүмкіндігі. Нәтижесінде ой әртүрлілігі мен бұқаралық 

ақпарат құралдарының плюрализміне ықпал етеді.  

Желілік бейтараптықтың халықаралық стандарттары қандай? 

Еуропа  Кеңесі  және  Еуропалық  Кеңесі  стандарттау  органдары  өздерінің 

жүйелік бейтараптық қағидатын ұстанатындарын атап өтті.

xcviii


  

Мемлекет:  




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау