34
2013 жылғы Ұлыбританияның диффамация туралы заңы Интернетке
байланысты диффамация туралы елдің әрекеттегі заңнамасына келесі
өзгерістерді енгізді.
Жарияланым үшін бірыңғай ереже: Заң жала жапқанға наразылығын
білдіруге бір жылдық мерзімді бекітеді. Жаңа ереже бойынша, егер айыптаушы
бұл жарияланымды бірінші рет қуыным мерзімі өтіп кеткеннен кейін көрсе,
онлайн-жарияланымға талап қою мүмкіндігінен айырылады.
Шын залалды көрсетуін талап ету. Жала жабылғанына шағымданған
қуынушы, оның арызындағы айтылғандар «шын залал» келтіруі мүмкін немесе
келтіргендігін дәлелдеуі қажет. Егер, өтініш нәтижесінде, өнім алу үшін
сатумен айналысушы бизнес – компания немесе басқа ұйым «маңызды
қаржылық шығындарға» ұшырамаса, онда оның беделіне қатты нұқсан
келмеген деп саналады.
Веб-сайттардың ерекше қорғанысы. Онлайн мультимедиялық порталын қоса
алғандағы, веб-сайттардың операторлары, үшінші тұлғалардың жала жабу
өтінішінен заң жүзінде қорғалған. Заң веб-сайт операторларын ескертпелерге
тиісті түрде көңіл бөлуге міндеттейді. Егер оператор зұлым пиғылмен жасаса
немесе, егер қуынушы операторға жала жабылғандығы (үшінші жақ аноним
болса) өтінішіне қатысты шағымды көрсетсе және оператордың оған сәйкес
жауабы болмаса, мұндай қорғаныс іске аспайды.
Онлайн – жала үшін қайда сотқа беруге болады?
Интернеттің жаһандық сипаттамасы және диффамацияға қатысты әртүрлі
өлшемдері, соның ішінде, беделге келтірген зияны үшін жаза, қуынушының
сотқа оңай беріп және... жеңіске деген неғұрлым көбірек мүмкіндігі бар
мемлекеттің сотына диффамациялық қуыным беруі, айтқандайын, «тиімді сот
құзіретін таңдау» немесе «соттық туризмге» әкеп тірейді.
lxxxix
Тиімді сот
құзіретін таңдау ықпалды қуынушыларға (бизнесмендер немесе юристік үлкен
департаменттері бар компаниялар) интернеттегі жала жабылған жарияланым
ғажаһандық қолжетімділік салдарынан олардың беделіне сол жақта нұқсан
келтіірді деп сендіріп, шетелде БАҚ-ты сотқа беруге мүмкіндік береді.
Ойды білдіру еркіндігі құқығына қатысты, төрт халықаралық мандаттың
интернетте ойды еркін жеткізу туралы бірлескен декларациясы,
xc
мынаны
хабарлайды:
Интернет-контентке қатысты заң ісі құзіреті, бұл жағдайға нақты және
айтарлықтай байланысы болғандықтан,әдетінше, автор сол жақта болып
және сол жерде бұған мемлекет арнайы бағыттаған контент жүктелетіні
себепті, мемлекетпен шектетілуі тиіс. Жеке тұлғалар оларға қай жерде
елеулі зиян келді және олар оны дәлелдей алатын заң құзіретінде ғана
(«соттық туризм» ережесіне қайшы) істі қозғай алады.
Жеке өмір құқығын қорғау үшін ойды білдіру еркіндігіне шектеу.
35
Жеке өмірді қорғау қажеттігі жағдайында, ойды білдіру еркіндігіне шектеу
қойылуы мүмкін. БАҚ пен блогерлер әйгілі адамдардың жеке өмірі жайлы
жаңалықтарға көпшілік қызығушылығын қандыру мақсатында жеке өмір сүру
құқығын бұзып, жаңа технологияларды қолданбаулары шарт.
Сонымен қоса технологиялық инновация мемлекеттің жеке коммуникация және
жеке адам өміріне араласу мүмкіндігін жоғарылатады. Журналистер мен
блогерлер осал және онлайн-байланысқа тәуелді болғандықтарынан бақылау
нысанына тез айналулары мүмкін. Олар үшін олардың коммуникациясына
бақылау жүргізу апатты салдарға әкелуі мүмкін.
xci
Жеке өмір сүру құқығына қатысты, халықаралық стандарттар қандай?
Жеке өмір сүру құқығын қорғаушы, АСХҚП 17-бабына сәйкес, ешкім де өзінің
жеке өміріне жөнсіз немесе заңсыз араласып болмаса оның беделі мен
абыройына кір келтіріп,немесе корреспонденция және тұрғын жайына қол
сұғушылардың қылығына ұшырамауы тиіс.
Адам құқығы бойынша БҰҰ Комитеті жеке өмір сүру құқығы өлшемдерін
бекітті
xcii
:
Жеке өмірсүру құқығы, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар
тарапынан ешқандай араласушылық пен қол сұғушылыққа жол берілмеуі
кепілдігін беруі тиіс.
Мемлекет осындай қол сұғушылық пен араласушылыққа, сонымен қатар
осы құқықты қорғауға тиімді шектеу ендіру үшін заңды және басқа да
шаралар қабылдауы тиіс. Электрондық немесе басқадай аңду, телефон
байланысы мен басқа коммуникация түрлерін тыңдау және сөздерді
жазуға тиым салынуы қажет.
Тиісті заңнама мұндай араласушылықтың болуы мүмкін мейлінше толық
және нақты жағдайды қарастыруы шарт.
Әрбір нақты жағдайда жеке өмірге араласу туралы шешім, анықталып,
қаралған белгілі бір заң органымен шешілуі тиіс.
Кез келген негізделген араласушылық әрбір нақты жағдайда тиісті және
сәйкес болуы қажет.
2013 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «сандық дәуірдегі жеке өмір сүру құқығы»
атты резолюциясын қабылдады. Ондағы ережеде «адамдар оффлайн ортада
қандай құқыққа ие болса, жеке өмір сүру құқығын қоса алғандағы, онлайн
ортада да сәл солай қорғалуы тиіс» деп бекітілген.
xciii
Интернеттегі шифрлау және анонимдік, ой еркіндігі құқығын еркін іске
асыруды қамтамасыз ету және жеке өмір сүру құқығының белгісі болып
табылады. Олар ешқандай қиындатылып немесе оларға тиым салынбауы керек
және адам құқығы туралы заңнаманың үш бөлігіндегі ережелер қатаң сақталған
жағдайда ғана шектелуі мүмкін.
xciv