42
Домендік атауларға қатысты Еуропа Кеңесі стандарттары, келесілерді
қарастырады:
Домендік атауларға қатысты реттеу мен тәркілеу ойды білдіру
еркіндігіне ықпал етеді. Сол себепті домендік атаулардағы ойды білдіру
еркіндігі, ойды біліду еркіндігі құқығымен қорғалған. Домендік
атаулардағы кез келген шектеулер, ойды білдіру еркіндігі құқығына
кепілдікпен үйлесімді болуы үшін, сот шешімімен негізделуі шарт.
Ондай шарттар:
o
түсінікті және ашық, қолжетімді заңмен көрсетілген болуы;
o
заңды мақсатты қууы;
o
қажеттілік және үйлесімділікте болғандығымен шектеліп, ал
қолданушы шектеу себебі туралы ақпараттандырылған болуы
қажет
cii
.
Мұнымен қоса, кез келген негізсіз кемсітушілік түрі болмауы қажет.
Контент-провайдерлары шағымдану мүмкіндігінен, сонымен қатар сот
арқылы шағымдану үшін қайда баруға болатынынан хабардар болуы
қажет.
ciii
Мемлекет домендерді реттеу барысында әр түрлі өкілеттілікке (өз қалауы
еркіндігі) ие. Бұл өкілеттілік, домендік атаулар тауарлық маркаларға ықпал етіп
немесе жарнама түрі болып табылғанда, кеңейеді және олар саяси ойды білдіру
формасы болып табылып немесе жалпы ақпараттандырумен байланысты
болғанда, шектеледі. Қандай жағдайда болмасын, домендік атауларға қатысты
шешім қабылдау, ойды еркін білдіру құқығын бұзғаны туралы шағымды
қараушы халықаралық сот орындарының бақылауына жатады.
Контентті жою және блокировка, мониторинг
Ойды еркін білдіру құқығына мониторинг қалай ықпал етеді?
Бүгінгі таңда интернеттегі жеке тұлға әрекеті және коммуникация туралы
ақпаратты мемлекеттік органдар да, жеке тұлғалар да жинап және бақылай
алады. БҰҰ арнайы баяндамашысы атап өткен:
Бірқатар мемлекеттер теріс пайдалануға қарсы жеткілікті кепілдікті
бермей, Интернеттегі қолданушылар әрекеті үстінен бақылауды күшейту
үшін әрекеттегі заңды өзгертеді немесе жаңасын қабылдайды. Мұнымен
қоса, кейбір мемлекеттер Интернетте контентті көшіріп немесе
қолданушылар пікірлерін қалдыра алулары үшін шынайы атауын
сәйкестендіруші жүйені орнатады, ал бұл олардың, соның ішінде, адам
құқығы жиі бұзылатын елдерде оз ойларын анонимдік түрде білдіру
мүмкіндіктерін қатерге тіктіруі мүмкін. Сонымен бірге, көптеген елдерде
шифрлау технологиясын қолдануға шектеу ендіру сияқты, рұқсат
етілмеген
бақылаудан
интернет-қолданушылардың
өзін
қорғау
мүмкіндіктерін төмендетуге бағытталған өлшемдер қабылдануда.
civ
Мониторинг Интернеттегі ойлар мен ақпараттардың еркін ағымына бөгет
қоюымен, Интернеттегі адамдар қауіпсіздігі және сенімін кетіреді және жеке
43
өмір сүру құқығына интернет-қолданушылардың құқығын бұзған болып
табылады.
cv
Интернет-контент мониторингінің халықаралық стандарттары қандай ?
Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы мыналарға үндейді:
•
Қолданушының келісімінсіз жеке мәліметтерді тек «дәлелді
күдіктер негізінде шығарылған сот үкімі» негізінде жиналып
және саралануын.
•
Сот орындары мен парламенттерге барлау қызметтерінің
бақылануын.
•
Заңсыз бақылауға іліккен мәлімдеушілердің қорғалуын.
•
Интернеттегі қауіпсіздікке төнген басқа кез келген және жаппай
аңдуға қарсы тұру тәсілі болатын мәліметтерді қорғаудың
ынтымақтастық (автоматтандырылған) тәсілінің дамуын.
•
Авторитарлық ережені ұстанатын елдерге алдыңғы қатарлы
бақылау технологиясын экспорттаудан тартынуын.
cvi
Блокировка дегеніміз не?
Блокировка интернеттегі белгілі бір мәтінге қолданушылардың қолжетімділігін
болдырмау шарасына жатады. Блокировкаға қолданушылардың белгілі бір веб-
сайттарға, интернет-протокол мекенжайы (IP), домендік атаулар, олар
орналасқан веб-серверлерден веб-сайттарды алу, немесе басқа ерекше
контенттер немесе түйінді сөздерден тұратын бөлімдердің пайда болмауына
сүзгі технологиясын қолдану кіреді.
Мысалы, кейбір Түркия немесе Қытай сынды елдерде, You Tube жиі
блокировкаға қойылады.
Блокировканың ойды еркін білдіру еркіндігі көзқарасы тұрғысынан қандай
жалпы мәселелері бар?
Әлем бойынша блокировкаға қою тәжірибелері, блокировкаға қою шаралары әр
кезде заңмен қаралмайтыны немесе заңдағы ереже айтарлықтай бұлыңғыр әрі
жалпылама болып келетінін көрсетеді. Тағы бір мәселе, блокировка үрдісі
кезінде туындаған келеңсіздіктерге қарсы тиісті кепілдіктің жоқтығы. Мысалы,
блакировка қоюға ұйғарым тәуелсіз сот орынынан емес, прокурорлар немесе
мемлекеттік орындардан беріледі. Блокировка қою саясатында айқындық,
сонымен қатар оған жауап беретін қоғамдық есеп беруші органдар жоқ.
Мұнымен қоса, тіпті заңсыз деп табылған контентті ғана емес, көбіне кең
спектрлі контентті де блокировкаға қойып тастайтын кездер болады. Ақыры,
көбінесе мәтіні тәуелсіз органдар немесе сот араласуынсыз блокировкаланады.
Блокировканың қандай халықаралық стандарттары бар?
Еуропада блокировкаға қою балалар порнографиясымен күрес және
террористік насихатты таратумен байланысты қаралған. Екі жағдайда да бұл