6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6.5 бөлімі – Кепілдік және күтім көрсету
6-11
6.5 бөлімі
Кепілдік және күтім көрсету
Бұл бөлімде сәулелендіру құралына қатысты кепілдіктер және жөндеу
нұсқаулары туралы толық мәлімет берілген.
Кепілдік
Аймағыңызға арналған кепілдіктер туралы нақты жазбаша мәліметтің
мәлімдемесі
көшірмесін техникалық қолдау көрсету қызметінің жергілікті
өкілінен сұратыңыз.
Техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілетті мамандарының тізімі
осы нұсқаулықтың мұқаба бетінде берілген.
Күтім көрсету
Техникалық қызмет және жөндеуге қатысты мәлімет алу үшін техникалық
нұсқаулары
қолдау көрсету қызметінің өкілетті маманына хабарласыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сәулелендіру құралының екі жағында орналасқан
панельдерде колданушының өзі жөндей алатын қандай
да бір бөлік жоқ. Сәулелендіру құралы панельдерінің кез-
келгенін ашу үшін арнайы құрал-саймандар қажет және
панельдерді техникалық қолдау көрсету қызметінің өкілетті
маманы ғана ашуы қажет.
MAN-KZ 00901, v1.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6.6 бөлімі – Сәулелендіру құралын калибрлеу және профилактикалық техникалық қызмет көрсету
6-12
6.6 бөлімі
Сәулелендіру құралын калибрлеу және
профилактикалық техникалық қызмет көрсету
Калибрлеу және тексеру
INT100 INTERCEPT сәулелендіру құралы құралды шығару барысында,
тапсырыс берушінің алаңында орнату кезінде және одан кейін алты ай
сайын калибрленеді және тексеріледі. Калибрлеу және тексеру әрекеттерін
техникалық қолдау көрсету қызметінің білікті мамандары орындауы қажет.
Калибрлеу және тексеру әрекеттері INTERCEPT сәулелендіру құралымен
бірге пайдалану үшін арнайы дайындалған сыртқы радиометр (ER)
көмегімен орындалады. Әрбір сыртқы радиометр АҚШ-тағы Ұлттық
стандарттар және технологиялар институтының (NIST) табуға болатын
стандарты бойынша жанама түрде калибрленеді. Сыртқы радиометрдің
өлшемдері сәулелендіруге арналған контейнердің өлшемдерімен бірдей
және ол сәулелендіру контейнері қойылатын науа ішіндегі бірдей орында
қойылады.
Сыртқы радиометр сыртқы радиометрлер сәулелендіру контейнері
тарапынан көрінетін сәуле өрісінің импульстарын (порцияларын) алуы
үшін сыртқы қабатта үлестірілген жоғарғы және төменгі бөліктердің
сыртқы қабаттарында орналасқан УКА сүзгілері бар сегіз (8) фотодиодты
қамтиды. Пайдалану барысында, сыртқы радиометр әрбір сәулелендіру
науасына салынады және кабель арқылы INTERCEPT сәулелендіру
құралының компьютеріне жалғанады.
Калибрлеу үдерісі кезінде, сыртқы радиометр INTERCEPT сәулелендіру
құралының УКА шамдарынан 3,0; 4,0; 5,0; 6,0 және 7,0 Дж/см
2
деңгейінде
алынған қуат көрсеткіштерін тіркейді Сәулелендіру құралының
бағдарламалық жасақтамасы осы қуат көрсеткіштерін сәулелендіру
құралының ішіндегі фотодиодты датчиктердің калибрлеу константаларын
қайта есептеу үшін пайдаланады. Калибрлеуден кейін тексеру орындалады,
оның барысында басқа сыртқы радиометрді сәулелендіру құралының
науасына салады және сәулелендіру құралына жалғанады. Калибрлеу іс
ретіндегідей, қуат көрсеткіштері радиометрден 1 Дж/см
2
тең өсіммен
3,0 және 7,0 Дж/см
2
аралығында тіркеледі. Егер сәулелендіру құралы
тарапынан жаңа калибрлеу константаларын пайдалану арқылы
анықталатын қуат көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген әр дозада тексергіш
радиометр тарапынан анықталатын қуат көздерінің 10% шамасында болса,
онда келесі калибрлеу ретіне дейін жаңа калибрлеу константалары тұрақты
болады.
MAN-KZ 00901, v1.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6.6 бөлімі – Сәулелендіру құралын калибрлеу және профилактикалық техникалық қызмет көрсету
6-13
Профилактикалық техникалық қызмет көрсету
Профилактикалық техникалық қызмет (ТҚ) INTERCEPT сәулелендіру
құралы сәтті орнатылғаннан кейінгі әрбір 6 ай сайын жүргізіледі және
негізгі ТҚ немесе кішігірім ТҚ ретінде сипатталады. Алғашқы жоспарлы
ТҚ болып табылатын кішігірім ТҚ орнатқан соң 6 айдан кейін жүргізіледі.
Орнатылғаннан кейін, негізгі ТҚ жыл сайын, ал кішігірім ТҚ әрбір негізгі
ТҚ аяқталған соң 6 айдан кейін жүргізіледі.
Негізгі ТҚ сәулелендіру жүйелері мен баптауларының сынақтары мен
тексерістерінен, сонымен қатар, барлық қажетті жаңартулар немесе
түзетулерді іске асыру әрекеттерінен тұрады. Бұған қоса, А спектріндегі
барлық УК шамдардың ауысуы жүреді, сәулелендіру құралының басты
құрамдас бөліктерінде зақымның бар-жоғы тексеріледі және, қажет болған
жағдайда, тазаланады немесе ауыстырылады, сонымен қатар, калибрлеу
және тексеру әрекеттері жүргізіледі.
Кішігірім ТҚ жүйе баптауларын тексеру және барлық қажетті жаңартулар
немесе түзетулерді іске асыру әрекеттерінен тұрады. Препаратты
сәулелендіруге арналған науада және шыны пластиналарда зақымның
бар-жоғы тексеріледі және, қажет болған жағдайда, тазаланады немесе
ауыстырылады, сонымен қатар, калибрлеу және тексеру әрекеттері
жүргізіледі.
MAN-KZ 00901, v1.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6-14
Бұл бет әдейі бос қалдырылған.
MAN-KZ 00901, v1.0
Достарыңызбен бөлісу: |