7-ші тарау – Техникалық талаптар
7.2 бөлімі – Сәулелендіру құралының стандарттарға сәйкестігі
7-5
Нұсқаулық және өндірушінің мәлімдемесі: электромагниттік өрістерден қорғаныс
INT100 сәулелендіру құралы сыналған және бақылау, өлшеу және зертхана жабдығы
жөніндегі IEC 61326-1 стандартының шектеулеріне жауап беретіні анықталған. Құрал
сондай-ақ Еуропа Одағының EMC 2006/95/EC директивасына жауап беретін 61326-1
стандартының талаптарына сәйкес келеді. Стандарт шектеулері қалыпты орнату кезіндегі
зиянды кедергіден тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Бұл жабдық радиожиілік
қуатын өндіреді, пайдаланады және сәулелендіруі мүмкін және өндіруші нұсқауларына
сәйкес орнатылып, пайдаланылмаса, жанында орналасқан басқа құрылғыларға зиянды
кедергі келтіруі мүмкін. Дегенмен, белгілі бір орнатуда кедергі орын алмайтынына
кепілдік жоқ.
Егер бұл жабдықты өшіріп, қосқан кезде басқа құрылғыларға кедергі
келтірілсе, пайдаланушы мына шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергіні
түзету әрекетін орындағаны жөн:
• Кедергіні қабылдайтын құрылғы бағытын өзгерту немесе орнын ауыстыру.
• Жабдық арасындағы кеңістікті ұлғайтыңыз.
• Жабдықты басқа құрылғы(лар) жалғанған тізбектен басқа ұяшыққа жалғаңыз.
• Көмек алу үшін өндірушіге немесе өндірістік-техникалық қызмет өкіліне хабарласыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Электрмагниттік сәйкестікке (ЭМС) байланысты сәулелендіру
құралдарына арнайы сақтық шаралары қолданылуы керек және
оларды жоғарыда берілген ЭМС ақпаратына сәйкес орнатып, іске
қосу қажет.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Жылжымалы және мобильді радиожиілік (РЖ) байланыс жабдықтары
электрондық бөлшектерге кедергі келтіріп, сәулелендіру құралдарына
әсер ету арқылы, олардың істен шығуына себеп болуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ Осы нұсқаулықта сипатталған керек-жарақтар мен кабельдерді ішкі
құрамдас бөліктердің қосалқы бөлшектері ретінде пайдалану
сәулеленудің ұлғаюына немесе сәулелендіру құралдарының
кедергілерге төзімділігін төмендетуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ Өзге өндірушінің жабдығымен бірге қойылған немесе қасында
орналасқан сәулелендіру құралдарын пайдалануға тиым салынады.
Егер жабдықтың қасына немесе үстіне қойылған конфигурациясын
пайдалану қажет болса, сәулелендіру құралдарының жұмысын
қадағалап, қолданылатын конфигурацияны қалыпты түрде
пайдаланудың мүмкіндігіне көз жеткізу қажет.
ЕСКЕРТУ Электрстатикалық сезгіш құрылғыларға (ЭСҚ) қатысты ескерту
таңбасымен белгіленген қосқыш контактілеріне тиюге болмайды және
ЭСҚ сақтық процедуралары қолданылмай, бұл қосқыштарға қосуға
болмайды.
Сақтық процедураларына мыналар кіреді:
- электрстатикалық зарядтың жиналуына жол бермеу әдістері (мысалы,
ауаны алмастыру, ылғалдандыру, еденге өткізгіш материал төсеу,
синтетикалық емес киім);
- дене зарядын ЖАБДЫҚ не ЖҮЙЕ қаңқасына, жерге не үлкен металл
затқа жіберу;
- денені қол бауымен ЖАБДЫҚҚА, ЖҮЙЕГЕ немесе жерге жалғау.
MAN-KZ 00901, v1.0