6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6.3 бөлімі – Сәулелендіру
құралын тазалау
6-7
Дезинфекциялау үшін:
Ерітінді
Науа
Науадағы кері
серпитін бөлгіш
(панель)
Бейнебет
және
пернетақта
Сыртқы
қабаты
Жаңа дайындалған ағартқыш (10%)
(натрий гипохлориті)
ИӘ
ЖОҚ
ИӘ
ИӘ
Йод негізіндегі дезинфекциялағыш
зат
ИӘ
ИӘ
ЖОҚ
ИӘ
LpH se дезинфекциялағышы
ЖОҚ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Bacillol AF (пайдалануға дайын)
(Bode, Германия)
ЖОҚ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
CaviCide (пайдалануға дайын)
(Metrex, АҚШ)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
DAX 70+ (пайдалануға дайын)
(OpusHealth Care, Швеция)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Gigasept FF New (5%)
(Schulke & Meyr, Германия)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Incidin Plus (2%)
(Ecolab, Германия)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Kohrsolin Extra (0,5%)
(Bode, Германия)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Mikrobac Tissues (пайдалануға
дайын) (Bode, Германия)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Mikrozid Sensitive Liquid
(пайдалануға дайын)
(Schulke & Meyr, Германия)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
M-Ytdes (пайдалануға дайын)
(Kemetyl, Швеция)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
Terralin Protect (2%)
(Schulke & Meyr, Германия)
ИӘ
ИӘ
ИӘ
ИӘ
MAN-KZ 00901, v1.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6.3 бөлімі – Сәулелендіру құралын тазалау
6-8
Сыртқы қақпақты 1. Егер сәулелендіру құралының сыртқы қақпағын тазалау немесе
тазалау дезинфекциялау қажет болса, сәулелендіру құралының сыртқы
қақпағын спирт ерітіндісіне батырылған жұмсақ шүберекпен
сүртіңіз.
2. Ерітіндіні кетіру үшін суға батырылған жұмсақ шүберекті
пайдаланыңыз.
Науаны
САҚ БОЛЫҢЫЗ Науаны тазалау/залалсыздандыру үшін
тазалау
мақұлданған ерітінділерді ғана пайдаланыңыз;
әйтпесе, зақымдалу орын алуы мүмкін.
Науаның тазалығын немесе зақымданғанын, кем дегенде, ай сайын тексеру
қажет. Егер ол ластанған немесе қан төгілген болса, төменде берілген
нұсқауларды орындаңыз:
1. Сәулелендіру құралының алдыңғы есігін ашыңыз.
2. Суырманы шығарыңыз.
3. Науа қақпағын ашыңыз.
4. Пластмассадан жасалған контейнердің науасын бұрыштарымен бірге,
ақырын бірақ толыққанды түрде, жұмсақ шүберек пен бекітілген ерітіндінің
көмегімен тазалаңыз. Науаны сәулелендіру құралының суырмасынан
жоғары тарту арқылы алып шығаруға болады (міндетті емес).
5. Ерітіндіні кетіру үшін суға батырылған жұмсақ шүберекті
пайдаланыңыз.
6. Науаның сыртын құрғатыңыз және көзге көрінетін жолақтардың /
сызықтардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
7. Науаны шығарған болсаңыз, оны қайтадан суырма ішіне салыңыз.
8. Суырма қақпағын жабыңыз.
9. Суырманы сәулелендіру құралының ішіне қайтадан салыңыз.
10. Сәулелендіру құралының есігін жабыңыз.
ЕСКЕРТУ Қан препараты науа ішіне аққан жағдайда, суырманы
еңкейту қан препаратының сыртқа төгілуіне әкелуі
ықтимал. Науа оператордың көз деңгейінен жоғары
орналасқан болса, суырманы еңкейту кезінде оператор
қорғаныш көзілдірігін тағуы тиіс.
САҚ БОЛЫҢЫЗ Сәулелендіру құралы науасының қандай да бір бөлігі
зақымданған (шытынаған, сызылған немесе буланған)
жағдайда, науаны ауыстыру үшін техникалық қолдау
көрсету қызметінің өкіліне хабарласыңыз. Науа
зақымданған болса, сәулелендіру құралын пайдаланбаңыз.
MAN-KZ 00901, v1.0
6-шы тарау – Техникалық қызмет көрсету, тасымалдау және сақтау, кепілдік және күтім көрсету
6.4 бөлімі – Тасымалдау және сақтау
6-10
6.4 бөлімі
Тасымалдау және сақтау
Тасымалдау
Сәулелендіру құралын жақын жерге тасыған кезде, арбаны пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТУ Сәулелендіру құралын көтеру немесе тасу жұмыстарын,
кем дегенде, екі адам немесе механикалық көтеру
құрылғысын пайдалану арқылы жүргізу керек.
Егер сәулелендіру құралын тасу қажет болса, шыны пластиналарды алу
және сәулелендіру құралын тиісті тасымал контейнеріне салу үшін
техникалық қолдау көрсету қызметінің жергілікті өкіліне хабарласыңыз.
Сақтау
Ұзақ мерзімге сақтау үшін шаң-тозаңның түсуіне жол бермеу үшін
сәулелендіру құралының үстін жабыңыз. Сақтау шарттары төменде
көрсетілген.
Температура
- 20 °C мен + 60 °C
Ылғалдылық
10 - 90%
конденсацияланбайтын
MAN-KZ 00901, v1.0