Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі



жүктеу 317,29 Kb.
Дата15.05.2018
өлшемі317,29 Kb.
#13724

Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................3

І. Ағылшын тілін ерте жастан оқыту.....................................................................5

1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері..........................................................................................................5

1.2. Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның

ерекшеліктері...........................................................................................................8

ІІ. Бастауыш мектепте ағылшын тілін үйрету әдісі...........................................11

2.1 Балаларға ағылшын тілін оқытудың қажеттігі.............................................11

2.2 Мектепке дейінгі жас балаларды және бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне үйретудің мақсаты...................................................................13

2.3 Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі........15

Қорытынды............................................................................................................18

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................20

Кіріспе


Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым – қатынас мәдениетіне де үйретеді.

Қазіргі таңда халықаралық қатынастардың күшеюі мен шет тілін меңгерген білікті мамандардың қажеттілігіне байланысты тек әдіскер, педагогтар мен психологтардың тарапынан ғана емес, сонымен қатар қоғамның тарапынан шет тілін ерте жастан оқытуға деген қызығушылық арта түсті.

Шет тілін ерте жастан оқыту – баланың дүниега келген кезден бастап мектепке барғанға дейінгі интуитивті-тәжірибелік негізде жүретін оқыту. Шет тілін оқыту әдістеменің бір тармағы ретінде ХІХ ғасырда дами бастады. Бұл кезде балаларды ерте жастан шет тіліне оқыту Ресейде кеңінен таралды. Кейбір ақпараттарға қарайтын болсақ, Ресейде ХІХ ғасырда бір емес үш шет тілінде: ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлей алатын балаларды кездестіруге болатын.

Шет тілін ерте жастан оқыту мәселесі педагогикалық баспа басты назарында болды және орыс журналдарының, сонымен қатар К.Д.Ушинский, Е.Водовозова, Е.И.Тихеева сияқты әдіскерлердің педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерінде талқыланды. Бұл — балаларды ерте жастан оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңі болып есептелды.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мектепке дейінгі жас ағылшын тілін оқытуға өте қолайлы кезең, себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл «құпияларын» байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Зерттеу жұмысының пәні – балаларды ерте жастан ағылшын тіліне оқыту әдістемесі.

Зерттеу жұмысының мақсаты –балаларды ерте жастан шет тілін оқытуға деген тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, осының негізінде баланың интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.

Зерттеу жұмысының мақсатына сай мынадай міндеттер алға қойылды:

ағылшын тілін оқытуда ынта деңгейін көтеру;

мектепке дейінгі балалардың білімін тереңдету;

балаларды сөйлеу қабілетін дамыту;

сөздік қорды кеңейту;

ағылшын тілінде сөйлейтін елдер туралы қосымша ақпарат беру.

Зерттеу жұмысының теориялық негізін Асеев В.Г., Бим И.Л., Вайсбурд М.Л., Толстиков С.Н., Витлин Ж.Л., Даниленкова Г.Г., Зимняя И.А., Сахарова Т.Е. сияқты әдіскер ғалымдардың жұмыстары мен мақалалары құрайды.

І. Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
1.1. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне оқытудың басты ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту қолға алынып отыр.

XXI ғасырдың талабы мәдени деңгейі жоғары маман даярлап шығару болып табылады, олай болатын болса, жоғары мәдениетті маманның: жалпы, кәсіби, әдіснамалық, кәсіби-этикалық, ақпараттық, тілдік, саяси, психологиялық-педагогикалық, көркемдік эстетикалық мәдениетінің болуы шарт.Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды, жас ұрпаққа саналы, мән- мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің талабы.

Американ ғалым философы Дейл Карнеги «Ең бірінші адам бойындағы қажеттілікті туғыза білу керек. Ондай іс қолынан келетін адам бүкіл әлемді мойындата алады» деген екен. Шет тілін,оның ішінде ағылшын тілін білу –заман талабы. Баланың тілді оңай меңгеруі үшін үлкен ынта, зейін, талап оқушының тілге деген бейімділігі қызығушылығы керек. Содан кейін ғана оқушының ойын дамыту міндеті келеді.

Мектепке дейінгі балаларға шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ересек балаларға қарағанда,олардың есте сақтау қабілеті де жоғары. Мектеп жасына дейінгі балаларға шетел тілін оқыту олардың танымдық және әлеуметтік белсенділігінің, өзіндік әрекет жасау қабілеттілігінің және өзіне деген сенімінің артуына ықпал етеді.

Көптілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің ең басты талабы. Алдағы уақытта 12 жылдық білім жүйесіне көшкен кезде оқу ұйымдарында кей пәндер ағылшын тілінде өтілетін болады. Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан балаға көңіл аудармай оның жан-жақты дамуына көмек жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың дамуы кішкентайынан бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған тиімді екені айтылуда. Алайда, мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып, ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру қажет.

Мектепке дейінгі жас шет тілін оқытуға өте қолайлы кезең. Себебі бұл жастағы балалар тілдік құбылысты қабылдау қабілеттілігімен ерекшеленеді: оларда өзінің сөйлеу тәжірибесін, тіл құпияларын байқау қызығушылығы пайда болады. Олар лезде берілген шағын материалды меңгеріп алып, оны өте жақсы кері айтып бере алады. Балалардың жасы қосылған сайын мұндай факторлар өзінің күшін жоғалта бастайды.

Ерте кезден оқыту тілдік кемшіліктерді жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі. Бала тез есте сақтау үшін ойындар, тез жатталатын сөздері ұйқас тақпақтар, өлеңдер үйреткен тиімді. Балаға ойын барысында тіл үйрену қызықтырақ болады. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгерту басқа халықтың мәдениетін білуіне жол ашады.

Ерте жастан ағылшын тілін оқыту балалардың:

- шетел тілін үйренуге қызығушылығын;

- танымдық қабілетін;

- өзіндік шығармашылық әрекетін;

- ұйымда қызмет жасай алу қабілеттілігін;

- үйірімділік қабілетін;

- елестету мүмкіндігін;

- есте сақтау қабілетін;

- мектеп өміріне бейімделушілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған қасиеттерді балабақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі. Мектеп жасына дейінгі балаларға оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жасөспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқытудың басты мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Көптілді оқыту жас ұрпақтың кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын,баланы жан-жақты дамытатын,өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін,бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан, баланы ерте жастан ағылшын тілін жетік үйренуге бейімдеу қажет. Баланы жастан демекші, неғұрлым көп естіп білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті соғырлұм жоғары дәрежеде дамиды. Ал ерте жастан ол балаға көңіл аудармасақ, жан-жақты жетілдіруіне, дамуына көмек жасамасақ , оның ақыл ойы, қабылдауы, есте сақтау қабілеті де баяу дамиды. Сол себепті мектепке дейінгі жастағы балаларға ағылшын тілін үйрету барысында олардың қызығушылықтарын оята отырып ауызша сөйлеудің алғашқы дағдыларын қалыптастырып барған жөн.

Балалардың дәл осы жаста айналадағы қоршаған ортаны білуге деген қызығушылығы, көрген нәрсесін ұмытпай,есте сақтауы, жақсы әр түстерге еліктеуі басқа жастарға қарағанда ерекше байқалады. Міне сол себепті алғашқыоқу сатысында сөздерді жаттауды және сол жаттаған сөздіктерін ұмытпау үшін суреттермен көрсетіп баруды үйрету. Ол айтқан сөздерін көзімен көріп, қолымен ұстауарқылы жақсы есінде сақтай алады және басқа заттардан айыра алады.

Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі – ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге дамып келеді. Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.

Ағылшын тілін оқытуда коммуникативтік мақсатқа жетуде ауызша сөздің рөлі өте зор. Ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңіл-күй қатынасын білдіреді.

Балалардың еркін сөйлеуге, өздігінен сөйлемдер құрай білуге үйрету, балалардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, ағылшын тілін білудің маңыздылығын түсіндіру, ана тілін құрметтеп, өзге тілді игерту арқылы адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудің маңызы зор.

Себебі “маған жәй айтсаң ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін” деп Қытай мақалында дұрыс айтылған.

Келесі сатысында осы жаттаған сөздеріне сай қысқа өлең шумақтарын сұрақ-жауаптарды үйрету әдісі қолданылады. Бұл балалардың тілін жаттықтырып,сөз қорын көбейтіп оның сөйлеу қабілетін асырады.

Сондай-ақ ерте жастан оқушыларды оқытудың және бір тиімділігі, тілдің кемшіліктерін жоюға және болашақта тілді тез игеруге көмектеседі.

“Үш жастағы балаларға мүмкіндік іс жасаған жағдайда олар өзінің, оқуына, дамуына асқан жауапкершілікпен қарауға қабілетті” деп 2008 жылы ағылшын зерттеушісі White Bread айтқан болатын, яғни олар жас ерекшелігіне қарамастан, өздерінің оқуына, дамуына саналы түрде қарайды, тапсырмаларды шешу үшін өзіндік әдіс – тәсілдерді қолдану.

Қорыта келе: мектеп жасына дейінгі балаларға уақыт талабына сай білім беру, одан әрі жетілдіру ағылшын тілін үйретудің маңыздылығы оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға, басқа да белсенділіктерін көрсетуге деген қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік алады.


1.2. Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның

ерекшеліктері


Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жылдың соңында жазған тест қорытындысы бойынша 1«а» эксперименттің екінші жылын әрі қарай жалғастырудамыз. Бұл жылы биылғы жылдың соңында тағы да іріктеліп алынған мектептердің осу оқулықтың қолдану кезінде біз бірнеше жаңа әдіс бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейін де, ішкі жан оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан да Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі.

Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету.Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым –қатынас жасай сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлеуді, мұндағы мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет оқушылардың түсініп тыңдау қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын

Бірінші топ жаттығулардың масаты – мәтінді тыңдаудың алдында

Екінші топ жаттығулардың масаты – мәтінді тыңдауға арналған

Үшінші топ жаттығулардың масаты – мәтін мазмұнын толық

Төртінші топ жаттығулардың масаты –оқушыларды мәтін мазмұндарын айтуға болады. Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Тыңдауға арналған мәтінің мазмұнының тәрбиелік мәні болуға тиіс мәтіннің берік логикасы болуы шарт; мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты жаңа мәселе болуы мәтінің аутенсивті, яғни шындыққа негізделген, жасанды мәтін емес жоғарыда айтылған ойларды қорытындылай келе, оқушылардың тыңдап түсіну.

Тіл дамыту жолдарын дұрыс ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін, мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланған оны қандай тиімді жолдармен жүргізуге болады? Сабақты баланың ойын сабаққа аударатындай тиімді әдісті күнделікті сабақ барысында тіл дамыту үшін төмендегідей тәсілдер:

– сөздік арқылы тіл дамыту;

–мәтінге байланысты тіл дамыту;

–көрнекі құралдар арқылы тіл дамыту;

– үйірмеге және басқа жұмыстарға арқылы тіл дамытуға болады.

Ағылшын тілінің негізгі мақсаты оқушыларға тіл үйрету болғандықтан, ағылшын тілі сабағының негізгі арқауы– тіл дамыту. Тіл дамыту жұмыстарының тәсілдері төмендегідей: –

Грамматикалық тапсырмаларды түрлендіріп беру;

–Мазмұнды суреттермен жұмыс ұйымдастыру;

–Оқушыларды топқа бөліп,өзара сөйлестіру;

–Белгілі бір тақырыпта берілген әңгімені жалғастыру;

–Шағын көріністер даярлату;

Осының ішінен ең басты орын алатыны – мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қойылатын басты талаптардың бірі ал шығармашылықпен жұмысты мынадай тәсілдерді пайдалана отырып өткізуге мәтінді өзгертіп баяндату. Мысалы: «Менің ойымша», «Мен өз тәжірибеме сүйеніп айтып оқылған әңгіменің мазмұнын оқушыларды түгел қатыстыра отырып баяндату».

Жұмыстың бұл түрін қолдану барысында әңгіменің мазмұн желісінің мәтінмен іріктеліп алынған сөздерге морфологиялық талдаулар жасата бұл жұмыс түрлері өтілген грамматикалық ережелерді есте сақтау, тілді жақсы білетін оқушылар үшін белгілі бір сөйлемнің мәтіннің құрамындағы сөйлемдердің ретін алмастыра отырып, ауыстырылған сөйлемдерді берілген мәтінге сүйене отырып диалог құрастыру.

Осы тәсілмен кез келген мәтінді диалогқа айналдыруға болады. Мәтінмен іріктеліп алынған сөздерден синонимдік , омонимдік, антонимдік сыңарларын табуға болады. Мәтін бойынша жүргізілетін жұмыстың басқа түрлері де өте көп.Оқылған әңгіменің мазмұнын қысқаша, тұжырымды түрде әңгімелету. Мәтін ішінен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді табу. Белгілі бір жоспар бойынша мазмұнын айту.Мәтен бойынша сурет салғызу.

Мәтін бойынша орындалатын тапсырмалардың амал – тәсілдерін түрлендіріп , қолдану – ғылым мен техниканың жылдан– жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты: –деңгейлеп оқыту технологиясы;

–блокпен оқыту технологиясы;

–модульдеп оқыту технологиясы;

– В.Ф.Шаталовтың технологиясы;

Сабақ – мектептегі оқу– тәрбие жұмысының негізгі формасы. Өйткені шетел тілі сабағын ұйымдастыруда және өткізуде мынадай негізгі талаптар

– әрбір сабақтың мақсаты шетел тілін оқытудағы негізі;

–жоғарыдағы мақсатты білім беру, дамыту мен тәрбиелеу;

Шетел тілі сабақтарына мынадай талаптар қойылады: сабақ бастарда оқушылар сабақта жұмыс істеу тәртібін сақтайтын оқушыларды шетел тіліне ынтықтыру мақсатымен фонетикалық жаттығулар орындап, оқушыларға сабақтың мақсатын айқын ашып көрсету; қажетті кезендерде әрқашан тақтаны дұрыс пайдалана білу; жаңа сабақ өткізер алдында өткенді қайталау, оқушыларды ойлау лексикалық, грамматикалық жаңа материалды түсіндіру, соңынан пысықтауға арналған жаттығуларды біртіндеп қиындата түсуді ескеру;оқушыларға мәтінді өз бетімен оқыту, мәтіндегі жалпы мағлұматтарды тексеру;

Мәтіннің мазмұның толық түсінуді талап ету,мәтінді екінші мәтінді оқушылардың толық түсінгенін тексеру. Мәтіннің мазмұнын айту;Мәтіндегі оқиғаға өз пікірін айту.

Шетел тілі сабағында оқушының монологты түрде сөйлеуінің мынадай түрлері бар: Диалогқа үйрететін жұмыс кезеңдері: Диалогты түрде сөйлеуге қажет лексикалық, грамматикалық материалдарды қайталау;Диалогты құруға қажетті жағдай жасау (сөзбен немесе көрнекіліктер.Рольдерді бөліп беру;

Мұғаліммен 1 – 2 оқушының сөйлеуге (диалогқа) қатысуы; Диалогты түрде сөйлеу барысын тексеру. Диалог сөзде үйретуде өткен тақырыптар, оқыған, тыңдаған мәтіндер,Оқуға және оқу техникасына үйретуге арналған жұмыс кезеңдері:

а) Оқуға арналған жұмыстардың реті:

1. Оқуға қиындық келтіретін сөздерді түсіндіру, аудармасын беру;

2. Мазмұнын толық түсінуге арналған оқу;

3. Оқушылардың мәтінді қалай түсінгенін сұрақтар арқылы тексеру;

4. Жоспар құрғызу;

5. Жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын айтқызу және т.б.

ә) Оқу техникасына жаттықтыру:

1. Мұғалімнен (диктордан) соң қиын оқылатын сөздер мен

2. Мұғалім қойған сұрақтарға оқылған мәтіннен дауыстап жауап

3. Оқушыларға мәтінді азат жол бойынша дауыстап оқыту;

4. Оқығанда кеткен қателерді талдау, оқу ережелерін еске сақтау. Оқу техникасын жаттықтыру кезінде мәтінді оқуға берілетін уақытты тексеру.


ІІ. Бастауыш мектепте ағылшын тілін үйрету әдісі
2.1 Балаларға ағылшын тілін оқытудың қажеттігі
Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып шетел тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін ерте жастан оқыту саналады, себебі Қазақстан Республикасының шет елдермен саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени қарым-қатынастары күннен - күнге даму үстінде.

ХХІ ғасыр мектебі түбірлі өзгерістерді талап етіп отыр. Оқушы әлемдегі болып жатқан өзгерістерді талап етіп оыр. Оқушы әлемдегі жан-жақты дамыған, шығармашылықпен, өз бетінше оқи алатын тұлға ретінде көрсете алуы тиіс. Осыған орай қазіргі таңдағы оқушы тек бір тілді емес, бірнеше тілдерді меңгеруі тиіс, оның ішінде әрине ағылшын тілінде. Ағылшын тілі пәні оқушылар үшін өте маңызды қажетті пән ретінде саналып отырғаны бәрімізге айғақ. Ағылшын тіліне оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстың, әсіресі ағылшын тілінің қазақ, орыс тілдерімен байланысы ерекше орын алады, себебі бұл пәндердің басты мақсаты жас өспірімдерді тілге үйрету. Оқушы ағылшын тілдерін меңгеру арқылы басқа елдердің өмірімен, тарихымен, мәдениетін терең түсінетін болады.

Ағылшын тілін тілін ерте жастан оқытуда жас өспірімдердің физилогиялық, психологиялық қызмет көздерінің мол екені баршамаызға мәлім. Жас өспірімдердің:

- тез қабылдауы;

- еліктеуге бейімділігі;

- қиялының әртүрлілігі;

- ойлау, ауызша сөйлеу іскерлігінің дамуы;

- танымдық іс-әрекеттерінің дамуы;

- есте сақтауы;

- қызығушылық қасиетінің молдғы мен әртүрлілігі;

- жан-жақты тәрбилееуге бейімділігі;

- еліктеуіш қасиетінің басым болуы;

- іс-әрекетті ойын түріндегі тез қабылдауы.

Жоғарыда айтылған қасиеттерді бала бақшадан, бастауыш мектептен бастап оқытуды бастау қажеттілігі дәлелдей түседі.

Бастауыш сынып оқушылары жаңа оқу пәні ағылшын тіліне үлкен қызығыушылықпен қарап, ауызша сөзге үйрену басқа пәндерге қарағанда белсенді түрде болса, жақсы үлгерім көрсетсе, онда олар рухани қанағаттанушылыққа жетеді. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың басты мақсаты оқушылардың бойында қарым-қатынасты дамыту. Осы басты мақсатқа жету барысында, оқушылардың бойында бағдарлама талаптарына сай төмендегідей іскерліктерін қалыптастырып, дамытуымыз қажет:

- тыңдап түсінуді;

- сөйлеуді (монолог және диолог түрінде);

- оқытуды.

Ағылшын тілін ерте жастан оқыту сатысында ауызша сөзді дамыту одан арғы ауызша базаның дамуында әсерін тигізеді. Ауызша сөз басқа да іскерліктердің дамуына негіз болып табылады.

Ағылшын тілін ерте жастан оқытуда мотивацияның рөлі зор екені айдан анық. Жас өспірімдердің тілге деген қызығушылығын дамыту негізгі шарт. Қызығушылық тұлғаның белгілі бір әрекетте, затқа эмоционалды қатынасы болғандықтан, зейін машықтанады, ойлау терең болып, тілдік материал ойда ұзақ уақыт сақталады. Оқу үдерісінің қызықты, тартымды болуы, эмоционалды редакдакциялардың көп болуы, ағылшын тіліне деген қызығушылықты арттырады. Т.А. Дегтерева өз мақаласында сабақты қызық және  тартымды етіп өткізуге төмендегі факторлар әсер ететінін көрсетеді:

- мазмұндық, машықтау нысандарының әр түрлілігі;

- оқушы мен оқытушы байланысының белсенділігі.

Ағылшын тілі оқытушысы оқушылардың мотивациясын (қызығушылығын) арттыру үшін тиімді да, уақытты үнемдейтін әдіс- тәсілдерді пайдалануы қажет.

Ғалым-әдіскер Н.Д. Гальскованың айтуынша ағылшын тілі сабағында қолданылатын әдіс-тәсіодер төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

- оқушы қызығушылығын арттыру үшін тілді қарым-қатынас әрекетінде қолдану қажеттілігін тудыратын қолайлы атмосфера жасау;

- оқушы тұлғасын толығымен оқу үдерісіне тарту;

- оқушының тілдік, когнитивті, шығармашылық қасиеттерін аяту, ынталандыру, оқушының оқу үдерісінің басты тұлғасы ретінде белсенділігін арттыру;

- сабақта алуан түрлі жұмыс түрлерін, яғни жеке, жұп, топ, ұжым жұмыстарын ұйымдастыру;

- сабақта алуан түрлі көрнекілектерді, оның ішінде техникалық (үнтаспа, компьютер, бейнефильмдер), техникалық емес құралдарды (суреттер, аплиациялар, альбомдар, сызбалар, кестелер, сөзжұмбақтар) кеңінен қолдану, әсіресе ойындар мен ойын элементтерін жиі қолдану;

- сабақта жаңа педагогикалық технлогияларды (жою әдісін және т.б.) пайдалану.

Біз бастауыш сыныптың өзінде-ақ ағылшын тілі сабағында оқушыларға төмендегідей жоба тапсырмаларын береміз.

Мысалы, «Менің жанұям», «Менің күн тәртібім», «Менің досым» тамақ, т.с.с тақырыптарын өткен кезде, оқушылар сауланамалр жүргізіп, коллаж даярлап, жобаларын сабақта қорғайды.

Төменде сауалнама жүргізудің нысаны беріліп отыр:

А) Сен сыныптасыңнан оның жанұясы туралы сұра:



Аты-жөні

Жасы

Мамандығы

Жұмыс орны, оқу орны

Қызығушылығы

 

 

 

 

 

Ә) Сн сыныптасыңнан оның досы туралы сұра:

Аты-жөні

Жасы

Ата-анасы

Сыныбы

Қызығушылығы

 

 

 

 

 

Бастауыш сыныпта ағылшын тілін ерте жастан оқытуда көрнекілік құралдарының рөлі өте зор, себебі олар оқыту мақсатында аз уақыт ішінде тиімді жетудің көзі болып табылады. Оқу материалдарын жылдам қабылдауда ұзақ уақыт есет сақтауға, ойлауға без сезімнің ішінде есту және көру сезімдері ерекше маңызды, сондықтан көрнекілік бастауыш сынып оқытушысына баға жетпес көмек көрсететін құрал болып табылады.

Жалпы білім беру жүйесінде бастауыш сынып оқу үдерсі төрт жылды қамтиды. Осы аралықты жас ұрпақ мектеп оқушысына айналып, мінез-құлық өзгеріп, санасы, ойлауы күрделеніп, жан-жақты білім және тәрбие алуға бет бұрады. Ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша жас ұрпақтың психалық қаситеттері бастауыш мектеп жасында қалыптасып оларды оқуға және еңбектенуге неғұрлым табысты дайндауға болатынын мәлімдейді. Бастауыш сынып оқушыларының бойыннда болатын анатомиялық, физиологиялық және психологиялық өзгерістерге қарамастан, олардың жан-жақты, терең білім алуға деген құштарлығын оятып, дамыту бастауыш сынып мұғалімдерінің  басты мақсаты балып саналады.

Жоғарыда аталған өзгерістерді ескере отырып, бастауыш мектеп оқытушысы әр сабақты терең, қызық, тартымды етіп ұйымдастырып, оқушыны оқу үдерісіне толғымен тартып, оның эмоцияларын, сезімдерін оятып, шығармашылық қасиеттерін ынталандырып, белсенділіктерін арттыруы қажет.


2.2 Мектепке дейінгі жас балаларды және бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне үйретудің мақсаты
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. 12 жылдық білім беруге көшудің қажеттілігі бес жасар балаларды мектепалды даярлықтан өткізудегі мәселе жалпы білім беретін мектептерде баланың білім, білімдік сапасын арттыру, оқушылардың бір мезгілде үш тілде-қазақша,орысша және ағылшынша ауызекі сөйлеудің негізін игеруге жәрдемдеседі. Әрине 12 жылдық білім беру жағдайында ағылшын тілін оқыту әдістемесінің бірі ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін пәнге деген қызығушылығын, ынтасын артттыруында болып табылады. Сонымен қатар ағылшын тілін кеңінен білмейінше, ұлттың бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болатындығын ескерте отырып, барлық ата-аналарды балаларын үш тілде оқытуға шақырамыз. Шәкірттер қазақ тілін толық әдеби нормада меңгеріп, орыс тілі мен ағылшын еркін білу қажет. Ал ғалымдардың зерттеуінше, бала жас кезінде тілді қиналмай әрі еркін меңгереді екен. Осы ретте Білім және Ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге назар аударуы-дұрыс талап. Бүлдіршін жаста меңгерілген білімнің іргетасы берік әрі мықты болмақ. Ал осы берік әрі мықты білімді санаға себелеп, жанға ұялататын әрине мұғалім. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері қазіргі кезде ағылшын тілін оқыту сапасын жақсарту мақсатында тіл үйрету саласында әлемдік озық тәжірибелерді, жаңа технологиялар мен әдістерді барынша қолдануда.

Мектеп оқушыларына қарағанда мектепке дейінгі жастағы балалардың еліктегіш қасиеті жақсы дамыған, сондықтан олар ағылшын тілін үйренгенде азырақ қиналады. Сонымен қатар, олар ағылшын дыбыстарын, сөздерін, сөййлемдерін қайталағанды ұнатады. Бастауыш мектеп балалары да еліктеу арқылы үйренеді, бірақ бұл балаларға дыбыстарды дұрыс айтқызу үшін сөйлеу мүшелерінің жұмыстарын түсіндіруге болады.

5-6 жастағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойнау іс-әрекеті болып табылады, сондықтан ағылшын тілін үйрету үшін мұғалім осы факторды ескере отырып әртүрлі ойындарды пайдалану керек. Ойындар арқылы мұғалім балаларға жаңа сөздерді,сөз тіркестерін үйрете алады. 7-9 жастағы балалар да ойнағанды ұнатады, бірақ оларды ағылшын тіліне оқыту үшін тек ойындарды ғана емес, әртүрлі тапсырмалар, жаттығуларды да орындатқызу керек. Ойын арқылы балалар шетел тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандарын сезбей, әсерлене, қызыға отырып шет тілін тез үйренеді. Егер мұғалім ойынды тек балаларды көңілдендіруге, дем алдыру үшін ойнатса, одан ешқандай пайда жоқ. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп, ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

Ойын дегеніміз:

іс-әрекет (тілдік)

зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы

жеке адамға ғана тән іс-әрекет

коллектив арқылы тәрбиелеу және білім беру

баланың психикасын, ой-өрісін дамыту

қызықтыра отырып үйрету

Шет тілінде лото, карта, домино, жұмбақтар, кроссвордтар, байқаулар түрінде де, лингвистикалық ойындар, қолғап ойыншықтар, жануарлар, көкөністер т.б. түрінде де ойналады. Шетел тілін үйрету ойынының мынадай түрлері бар:

грамматикалық ойындар

фонетикалық ойындар

лексикалық ойындар

орфографиялық ойындар

рольдік ойындар

Шет тілі сабағының әр кезеңінде ойын элементтерін пайдалануға болады. Мысалы: сабақтың басында ұйымдастыру бөлімі кезінде алынатын фонетикалық рифмовка алған кезде, ал кәне кім мына өлеңді бірінші жаттап алып, маған айтып берер екен деп жарыс ойынын ұйымдастырса және эстафета таяқшасын дайындап алып барып, оны алда отырған оқушыға берсе, ал оқушы өлеңді айтып болып, келесі оқушыға берсе, балалар жарыса отырып өлеңді қалай жаттап алғандарын байқамай да қалады.

Сабақ процесінде ойын пайдаланылған кезде баланың миында Не істеймін? Қалай айтам? Қалай жеңем? деген сұрақтар тұрады. Шет тілін нашар білетін бала ойын басқалармен бірдей үйретіліп жатқан тілде сөйлеп, мен де басқалармен бірдей екенмін ғой, мен де біледі екем деген ойда болады. Психологтардың айтуы бойынша бастауыш сыныптардың балалары ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне көшеді. Дегенмен, ойынның маңызы бұл жаста мол. 6-7 жастағы балалардың қызығушылығы мол, жаңа тақырыпты қабылдағанда әдемі, қызықты заттарға назар аударады, бірақ олардың назары тұрақсыз болып келеді. Балалар 2-3 минуттан астам әңгімесін тыңдай алмайды, сондықтан сабақ түсіндіргенде сұрақ-жауап тәсілін қолданған жөн. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ отыра алмайды,тез шаршағыш болады, сондықтан 10-15 минут сайын ойындар, қимыл іс-әрекет жаттығулар өткізген жөн.

Белгілі бір сөйлеу үлгілерін бекіту үшін ойыншықтар, құрылыс құралдарын қолдануға болады. Ойыннан оқу іс-әрекетіне көшу үшін ойыншықтардан суреттеуге көшуге болады. Әдетте 6-7 жастағы балалар жалпы жасалған нұсқауларды қабылдамайды, сондықтан тапсырма беру үшін әр балаға жеке ескерту жасаған жөн.

Мектепке дейінгі балаларды және бастауыш сынып оқушыларын ағылшын тіліне үйретуге арналған бағдарлама бар. Осы бағдарлама бойынша шетел тіліне оқытудың мақсаттары: белгілі бір шетел тілі бойынша оңай біліктіліктерге үйрету, яғни қарапайым әңгімені түсінуге үйрету және шет тілінде сөйлеуге үйрету болып табылады. Бағдарламада Отан, отбасы, сандар, түстер, көкөністер, тағамдар, жануарлар тақырыбында материалдар енгізілген. Қойылған мақсаттарға жету үшін мұғалім 6-7 жасар балалардың психологиялық ерекшеліктерін білуі . Бұл жастағы балалар шет тілін үйренуге икемделген: олар қысқа тіл материалын оңай жаттап алып, оны айтып бере алады, бірақ бала өскен сайын бұл қабілеттерді жоғалта бастайды.

Бастауыш сынып оқушыларына ағылшын тілін үйреткенде басты төрт дағдыны үйретеміз. Олар: тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу. Бірінші сыныпта осы төрт дағдыны қалыптастыру сақталған, ал мектепке дейінгі сыныптарда жазу дағдысы болмайды, олар қайталап, жаттап, ойыншықтарды бейнелеп, әртүрлі ойындар меңгереді. Оқытуда жаңа технологияларды қолданып, мысалы әндерді бірге орындауға, тексттерді тыңдатуға т.б. қолданылса, көзбен көріп үйренген есте көп сақталады.

Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Балдырғандарымыз тіл жағындағы нық басса, алдағы болашақта нұрлы жолға қадам тастауына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жаттық әрі әдемі ағылшын тілін сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша үйрету тәсілдерімен тәрбиелеуіміз қажет.

Мектебімізде биылғы жылдан бастап мектепке дейінгі және бірінші сыныптан ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады,оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу-уақыт талабы.
2.3 Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін қолданудың тиімділігі
Ағылшын тілі – қазақ елін әлемге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Сол себепті ағылшын тілін үйренудің маңызы зор. Ағылшын тілін оқытуда ойын түрлерін қолдану оқушының тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану оқушының шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде оқушылар шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді.

Егерде мұғалім ойынды тек балалардың көңілін көтеру, демалдыру үшін ойнатса, онда пайда болмайды. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

Ойын дегеніміз:

балалардың қарым-қатынас саласындағы маңызды іс –әрекеті;

қызықтыра отырып үйрету;

әр түрлі жастағы оқушылардың даму іс-әрекеттерінің өз бетінше жұмыс жасау түрі;

баланың психикасын, ой-өрісін дамыту.

Ағылшын тілі сабағында әрбір оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, ағылшын тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта оқытудың ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады. Алайда, ойын әрекетін қандай мақсатта қолдануға болады? Қандай деңгейде? Сабақтың қай кезеңінде? Қай кезде жақсы нәтиже береді? деген сұрақтар әрбір мұғалімді толғандыратыны сөзсіз.

Ойынды мынадай мақсаттар қойып пайдалану керек: алфавитті және лексиканы меңгерту, қарым-қатынас жасай алуға үйрету, тілдік материалдарды есте сақтау, белгілі бір тілдік білімді дамыту, қажетті психикалық қызметтер мен қабілеттілікті дамыту, білім беру. Сондай-ақ, ойын арқылы қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады.

Ағылшын тілінде жұмбақтар, сөзжұмбақтар, лото, лингвистикалық ойындар, бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде де ойналады.

Ойынның түрлері: лексикалық, орфографиялық, дидактикалық және грамматикалық, рөлдік болып табылады. Сонымен қатар, ағылшын тілінде сөйлеуге және жазуға үйрететін арнайы ойындар да болады.

Ойынды сабақтың әр кезеңінде пайдалануға болады. Мысалы, ұйымдастыру бөлімі кезінде фонетикалық рифмовка алуға болады. Жарыс түрінде өткізсеңіз (Кім өлеңді бірінші жаттайды?), оқушылар өлеңді жарыса отырып қалай жаттап алғандарын байқамай қалады.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын ойындар:

«Let’s draw a Rainbow!»ойыны.

Мақсаты: түстерді үйрету.

Ойынға қажет құралдар:түрлі –түсті қарандаштар, кемпірқосақ салынған сурет.

Ойын барысы: біріншіден мұғалім кемпірқосақ салынған суретті тақтаға іледі. Оқушылар 7 түрлі қарандашты партаның үстіне қояды.

Мұғалім: This is a rainbow. I can see red colour(суретті көрсетеді, балалар сол түсті қарандашты көтереді), orange colour, yellow colour, green colour, blue colour, dark blue colour, violet colour. The rainbow is colourful. It’s beautiful. Let’s draw a rainbow!

Сосын мұғалім балаларға кемпірқосақтағы түстерді реттілігімен есте сақтап алуларына уақыт береді де, суретті тақтадан алып тастайды.

Балалар кемпірқосақты салып болғаннан кейін, мұғалім суретті тақтаға іледі. Балалар өз суреттерімен салыстырады. Суреттер салынып, салыстырылғаннан кейін, мұғалім кемпірқосақтың түстерін көрсете отырып сұрайды. What colour is it? Балалар сұраққа жауап береді.

Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.

2. «At the Zoo» ойыны.

Мақсаты:can модальді етістігінің қолданылуын үйрету.

Ойынға қажет құралдар: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар.

Ойын барысы: оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы, балалар аюдың қасына барады.

Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.

Келушілер: Can it hop?

Экскурсовод:No, it can’t.

Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын ары қарай жалғасады.

Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.

3. Жазуға үйрету ойыны.

Мұғалім тақтаға қандай да бір сөзді жазады, мысалы:schoolchildren. Осы сөздегі әріптерден сөз құрастыруы керек. Мәселен: schoolchildren: he, she, side, shoe, nose, ill, red, doll, line, child, school және т.б. Қай топ көп сөз құраса, сол топ жеңіске жетеді.

4. «Whose birthday is today?» ойыны.Мұғалім оқушыларға “One of you has a birthday today. Guess who she is”.

Оқушылар: What colour is her hear?

What colour are her eyes?

What is her nose like?

What is she wearing?

What is her hobby? – деген сұрақтарға жауап бере отырып, оқушылар кімнің туған күні екенін табу керек. Бұл ойын оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеуге үйретеді.

Тиімді қолдана білген ойын арқылы білім беру сапасын арттыруға болады:

оқушылардың сабаққа қызығушылығы артады;

қиын грамматиканы оңай, әрі қызықты етіп түсіндіруге болады;

оқушы белсенділігі артады;

материалды меңгеруге түрткі болады.

Қорыта келгенде, ойын әрекетінсіз ағылшын тілі лексикасын оқушының есінде қалдыру тиімділігі аз және ақыл ой күшін көп қажет етеді. Оқу үрдісіне енгізілген ойын ағылшын тілі сабағында оқутыдың бір түрі ретінде қызықты, жеңіл және жанды болуы керек. Ойын оқу үрдісін

жеңілдететінін ескеру қажет. Оқытушының сабаққа қойған мақсатына, міндетіне, шартына байланысты ойын түрі өзгертіліп отырылуы қажет.

Қорытынды


Жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 1-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.

Шет тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса қоймайды. Өз ана тілін әлі толық меңгермеген балаға шетел тілін үйрету оңайға соқпасы анық. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Сол үшін бастапқы сыныптарда-ақ оқушыларды түрлі тәсілдермен білім алуға үйрету керек.

Шетел тілін оқыту - оқушылардың санасында мәдениетаралық коммуникация іскерліктерін қалыптастырудың нақты жолы. Бұл жерде мәдениетаралық коммуникация ұлттар мен мәдениеттер арасындағы өзара байланысты түсіну ретінде қарастырылады. Оқытудың мәдениетаралық коммуникацияға байланысты бағыт-бағдары әдістеменің логикалық жалғасы болып табылады.

Сонымен, шетел тілдерін оқытуда екі халықтың мәдениеті мен олардың тілдерінің ерекшеліктерін ескеру аса қажет.

Шетел тілдерін оқыту мәселелерін қарастырғанда ең алдымен ана тілінің алар орны туралы мәселе сөз болады. Бұл жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Оның бірі – шетел тілін оқытуда тек ана тіліне сүйене, ана тілімен салыстыра отырып оқыту қажет деп санаса, екіншісі – шетел тілі сабағын ана тілінің көмегінсіз тікелей меңгерту керек деп есептейді. Ғалым Л. В. Ляховицский: «Шетел тілін меңгеруде ана тілінің ерекшеліктерін ескеру, үйренуші үшін жаңа тілде кездесетін қиындықтарды түсінуде өте қажет. Тек қана ана тіліне сүйене отырып, кездесетін осындай қиындықтарды жоюға болады. Шетел тілінде жаттығулар жасау арқылы сабақта ана тілін қолданбауға болады, бірақ ана тілі оқушылардың санасында сақталады. Ал егер сабақта ана тілінің ерекшеліктеріне көңіл бөлмесе, оқушылардың шетел тілін меңгеруіне кей жағдайда зиян келуі мүмкін. Яғни, сабақ тек шет тілінде ғана болса, оқушылар үшін түсініксіз тілдік материалдардың саны көбейе түсіп, ол оқушының шетел тілін меңгеруіне қызығуын төмендетеді», - дейді. Ғалымның пікірін негізге ала отырып, ағылшын тілін оқытуда ана тілінің ролі жоғары, сондықтан ағалшын тілін қазақ тілімен салыстыра отырып оқыту жөн деп санаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1). И. П. Иванова «Теоретическая грамматика современного английского языка», Москва, 1988 г. стр. 232-337.

2). 1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж..

3). М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

4). Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..

5). Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп, №3, 2007 ж..

6). Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж..

7). Ж. А. Жақыпов «Аударматануды аңдату», Астана, Аударма баспасы - 2004, 234-236 беттер.

8). Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.

9). Г. Рысбаева «Ағылшын және қазақ тіліндегі етістіктің етіс категориясы», Методика обучения иностранному языку, №2, 29 бет, 2006 ж..

10). Қ. Тубышева, «Модульдік оқыту технолгиясын ағылшын тілі сабақтарында қолдану», Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, №4, 35-36 беттер, 2007 ж...

11). Е. Нұрланбекова «Шетел тілін оқытуда бейнефильмдерді қолдану», Шетел тілін оқыту методикасы, №2, 17 – 18 беттер, 2005 ж..

12). Abai «book of words», «Abai international club» Semey – 2005, p. 78-115.

13). Английский язык, кн. для чтения к учеб. для 4 кл. шк. с углубленным изучением англ. яз., лицеев и гимназий / сост.: И. Н. Верещагина, О. В. Афанасьева.- 2-е изд.- М.: Просвещение, 2004.- 75-80 cтр.

14). Методическая разработка по английскому языку для развития навыков чтения литературы по специальности, КазНУ им. аль-Фараби; сост. Н. Л. Ломаченко, А. Я. Толмачев, В. Х. Шуканова.- Алматы: Қазақ университеті, 2004.- 37 стр..





жүктеу 317,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау