Институционалдық экономика



жүктеу 3,13 Mb.
бет2/11
Дата20.05.2018
өлшемі3,13 Mb.
#14548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


КІРІСПЕ
Экономика қоғамның дамуында үлкен рөл атқарады. Әр уақытта адамдардың алдында экономикалық өмірдің мәні мен қажеттілігінің мәнін түсіну, қоғамдағы еңбек сапасы мен өмірдің жақсаруына байланысты экономикалық көзқарастардың қалыптсуы маңызды болып келді. Адамзат дамуының барысында экономикалық көзқарастардың өзгеруі және дамуы ежелгі ойшылдардан бастау алып, қазіргі заманғы экономикалық теорияны қамтиды.

Экономикалық көзқарастардың және ойлардың көптігі ерте немесе қазіргі заманға сәйкес экономикалық құбылыстардың әсері болып табылады.

Экономика динамикалық және өзгермелі жүйе болып табылады. Алайда адамзат алдында тұрған сұрақтар қай заманда болмасын өзінің мағынасын өзгерткен жоқ. Барлық кезеңде де экономиканың басты мәселесі ресурстарды тиімді пайдалану мен адамзаттың мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады. Бұл классикалық мәселенің үш сұрағын қамтиды: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек? Және кім үшін өндіру керек?

Ақиқаттың түбіне жету үшін экономиканың қозғалмалы күшін, қоғамның экономикалық өмірдегі нарық заңдарын ашу үшін экономикалық теориялар мен концепциялардың пайда болуына себепші болды. Ойшылдардың концепциялық көзқарастарының әр алуандығы, кейде қарама – қайшылығы адамдардың шаруашылық өміріндегі құбылыстар негіз болып келеді. Бұл тағы да экономикада қатып қалған және өзгермелі құбылыс ретінде қарастыруға болмайтынын, сонымен қатар бір рет қана ашылып нарық заңы болып қалмайтынын көрсетеді.

Экономикалық концепциялары мен оқуларының жоспарлық және алуан түрлілігінің себебінен экономикадағы табиғи симметриядан тыс ерекше симметрияның түрі пайда болады. Экономикадағы симметрия экономикалық қатынастар түрінде, яғни екі субъектінің бірлігі ретінде көрінеді. Мысалы: сатушы - сатып алушы, кредитор - кредит алушы, жұмыс беруші - жұмысшы және т.б. Бұл жерде ортаңғы сызық шекара түрінде қарама – қарсылықты білдіреді, ал кей жағдайда субъектілердің қарама-қайшы және антагонистикалық мүдделерi болып табылады. Әлбетте, қай заманда болмасын зерттеушінің өзінің жағдайын «геометриялық жазықтыққа» сәйкес оның ғылыми концепциясының экономикалық болмысқа объективтілігін және әділеттігін қамтып көрсетеді.

Мүмкін осыған байланысты антик дәуірінің Ксенофонт, Платон, Аристотель секілді кемеңгерлері өзінің объективті және шындық экономикалық өмірдің ғылыми заңдарын шығара алды. Олардың сөзсіз табысы экономикалық категориялардың ғылыми негізін түсіндіру болып табылады деуге болады. Оған байлық, ақша, құн, еңбек және т.б. категорияларды жатқызуға болады.

Аталған себептерге байланысты қоғамның экономикалық өмірін ұйымдастыру қағидаларын ғылыми түсіндіру аясындағы антикалық ойшылдардың, сонымен қатар олардың өкілдерінің қызметін біртұтастылықтың екі қарама-қайшы бөліктерінен тек қана біреуін көрсететін симметриялық емес экономикалық концепциялардың негіз құраушы дәстүрлері ретінде анықталады. Кейбір жағдайларда, ғылыми көзқарастар мен концепциялардың симметриялық емес болу дәстүрінің жалғасуы екі жақты жоғалтумен аяқталатын, экономикалық ғылымның әдістемесіндегі шынайылыққа құқықты иеленуге үздіксіз күреске айналады (яғни қарсыластарының әлсіз және күшті жақтарын анықтайды). Бұл, өз кезегінде, қарама-қайшы көзқарастарды біріктіруге және экономикалық ғылымның дамуына жаңа серпіліс беруге мүмкіндік беретін жаңа концепцияны құрастыруға және бар симметриялық еместіктен өтуге әкеледі.

Институционалдық көзқарас экономикалық жүйенің қалай қызмет ететінін түсінуге және қоғам мен экономика арасындағы күрделі өзара байланысты есепке алуға мүмкіндік береді. Қоғам мен экономика арасындағы өзара қатынастар институционалдық шектеулердің жиынымен анықталады, бұл экономикалық жүйенің қызмет ету әдісін анықтайды. Институттар қоғам мен экономика арасындағы қатынастарды түсінуге кілт және экономикалық өсімге (стагнацияға немесе құлдырауға) осы қатынастардың әсері болып табылады. Нәтижесінде, институттар ұзқ мерзімді келешекте экономикалық жүйелердің қызмет етуінің фундаменталды факторлары болып табылады.

Институционалдық көзқарас белгілі бір ел дамуының ерекше және жалпы дамуының мәселесін шешеді, себебі әрбір елде жеке институционалдық матрицаның болуы қарастырылады, атап айтқанда - әрбір елдің экономикасын өзге елдің даму жолынан ерекшеленетін, өз жолымен жүргізетін, формалды емес шектеулер мен өзара байланысты формалды ережелердің беттесуі.

Институционалдық көзқарас шегінде нарық ойынның ережелері мен заңдарын, тәртіптің, қатынастардың және байланыстардың нақыт түрін қамтитын нақты институционалдық құрылым ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, отандық ғылыми әдебиеттерде экономикадағы институционалдық секторлардың қызмет ету тәжірибесі мен теориясы зерттелмеген, институционалдық ілгерілеулердің заңдылығы белгісіз және анықталмаған. Көбінесе қоғамда экономикалық процестердің нақты институционалдық құрылымға негізделетіні туралы түсінік қалыптаспаған, ал Қазақстанда ол әлі күнге шейін құрылмаған.

Қазақстандағы экономикалық дамудың нақты күрделілігін түсіну обьъективті түрде экономикалық ғылымның қазіргі әдістемесіне негізделген, жаңартылған институционалдық көзқарастың қолданылуын талап етеді. Институттар әрдайым экономистердің де, әлеуметтанушылардың да талдауының пәні болды және сондықтан да көптеген жағдайларда институционалдық зерттеулер пәнаралық экономикалық-әлеуметтік сипатқа ие. Басты міндет отандық шаруашылық жүйе институттарының табиғатын, өтпелі кезеңдердегі институционалдық өзгерістердің сипатын және институционалдық құрылымның экономиканың тиімді қызмет етуіне әсерін зерттеу болып табылады.

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ: КЛАССИКАДАН ИНСТИТУТЦИОНАЛИЗМГЕ ДЕЙІН
1.1 Классикалық экономиканың принциптері

1.2 Маржинализм ерекшеліктері

1.3 Неоклассиканың әдістемесі
Мақсаты: Қазіргі экономикалық ғылымның әдістемесін қалыптастыру этаптарымен танысу
1.1 Классикалық экономиканың принциптері
Зерттеу векторы ретінде айналыс саланы емес (меркантилизм), заттық өндiрiс саласын анықтаған, барлық экономикалық ғылымның бастамасы негiзiнде болған классикалық экономикалық теорияның ерекше рөлiн мойындау керек. Зерттеу затының өзгерiсi меркантилизмнің құндылықтарын жариялаған капиталдың бастапқы қорлану экономикасынан индустриалды дамыту дәуiріне өтудің салдары болды.

Сөйтіп, XVIII ғғ. соңында Англияда өркендеуін бастаған классикалық саяси экономия (лат.classicus - озат, ең үздiк)пайда болды. Оның негізін салушылары (Уильям Петти, Адам Смит және Давид Рикардо) құнның еңбек теориясын қалады, яғни байлықтың барлығына да ортақ нысаны ретiнде тауарлар және ақшада iске асырылған құн болатынын көрсеттi. Классикалық саяси экономияның шаруашылық құбылыстың үстірт сипаттамасынан (мысалы, тауардың ақшаға алмасуын) экономиканың даму заңдары мен мәннің ашылуына өтуі, оның сөзсіз зор қызметі болып табылады. Ол үшiн қоғамдық класстар, әлеуметтiк топтардың арасындағы экономикалық қатынастар терең зерттеледi. Негiзi, табиғи философияның кейбiр жағдайлары салынған смиттық-рикардиандтық теорияның қағидалары сол кезде де құрылды.

Классикалық экономикалық талдаудың бiрiншi қағидасы - табиғилық қағидасы, жеке тұлғаның шартты мiнез-құлығы табиғи мiнез-құлыққа (жеке тұлғаның өз өзіне берiлген мiнез-құлығы) қарсы қойылатын қағидасы. Маржиналистер осы қағиданы iске асырудың тамаша үлгiсі ретiнде жаhанды аралдағы Робинзон Крузоның шарттылықтардан бос және шектеулерсіз өмiр сүруін алды. Сонымен бірге, тұлға өз іс-әрекетінде адам алға қойған мақсаттарды таңдайтын және оның орындаудың ұмтылуына тиесiлi ұтымдылықтың қағидасын негiз ретінде алады. Өздерін қоғамда болмашы азшылықты құрайтын және иррационалды мінез-құлығын білдіретін тұлғалар экономиканың даму жолына және тарихқа маңызды ықпалын тигізбейді.

Табиғилықтың басқа факторы жеке тұлғаның тиiмдi және табиғи мiнез-құлығының қозғаушы күшi ретінде өзінің меншікті, яғни тыс мүдделер байланбаған қажеттіліктерін қанағаттандыру талпынысы болып табылғанын бiлдiретiн өзімшілдік қағидасы. А. Смиттiң «экономикалық адамның» (homo economics) бейнесі барлық қоғамда және жеке отбасы ретінде де экономикалық өмiрдiң дамуының бастапқы үлгiсі болып табылады.

Өзiмшiл адамдардың табиғи және тиiмдi мiнез-құлығына негiзделген қоғамдағы экономикалық қызметтiң саналы ұйымының жоғарғы көрінісі ретінде табылатын классикалық экономикалық талдаудың келесi қағидасы - А.Смиттiң нарықтың көрiнбейтiн қол ережесi, белгiсiз максималды қоғамдық әл-ауқатының табысы барлық жоғары аталған қағидалардың іске асырылуы кезінде болуы мүмкiн. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамдық пайда, қоғамдық байлықтарды автоматты түрде максималдайтын қоғам дамытуының мақсаттарымен дәл келетiн әрбірінің талпынысы және мақсаттары, мерзiмдi пайдақорлық мүддесiмен айтулы, еңбекті ортақ бөлiсу шарттарындағы қоғам мүшелердiң жеке іс-әрекетінің сомасы сияқты қаралады.

Ағылшын классиктерiнiң теориялық мұрасына К. Маркстің маңызды ерекшелінетін «Капитал» атты өзінің бас еңбегінде құнның теориясын мен қосымша құнның теориясын жаңаша зерттеуі үшін өмiр сүрген кезінде одан кейiнде көптеген және де бiр мәндi емес бағаны алған. Демек, К.Маркс негiзiнде бiрiншi институционалист болып есептеледі, себебі, өнiмдi еңбектiң ұйымы үшiн мәжбүрлеу институттары, яғни экономикалық процесстер институцияланатын міндетті әдептiлiк нысандары қажет деп санады.

Өндiрушiлер XIX ғасырдың ортасында капитализмнің тарихында тұңғыш рет тұтынушы сұранысының тұрақты дефицитiмен қақтығысып қалды. Классикалық саяси экономикада (ғылым ретінде) дағдарыс белгіленді, өйткенi еңбектiк құнның теориясы негiзiнде нарықтық бағаның құрылу механизмін түсіндіру мүмкін емес екені себеб болды. Шектеулілік және еңбектік құн теориясының таптық жол ұстаушылығын жеңуге мүмкіндік беретін мұндай теориямен маржинализм шықты, ол индивидтің мінез-құлығын жеке-психологиялық бағалау қағидасын абсолюттік ретінде белгіледі.

1.2 Маржинализм ерекшеліктері


Маржинализмге ғылыми бағыт ретінде тауарлардың алмастыру құны (бағасы) тұтынушылар үшiн олардың шектi пайдалылығымен анықталатыны туралы постулат жатады. Маржиналисттердің ғылымға салған тағы бір маңызды үлесi У.С. Джевонстың кемімелі шектi пайдалылық заңы болып табылады. Бұл заңның мәнi төмендегiнше өрнектеледi: тауардың алдыңғы бiрлiгiнiң пайдалылығынан қарағанда осы тауардың әрбiр келесi бiрлiктің пайдалылығы аз болып келеді (тап осыны шектi пайдалылық деп атайды).

Кемімелі шектi пайдалылық заңынан кейін өндiрiс факторлардың кемімелі шектi өнiмдiлiк заңы да ашылды (Л.Вальрас). Шектi пайдалылық игiлiктердiң тұтынылған санынан кемитiн функция сияқты анықталады. Барлық тұтынушылар өз қажеттiліктерін қанағаттандыру бойынша максимумға жеткеннен кейін экономикалық тепе-теңдiк басталады. Осыған байланысты экономикада шектi талдау көмегiмен тұтынушы таңдауын ғана емес, сонымен қатар өндiрушiлердiң мiнез-құлығын, айырбастың арақатынасын түсіндіру мүмкіндігі пайда болды. Макроэкономикалық талдау үшiн маржиналистік экономикалық теорияларын қорытуға мүмкiндiк беретiн қорлардың шектеулілік заңдары маржинализмнің әріқарай дамуында болды. Баршаның әл-ауқатын жақсартатын немесе басқалардың жағдайын төмендетпей, кем дегенде бір адамның әл-ауқатын жақсартатын өзгерiстердiң бағалары үшiн қоғамдық максимал пайдалылығының ұғымы құрылды («Парето ұтымдылығы»).

Осы және басқа да ғылыми жаңалықтар экономикалық ғылымның зерттеулер өрiсiнің көкжиектерiн айтарлықтай жылжытқан, талдаудың әмбебап әдiстері мен аспаптармен зерттеушiлерді қаруландырған, экономикалық теорияның бiртұтас тiлiн - шекті талдауды құрастырған «маржиналистік төңкерiс» сияқты экономика тарихынан орын алды. Экономикалық санат пен ұғымдарды нысандау мүмкіндігі экономикалық ғылымды профессионализациялау және өрлеуде маңызды рөл атқарды және экономистердің дүниежүзілік ғылыми бiрлестiгiнiң құрылуына әкелді.

Құндылықтардың маржиналистік теориясының классикалықтан ең маңызды артықшылығы оның әмбебаптығында. Шығындардың классикалық теориясы тек қана еркiн өндiрiлетiн игiлiктердiң пайда болуын сипаттайды, соған қоса әлемдiк саудада қолданылмады. Шектi пайдалылық теориясы түгелдей дерлiк барлық игіліктер, соның iшiнде сирек кездесетiн, және тiптi айырбасталмай өз иелерiнде қалатын игиліктердің жеке құндылығын сипаттайды. Сонымен бірге шекті пайдалылық теориясы айырбастың пропорциясын тек түсіндірмей ғана қоймай, басқа экономикалық мәселелерді қолдануға жарамды теориялық тiлдi (шекті талдау) жасады.

Нәтижесінде, экономика экономикалық субъектілердің мақсатты берілгендер мен шектелген құралдар мәлiметтері арасындағы өзара байланысты зерттейтін ғылым болды. Экономикалық ғылымның мәні бәсекелес мақсаттардың арасындағы ұтымды жiктелетiн өндірістік қызметтер шарттарын iздестiруi болды. Экономикалық нәтижелiлiктiң бұл сұрақтары және шектi талдау осы қағидаға қызмет көрсетедi. Маржиналистік талдаудың пәні болатын экономикалық үлгі статикалық, яғни экономикалық өсудің мәселелерi жоқ болып табылатынын айта кеткен жөн.

Әйтсе де, таза маржинализм iс жүзiнде қолдана алмады, өйткені, ол өндірушілер және тұтынушылардың субъективтік сипатымен әрекет жасады. Бұл себептермен тауардың өткізу көлемі мен нарықтық бағасы нарықтық қатынастар субъекттерiнiң жеке ерекшелiктеріне тәуелдi кездейсоқ мәндер болып табылады. XIX ғасырдың соңғы үштікте маржинализмді «объектiлеу» талпыныстары ақыр соңында экономикалық теорияны алға жiберген маржинализмнің неоклассиялық (грек neosтер - жаңа) бағытқа және классикалық мектеп идеяларының синтездерiне келтiрдi.

1.3 Неоклассиканың әдістемесі
Неоклассиялық мектеп XIX ғасырдың 90-шы жылдарында А.Маршаллдың «Экономиканың қағидалары» (1890 ж.) кiтабының жариялауынан кейiн құрылды. Неоклассиялық теория еркiн бәсекенiң өктемдiлiк мерзiмiндегі нарықтық шаруашылықты зерттедi. Ол маржинализмның идеяларын классикалық саяси экономиясының идеясымен қосты. А. Маршалл шектi талдаудың пайда болуын эволюция нәтижесі сияқты емес, ғылымдағы төңкерiс деп түсiндi. Пайдалылық қоғамдық шығындармен тұйықталып, шығын және нәтижелердiң салыстырудың ортақ теориясы жасалғаннан кейін екiншi классикалық ахуал деп аталатын жағдай пайда болды.

Ең алдымен, неоклассиялық талдаудың әдiстемелiк ерекшелiктеріне көңiл аударуы керек. Барлық алдыңғы теорияларда, ең алдымен, құндылықтың көзi, оның құрылудың абсолюттi заңы ерекшелінеді. Мысалы, құндылық еңбек шығыны немесе өндiрiс шығындарынан, немесе шектi пайлдалылықтан шығарылады. Неоклассиктер абсолюттi дәрежелерге орын жоқ болатын функционалдық теорияға өтеді, барлық олар салыстырмалы сияқты қаралады. Экономикалық құбылыстар терең себептерiнен беткi құбылыстарға қозғалыстың қағидасы бойынша емес, өзара тәуелдiлiк және өзара анықтау қағидасы бойынша (релятивизм қағидасы) талданады. Маршалл жазды: «Біз тең негiзбен пайдалылық немесе өндiрiс шығындары құндылықпен реттеледi ме, сол сияқты қайшылардың жоғарғы немесе төменгi жүзі қағазының кесегін кесе ме сол туралы дауласа алар едiк».

Ағылшын классиктері өндiрiс экономиканы шешушi саласы деп санады. Бұған сәйкесiнше, нарық құны тауар өндiрушiлер жағынан игiлiктердiң ұсынысымен анықталатынын ойлады. Австриялық экономистер, керiсiнше, шаруашылық дамытуындағы басты ролді нарыққа және баға орнату бiрiншiлiгін сатып алушылардың сұраныстары анықтайды деді. Олар осы сұранысты зерттей отырып, нарықтық игiлiктердегі тұтынушыларының жаппай мiнез-құлығының психологиялық заңдарын тұңғыш рет сипаттады.

Екіншіден, классикалық мұраның қайта қарауымен американдық саяси экономиясын бастаушы Джон Бейтс Кларк та шұғылданды. Ол тұтынушы игiлiктерiнiң шектi пайдалылық тұжырымдаманы шектi еңбек өнiмдiлiк пен капитал теориямен толықтырды. Және өз теориясын капитализм кезіндегі жұмысшы табының пайдалануы туралы және классикалық оқудың қосымша құнға тікелей қарсы қойды.

Дж. Б. Кларк ойлауынша, экономикалық теориядағы орталық орынды қоғамдық өнiмнiң үлестiрiлу мәселесі алады. Бұл үлестiрiлулер тең бағалы өндiрiстің әрбір факторлардың (еңбек, капитал және жер) үлесіне сәйкес iске асады. Жұмысшылар және кәсiпкерлердiң табыстары, оның пiкiрi бойынша, капиталистер мен жұмысшылардың таптық мүдделерiнiң үйлесіміне бағытталатын өндiрiстiң түпкi өнiмiне еңбек және капиталдың нақты үлесіне сәйкес келедi.

Үшiншiден, шектi пайдалылық және өндiрiс факторлардың шектi өнiмдiлiк тұжырымдамалары нарықтық экономиканың тиiмдiлiк мәселесiн неоклассиялық теорияның алды ретінде орнатуға мүмкiндiк бердi. Мұндай тиiмдiлiк өндiрiстiк қорлардың минимум шығындалуы кезінде адамдардың қажеттiлiктi қанағаттандыру максимумына (немесе кәсiпкердiң табысының максимумы) жетуін бiлдiредi.



Бақылау сұрақтары:
1. Классикалық экономикалық талдауда нақтылық принципінің

мазмұны неден тұрады?

2. К. Марксті неге бірінші институционалист деп айтқан ?

3. Маржинализмнің негізгі постулаты неден тұрады?

4. Неоклассикалық талдаудың әдістемесінің қандай ерекшеліктері бар?

5. Экономикада математикалық мектептің негізін қалаған кім?

6. Mainstream (негізгі ағым) экономикалық ойларда қандай мағына береді?
Кесте 1 - Экономикалық iлiмдердiң әдiстемелiк эволюциясы


Ілімнің атауы

Уақыт кезеңі

Негізгі өкілдері, негізгі еңбектері

Әдістеме мазмұны

Әдістеменің шешілмеген мәселелері

1

2

3

4

5

Меркантилизм

ХV – XVIғғ.

У. Стаффорд «Біздің отандастарымыздың кейбір арыздарын мазмұндау» (1581 ж.); Т. Мен «Англия мен Ост-Индияның саудасы жөнінде талқылау» (1621ж.); А. Монкретьен «Саяси экономия туралы трактаты» (1615ж.)

- экономиканы талдаудағы макроэкономикалық әдіс;

- байлық көзі – сауда капиталынан түскен пайда;

- негізгі экономикалық категорияларды зерттеу (тауар, ақша, сауда пайдасы)


Ақша қозғалысы процесін қарастырғанда айналым саласы шегінде жүзеге асырылған

Физиократия

XVIII ғ. ортасы

Ф. Кенэ «Экономикалық кесте» (1758ж.); А. Тюрго «Байлықты бөлу және құру жөнінде ойлау» (1766 ж.)

- толық еркіндікке ие болу;

- ауыл шаруашылығы- игілік беретін ерекше өндіруші



«таза өнім» теориясының қателілігі, қоғамды класстарға дұрыс бөлмеуі, өндірістің капиталистік әдістерінің қарама-қайшылығы

Классикалық политэкономия

XVIIIғ. –

XIXғ. ортасы



А. Смит «Табиғат және халық байлығы себептерін зерттеу» (1776 ж.); Д. Рикардо «Саяси экономия және салық салу экономиясы» (1817 ж.); Дж. Ст. Милль «Саяси экономия негізі» (1848 ж.);

К. Маркс «Капитал» (1867 ж.)



- экономиканың «табиғи» заңдарын оқу; - өндірісті зерттеу,

- экономикалық талдаудың басталуы;

- зерттеудің абстракты әдісін бірінші қолдану;


Симметриялық емес теорияның ерекшеліктеріне ие болуды оқу.

Нарықтық бағалауды қалыптастырудың механизмін түсіндірудің мүмкін болмауы.



Маржинализм

(неоклассика)



XIX ғ. 70-90-шы жж.

У.Джевонс «Саяси экономия теориясы» (1871 ж.); К. Менгер «Саяси экономия негізі» (1871 ж.); Л. Вальрас «Таза саяси экономия негіздері»» (1874 ж.); Дж. Б. Кларк

- мақсатты талдау мақсатында мәні емес, экономикалық құбылыстардың сандық бағасы мен өзгерісін қарастыру;- өлшеу үшін шекті өлшемдер, шекті өнімділік, шекті шығындар, шекті өнім қолданылады

Нарық жағдайында субъектілерді толық ақпаратпен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Минималды өзара байланыс жетілген бәсеке тек нарық төңірегінде қамтамасыз етілген.

Кесте 1 - Экономикалық iлiмдердiң әдiстемелiк эволюциясы (жалғасы)




1

2

3

4

5







«Байлық философиясы» (1886 ж.);А. Маршалл «Саяси экономия принциптері» (1890 ж.); В. Парето «Саяси экономия курсы» (1898 ж.); Е. Бем-Баверк «Экономикалық теория негіздері» (1901 ж.)







Кейнсианство.

Неокейнсианство.

Посткейнсианство


1938-1960 жж.

Дж. М. Кейнс «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.); Р. Харрод «Экономикалық теория динамикасы» (1948 ж.); Э. Хансен «Экономикалық цикл және ұлттық табыс» (1951 ж.)

- жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан кем болғанда табыстың бір бөлігін сақтау

- мемлекет жиынтық сұранысқа әсерімен экономиканы реттеу: ақша массасын өсіру және пайыз қойылымын төмендету



Ұзақ мерзімді өсім үшін макроэкономикалық саясатты жүргізу қамтамасыз ету және пайдалылығы.

Институционализм.

Неоинституционализм



1899 ж. –қазіргі уақытқа дейінгі

Т. Веблен «Мереке сынып теориясы» (1899 ж.); Д. Коммонс «Институционалды экономикалық ғылым» (1934 ж.); У. Митчелл «Іскерлік циклды өлшеу» (1946 ж.); Дж. Гэлбрейт «Байлық қоғамы» (1957 ж.); Р. Коуз «Фирма табиғаты» (1937 ж.); Г. Саймон ««Адам үлгілері» (1957 ж.); О.Уильямсон «Капитализмнің экономикалық институттары» (1996 ж.)

- тарихи контексте қарастырылатын экономиканы қозғаушы күш материалды фактор болып есептеледі.

Экономика ғылым, мәдениет, саясат үшін негіз ретінде қарастырылады. Бұл түсінік тең құқықты және өзара байланысты.



1 тақырыпқа арналған тесттік тапсырмалар:
1. Институционалдық экономикалық теория:

а) классикалық микроэкономикалық теория есепке алынбайтын факторларды қарастыра отырып,микроэкономикалық талдауды кеңейту;

б) классикалық микроэкономикалық теория есепке алынбайтын, микроэкономикалық талдауға назар аудару;

в) берілген қызығушылықтарын қарау;

г) классикалық экономикалық теориядағы рационалды өзгерістерді болжау; д) нарықтағы алдын ала баға шығындарын ұсыну.
2. Кейбір қазіргі институтционализм негізінен алынған ерте институтционализмнің классикалық өкілі болып табылады:

а) Адам Смит;

б) Джон Р. Коммонс;

в) Давид Рикардо;

г) Карл Менгер;

д) Дж. Юм.


3. Смиттық-рикардтық теорияда негізделетін табиғи философия принциптері бұл:

а) табиғи принцип (табиғи тәртіп) және нарықтың көрінбейтін қол ережесі;

б) табиғи тәртіп теориясы, рационалдық принципі;

в) экономикалық мәжбүр принципі, рационалдық принципі;

г) иррационалдық принципі, ойтұжырымық принципі;

д) құн теориясы және шекті өтімділік принципі.


4. Экономикалық теориядағы марксизмнің анық аманаты болып табылады:

а) табиғи тәртіп теориясы, тарихи, рационалдық принципі;

б) меншік нысан теориясы, тарихи, экономикалық мәжбүр принципі;

в) табиғи тәртіп теориясы, экономикалық мәжбүр принципі,

рационалдық принципі;

г) құн теориясы, шекті өтімділік теориясы, табиғи тәртіп теориясы;

д) экономикалық дағдарыс теориясы, экономикалық мәжбүр принципі.
5. Өндіріс құралын және экономикалық күшті бөлу табиғи механизм болып

реттелмейді – бұл бекіту:

а) табиғи тәртіп теориясы;

б) рационалдық принципі;

в) меншік нысан теориясы;

г) идиосинкратизм принципі;

д) табиғи тәртіп принципі.
6. Веблен үлгісінің мәні мына төмендегілерден тұрады:

а) тапшы ресурс болып табылмайтын қоғамның әлсіз бөлімі, пайдаға жарау үшін осы бөлімге жұмыс істеуге барады;

б) кімде кім артықшылыққа біреудің арқасында күн көрсе, соған қарсы қоғамның белсенді бөлігімен күресу;

в) «басшылықты қуу» деп аталатын экономикалық мінез-құлықта айуандық сезім үстемдік етеді;

г) нарық агенті нарықтағы алдын ала баға шығындарын жасайды және нарықта ұсынылатын нақты ақпаратты толығымен жинайды.
7. Коммонс және Коуз экономикалық талдау барысында мына факторларды есепке алуды ұсынды:

а) ақпараттың толық болмауы, ұжымдық іс және институтқа әсер етуі және күтім;

б) ресурстарды оңтайлы бөлу факторлары, еңбекке деген қажеттілік көбінесе пайдалылықты төмендетеді, рационалды емес экономикалық мінез-құлық факторы;

в) аралық талдау, нарықтық әсер ету және толық емес ақпарат фактролары;

г) күту факторы;

д) рационалдық емес экономикалық мінез-құлық факторы;


8. Экономикалық теорияның мектептерінің ішінде қайсысы тарихи бірінші болып табылады:

а) марксизм;

б) меркантилизм;

в) ұсақ буржуазиялық саяси экономия;

г) кейнсианство;

д) классикалық саяси экономия.


9. Mainstream – бұл атау:

а) экономикалық ойлардың негізгі ағымы;

б) экономикалық термин;

в) экономикалық теорияның даму этаптары;

г) жылы теңіз ағымы;

д) классикалық экономикалық теорияның жалпылама атауы.


10. Неоклассикалық экономикалық теория:

а) тұнжыраған класс теориясы болып табылады;

б) адам тәртібін сипаттау;

в) жетілген бәсеке және экономикалық тепе-теңдік үлгілерін жасауда саяси экономия классиктерінің ережесін анықтау;

г)экономикалық ғылымды мысқылдау;

д) Рикардоның экономикалық теориясы мәліметтерін принциптермен толықтырады.



жүктеу 3,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау