Институционалдық экономика


ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТИІМДІЛІК



жүктеу 3,13 Mb.
бет10/11
Дата20.05.2018
өлшемі3,13 Mb.
#14548
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

10 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТИІМДІЛІК
10.1 Институционалдық ортадағы өзгерістерінің себептері

10.2 Институционалдық инновациялардың типтері мен субъектілері

10.3 Институттарды дамытудың эволюциялық және төңкерістік

нұсқалары

10.4 Институттардың импорты (трансплантациясы) оларды дамытудың

революциялық нұсқасы ретінде



10.5 Институционалдық жобалау
Мақсат: институционалдық орта өзгерістерінің әр түрлі нұсқаларын зерттеу
10.1 Институционалдық ортадағы өзгерістерінің себептері
Неоклассикалық әдістемеде трансакциялық шығындар нөлге тең, меншік құқықтарының өзгешеліктері толығымен анықталған, институттар өндіріс үшін жаңа мүмкіндіктер жасау арқылы ресурстарды тиімді орналастыру мен экономикалық өсімді дағдылы түрде қамтамасыз ететін дербес игіліктер болып шығады деп саналады [23]. Басқаша айтқанда, тиімді институттар экономикалық өсімді қамтамасыз ететін ынталарды қалыптастырады. Сондықтан институционалдық өзгерістердің маңызды мәні болмайды, және ресурстарды орналастыру тиімділігі қолданыстағы ережелер жиынтығынан тәуелді емес.


Сурет 13 – Әр түрлі авторлармен атап көрсетілетін институционалдық орта өзгерістерінің себептері
Институционалдық өзгерістер экономикалық агенттер үшін ынталар жүйесін анықтайтын өзара байланысқан формалды ережелер мен формалды емес шектеулер жиынтығы ретіндегі институционалдық құрылымның өзгерістерін білдіреді (сурет 13).

Шындығында институционалдық өзгерістер механизмі сыртқы өзгерістер мен білімдердің ішкі жинақталуын біріктіру жолымен жүзеге асырылады.

Формалды ережелердегі өзгерістер заңдық өзгерістер, заңнамалық өзгерістер, адуынды құрылымдармен енгізілетін реттеуші ережелердегі өзгерістер, сондай-ақ ережелердің бүкіл жүйесін құрайтын метаережелерді анықтаушы конституциядағы өзгерістер нәтижесі болуы мүмкін.

Формалды емес шектеулердегі өзгерістер біртіндеп жүзеге асырылады және жеке индивидтерде пайдалар мен шығындарды жаңаша қабылдаумен байланысты баламалы жүріс-тұрыс үлгілерін жиі қалыптастырады.

Дискреттік өзгерістер деп әдетте жаулап алудың немесе төңкерістің нәтижесінде болып отыратын формалды ережелердегі батыл өзгерістер түсініледі. Осындай дискреттік өзгерістердің үзілмелі эволюциялық өзгерістермен («нүктелік тепе-теңдікпен» сипатталатын) кейбір ортақ белгілері бар. Алайда олар көзге шалынатындай соншалықты төңкерістік болып сирек көрінетіні тарихтан белгілі. Егер формалды ережелер өзгерсе, формалды емес шектеулер тез өзгере алмайды, өйткені бекіп қалған мәдени мұраға, ойлаудың орнықты стереотиптеріне және іс-әрекеттер тәсілдеріне сүйенеді.

Шектеуші фактор болып формалды емес ережелер табылғандықтан, институционалдық өзгерістер көбінесе үздіксіз (инкрементті) және кумулятивті [23].

Кумулятивті деп екінші дәрежелі ережелердегі қозғалыстар және институционалдық тепе-теңдіктің бұзылуын көрсететін жоғарырақ реттегі ережелердің біртіндеп өзгеруі салдарынан туындайтын институционалдық өзгеріс аталады. Үздіксіз институционалдық өзгеріс экономикалық агенттердің шекті немесе кішігірім өсімшелермен бейімделуінің басымдылығын білдіреді. Үздіксіз өзгерістер ойыншылар арасында жаңа мәмілелерге және ымыраларға жол беретін институционалдық ортада бола алады. Ережелер өзгерісінің үздіксіздігі өспелі қайтарым эффектілерінің және олармен ілесетін желілік сыртқы, оқыту, үйлестіру және адаптивті күтімдер эффектілерінің бар болуымен себептеледі.

Өспелі қайтарым эффектісі «масштабтан үнемдеудің» көрінісі ретіндегі институттардың функционалдық параметрлерінің өсуін білдіреді. Желілік сыртқы эффект – бағалар жүйесінде көрсетілмеген пайдалар мен шығындар желі қатысушылары санының өзгергендігінің салдары болған кезде пайда болатын эффектінің түрі. Оқыту эффектісі институтты пайдалану кеңейген сайын трансакциялық шығындардың азаюын білдіреді. Үйлестіру эффектісі (немесе басқа агенттермен істестіктің артықшылықтар) қабылданған жүріс-тұрыс ережесінен ауытқу тиімсіз болғандықтан, оны ұстанатындардың трансакциялық шығындарының азаюында көрінеді. Күтімдердің адаптивтілігі тәжірибенің құндылығынан туынды және шектеулі рационалдылықпен себептелген. Басқаша айтқанда, белгілі бір институтты қолданудың кеңеюі күтімдерді нығайтады, және оның басымдылығы күшейе түседі.

Жоғарыда айтылған механизмдер қызметінің нәтижесі төрт жағдай бола алады [23]:


  1. белгісіз қорытындылы әр түрлі шешімдер мүмкін болатын көптік тепе-теңдік;

  2. тиімсіздік – ең жақсы шешім бәсекелес күресте жеңіледі, себебі онда жақтастардың жеткілікті саны табылмады;

  3. шектеу (lock-in) – бірде қабылданған шешімді келешекте өзгерту қиын;

  4. алдыңғы дамудың тректориясынан тәуелділік (path-dependence) – кездейсоқ жағдайлардың салдарынан дамуды қатаң айқындалған жолмен жүргізетін шешім қабылдануы мүмкін.

Демек, өзгерістердің бағыттылығы алдыңғы дамудың тректориясымен анықталады. Институционалдық матрицаның болуының салдарынан пайда болған саяси және экономикалық ұйымдар институционалдық құрылымды сақтап қалуға тырысады. Қазіргі ұйымдардың даму траекториясынан тәуелділікті қайта қалыптастырушы мүдделері мен қатысушы тұлғалардың ойындағы идеологияны қайта қалыптастырушы үлгілер қазіргі институционалдық матрицаны ұтымды етеді және, солай болғасын, субъектілердің түйсіктерін қазіргі ұйымдардың мүдделеріне сай жүргізілетін саясатқа қарай бағыттайды.

Тұтастай формалды ережелердің, формалды емес шектеулердің және мәжбүрлеу сипаттамаларының берілген институционалдық матрицасы пайдалар мен шығындарды қазіргі институционалдық құрылыммен үйлесімді таңдау баламаларына қарай «келтіретін» болады. Өзгерістің біртіндеушілігі институционалдық өзгерістердің траекториясын, сондай-ақ ұзақмерзімді келешектегі экономикалық дамуды анықтайтын алғашқы институционалдық таңдаудың маңыздылығын қамтамасыз етеді.

10.2 Институционалдық инновациялардың типтері мен субъектілері
Институционалдық дамуда негізгі рөлді институционалдық инновациялар, яғни формалды және формалды емес ережелерде және де олардың әрекеттестігі кезінде жүзеге асырылатын жаңалықтар ойнайды. Инновациялардың негізгі бес типі өзіне белгілі өнімдер өндірісінің жаңа технологиясын енгізуді, жаңа өнімдер өндірісін ұйымдастыруды, өнімдер мен ресурстардың жаңа нарықтарын, сондай-ақ ұйымдастырушылық жаңалықтарды ашуды кірістіреді. Өндіріс факторларының жаңа қисындасуларының басты құрастырушысы рөлін кәсіпкер ойнайды [26]. Аталған инновациялардың ықпалында экономикалық жүйе тепе-теңдік жағдайынан шығарылады, ал кәсіпкерге тұрақсыздандыру қызметі артылады.

Дегенмен кәсіпкер белгісіздікті азайтатын және мүдделер қақтығыстарында ымыра іздестіру үшін база жасайтын жаңа институционалдық келісімдердің басты ұйымдастырушысы ретінде түсініледі. Сөйтіп, кәсіпкерге тек тұрақсыздандыру ғана емес, жасампаздық қызмет те, атап айтқанда жаңа тепе-теңдікке жету үшін алғышарттарды жасау қызметі артылады.

Көптеген институционалдық инновациялар, институттар және ережелер келесі үш қасиет тиісті болатын қоғамдық игіліктер сипатында болады [26]:

-іріктемеулік: институттың бір адаммен пайдаланылуы оның басқалар үшін қолжетімділігінің дәрежесін азайтпайды, ал бұл агенттер қызметін үйлестіруге мүмкіндік туғызады;

-шығармаулық: ешкімге ережені (институтты) пайдалануға тыйым салынбайды, тіпті ол оны жасауға қатыспаса да;

-сарқылмастық: институттың бір индивидпен пайдаланылуы осы институттың басқа индивидпен пайдаланылуының пайдалы әсерін азайтпайды, өйткені ереженің таралуы агенттердің әрекеттестіктеріндегі белгісіздікті төмендетеді.

Сонымен, институционалдық инновациялар ережелердің иерархиялық құрылымын ескеретін қоғамдық, жеке және клубтық игілік сипатында болуы мүмкін. Инновациялар жеке игіліктер ретінде ұйымның шеңберімен шектеледі, және инноватор ұйым мүшелерінің арасындағы әрекеттестікті құрылымға келтіретін ішкі институттар ретіндегі олардың пайдаланылуын бақылай алады. Ұйым ішінде жасалған инновацияларды басқа ұйымдар шеңберінде қайта қалыптастыру көбіне қиын. Институционалдық инновациялар клубтық игілік, яғни пайдаланушылар ауқымына бақылау орнатуға және шектеуге болатын игілік сипатында да болуы мүмкін. Осы инновациялар ұйымның да, нарықтық келісім-шарттардың да элементтерін біріктіруші буданды түрлерге сүйене алады.

Тұтастай кәсіпкердің өзінің әрекеттерінің тиімділігі азаяды, егер институционалдық инновация жеке игілік сипатынан өзгеше сипатты иемденсе [27]. Демек, тап осындай кәсіпкерге баламалы институционалдық инновациялардың субъектілері бар.

Сонымен, кәсіпкерден басқа институционалдық инновациялардың, демек институционалдық өзгерістердің де субъектілері болып үй шаруашылықтары, фирмалар, топтар, әлеуметтік қозғалыстар және мемлекет табылуы мүмкін.

Кәсіпкер инновацияны жеке игілік ретінде жасайды және бақылайды, ол сондай-ақ инноватордың пайдасын алады. Инновацияның клубтық игілік ретіндегі өңдірісінде осы клубтық игіліктің өндірісіне барынша сай келетін топтар әрекеттері тиімді болып шығады. Мемлекет, ал артынша әлеуметтік қозғалыстар мен фирмалар институционалдық инновацияларды қоғамдық игіліктер ретінде қамтамасыз етуге барынша қабілетті. Үй шаруашылықтары кертартпа рөл ойнайды, өйткені институционалдық инновациялар жеке және қоғамдық өмір арасындағы шекараны өзгертуге, қазіргі ескішіліктерді қауіп-қатерге салуға қабілетті. Фирмалар мен үй шаруашылықтары «жеке» инновациялардың өндірісіне бейтарап, себебі мүмкін болатын пайдаларды алу ескішіліктер өзгерісінің шығындары өсумен жабылып қала алады. Осындай талдау институционалдық инновацияның әрбір нақты оқиғасы үшін сәйкес қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.



10.3 Институттарды дамытудың эволюциялық және төңкерістік нұсқалары
Институттарды дамытудың эволюциялық нұсқасы деп формалды емес шектеулерді ресмилендіру, яғни олардың негізінде жатқан ережелерге заң күшін беру мен осы шектеулерді формалдыларға айналдыру ұсынылады [6]. Жаңа формалды институттар қазіргі формалды еместердің трансформациясы барысында пайда болады, демек, формалды емес шектеулер деңгейінде қалыптасып қалған беталыстарды қайта жаңғыртады деп ұйғарылады. Көне заман мен орта ғасыр бұрын пайда болған көптеген экономикалық институттар кейін мемлекетпен ресмилендірілді.

Сурет 14 – дамудың берілген траекториядан ауытқуына кедергі жасайтын факторлар


жүктеу 3,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау