«инновациялық технологияларды меңгеру негізінде мұҒалімдердің КӘсіби біліктілігін дамыту»



жүктеу 6,12 Mb.
Pdf просмотр
бет66/88
Дата17.01.2020
өлшемі6,12 Mb.
#26989
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88

Білімділігі: Оқушыларды бояу түстерін тиімді пайдалана білуге,бейнелеудің  заңдылықтарын ескерте 
отырып, суретті нақты бейнелеуге,әдемілікті көре  білуге баулу .
Дамытушылығы: Бояу түстерін бір-біріне үйлесімді байланысын табуға бейімдеу және есте сақтау 
қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру, өнерді сүюге, өзге өнер саласын құрметтеуге және   
тиянақтылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: ғаламтордан алынған бейне фильм,ән дискі,ұлы суретшілердің репродукциялық 
картинасы, тақырыпша, сұрақ-жауап плакат,акварель,  гуашь қарындаш,суреттер.
 Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен амандасу,
ә) Оқушыларды түгендеу, құралдарын тексеру,
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2.Сыныпты  түрлі- түсті карандаш түстері арқылы топтастыру 
Оқушылар ең алдымен өзі қалаған бір бояу карандашты алады.Әр түстер бес-бесеуден.
1-топ . Жасыл түс-5оқушы
2-топ.  сары түс-5оқушы
3-топ.  қызыл түс-5оқушы
4-топ.  көк түс-5 оқушы болып бөлек топ-топ болып орналасып отырады
ІІ.Жаңа сабақ
Миға шабуыл
-Балалар, сендер «Өнер»  деген сөзге қандай пікір білдірер едіңдер?  
-Өнер саласында еңбек етіп жүрген кімдерді айта аласыңдар? 
«Өнер» сөзіне топтастыру әдісі  арқылы, әр топ өз пікірлерін,ойларын  арнайы таратылған плакатқа 
жазып, ақылдасып қорғайды
Бейнелеу өнері өнердің бір түрі болып табылады. 
1.Белгілі бір уақыт мезгілі ішінде кеңістікте көзбен көріп, құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрі. 
Олар: театр ,кино, опера, балет, би т.б. интер белсенді тақтаның көмегімен бейнефильмнен үзінді 
көрсетіледі
2.Белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін, тек қана құлақпен тыңдап, елестетіп 
қабылдайтын өнер түрі. Оларға ән-күй, синфония, әдебиет, поэзия т.б.Интер белсенді тақта арқылы ән
тыңдатылады
3.Уақыт мезгілге байланысты емес, кеңістікте тұрақты болып, көзбен қабылдайтын өнер түрі. Оларға 
бейнелеу өнері, қолөнер, дизайн өнері т.б.Плакатқа бояу көмегімен сурет салынып көрсетіледі
Тапсырма. «Өнерлінің өрісі кең»  әр топқа бір суретті карточка таратылады
(ішінде әр өнер саласы көрсетілген) 1 топ 2-топқа сол суретті ыммен,ишара арқылы жұмбақтайды. 
Бұл қай өнер саласына жататындығын табу керек.
 ІІІ.Практикалық кезең: «Сиқырлы дақ» (бұл уақытта балалар,гуашь бояуын ақ параққа қылқалам 
көмегімен шашыратады.бояудан құралған түрлі бейнелерді әр тұсынан қарай отырып қиялға ерік 
береді.)оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына көп көмегін тигізеді
ІV.Бекіту кезеңі: «Кім жылдам?» Бұл қай өнер саласында  кездеседі, сайкестерді табу .
Кәне, балалар,әр топ  алдымыздағы суреттерге қарай отырып, әр өнердің тұсына,сол салаға сәйкес 
келетін кейіпкерлердің суретін апарып ілеміз.(көзбен көріп қабылдау өнері-бейнелеу 
өнері,есту,тыңдау-ән өнері, көзбен көріп,тыңдап,есту-кино,сахна өнері)
Ү.Қорытынды: 
Нені білдік, нені игердік? рефлексия
VІ. Бағалау. Әр тапсырма барысында топтар смайликтер арқылы өз көңіл-күйлерін бір-біріне 
білдіреді.сурет дәптеріне орындалған жұмыстары қабырғаға ілініп галереяға саяхат жасалады.топтар 
бір-біріне стикер арқылы екі жұлдыз,бір ұсыныстарын жазып жұмыстарына жабыстырады.
Жұптық бағалау өлшемі тақтада көрсетіледі
а) бейнелеу құралдарының сабаққа дайындығы 
ә) мазмұнды болуы
б) бояудың айқындылығы
жоғары балл-2


орташа балл-1
төменгі балл-0
жалпы ұпай санының жиынтығы 
арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.
Мұғалім бағдаршам түстері арқылы бағалап отырады
Үйге тапсырма: «Менің сүйікті өнерім» тақырыбында сурет салып келу
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Сырдария ауданы, №37 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Калыбаева Кенжегуль Абилкаримовна 
Бастауыш сыныпта және мектепалды даярлық тобында
 ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану әдіс-тәсілдері
Бастауыш   сыныпта   және   мектепалды   даярлық   тобында   ақпараттық   –   коммуникациялық
технологияны қолданудағы мақсатымыз оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру болып
табылады. Оқушыларда  танымдық қызығушылықтың болуы – олардың сабақта белсенді , білімінің
сапалы   болуына,   оқуға   жағымды   түрткісін   қалыптастыруға,   оқу   үрдісінің   тиімділігін   арттыруға,
белсенді өміршең позицияны ұстануға мүмкіндік береді. 
В. Б. Бондаревский танымдық қызығушылықты қалыптастырудың өзегі ретінде оқушы меңгеретін
оқу   материалының   мазмұнын;   оқу   іс-әрекетінің   жан-жақты   үдерісін   және   оқу   үдерісіне
қатысушылардың   өзара   қарым-қатынасын   қарастырады.   Бұл   анықтамада   негізінде   танымдық
қызығушылық-   оқушының   іс-   әрекетінде   жүзеге   асырылатын   және   «бірте-бірте   бекіне   отырып,
адамның тұлға ретінде қалыптастыратын тұрақты қасиетіне айналады» деп түйіндейміз.
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқыту үдерісінің барлық кезеңдерінде, атап айтқанда,
жаңа тақырыпты түсіндіруде, алынған білімді бекітуде, қайталауда, білім, білік дағдысын бақылау
барысында   қолдануға   болатындығын   көріп   отырмыз.   Яғни,   ақпараттық-коммуникацялық
технологияның құралдарын интерактивті деп атайды, себебі ол оқытушы мен оқушының іс-әрекетіне
араласып, онымен сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Атап айтатын болсам, тәжірибем көрсеткендей: 

Оқу үдерісінде қолдану барысында:

Оқыту құралы;

Көрнекілік құрал;

Дидактикалық құрал;

Білім нәтижесін диагностикалау және бақылау құралы;

Жұмыс жасау барысында :

Тестті дайындау және оны сақтау құралы,

Графикалық ақпараттарды өңдеу құралы

Пікірді дайындау құралы;

Есептеу құралы;
     Аталған қызметтермен қатар оны қолдану барысында келесі проблемалар
туындайды:
     -Елді мекендерде оқытушылар мен оқушылардың үйлерінде компьютер жоқ;
    - Оқытушының компьютерлік сауаттылығы төмен;
    - Оқытушылардың сабаққа дайындалу уақыты жеткіліксіз;
    - Компьютерлік сыныпта жұмыс жасау үшін, сыныпты екі топқа бөлу керек болады;
    - Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау уақытының шектеулі болуы;
    - Бастауыш сыныпқа арналған электрондық оқулықтардың аздығы;
    - Ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын қолданып сабақ өтуден оқытушы тек қана
көрнекі иллюстративті әдіске көшіп алады;
     Тәжірибем көрсетіп отырғандай, туындаған проблемалық мәселелерді шешу барысында бастауыш
мектептің білім беру үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолданудың
тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтсем: 
12.
Мультимедиялық сабақ өту әдісі. ( сыныбымызда бір компьютер және интерактивтік тақта)
Бұл жерде оқушылар ақпаратты тек қана қабылдаушы ғана емес, сонымен қатар оны өңдеп , жеткізу
әрекеттерін орындайды. Бұл жағдайда оқытушының мақсаты   оқушыларда қажетті ақпаратты табу,


жүктеу 6,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау