Оқыту теориясында да оқушыларды рөлдерге бөлу әрбір іс-әрекеттерді мұқият жауапкершілігіне алу
керек.
Мен әрбір сабағымнан ерекше әсермен қайтамын, себебі тың жаңалықтар,түрлі әдіс-тәсілдер маған
екінші тынысымды ашқандай болды. Осы қарқынмен тоқтап қалмай әлі де болса үйреніп, барынша
ыждағаттылықпен оқу қазіргі таңда менің басты мақсатым болмақ.
1.Оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер,
Қалай оқу керектігін үйретер.
Александер дайындаған бес үлгі,
Диалогтік оқытуға жетелер.
Топтық, дебат, зерттеуші әңгіме,
Топтық, жұптық жұмыстарда көрінер.
Жақын ара дамуының аймағы,
Оқушылар бір арнаға бірігер.
2.Сыни ойлап, талқылау мен талдауды,
Үйренеді тереңінен ойлауды.
Ашық, қалың сұрақтарды жауабы,
Әжем айтқан жұмбағына ұқсады.
Дьюи менен Шонның айтсам еңбегін,
Зияткерлік идеясын дамытты.
Педагогтың проблемасын анықтап,
Ұлы ғалым екендігін танытты
3.Оқыту мен оқуды дәл бағалау,
Әр жұмыстың нәтижесін саралу.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс берілсе,
Топ ішінде болмас дер ем үлкен дау.
4.Мұғалімдік даярлықтың сапасы,
Теория мен тәжірибенің аясы.
Технология білімдерін жинақтап,
Ұстаздардың көпке жетер шамасы.
5.Дарынды мен таланттыны оқыту,
Бар баланы қабілетті деп ұғу.
Фриманның өлшемдерін негіздеп,
Дарындылық қасиетін дамыту
6. Қабілетін тұлғаның зерттеген,
Мантессори, Пиагет, Пиажемен.
Жасына ерекшелік лайықты,
Тапсырмалар түрлерін әзірлегем.
7. Көш бастауға ұмтылардай шамасы,
Болса егер оптимист көзқарасы.
Білімімен төгіп тұрған шуағын,
Ол ұстазға кімнің болар таласы.
Әр күнімді қуанышпен қарсы алам,
Әр күніме шүкіршілік деп айтам.
Сындарлыны сіңірген бір санаға,
Ұстазыма алғысымды және айтам.
Әріптестер,шаршамаңдар,шалдықпа,
Кеудеңізді мақтанышпен тік ұста.
Біз таңдаған ұлы ұстаз тұлғасы,
Ешкім бізге тең келетін болмасын!
----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Айтанова Парасат Шайзадақызы-
Қызылорда облысы Сырдария ауданы №35 И.Тоқтыбаев атындағы
мектеп – лицейінің ІІІ деңгейлі информатика пәні мұғалімі
Қысқа мерзімдік жоспары
Информатика
6 сынып
Сабақ тақырыбы:
Пернетақта
Жалпы мақсат:
Енгізу құрылғыларының бірі пернетақтамен жете танысады, оның
бөліктерін қалай қолдану жөніндегі білімдері кеңейеді.
Сілтеме:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
2. Информатиканы оқыту әдістемесі
3. Интернет желілері
Оқушылар үшін
оқу нәтижелері:
Өткен сабақта алған білімдерін бүгінгі сабақпен байланыстыра отырып,
жұмыс жасай алады.
Пернетақта функцияларын ажыратады.
Сабақта
қолданылатын
материалдар:
18. Плакат, стикер, маркер
19. Интернет, оқулық, проектор
20. Электрондық оқулық
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға
психологиялық ахуал
туғызу
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Сергіту жаттығуы
(2 минут)
«Қызыл өрік»
Жұппен бірге орындау
ІІ. Үй тапсырмасын
сұрау (5 мин)
Үй тапсырмасын тексеру
бағытында мына ақпарат
мұхитындағы кемеге отырып,
әлемге саяхатқа аттанамыз. Саяхат
кезінде біз бір керемет қазынаны
іздеу жұмысын жүргіземіз, ол үшін
мұндағы әр материкке тоқталып,
ондағы тапсырмаларды
орындаймыз. Осы тапсырма
орындау барысында біздің іздеген
қазынамызда табылып қалар. Әзір
болсақ, алға, балалар!
Ұзақ сапарымызда:
Бірінші аялдамамыз – Австралия
материгі.
Сұрақ: Компьютердің ең басты
бөлігі, миы, жүрегі?
Сыйлық: Информатика оқулығы.
Екінші аялдамамыз-Африка
материгі.
Сұрақ: Бұл құрылғы арқылы
интернетке шығуға болады?
Сыйлық: Жүйелік блок.
Үшінші аялдамамыз – Оңтүстік
Америка материгі.
Сұрақ: Монитордың қызметі мен
негізгі сипаттамаларын айтып
беріңіз?
Сыйлық – Монитор
Төртінші аялдамамыз –
Солтүстік Америка материгі.
Сұрақ: Компьютердің қосу, өшіру,
қайта жүктеу батырмалары қай
Әр аялдамаға келгенде
сұрақтарға жауап береді.
құрылғыда орналасқан?
Сыйлық: Тышқан тетігі.
Бесінші аялдамамыз – Еуразия
материгі.
Біздің осы ұзақ сапарымызда
іздеген қазынамызды өз өлкемізден,
кең байтақ Қазақстан жерінен
таптық. Енді балалар, мына
сандығымызды ашып, ішіндегі
қазынаны тамашалайық. Алтын
тиындар арасынан біз
пернетақтаны таптық.
Сабағымыздың тақырыбы:
Пернетақта
Топқа бөлу
(2 минут
Қазақша, орысша, ағылшынша
сөздер беріледі.
3 топқа бөлінеді (қазақша,
орысша, ағылшынша терминдер
бойынша)
ІІІ. Жаңа тақырып
1-тапсырма
Пернетақта туралы видео
көрсету.
Тапсырмалар беру:
1.
Символдық пернелер
2.
Цифрлық пернелер және
функционалдық пернелер
3.
Нұсқаушы пернелер
1.Осы тақырып бойынша
кітаптан, интернеттен іздеу
арқылы тақырыпты оқиды.
2.Тақырыпты қорғау.
3.Екі жұлдыз, бір ұсыныс
Сергіту (2 минут)
Қол саусақтарына арналған
жаттығулар
Алақанды уқалау.
Қолды қысу
Білезіктен айналдыру
Көзге арналған жаттығулар.
Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-
4 рет айналым жаса. Соншалықты
айналым солға қарай жаса.
Барлығы бірге жасайды.
2 – тапсырма
(5 минут)
Жеке жұмыс.
Арнайы пернелердің қызмет
кестесін толтыру
Берілген кестені толтырады.
3-тапсырма
Жұптық жұмыс. «Жұмбақтар
әлемі»
1. Пернетақта ауылында
тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана “F”(эф) әрпінен
басталады.
(функционалдық пернелер)
2.Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап
тұрады
(меңзер)
3.Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек.
(монитор)
Берілген жұмбақтардың шешімін
тауып, компьютермен жұмыс
жасау
Достарыңызбен бөлісу: |