Информационное письмо


-апта №15 дәрістің тақырыбы



жүктеу 11,34 Mb.
бет74/137
Дата04.01.2022
өлшемі11,34 Mb.
#36222
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137
МОӘ СИЛЛАБУС М3 курс

8-апта

15 дәрістің тақырыбы Математиканы дифференциалдап оқыту әдісі



Сағат саны: 1

Мақсаты: Математиканы дифференциалдап оқыту әдісінен мағлұмат беру.

Жоспары:

  1. Оқушылардың даму деңгейлері.

  2. Әрбір сыныпты типологиялық топтар.

  3. Әрбір деңгей бойынша жүргізілетін жұмыстар.

Әрбір сыныпта математика пәніне әртүрлі көңілмен қарайтын және даму деңгейлері жағынан әртүрлі  оқушылар оқиды. Ақыл қабілеті дамуы  жағынан құрбыларынан артта қалатын, сабақты зейін салып тыңдайтын, сабақтан көп қалатын және оқу  материалын тез-ақ қабылдайтын балалар бар. Математика оқушылардың көбісіне мектепті бітіру үшін керек, сондықтан олар математикаға аса көңіл бөлмейді, тек міндетті «стандарт» деңгеймен шектеледі. Басқа оқушылар өз бейімділігі мен қабілетіне сай стандарт деңгейінен жоғарырақ нәтижелерге жетеді. Сондықтан, мен әртүрлі деңгейлі тапсырмалар еңгізу арқылы математиканы дифференциалап оқыту әдісін қолдану мәселесін көздедім.

Оқушылардың сабақтағы  дифференциялық жұмыс түрі дифференциялық тапсырмалар бойынша өз бетімен  жұмыс істеуі болып табылады. Дифференциялық тапсырмалар – бұл оқушылардың белгілі бір типологиялық тобының ерекшеліктерін ескеріліп құрастырылған тапсырмалар. Әрбір сыныпты төрт типологиялық топқа бөлуге болады:

1-ші топ – бағдарламадан  асырып оқитын оқушылар;

2-ші топ – білімі мен дағдысы жақсы деңгейдегі оқушылар;

3-ші топ – білімі  мен дағдысы минималды деңгейдегі  оқушылар;

4-ші топ – минимум  деңгейге жетпеген оқушылар.

Типологиялық топтарды бақылай отырып, келесі қорытынды  жасадым:

Әрбір топтағы оқушылар саны өзгеруі мүмкін. Оқушы 1-ші топтан 2-ші немесе 3-ші, тіпті 4-ші топқа ауысуы мүмкін. Осындай ауысудың көптеген объективті және субъективті себептері бар. Кері жылжуы да мүмкін, мысалы оқушы 4-ші топтан 3-ші немесе 2-ші топқа өтуі мүмкін, бірақ бұл аз кездесетін жағдай.

Әрбір типологиялық топ  үшін оқушылар өз білімін және дағдысын көрсетей алатын арнайы тапсырмалар  дайындалады. Дифференциалап оқыту  әдісі сабақтың белгілі бір кезеңдерінде қолданылады. Жаңа материалды өткенде, сынып топтарға бөлінбей бірдей тапсырмалар орындайды, ал кейінгі нығайту сабақтарында оқушылар дифференциялық тапсырмаларды орындайды.

Математиканы дифференциалап оқыту әдісі көмегімен келесі мақсаттар жүзеге асырылады:

Бірінші және екінші топтардың  оқушыларымен:

– Білімді арттыру  және тереңдету, күрделі С деңгейлі есептерді шығару дағдысын қалыптастыру.

– Оқылатын пәнге қызығушылықты  арттыру және математиканың өміріміздегі, ғылымдағы, техникадағы ролі туралы түсініктерін тереңдету.

– Оқу және ғылыми-көпшілік әдебиетімен өз бетімен жұмыс  істеу.

– Оқушылардың білімін  және дағдысын аса жоғары деңгейге жеткізу.

Үшінші топтың оқушыларымен:

– Жаңа тақырыпты меңгеру  үшін барлық тиісті жағдай жасау: қайталау, олқылықтарды жою, актуалдандыру.

– Оқылатын пәнге қызығушылықты  арттыру және дамыту.

– В деңгейлі есептерді өз бетімен шешу және сабақта жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

– Оқушылардың білімін  және дағдысын жақсы деңгейге жеткізу.

Төртінші топтың оқушыларымен:

– Оқушылардың білімі және дағдысындағы олқылықтарды жою.

– Ойын элементтерін, қызықты және логикалық есептерді колданып, математикаға қызығушылықты тудыру.

– А және В деңгейлі есептерді өз бетімен үлгі бойынша  шешу дағдысын қалыптастыру.

– Оқушылардың білімін  және дағдысын минималды деңгейге жеткізу.

8 сыныпқа арналған  әртүрлі деңгейлі тапсырмалар

Тақырыбы: Квадрат теңсіздіктерді графикалық әдіспен шешу

Сыныптың құрамы: 2-ші және 3-ші типологиялық топтар басым 

Инструкция. Оқушыларға таңдау мүмкіндігі беріледі, яғни тапсырманы орындау барысында оқушы өз бейімділігі  мен қабілетіне сай деңгейді және есепті таңдап шығара алады. Тек бір сабақта шығарылған есептер саны бестен кем болмауы керек.

А деңгейлі есептер:

1) Квадрат теңсіздіктерді  теріп жаз, түсіндір:

а) x2 -4 >0 , ә)3x+4>0, б) x2 – 1 ≤0, в) x4 - –2 + 9<0, г) x2 – 7x3>0 д) 6x – 5x2+1>0

2) Теңсіздікті квадрат  теңсіздіктің жалпы түріне келтір:

а) x2<3x+4, ә)3x2

а) x2 +3x+2 >0, б) x2+x+2≤0 В деңгейлі есептер: 1) Теңсіздіктерді шеш

а) - –х2 + 3х + 9 < 0; ә) 4х2 - –х + 1 0; б) 2х2 - – + 4 >0; в) -х–+ 3х - – 0.

2) Теңсіздікті квадрат теңсіздіктің  жалпы түріне келтір және шеш: 

а) x2<3x+4, ә)3x2

Теңсіздіктерді шеш 

1) x(3x - –) – x2-16< x(x-2) + 2x2 – 11x

2) (4x - –)2+ (3x - –)2 < (5x+1)2 +5x2 +4x – 123.
16 дәрістің тақырыбы Математиканы оқытудағы  модульдік технологияның маңызы


жүктеу 11,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау