6.тематиканы оқытудың қоғамтанумен байланысы. Бұл байланыс негізінен ұғымдық байланыстарға негізделген. Қоғамтану сабақтарында табиғат құбылыстарының даму заңдылықтарын оқытып үйрету оқушылардың математикадан, физикадан, химиядан, биологиядан және т. б. алған білімдеріне сүйенеді. Диалектика заңдарын оқыту кезінде «қосу», «азайту», «логарифмдеу», «потенцирлеу», «интегралдау», «дифференциалдау» және т. б. математикалық амалдар нақты мысал бола алады. Математикалық формулалар табиғат құбылыстарының өзара байланысын сипаттайтын ерекше формасы екеніне баса назар аударған жөн.
Қоғамтану материалдарын жете түсіндіру үшін математика сабақтарында оқушылардың диалектикалық ойлауын дамыту мен диалектика категорияларының математикадағы көрінісін түсіндірудің маңызы ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |