«ПЛАТОН»
Халықаралық дамыту орталығы
|
|
Международный центр развития «ПЛАТОН»
|
Ақтөбе қаласы,
Арынов көшесі, 1-үй, 4-корпус
тел: 8 775 7510843, 8 771 108 03 78
е-mail: platon-center@mail.ru
|
город Актобе
ул Арынова 1, корпус 4
тел: 8 775 751 08 43, 8 771 108 03 78
е-mail: platon-center@mail.ru
|
«____»_______________2016 жыл.
|
№____
|
2016г. «____» ___________________
|
БЕКІТЕМІН
«ПЛАТОН» ХДО директоры
___________________ Г.А.Куанышева 08 қаңтар 2016ж.
Республикалық «Үздік ашық сабақ» байқауының ЕРЕЖЕСІ
«Үздік ашық сабақ» байқауының ұйымдастырушысы - «ПЛАТОН» Халықаралық дамыту орталығы. Байқау мұғалімдердің тың ізденістерін, жаңа технологиялар мен практикалық дағдыларын күнделікті сабақта қолданысқа енгізу жолдарын бақылай отырып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып отыр.
1. Байқауды өткізу номинациялары:
1.1 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 1.2. Бастауыш білім беру 1.3. Негізгі және жалпы орта білім беру 1.4. Арнаулы орта білім беру 1.5. Арнаулы орта кәсіптік білім беру 1.6. Жоғары білім беру 1.7. Балаларға қосымша білім беру
Байқау мақсаттары:
Жанашыл мұғалімдерді анықтау және олардың жұмысын насихаттау, білім сапасын жетілдіре түсу, мұғалім тәжірибесін жинақтау және бөлісу;
Жалпы білім беру ұйымдары мұғалімдерінің білім беру жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесін көпшілікке жария ету.
Байқау міндеттері:
Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жоғарылатуға, кәсіби шеберлігін арттыруға көмектесу;
Дарынды, шығармашылық ізденіс үстіндегі пән мұғалімдерін анықтау.
Байқауға қатысушылар:
Байқауға Қазақстан Республикасындағы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатыса алады.
Байқау шарттары:
Байқауға қатысу үшін Байқау шарттарымен танысыңыз;
Жаңа технологияларды, АҚТ-ны пайдалана отырып сабақ өткізіп, сабақтың қысқартылған нұсқасының видео фильмін, сабақ жоспарының конспектісінің толық және слайд түріндегі нұсқасын электронды түрде жолдаңыз;
Әр қатысушыдан тек қана бір жұмыс қабылданады, екі немесе одан коп жұмыс жіберген жағдайда әрқайсысына бөлек төлем төленеді;
Байқау жұмыстарын және өзіңіз жайлы ақпаратты (аты-жөні, тұрғылықты жері, жұмыс орны, пәні, ашық сабақ тақырыбы, жұмыс өтілі, телефоны, электрондық поштасы) platon-center@mail.ru электронды поштаға сілтеме арқылы жіберіңіз.
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
Видеофильм форматында (ұзақтығы — 7-10 минут) ұсынылған жұмыста сабақтың тақырыбы, пән атауы, сыныбы және мақсаттары көрсетілуі керек және жаңа материалды түсіндіру барысындағы жаңа технология мен түрлі әдіс-тәсілдер (сұрақтар, жаттығу түрлері, диаграммалармен жұмыс, сызбалар т.с.с.) қолданылған сабақ үлгісі болуы керек;
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 8 (7132) 73-65-73, 8 7132 77 84 08; 8 (775) 751 08 43, 8(771)108 03 78
Байқауды өткізу мерзімі және жеңімпаздарды анықтау:
Байқауда 2015 жылдың 11 қаңтар мен 11 наурыз аралығында жіберілген жұмыстар қарастырылады. (11 наурыз — байқау жұмыстарын қабылдаудың соңғы күні).
Байқау нәтижелері:
Байқау нәтижесін шығару жұмыстарын қазылар алқасы 2015 жылдың 12 наурызынан бастап 19 наурызына дейін жүргізеді.
Марапаттау:
Байқаудың барлық қатысушыларына «ПЛАТОН» Халықаралық дамыту орталығынан СЕРТИФИКАТ электронды түрде беріледі.
Байқау жеңімпаздары Диплом және Кубокпен марапатталады. Жеңіппаздардың сыйлықтары Қазпошта арқылы жіберіледі.
Байқау жұмыстарын бағалау критерийлері:
Байқау жұмыстарын рәсімдеуге қатысты талаптарға сәйкестігі;
Идея бірегейлігі;
Жаңа материалды түсіндіру немесе бекіту барысында ұсынылатын әдіс-тәсілдердің оңтайлылығы, тиімділігі және әртүрлілігі;
Көркемдік және техникалық тұрғыдағы жұмыс сапасының жоғары болуы;
Оқыту барысында және оқушылар білімінің нәтижесіне әсер ету тұрғысынан жаңа технологияларды қолданудың негізділігі және әртүрлілігі.
Байқау жеңімпаздары туралы ақпарат Республикалық «Қазақстан патриоты» журналына жарияланады.
Ұйымдастыру жарнасы 8000 (сегіз мың) теңге. Төлем Казком банкіндегі «Платон» Халықаралық дамыту орталығының есепшотына жіберіледі.
АО «Казкоммерцбанк» ТОО«Международный центр развития Платон». ИИК: KZ32926010119S164000 (тенге) БИК: KZKOKZKX БИН: 151040005469 КБЕ: 17 КНП: 861
Достарыңызбен бөлісу: |