"Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы


Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға



жүктеу 0,56 Mb.
бет3/8
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23138
1   2   3   4   5   6   7   8

11. Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      112. Қақырық жинауды пациенттерге қызмет көрсетумен және оларды емдеумен айналысатын барлық медициналық ұйымдар жүргізеді.

      113. Зертханаға жіберуге арналған қақырықты (бірінші күні – бір сынама, екінші күні – екі сынама) көлемі 50,0 миллилитр (бұдан әрі – мл), диаметрі 35 мм кең мойынды, жиналған материалдың көлемін және сапасын бақылауға болатын мөлдір герметикалық бұралатын қақпағы бар арнайы шыны контейнерлерге немесе бір рет пайдаланылатын контейнерлерге жинайды. Таңбалауды пациенттің тегін, атын және әкесінің атын және үлгінің нөмірін көрсете отырып, тек контейнердің бүйір бетінде жүргізеді. № 907 бұйрықпен бекітілген ТБ-05 нысанын қақырықтың (диагностикалау мақсатында) үш немесе (химия терапияны бақылау мақсатында) екі үлгісін толтырады.

      114. Қақырығы бар контейнерлерді зертханаға тасымалдау үшін таңбаланған металл бикске орнатады. Қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін тоңазытқышта сақтауға жол беріледі. Бактериологиялық зерттеу жүргізуге жиналған қақырық бір тәулік ішінде зертханаға жеткізіледі онда тоңазытқышта 3 күннен асырмай сақталады.

      115. Қақырық салынған контейнерлер қаптамалады. Бикстар тасымалдаған кезде күн сәулесі түсуінен қорғалған салқын жерде сақтайды.

      116. Қақырықты тасымалдауды медициналық қызметкердің еріп жүруімен медициналық ұйымының көлігімен жүзеге асырады. Зертханалық зерттеуге жолдама бланкілері материалы бар контейнерлерден бөлек тұрады. Термоконтейнерлерге пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер келтірілетін ілеспе хат қоса ұсынылады. Қораптағы контейнерлердің саны тізімдегі тектердің санына сәйкес келеді. Әрбір контейнердегі сәйкестендіру нөмірі тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес келеді.

      117. Ілеспе тізімде жолдану күні мен медициналық ұйымның атауы көрсетіледі.

      118. Зертханаға қақырықтың үлгілерін қабылдау кезінде:

      1) жеткізілген бикстің ағу белгілерінің бар-жоғын тексереді;

      2) бикстің сыртқы бетін дезинфекциялайды;

      3) жарық немесе зақымдануы бар контейнерлерді абайлап ашады және тексереді;

      4) бикстің ішкі бетін дезинфекциялайды.

      119. Зақымданған контейнерлерде, қақырықтың жеткіліксіз мөлшері болған жағдайда (3-5 мл) және тасымалдау бұзылғанда үлгілер зерттеу үшін алынбайды.

      120. Қақырық жинау кабинетіндегі тікелей қақырық жинау үшін пайдаланылатын үй-жайдың бір бөлігі жуу және дезинфекциялау құралдарына төзімді материалдан жасалған толық биіктігінің бойымен қалқамен бөлінеді. Қақырық жинау бөлмесі бактерицидті экрандалған сәулелегіштермен, ингалятормен, антисептикалық сабынмен және антисептик ерітіндісімен дозаторы бар қол жууға арналған раковинамен, дезинфекциялық ерітіндісі бар сыйымдылықтармен, таза контейнерлер мен қақырығы бар контейнерлерге арналған сыйымдылықтармен жарақтандырылады, ауа алмасу жиілігі сағатына кемінде 6-12 көлем болатын жергілікті желдету жүйесімен жабдықталады.

      121. Бактериоскопиялық зертханаларда үш секция болады:

      1) биологиялық ішке сору шкафында жағындыларды дайындауға және бояуға арналған екі бөлікке бөлінген үстелі бар жағындыларды дайындауға және бояуға арналған;

      2) микроскопияға арналған;

      3) препараттарды тіркеуге және сақтауға арналған.

      122. Туберкулезге қарсы ұйымдардың персоналы жұқтыру қаупі жоғары жерлерде қорғау дәрежесі жоғары респираторларды (кемінде 94,0 пайыз (%) қолданады. Респираторлар көп рет пайдаланылады. Бетке тығыз, жабыспайтын, сүзгіші бұзылған, қан немесе биологиялық сұйықтықтармен ластанған респиторды пайдалануға жол берілмейді.

12. Халықты туберкулезге қарсы жоспарлы


иммундауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      123. Балаларға профилактикалықегулерді ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімімен жүргізеді.

      124. Профилактикалық егуді жүргізуге ерікті ақпараттандырылған келісім немесе бас тарту жазбаша түрде Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес анықтаған тәртіппен ресімделеді.

      125. Балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымның басшылары профилактикалық егулерді жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді, қамту толықтығын, нақтылығын есепке ала отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар туралы есептерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне уақтылы беруді қамтамасыз етеді. Әдістемелік басшылықты ТҚҰ-ның мамандары жүзеге асырады.

      126. Туберкулезге қарсы профилактикалық егулердің жиынтық жоспары және медициналық ұйымдарға иммундық-биологиялық препараттардың қажеттілігі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісіледі.

      127. Профилактикалық егулер жоспарын ведомстволық тиесілігіне және меншік нысанына қарамастан тұрғылықты жері бойынша перзентханалар (бөлімшелер) және медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының егу жұмысын жүргізуге жауапты медицина қызметкерлері жасайды.

      128. Балаларды есепке алуды, егу картотекасын ұйымдастыру мен жүргізуді, профилактикалық егулер жоспарын қалыптастыруды балаларға қызмет көрсететін медициналық ұйымдар жүзеге асырады.

      129. Балаларды есепке алу жылына екі рет (көктем, күз) жүргізіледі. Мекенжайы бойынша тұратын және тіркелген, іс жүзінде осы мекенжайы бойынша тұратын, бірақ тіркелмеген 15 жасқа (14 жас 11 ай, 29 күндік) дейінгі балаларды санаққа қосады. Өткізілген санақтың негізінде педиатрлық учаскелер (үй бойынша санақ) және туған жылдары бойынша балалардың санақ журналын ресімдейді. Санақтар арасында жаңа туған нәрестелер, жаңадан келген және кеткен балаларды есептен алып тастау туралы мәліметтерді енгізу жолымен балаларды есепке алуды түзетеді. Бір жылға дейін уақытша кету есептен алып тастауға негіз болып табылмайды.

      130. Ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан, білім беру ұйымдарына, балалар үйіне, интернаттарға баратын балаларды есепке алуды жылына бір рет жүргізеді. Ұйымдарға баратын балалар туралы мәліметтерді ұйымның орналасқан орны бойынша МСАК ұйымына береді.

      131. Туберкулезге қарсы иммундауды жүргізу үшін иммундаудың басқада түрлері, сондай-ақ туберкулиндиагностика жүргізілмейтін аптаның арнайы күнін белгілейді.

      132. Туберкулезге қарсы ревакцинацияны дәрігердің (фельдшердің) медициналық тексеруінен кейін Манту сынамасының теріс нәтижесі бар декреттелген жастағы (6-7 жас) балаларға қатаң түрде жүргізеді.

      133. Медициналық ұйымдарда егу жүргізу үшін Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес анықталған тәртіппен қажетті жабдықтармен жарақтандырылған арнайы егу кабинеттерін бөледі.

      134. Білім беру ұйымдарына, мектеп-интернаттарға, колледждерге, лицейлерге баратын, балалар үйіндегі, сәбилер үйіндегі балаларға егулерді осы ұйымдардағы арнайы жабдықталған егу кабинеттерінде жүргізеді.

      135. Иммундауды және туберкулиндиагностиканы жүзеге асыратын медицина қызметкерлері, жіті респираторлық аурулармен, ангинамен ауыратын, қолында жарақаты бар, терісі және шырышты қабатында іріңді жарақаттардың жайылуына қарамастан, осындай жарақаттары бар науқастар туберкулезге қарсы егу жүргізуден шеттетіледі.

      135-1. "Акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері жүкті әйелдермен туберкулезге қарсы профилактикалық егу жүргізудің маңыздылығы туралы түсіндіру жұмысын жүргізеді.

      Ескерту. Қағида 135-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      136. БЦЖ-вакцинасын және туберкулинді сақтау, тасымалдау және пайдалануды вакцинаға нұсқаулықтар және медициналық иммундық-биологиялық препараттарды тасымалдау және сақтау жағдайына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

      137. Туберкулезге қарсы вакцинациялауды, Манту сынамасын қоюды бір рет қолданылатын өздігінен бұзылатын (өздігінен блокталатын) шприцтермен жүргізеді.

      138. Перзентханада нәрестенің анасының болуымен және жазбаша келісімімен вакцинацияланбаудың салдары және мүмкін болатын реакциялар мен иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер туралы түсіндіргеннен соң, туғаннан кейінгі алғашқы төрт күн ішінде егу кабинетінде жаңа туған нәрестелерге вакцинация Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес анықталған тәртіппен жүргізіледі.

      139. Профилактикалық егу жүргізудің алдында дәрігер жаңа туған нәрестені қарайды, вакцинациялауға қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда, жаңа туған нәрестенің медициналық құжатында егу жүргізуге рұқсатты ресімдейді. Жаңа туған нәрестелерді вакцинациялауды егу жүргізуге рұқсаты бар егу кабинетінің мейірбикесі жүргізеді. Перзентханадан шығарылар кезде анасына перзентханада алған егулер туралы жазбасы бар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 8 маусымдағы № 420 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6325 болып тіркелген) бекітілген баланың Егу паспорты беріледі.

      140. Перзентханада туберкулезге қарсы вакцинациялау жүргізілмеген балалар МСАК-та вакцинацияланады, бұл ретте екі айға толғанға дейін вакцинацияны алдын ала туберкулин диагностикасыз, ал екі айдан кейін Манту сынамасы теріс болған кезде жүргізеді.

      141. БЦЖ вакцинасы егілмеген жаңа туған нәрестелер ата-анасымен бірге тұратын адамдардың барлығы туберкулез ауруына тексерілгеннен кейін МСАК ұйымы берген анықтамаға сәйкес перзентханадан шығарылады.

      142. Анасында босанар алдында өкпе туберкулезі анықталған кезде жаңа туған нәресте (мүмкін болса сәбидің жолдасы/плацента да) туа біткен туберкулезге тексеріледі.

      143. Вакцинация жасалған және перзентханадан шығысымен бактерия бөлушімен қарым-қатынас жағдайына түсетін балалар жаңа туған нәрестелерді күту бөлімшелерінде немесе сәбилер үйінде кем дегенде екі ай бойы оқшауланады (туберкулезге шалдыққан науқасты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда).

      144. Егер сәбидің анасы туберкулездің белсенді түріне шалдыққан болса, нәрестені үш ай бойы химиялық профилактика жүргізу үшін оқшаулайды, содан кейін Манту сынамасы теріс нәтижелі болса, БЦЖ вакцинасы егіліп, иммунитет түзілгенге дейін тағы 2 ай бойы сәби анасынан оқшауланады.

      145. Мыналар:

      1) 6-7 жастағы (1-сынып) Манту сынамасының теріс нәтижесі бар, ауру жұқтырмаған сау балалар;

      2) Мантудың теріс қайталама сынамасынан кейін үш айдан соң Манту сынамасының күмәнді реакциясы бар адамдар БЦЖ-мен ревакцинациялауға жатады;

      3) Манту сынамасы мен БЦЖ ревакцинациясының арасындағы аралық кемінде күнтізбелік үш күн және екі аптадан аспауы тиіс. Медициналық қарсылықтар болған жағдайда ревакцинациялау қарсы көрсетілімдер алып тасталғаннан кейін жүргізіледі.

      146. Ревакцинацияны оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) 6-7 жас (1-сынып) оқушылары арасында бүкіл республика бойынша бір уақытта мектептерде ұйымдастырылған балалардың дәрігер-фтизиатрымен бірге МСАК ұйымдарының медицина қызметкерлерімен жүргізеді. Осы айда мектепте басқа екпелерді жүргізуге жол берілмейді. Пайдаланылмаған БЦЖ вакциналарының қалдығы Кодектің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес анықтаған тәртіппен жоғары тұрған денсаулық сақтау ұйымына тапсырылады. Перзентханаларда (босандыру бөлімшелерінде) ғана тоңазытқышта плюс 2оС плюс 8оС аралығындағы температурада БЦЖ вакцинасын тұрақты сақтауға жол беріледі.

      147. БЦЖ ревакцинациялауға қарсы көрсетілімдер:

      1) ТМБ-ны жұқтыру немесе бұрын туберкулездің болуы;

      2) оң және күмәнді Манту сынамасы;

      3) БЦЖ вакцинациясы кезіндегі жанама реакциялар;

      4) алғашқы туысқандық дәрежеде адамдарда анықталған БЦЖ-ның генерализацияланған инфекциясы;

      5) АИТВ-инфекциясы;

      6) иммун тапшылығы жағдайы, қатерлі ісіктер;

      7) орталық нерв жүйесінің зақымдануы – неврологиялық симптомды (ауырлығы орта және ауыр дәрежелі) туа біткен жарақат;

      8) субфебрильді температурамен және жалпы жағдайдың бұзылуымен қоса жүретін ауырлығы орта және ауыр ауруларда;

      9) жіті инфекциялық және инфекциялық емес аурулар, жіті созылмалы, оның ішінде аллергиялық асқынулар. Ревакцинацияны сауыққаннан немесе ремиссия кезеңі басталғаннан кейін екі айдан соң жүргізеді;

      10) туберкулезге қарсы вакцинациядан уақытша босатылған адамдарды есепке алады және толық сауыққаннан немесе қарсы көрсетілімі жойылғаннан кейін егеді.

      148. БЦЖ вакцинасы бар ампулаларды ашу алдында мұқият көріп алады.

      Мына жағдайларда препарат пайдаланылмауы тиіс:

      1) ампулада заттаңба болмағанда немесе ол дұрыс толтырылмағанда;

      2) вакцинаның жарамдылық мерзімі аяқталғанда;

      3) ампулада сызат және жырық болғанда;

      4) препараттың физикалық қасиеті өзгергенде (түсін, пішінін және басқасын өзгерту);

      5) вакцинаға нұсқаулықта көрсетілген мерзімде араласқан препаратта бөгде қоспалар немесе бөлінбеген қауыздар болғанда.

      149. Туберкулезге қарсы вакцина еріткішімен араластырылғаннан кейін вакциналардың қалдықтарын кейіннен жоя отырып, тез арада немесе егер бұл вакцинаға нұсқаулықта рұқсат берілетін болса, алты сағат ішінде пайдаланылады.

      150. БЦЖ вакцинасы қатаң түрде нұсқаулықта көрсетілген көлемде сол иықтың үстіңгі және үшінші артқы бетінің ортаңғы шегіне теріішілік егіледі. БЦЖ-ны егу организмнің барлық жағынан жалпы жауапты реакцияның дамуымен бірге жүреді.

      БЦЖ вакцинасын енгізуге реакция былайша көрінеді:

      1) БЦЖ-ны еккеннен кейін артынша 15-20 минуттан кейін сорылатын папула пайда болады;

      2) организмнің барлық жағынан жалпы жауапты реакцияның дамуы. Қалыпты реакция ретінде бағаланатын 15-20 мм дейін аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы түрінде организмнің жалпы реакциясы көрінуі мүмкін, оның кері дамуы өз бетімен бірнеше айдан кейін болады;

      3) жергілікті лимфа түйіндерінің 20 мм және одан артыққа өсуі БЦЖ вакцинасының жаңама реакциясы ретінде саналады, мұндай жағдайда ерекше терапия жүргізіледі.

      4) жергілікті вакцинадан кейінгі егу реакциясының дамуы вакцинацияланған адамдарда төрт-алты аптадан соң ғана басталады, ал ревакцинацияланған адамдарда – бір аптадан соң басталуы мүмкін. Осы кезде вакцина енгізу орнында диаметрі 5-9 мм көлемінде гипермия және инфильтрат (папула) пайда болады. Кейінгі инфильтрат сулы бөртпеге, іріңді бөртпеге ауысады, содан кейін өздігінен түсіп қалатын және тыртықтың қалыптасуы басталатын қабыршақ пайда болады. Реакцияның сипаттамасы норма болып табылады және ешқандай дәрілік заттармен өңдеуді талап етпейді.

      5) БЦЖ вакцинациясының және ревакцинациясының соңғы нәтижесі тыртықтың көлемі бойынша егуден кейін бір жылдан соң бағаланады. Егу техникасы мен вакцинаны сақтау дұрыс болған жағдайда енгізу орнына 95-97 процент (бұдан әрі - %) жағдайда тыртық қалыптасады. Диаметрі 5-8 мм тыртық ең оңтайлы болып есептеледі. Бірқатар жағдайларда БЦЖ вакцинасын енгізген орында апигментті дақ (2-3%) пайда болады;

      Балалардың жергілікті егу реакциясы болмаған жағдайда (тыртықтың болмауы) ескереді және алты айдан кейін Мантудың алдын ала сынамасынсыз (тек бір рет) (вакцианцияға дейін) қайта егеді, Мантудың теріс нәтижесі кезінде бір жылдан кейін егеді.

      Қалыпты реакция сияқты бағаланатын 15-20 мм дейін аймақтық лимфа түйіндерінің ұлғаюы түрінде организмнің жалпы реакциясы көрінуі мүмкін, ал түйін 20 мм асқанда ерекше емдеуге жатады. Лимфадениттердің теріс дамуы 6-9 айдың ішінде байқалады.

      151. Нәресте перзентханада болған кезінде дәрігер (мейірбике) анасына теріішілік вакцинадан кейін төрт-алты аптадан соң нәрестеде жергілікті егу реакциясы дамитынын және пайда болған жағдайда нәрестені учаскелік дәрігер-педиатрға қарату қажет екенін хабарлайды.

      Вакцинацияланған (ревакцинацияланған) балаларға бақылауды МСАК дәрігер-педиатрлары жүргізеді. Сол себепті бір, үш, алты, он екі айдан соң № 907 бұйрықпен бекітілген медициналық құжаттаманың (063е, 026е, 112е) есепке алу нысандарындағы оның сипаттамасы мен көлемін тіркеумен жергілікті екпе егетін реакцияны тексеріп отырады, организмнің вакцинацияға жалпы реакциясын айқындау және аймақтық лимфаденитті уақтылы анықтау мақсатында перифериялық лимфа түйіндерінің реакциясына бақылау жүргізеді.

      152. Сирек кездесетін жағдайларда БЦЖ вакцинасын енгізуге мынадай түрдегі жергілікті жанама реакциялар бақыланады:

      1) аймақтық лимфаденит;

      2) тері астындағы салқын абсцесс;

      3) үстіңгі жара;

      4) тыртық түйін;

      5) сүйек жүйесінің зақымдануы (сүйек қабынуы).

      153. Вакцинацияға жанама реакцияны кешенді клиникалық-рентгендік-зертханалық тексеру нәтижесінде фтизиатрлар белгілейді. Реакцияны анықтағаннан кейін БЦЖ вакцинасын енгізуге анықталған жанама реакциялар туралы медициналық ұйым басшысына хабарлайды және 24 сағат ішнде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне хабарлама жібереді.

      154. Реакцияның сипаттамасы туралы мәліметтер № 907 бұйрықпен бекітілген 063/е, 026/е, 112/е есепке алу нысандарында тіркеледі. Реакциясы бар барлық балаларға бақылау картасы толтырылады.

      155. Жанама реакциясы бар балаларды бір жылдың ішінде диспансерлік есептің III тобында бақылайды.

      156. Баланы есепке алу және есептен шығару кезінде: қанның және зәрдің жалпы талдауы, кеуде қуысы органдарының рентгенографиясы, (есептен шығарған кезде) қосымша Манту сынамасы жүргізіледі.

      157. Туберкулезге және туберкулин диагностикасына (вакцинациялау және БЦЖ қайталап егу) қарсы профилактикалық егуді препараттармен бірге ұсынылған нұсқаулықтарға сәйкес жүргізеді.

      158. АИТВ-инфекциясының және басқа да қарсы көрсетілімнің клиникалық белгісі жоқ болған жағдайда, АИТВ-жұқтырған анадан туған нәрестелерге күнтізбелік мерзімде бір рет теріішілік БЦЖ вакцинасының стандартты дозасын салады.

      159. Күнтізбелік мерзімде егу егілмеген АИТВ-жұқтырған анадан туған нәрестелерге алдын ала Манту сынамасы жасалмай, екі ай ішінде егу жүргізіледі; екі ай өткеннен кейін генерализацияланған БЦЖ-инфекциясының даму тәуекелі себебінен БЦЖ-ны енгізуге жол берілмейді. Нәрестеге он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жасқа жеткенге дейін (АИТВ жұқтыруын растау түпкілікті анықталғанға дейін) вакцинациядан кейінгі дамымаған белгілері бар (тыртығы) балаларға қайталама БЦЖ вакцинациясы жүргізілмейді. Он екі айлық, кейбір жағдайларда он бес-он сегіз айлық жаста АИТВ-инфекциясы жоққа шығарылған жағдайда БЦЖ екпесі Манту сынамасының теріс нәтижесі кезінде жүргізіледі.

      160. АИТВ-жұқтырған балалар мен жасөспірімдерді БЦЖ-мен ревакцинациялау үдемелі иммунитет тапшылығының аясында генерализацияланған БЦЖ инфекциясының даму қаупінен жүргізілмейді.

      161. Егер нәресте АИТВ-жұқтырған анадан туылған болса, бірақ нәрестенің өзі АИТВ-жұқтырылған болып табылмаса, онда БЦЖ-мен ревакцинациялау алдын ала қойылған Манту сынамасының теріс нәтижесінен кейін күнтізбелік мерзімде – алты жаста (1-сынып) жүргізіледі.

      162. Орындалған егу, туберкулин сынамасы туралы мәліметтер (салу күні, препарат атауы, серия нөмірі, дозасы, бақылау нөмірі, жарамдылық мерзімі, енгізуге реакцияның сипаты) егу немесе туберкулин сынамасын жүргізу орны бойынша, сондай-ақ иммунизацияланған адамды (тіркеу орны бойынша медициналық ұйым) медициналық бақылау орны бойынша № 907 бұйрықпен бекітілген 063/е, 026/е, және 112/е есепке алу нысандарына енгізіледі.

      163. Туберкулезге қарсы егуді және Манту сынамасын тіркеу үшін медициналық құжаттаманың есепке алу нысанына мыналар жатады:

      1) профилактикалық егулер картасы, баланың даму тарихы;

      2) баланың медициналық картасы;

      3) егу паспорты.

      164. Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету ауданында тұратын он бес (14 жас 11 ай 29 күн) жасқа дейінгі барлық балаларға, сондай-ақ МСАК ұйымдары қызмет көрсететін ауданда орналасқан білім беру ұйымдарына баратын барлық балаларға профилактикалық егулердің есепке алу нысандары жүргізіледі.

      165. Туберкулезге қарсы иммундаудан кейінгі жергілікті, жалпы реакцияларды және қолайсыз көрсетілімдерді есепке алу медициналық ұйымдар мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінде Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес анықталған тәртіппен жүргізіледі. Иммундауды жүзеге асыратын медициналық ұйымда иммундаудан кейінгі қолайсыз көрсетілімдердің тіркелуі фактісі бойынша туберкулезге қарсы қызмет пен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері мамандарының қатысуымен эпидемиологиялық тексеру жүргізіледі.

13. Туберкулез жағдайларын тіркеу мен есепке алуға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      166. Әрбір алғаш анықталған туберкулез жағдайы тіркелуге және есепке алынуға жатады.

      167. Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасының аумағындағы басқа да адамдар оларда туберкулездің белсенді түрі алғаш анықталған кезде есепке алуға жатқызылады.

      168. Туберкулезбен ауыратын науқастарды есепке алу және тіркеу науқастың тұрақты мекенжайына қарамастан ауру анықталған орны бойынша жүргізіледі.

      169. Барлық шоғырлану түріндегі белсенді туберкулез диагнозы өмірінде алғаш рет қойылған әрбір науқасқа хабарлама - № 907 бұйрықпен бекітілген № 089/е нысаны толтырылады, ол үш күн мерзімде туберкулезге қарсы ұйымға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі. Өліміне себеп болған "белсенді туберкулез" диагнозы өлгеннен кейін қойылған жағдайда диагнозды дәрігер-фтизиатрдың растауы және № 089/е нысаны берілуі қажет.

      170. Бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқас анықталған кезде № 089/е нысанындағы хабарламадан басқа, № 907 бұйрықпен бекітілген № 058/е нысанындағы хабарлама толтырылады, ол жиырма төрт сағат ішінде науқастың тұрғылықты жері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне жіберіледі. № 058/е нысанындағы хабарлама бактерия бөлетін туберкулез жағдайын алғаш диагностикалағанда, туберкулездің белсенді емес түрімен ауыратын науқастарда бактерия бөлу пайда болғанда, тірі кезінде есепте тұрмаған науқастың туберкулезден қайтыс болған жағдайында толтырылады.

      171. Туберкулез бойынша эпидемиологиялық көрсеткіштерді есептеу (сырқаттанушылық, аурушаңдық, өлім-жітім) тұрақты, көшіп-қонатын (ішкі және сыртқы) және түрме тұрғындарын есепке ала отырып, тұрғындардың көрсетілген санаттары бойынша бөлек талдаумен жүргізіледі.

      172. Туберкулезбен ауыратын науқастардың барлық өлім-жітім жағдайы есепке алуға және тіркеуге жатады.

      173. Науқаста алғаш рет ауру анықталған кезде туберкулез диагнозының дұрыстығын бақылауды және дәрігерлік комиссияның қорытындысы негізінде осы жердегі туберкулез ауруының жаңа жағдайын есепке алу және тіркеу қажеттілігі туралы соңғы шешімді қабылдауды туберкулезге қарсы ұйымдар жүзеге асырады.

14. Туберкулездің ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды


ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      174. Туберкулездің ошақтарын жіктеу бактерия бөлу қарқындылығын есепке ала отырып жүргізіледі.

      175. Бактерия бөлу қарқындылығы:

      1) қышқылға төзімді бактериялардың (бұдан әрі – ҚТБ) нақты санынан 1+ -ке дейін бірқалыпты бактерия бөлу;

      2) көлемді бактерия бөлу (2+ -тен 3+-ке дейін) болып бөлінеді.

      176. Туберкулез ошақтарының бірінші эпидемиологиялық тобына:

      1) көлемді бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;

      2) балалар мен жасөспірімдер, жүкті әйелдер, маскүнемдер, нашақорлар бар бірқалыпты бактерия бөлетін науқастар тұратын ошақтар;

      3) санитариялық-гигиеналық жағдайлары қанағаттанарлықсыз, тұрмыс деңгейі төмен ошақтар жатады.

      Екінші эпидемиологиялық топқа ошақта осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында санамаланған факторлар болмаған жағдайда, бірқалыпты бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастар тұратын туберкулез ошақтары жатады.

      Мыналар:

      1) туберкулезбен ауыратын науқастардың бактерия бөлуді, жол жүруді, тұрақты мекенжайын ауыстыруды тоқтатқан сәттен бастап немесе бактерия бөлетін туберкулезбен ауыратын науқастың қайтыс болған сәтінен бастап туберкулездің ошақтары;

      2) ауыл шаруашылығы малдарының туберкулез ауруы анықталған туберкулез ошақтары үшінші эпидемиологиялық топқа жатады.

      Туберкулез ошақтарының үшінші тобының байланыста болған адамдары бір жыл бойы бақылауда болады.

      177. Туберкулез инфекциясының ошағындағы эпидемияға қарсы іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 19 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8339 болып тіркелген) бекітілген Инфекциялық бақылау қағидаларын сақтай отырып, туберкулезбен ауыратын науқасты туберкулезге қарсы препараттармен емдеу және стационарлық жағдайда оқшаулау. Эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтау жағдайлары болып, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерімен келісілген кезде амбулаториялық жағдайларда емдеуге жол беріледі;

      2) науқас анықталған күннен бастап екі апта мерзімде байланыста болған адамдарды алғашқы тексеру (клиникалық - рентгенологиялық, Манту сынамасын қою, көрсеткіш бойынша жағындының микроскопиясы);

      3) байланыста болған адамдарға (балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге) көрсеткіштер бойынша химиялық-профилактика жүргізу;

      4) дезинфекциялауды ұйымдастыру және жүргізу;

      5) науқастар мен олардың отбасы мүшелерін эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимдерді сақтау шараларына, жұқтырудың алдын алуға бағытталған қорғаныш қағидаларына, ағымды дезинфекция жүргізу қағидаларына санитариялық оқытуды қамтиды.

      178. Ошақ науқасты емдеу "Емдеу аяқталды", "Айықтырылды", "Қайтыс болды" деп аяқталған кезде және науқас ошақтан шығарылған кезде эпидемиологиялық есептен алып тасталады.

      179. Байланыста болған адамдар эпидемиологиялық есептен ошақ алып тасталғаннан кейін жыл бойы бақылауда болады. Эпидемиологиялық есептен алыну алдында байланыста болған адамдар міндетті түрде тексеруден өтеді.

      180. Туберкулездің ошақтарында ошақтың эпидемиологиялық тобына сәйкес эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Ошақтарға ТҚҰ-ның және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары бірлесіп:

      1) бірінші эпидемиологиялық топта тоқсанына бір реттен сиретпей;

      2) екінші эпидемиологиялық топта жарты жылда бір реттен сиретпей;

      3) үшінші эпидемиологиялық топта жылына бір реттен сиретпей барады.

      181. Ошақта оның қауіптілігін азайтатын немесе арттыратын жағдайлар өзгерген кезде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары учаскелік фтизиатрмен бірлесіп туберкулез ошағын бірінші эпидемиологиялық топтан екіншісіне ауыстыруды жүзеге асырады.

      182. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің мамандары ТҚҰ-да есепте тұрған бактерия бөлетін науқастардың нақты санымен бактерия бөлетін науқастардың санын ай сайын салыстырып тексереді. Туберкулезге қарсы ұйымдар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне туберкулезбен ауырғаны алғаш рет анықталған науқастар туралы мәліметті ай сайын жолдап отырады және туберкулез бойынша есептілікті салыстырып тексереді.

      183. Туберкулез ошақтарына әрбір барудың нәтижелері эпидемиологиялық тексеру картасына түсіріледі.

      184. Ошақтағы эпидемияға қарсы іс-шаралар алғашқы, ағымды және қорытынды болып бөлінеді.

      185. Алғашқы іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқасты оқшаулауды және оны даярланған қызметкердің тікелей бақылауымен емдеуді, ағымдағы дезинфекция жүргізуді және бақылауды, байланыста болған адамдарды анықтауды және оларды ТҚҰ-ға есепке қоя отырып, тексеруді қамтиды.

      186. Алғашқы күнтізбелік үш күн ішінде науқасты бактерия бөлуші ретінде есепке алғаннан кейін "Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының еспке алу құжаттамасының нысандары мен тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) бекітілген "Тубекулездің бациллалық түрінің ошағын эпидемиологиялық тексеру картасын" (211/е нысаны) толтыра отырып, ошаққа алғашқы эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.

      Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.08.2016 № 389 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      187. Ошақты алғашқы тексерген кезде науқастың және оның отбасы мүшелерінің төлқұжат деректерін, науқастың жұмыс орны мен сипатын, оларды есепке қою үшін байланыста болған адамдардың тізімін нақтылайды. Егер бактерия бөлетін адам соңғы 4 айда басқа жерде тұрған болса, байланыста болған адамдардың тізімі сол мекенжайдағы адамдарды есепке ала отырып нақтыланады. Ошаққа қайта бару халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманының ұйғарымы бойынша жүргізіледі.

      188. Халықтың декреттелген топтарының арасында туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастардың тіркелуінің әрбір жағдайында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы осы ұйымның фтизиатрымен және медицина қызметкерімен және оның басшысымен бірлесіп акті жасай отырып, науқастың жұмыс (оқу) орны бойынша эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Қажет болғанда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басқа да мамандары тартылады.

      189. МСАК және ТҚҰ желісінің медицина қызметкерлері науқасты және отбасы мүшелерін жұқтырудың алдын алуға бағытталған сақтау шараларына оқытады.

      190. Ошақты тексергеннен кейін оны сауықтыру жоспарын құрады, ол:

      1) науқасты уақтылы оқшаулауды және бақылап емдеуді;

      2) көрсетілімдер бойынша балалар мен жасөспірімдерге химиялық профилактика жүргізуді;

      3) тұрмыстың санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсартуды;

      4) байланыста болған адамдарды тексеруді;

      5) науқастар мен байланыста болған ересектерді эпидемияға қарсы және санитариялық-гигиеналық режимді сақтауға, алдымен бөлмелерді желдету, ағымдық дезинфекциялау жүргізуге оқытуды;

      6) бактерия бөлетін адамды және оның отбасы мүшелерін әлеуметтік, психологиялық және ақпараттық қолдауды;

      7) қанағаттанарлықсыз санитариялық-гигиеналық жағдайдағы ошақтар және ошақты сауықтыру үшін қажет етілетін әлеуметтік және материалдық көмек көрсету қажеттігі туралы жергілікті атқарушы билік органдарына хабарлауды қамтиды.

      191. Науқасқа "Туберкулезге қарсы ұйым контингентінің диспансерлік картасы" деген медициналық карта толтырады.

      192. Туберкулезге қарсы ұйымы немесе кабинеттері жоқ ауылдық жерлерде ошақта МСАК медицина қызметкерлері жүргізеді.

      193. МСАК желісінде ұйымдастыру-консультативтік жұмысты облыстық және аудандық туберкулезге қарсы ұйымдардың мамандары тоқсан сайын жүргізеді.

      194. Ошақта ағымды іс-шаралар туберкулезбен ауыратын науқас үйде болғанда жүргізіледі. Бұл іс-шаралар санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық), емдік, ветеринариялық (келісім бойынша) іс-шараларды жүйелі жоспарлы жүргізуді қамтиды.

      195. Ошақта:

      1) ағымдағы дезинфекция;

      2) балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді және АИТВ-инфекциясын жұқтырған адамдарды оқшаулау;

      3) байланыста болғандарды тексеру;

      4) науқасты және оның отбасы мүшелерін гигиеналық тәрбиелеу;

      5) тұрмыстың санитариялық-гигиеналық жағдайын жақсарту;

      6) науқасты амбулаториялық емдеуді және байланыста болған адамдарға химиялық профилактика жүргізу сапасын бақылау жүргізіледі.

      196. Ошақтағы сауықтыру жұмысын ТҚҰ-ның мейірбикесі учаскелік дәрігер фтизиатрдың жетекшілігімен жүргізеді.

      197. Байланыста болған адамдар туберкулезге қарсы ұйымдарда мерзімдік тексеруден өтеді. Мейірбике отбасылық және басқа байланыста болған адамдарға және алдымен балаларға, жасөспірімдерге және жүкті әйелдерге, сондай-ақ туберкулезбен ауырған ауыл шаруашылығы малдарымен байланыста болған адамдарға тексеру жұмыстарын жүргізеді.

      198. Туберкулез инфекциясы ошағында эпидемияға қарсы қорытынды іс-шара ошақты эпидемиологиялық есептен алып тастауды көздейді.

      199. Ошақтарға барған кезде медицина қызметкерлері жұқтыру мүмкіндігіне қарсы сақтандыру шараларын сақтайды (барабар сүзгісі бар тығыз жанасатын респиратор, медициналық халат киеді және жеке гигиенаны сақтайды).

      200. Науқас туралы хабар алғаннан кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірмей, фтизиатр және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары мен ұйымдарының басқа мамандарын тарта отырып, жұмыс (оқу) орнына эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Байланыста болған адамдардың ортасын және ошақ шекарасын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы айқындайды.

      201. Туберкулездің белсенді түрімен ауырған адаммен байланыста болған жұмысшылар, қызметшілер және оқушылар жұмыс (оқу) орны бойынша байланыста болған адамдарға жатады. Барлық байланыста болған адамдарды жұмыс (оқу) орнының орналасуы бойынша МСАК ұйымдарында тексереді.

      202. Тексеру кезінде жұмыс істеушілердің, балалардың және жасөспірімдер құрамының тізімі, алдыңғы және ағымдағы жылдардағы флюорографиялық тексерілу күні нәтижелері нақтыланады, ошақ шегі анықталады және эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шаралар жоспары әзірленеді.

      203. Флюорографиялық тексерудің алдыңғы тексеру сәтінен бастап алты ай өткен байланыста болған адамдарды флюорографиялық тексеру және балаларға туберкулин сынамасын қою эпидкөрсетілімдер бойынша жүргізіледі. Фтизиатр көрсетілімдер бойынша химиялық-профилактикалық емдеуді тағайындайды, ТҚҰ бақылау емдеуі үшін ем-шара парағы және препараттар кәсіпорынның немесе ұйымның медициналық пунктіне береді.

      204. Химиялық профилактиканы, оның әр дозасын қабылдауды МСАК жүйесінің (емхана, медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория, жалпы дәрігерлік практика бөлімшесі), ұйымдастырылған ұжымдардың (иектеп, балабақша, орта оқу орны) және санаторийлік типтегі мекемелердің (санаторийлік балабақша, санаторийлік топ, балалар туберкулез санаторийі), медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүзеге асырады.

      205. Бактерия бөлетін туберкулез инфекциясы ошақтарындағы бір жасқа дейінгі балаларға БЦЖ вакцинациясынан кейін екі ай өткен соң химиялық профилактика жүргізіледі. Химиялық профилактика сонымен қатар 18 жасқа толмаған балаларға жүргізіледі.

      206. Химиялық профилактика хабардар етілген пациенттің (ата-анасының немесе баланың қамқоршысының) жазбаша ерікті келісімі алынғаннан кейін жүргізіледі. Химиялық профилактика туралы деректер амбулаторлық науқастың медициналық картасына (026е нысанды), ТБ-01 туберкулез жағдайының медициналық картасына енгізіледі, "орындалған емдеуді бақылау парағы" күн сайын тіркеленеді.

      207. Химиялық профилактика амбулаторлық жағдайда МСАК жүйесінің медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.

      208. Химиялық профилактиканың жүргізілу ұзақтығын қарсы көрсетілімдерді ескере отырып ТҚҰ айқындайды.

      209. Кешенді клиникалық-рентгенологиялық тексеру нәтижелері бойынша белсенді туберкулез анықталмаған жағдайда ғана АИТВ-инфекциясы бар адамдарға фтизиатр-дәрігер химиялық профилактика тағайындайды.

      АИТВ-инфекциясы бар адамдарда химиялық профилактика МСАК және ЖИТС орталықтарының медицина қызметкерлерінің тікелей бақылауымен жүргізіледі.

      210. КДТ/ДАТ ТБ шалдыққан науқастармен қарым-қатынаста болған туберкулез микобактериялары жұққан балалар мен жасөспiрiмдерге изониазидпен химиялық профилактика жүргізілмейді.

      211. Химиялық профилактиканы ТҚҰ тағайындайды және мониторингілейді.

      212. Білім беру ұйымдарында осы ұйымның медицина қызметкері мен оның басшысының қатысуымен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы мен фтизиатр туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқастардың тіркелген әрбір жағдайына эпидемиологиялық тексеру жүргізеді.

      213. Тексеру кезінде жұмыскерлердің, балалар мен жасөспірімдердің тізімдік құрамын, туберкулинді диагностиканы және өткен және ағымдағы жылдың флюорографиялық тексеру күні мен нәтижелерін нақтылайды, ошақ шекарасын айқындайды және эпидемияға қарсы іс-шаралар жоспарын әзірлейді.

      214. Барлық байланыста болған адамдар туралы мәліметтерді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің бейінді маманы тексеру үшін тұрғылықты жері бойынша МСАК ұйымына және ТҚҰ-ға береді.

      215. Соматикалық, инфекциялық және психоневрологиялық стационарларда емдеуде жатқан науқаста туберкулездің белсенді түрінің диагнозы қойылғанда, эпидемияға қарсы іс-шаралардың алғашқы кешенін осы ұйымның персоналы жүзеге асырады.

      216. Амбулаторлық емдеу ТҚҰ диспансерлік бөлімшелерінде, МСАК ұйымдарында немесе стационарды алмастыратын технологиялар жағдайында жүргізіледі. Амбулаторлық емдеу бактерия бөлмейтін науқастарға жүргізіледі. Тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеу жүргізу тәртібі туберкулезбен ауыратын науқастың ТБ-01 амбулаторлық және медициналық картасында толық көрсетіледі.

      217. ТҚҰ немесе МСАК ұйымына амбулаторлық емдеуге жіберген кезде № 907 бұйрықпен бекітілген ТБ01 немесе IV санатты ТБ01 медициналық картасы жіберіледі.

      218. Туберкулезге қарсы ұйымдар туберкулезбен ауырған науқастарды емдеу кезінде жағынды микроскопиясын және қақырықты өсірінділеп зерттеуді жүргізеді: I санаттағы науқастарды емдеу кезінде 2,3,4-айдан соң; II санаттағы 3,4,5-айдан соң, қарқынды фазадағы IV санат бойынша – ай сайын, демеуші фазасында – тоқсан сайын.

      219. Диспансерлік есепке алу (бұдан әрі - ДЕ) және бақылау мына топтар бойынша жүзеге асырылады:

      1) нөлдік топ (0) – белсенділігі күмәнді туберкулезбен ауыратын адамдар;

      2) бірінші топ (I) – белсенді туберкулезбен ауыратын адамдар;

      3) екінші топ (II) – белсенді емес туберкулезбен ауыратын адамдар;

      4) үшінші топ (III) – туберкулеге шалдығу қаупі жоғары адамдар.

      "0" топтағы адамдарға туберкулезге қарсы препараттарды пайдалануға жол берілмейді. Бақылау мерзімі – 6 ай. Белсенді туберкулез анықталған кезде науқас "I" топқа ауыстырылады. Туберкулин сынамасының инфекциялық этиология сипаты белгілі болған жағдайда бала "III Б" тобына ауыстырлады.

      "I" топта бактерия бөлетін және бактерия бөлмейтін кез келген жайылтпаушылықты туберкулездің белсенді формасымен ауыратындарды бақылайды.

      "II" топта белсенді емес туберкулезді үдерісімен адамдарды емдеу курсын сәтті аяқталғаннан кейін бақылайды.

      "III" топта туберкулезбен аурудың жоғары тәуекелді адамдар бақыланады және келесі топ бөлігіне бөлінеді:

      III А:

      1) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдармен байланыстағылар;

      2) бактерия бөлетіндігіне қарамастан туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдармен байланыстағы;

      3) туберкулезден өлім-жітім болған бұрын белгісіз ошақтардағы балалар мен жасөспірімдер;

      III Б: "туберкулез микобактериясын жұқтырған алғашқы рет анықталған";

      III В: БЦЖ вакцинасын енгізуге жанама реакциясы балалар.

15. Туберкулез ошақтарындағы дезинфекциялауға


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау