Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік әріптестік жөніндегі үш жақты комиссиясы
№ 3 хаттама Жезқазған қ.
2007 жылғы 19 қазан «Қазақмыс» корпорациясының
медицина орталығы
Қазақстан Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңын жүзеге асырудағы проблемалар туралы
Шешім
«Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 8 бабы 2 тармағының және Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 317 бабы 12 тармағының негізінде жұмыс беруші заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінен бастап 10 күн ішінде (мемлекеттік мекемелерден басқа) сақтандыру компаниясымен жауапкершілікті міндетті сақтандыру келісім-шартын жасауға міндетті.
Жұмыс берушілер (облыстық үш жақты комиссия қатысушылары) жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезінде оның зиян келтірілген өмірі мен денсаулығын және мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында міндетті сақтандыру келісім-шартын жасайды.
Облыс кәсіподақтары Федерациясының кәсіподақ мүшелерінің, оның ішінде өндірісте зардап шеккен адамдардың (регрессниктердің) әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу басты міндеттердің бірі деп санай келе, жоғарыда аталған заңды жүзеге асыру барысында бірқатар проблемалар туындағанын атап көрсетеді, оның ішінде:
Заң орындалуын тиісті бақылаудың жоқтығы. Сонымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департаменті тек жоспарлық тексерулерді жүргізу барысында немесе өтініштер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды, жұмыс берушінің орындауын бақылауды жүзеге асыра алады. Жұмыс берушінің жауапкершілікті міндетті сақтандыру субъектілерінің статистикалық есеп беруін жүзеге асыруға тиісті облыстың статистика басқармасы статистикалық есеп беруін сақтандыру келісім-шарттарын жасау туралы мәліметтер есебін ескермегенін хабалайды.
Облыс кәсіпкерлері ассоциациясының міндетті сақтандыру туралы кәсіпкерлердің келісім-шарт жасағаны туралы ақпараты жоқ. Облыс кәсіподақтары Федерациясы атап көрсеткендей, егер ірі кәсіпорындарды жұмыс берушілер сақтандыру компанияларымен жүйелі түрде шарт жасасса, онда шағын ұйымдарда және жеке кәсіпкерлермен жағдай тіпті түсініксіз.
Жұмыс берушілер сақтандыру шарттарын жасау кезінде тұжырымдамалар анықтығы мен бақылау жоқтығының салдарынан ережедегідей сақтандыру үшін ең төменгі тарифті анықтайды.
Жұмыс берушілер сақтандыру төлемін тағайындауда өндірісте зардап шеккен адамға бас тарту жасауға апаратын талап етілетін құжаттарды ресімдеу және Н-1 нысанының актісін өз уақытында толтырмау, сақтандыру оқиғасының болғаны туралы сақтандырушыға өз уақытында хабарламаған жағдайы да (3 күннен артық) болады. Зардап шеккен жұмыскерді сақтандыру төлемісіз қалдыратын сақтандыру туралы келісім-шартты өз уақытында қайта қарамағаны орын алып отыр.
Заңның жекелеген ережелер тұжырымдамасының анық болмауы заң нормаларын жүзеге асыруда бөгет болды, бұл сот органдарында бірқатар талаптар туғызды. «Қорғау» кәсіподағының мәліметтері бойынша 90-ға жуық талап заң жетіспеушілігінен сот органдарында қаралды.
Нақты проблемалар сақтандыру төлемінің тоқтауына ықпал еткен «Валют-транзит» Қаржы компаниясының күйреуі кезеңінде сақтандыру төлемін алушыларда туындады, себебі заң мұндай жағдай туындағанда тараптар әрекетін реттемеген және қарастырмаған.
Сондай-ақ ұжымдық келісім-шартта тараптар өндірісте зардап шеккен жұмыскерлер үшін әлеуметтік қорғаудың қосымша шараларын көздейді. Сонымен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ көмір департаментінде ұжымдық келісім-шарт кәсіби сырқат немесе өндірістік зақым нәтижесінде еңбек жарамдылығын ішінара жоғалтқан немесе толығымен жұмыскерге материалдық және маральдық нұқсан өтеуінің қосымша шарасын ескереді. Көмір департаментінің ұжымдық келісім-шартында кәсіподақ ұсынысы бойынша еңбекке жарамдылығын жоғалтқан жұмыскерге немесе жоғарыда көрсетілген себептер салдарынан жұмыскер қайтыс болған жағдайда, оның отбасы мүшелеріне ірі мөлшерде төлем көзделген. Сонымен қатар арнайы автокөлік алуға мұқтаж мүгедектерге оның құнын төлеу көзделген.
Облыс кәсіподақтары Федерациясы жұмыс беруші жауапкершілігінің міндетті сақтандыру туралы келісім-шарты жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен жасалуы тиіс, тіпті ҚР Еңбек кодексінің 284 бабында тараптар ұжымдық шартта жұмыскерлерді сақтандыру туралы өзара міндеттемені қосуы мүмкін екенін ескереді.
Кәсіподақтардың пікірі бойынша егер жұмыс берушілер ҚР «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына және жұмыскерлер мамандығы Тізбесіне сәйкес еркін кәсіптік зейнеткерлік жарналарды өз қаражаты есебінен аударса, онда бұл жұмыскерге 50 жасында зейнеткерлікке шығуға жеткілікті қаражат жинақтауына мүмкіндік береді, ал нәтижесінде сақтандыру жағдайларын төмендетуге апарады, өйткені бұл жастағы жұмыскер ауыр және қауіпті жұмыстарда жұмыс істеп, реакциясы мен денсаулығын жоғалтады, ол зақымданудың көбеюіне және кәсіби сырқаттардың өсуіне ықпал етеді.
Сақтандыру кезінде сақтандыру жағдайы болмаған және зиянды, әрі қауіпті өндірісі жоқ ұйымдардың жұмыс берушілері заңда нақты бонустар немесе өндірістегі қауіпсіздікпен қамсыздандыруға сақтандыру сыйақысының сомасын азайтуын ескеруді ұсынады.
Осы мәселені талқылау нәтижесінде Қарағанды облысының әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік жөніндегі үш жақты комиссия мүшелері шешім етті :
1. Тараптар өкілдері (К.Ж.Аманбаев, А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин, М.Х.Хамитов, Г.Т.Құрбанбаева, Ж.Т.Алдоңғаров) Қазақстан Республикасы «Жұмыскерлердің еңбек (қызмет) міндеттерін атқару кезіндегі өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды тиісті сатыларға сақтандыру полистерін жасасқанда жұмыскерлер өкілдерінің қатысуы; бақылау ұйымдастыру; сақтандыру туралы келісім-шарттардың статистикалық есебін енгізу; сақтандыру кезеңінде сақтандыру жағдайын болдырмаған және зиянды өндірісі жоқ ұйымдар үшін нақты жеңілдік енгізу туралы әзірлеп жіберсін.
2. Облыс кәсіподақтары (А.А.Мадиярова, С.Л.Белкин) ұжымдық шарт жасасқан кезде жұмыскерлерді сақтандыру жағдайын ескерсін.
3. Облыстың барлық жұмыс берушілеріне зиянды және қауіпті өндірістері бар ұйымдарда зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді зейнетке мерзімінен бұрын шығарумен қамтамасыз ету мақсатында еркін кәсіптік зейнеткерлік жарналар аударуды жүзеге асыру ұсынылсын.
4. Осы шешімді орындауға жауапты ұйымдардың басшылары әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үш жақты комиссияға 2008 жылдың 20 қаңтары мен 20 шілдесіне дейін ақпарат берсін.
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау ОҮК жұмыс тобына (С.Ш.Әкенов) және ОҮК үйлестірушісіне жүктелсін.
Тараптар:
Үш жақты комиссия Облыс кәсіподақтар Облыс жұмыс берушілері
төрағасы Федерациясының төрайымы Кеңесінің төрағасы
А.Базарбаев А.Мадиярова М.Хамитов
Орталық Қазақстан кәсіпкерлері Қарағанды облысының еркін
ассоциациясының Президенті кәсіподақтары Конфедерациясының Президенті
Т.Доскенов С.Белкин
Қарағанды облысының кәсіпкерлері
Ассоциациясының атқарушы директоры Г.Құрбанбаева
Достарыңызбен бөлісу: |