____________________________________ бойынша 20 ___ жылғы _________
(медициналық ұйымының атауы) (айы)
Манту сынамасын салу жоспарының орындалуы бойынша есеп
Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Контингент
|
Жоспар
|
Есепті айда жоспардың орындалуы
|
Жоспардың өсіммен орындалуы
|
(%) қамтудың үлес салмағы
|
Виражбен және гиперергиялық реакциямен аңықталды
|
Оның ішінде химиялық-профилактикамен қамтылды
|
Манту сынамасы бойынша тексеру, барлығы, оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
туберкулез ошақтарындағы балалар мен жасөспірімдер (ТҚҰ деректері)
|
|
|
|
|
|
|
БЦЖ вакцинациялау алдында 2 айлықтан асқан балалар
|
|
|
|
|
|
|
қайта вакцинациялау алдындағы 1-сынып (6-7 жас) оқушылары
|
|
|
|
|
|
|
"тәуекел" тобының балалары барлығы, оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
әлеуметтік қолайсыз отбасының балалары (аз қамтылған және көп балалы, жұмыс істемейтін, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін, АИТВ-жұқтырған, тұрғылықты мекенжайы жоқ ата-аналар, мигранттар);
|
|
|
|
|
|
|
ұзақ жөтелу (екі аптадан астам) және үдемелі улану симптомдары бар (субфебрилитет, тершеңдік, тәбеттің және дене массасының төмендеуі, ашушаң, сылбыр) амбулаториялық және стационарлық емделуде жатқан балалар
|
|
|
|
|
|
|
әртүрлі ауруларға байланысты педиатрда диспансерлік есепте тұрған балалар
|
|
|
|
|
|
|
жабық оқу орындарының (мектеп-интернаттар, мүгедек балаларға арналған мамандандырылған мектептер) контингенті
|
|
|
|
|
|
|
вакцинацияланбаған және вакцинациядан кейін өспеген БЦЖ тыртықтары бар балалар
|
|
|
|
|
|
|
гормондық терапия алатын балалар
|
|
|
|
|
|
|
иммунндық-супрессивтік терапия алатын (глюкокортикоидиер, иммундық депрессанттар, цитостатиктер, гендік-инженерлік биологиялық препараттар) балалар
|
|
|
|
|
|
|
егу мәртебесі белгісіз балалар
|
|
|
|
|
|
|
|
"Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 2-қосымша
|
Вирустық гепатиттердің сыныптамасы, вирустық гепатиттермен
ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу және диспансерлеу жағдайлары
Жіті вирустық гепатиттердің сыныптамасы
1. Берілу механизмі бойынша вирустық гепатиттер мыналарға бөлінеді:
1) энтеральдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттер:
- А жіті вирустық гепатиті;
- Е жіті вирустық гепатиті.
2) парентеральдық берілу механизмі бар вирустық гепатиттер:
- В жіті вирустық гепатиті;
- Д жіті вирустық гепатиті;
- С жіті вирустық гепатиті.
3) этиологиясы анықталмаған вирустық гепатиттер.
2. Жіті вирустық гепатиттердің (бұдан әрі – ЖВГ) түрлері:
1) субклиникалық – аурудың клиникалық көріністері жоқ, науқастардың қанында аланинаминотрансферазаның (бұдан әрі – АЛТ) көп болуымен вирустардың өзіндік маркерлері анықталады;
2) инаппаранттық – клиникалық-биохимиялық белгілердің толық болмауымен өтеді, бірақ адам организмінде иммунологиялық, функциялық және морфологиялық өзгерістер байқалады. Вирустардың өзіндік маркерлері анықталады;
3) манифестік – жіті вирустық гепатитке тән субъективтік және объективті клиникалық симптомдар негізінде диагностикаланады. ЖВГ-нің манифестік түрлерінің сарғаю алдындағы (продромалдық), сарғаю (өршіген) және сауығуды қамтитын циклдық ағымы бар. Сарғаю алдындағы кезең тұмау тәрізді, астеновегетативтік, диспепсиялық, артралгиялық және аралас синдромдармен білінетін клиникалық симптомдар жиынтығымен сипатталады. Ауру өршіген кезеңде тері қабаттары мен шырышты қабықшалардың сарғаюы, гепатомегалия пайда болады;
4) типтік сарғаю циклдық – аурудың 3 кезеңінің нақты ара жігін ажырату арқылы сарғаюдың цитолиттік синдромдармен үйлесуі;
5) холестатика компоненті бар типтік сарғаю – сарғаю барынша қарқынды, жоғары билирубинемия, елеусіз трансаминаземия, сілтілік фосфатаза (бұдан әрі – СФ) көрсеткішінің жоғарылау үрдісі бар. Аурудың сарғаю кезеңі айтарлықтай ұзақ болады;
6) типтік емес сарғаю (холестатикалық) – сирек, орта жастан асқан науқастарда байқалады. Сарғаю терінің қатты қышынуымен қарқынды болады.
Гипербилирубинемия, гиперхолестеринемия, СФ мен гаммаглютаминтранспептидаза жоғарылайды. Сарғаю кезеңінде эритроциттер мен субфебрилитеттің шөгу жылдамдығының арту үрдісі бар;
7) типтік емес сарғаю белгісі жоқ – аурудың әлсіз білінетін жалпы көріністерінде бауырдың ұлғаюы арқылы және оның функцияларының бұзылуының субъективті белгілері кезінде сарғаюдың толығымен болмауымен сипатталады. Вирустық гепатиттердің өзіндік маркерлері АЛТ деңгейінің жоғарылауымен үйлеседі. Көбіне олар А вирустық гепатиті кезінде байқалады;
8) жіті циклдық – 1-1,5 ай ішінде вирустың репликациясы (көбеюі) тоқтайды, ол организмнен шығарылады да толық санация басталады. А және Е гепатиттері үшін бұл аурудың типтік ағымы. В, С және Д гепатиттері кезінде – ықтимал варианттардың бірі болады;
9) ЖВГ-нің жіті прогредиенттік ағымы – вирустың белсенді репликациясы фазасы 1,5-3 ай сақталады. Инфекциялық процестің аяқталуы күрделі: не сауығумен аяқтала отырып не организмнің санациясы, не созылмалы ағымға айналуына әкеледі. В, С және Д гепатиттері кезінде негізінде прогредиенттік ағым болады. А және Е гепатиттері кезінде ауыр преморбидтік фонында созылмалы түрі байқалады, алайда науқас толығымен аурудан айығады.
3. ЖВГ-нің ағымы жеңіл, ауырлығы орташа және ауыр дәрежеде болуы мүмкін:
1) жеңіл дәреже – улану болмайды немесе ол аз ғана білінеді. Сарғаю жеңіл. Протромбиндік индекстің (бұдан әрі - ПИ) шамасы қалыпты нормада. Ішіндегі жалпы билирубин 100 микромоль/литрден аспайды.
2) орташа дәреже – бірқалыпты білінетін улану симптомдарымен сипатталады. Сарғаю орташа білінеді. ПИ 65%-ға дейін төмендейді. Ішіндегі жалпы билирубин 100 - 180 микромоль /литр шегінде.
3) ауыр дәреже – орталық жүйке жүйесінің айқын улануы, ұйқының бұзылуы, желігу немесе ұйқышылдық, селқостық, анорексия, қайталап құсу, геморрагиялық синдром, қарқынды сарғаю, тахикардия, диурездің тәуліктік азаюы, ПИ 55%-дан төмен болады. Жалпы билирубин 180 микромоль/литрден артады, жалпы билирубиннің 1/8-ін еркін фракция құрайды. Қан сарысуының альбумині 47-45%-ға дейін төмендейді, гаммаглобулиндер артады. Көбіне ауыр ағым В және Д гепатиттері кезінде байқалады. А, С және Е гепатиттері кезінде ауыр түрлердің үлесі (жүкті әйелдерден басқа) айтарлықтай аз.
4. Қатерлі ағым бар – фульминанттық гепатит. Массивті және субмассивті бауыр некрозы бар фульминанттық (қатерлі) гепатит.
Аса жіті нұсқа бауыр комасының дамуымен және аурудың 1-8 күндерінде өліммен аяқталумен ЖВГ-ның шынайы фульминанттық ағымына сәйкес келеді.
Жіті нұсқасы – ұзақтығы аурудың басталуынан бастап 28 күнге дейін.
Жітілеу (субмассивтік) нұсқа, мұнда бауыр некрозының алдында энцефалопатияға дейінгі 15 күн – 12 апта мерзімінде ЖВГ-ның қалыпты ағымы болады.
5. Асқынған ЖВГ – жіті бауыр энцефалопатияның және жаппай геморрагиялық синдромның дамуы бар жіті бауыр қызметінің жеткіліксіздігі:
1) ісік және бас миының ісінуі
2) жаппай асқазан-ішектен қан кету;
3) жіті бүйрек функциясының жеткіліксіздігі, жіті тыныс алу функциясының жеткіліксіздігі;
4) жайылған қайталама инфекция.
Вирустық гепатиттердің нақты этиологиялық диагнозы тек науқастың қан сарысуында өзіндік маркерлерді анықтау жолымен ғана белгіленеді.
Созылмалы вирустық гепатиттердің сыныптамасы
6. Созылмалы вирустық гепатиттердің түрлері:
1) дельта агенті бар В созылмалы вирустық гепатиті;
2) дельта агенті жоқ В созылмалы вирустық гепатиті;
3) С созылмалы вирустық гепатиті.
7. Вирустық гепатит фазалары: асқыну және ремиссия.
А вирустық гепатиті
8. Инкубациялық кезең орташа есеппен күнтізбелік 35 күнді құрайды (диапазоны күнтізбелік 7-50 күн).
9. АВГ-нің берілу жолдары:
1) тұрмыстық-қарым-қатынас (отбасыларда және ұйымдастырылған ұжымдарда);
2) жұқтырылған су, тамақ арқылы (алиментарлық);
3) парентералдық – сирек.
Е вирустық гепатиті
10. Е вирустық гепатитінің (бұдан әрі – ЕВГ) инкубациялық кезеңі орташа күнтізбелік 40 күнді құрайды (диапазоны күнтізбелік 20-60 күн).
11. ЕВГ-ның вирусының берілу жолы – су арқылы.
12. ЕВГ кезінде эпидемиялық процесс:
1) судан пайда болған эпидемиялық өршулер 7-8 жыл аралықтармен;
2) аурудың шұғыл сипатымен;
3) 15-29 жастағы жас адамдардың басым зақымдалуымен;
4) жүктіліктің үшінші триместрінде 20 % дейін өлім-жітіммен сипатталады.
13. Аурудың өрши бастауы жаз айларына тән, бұл суды барынша көп тұтынуға және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау көзі болып табылатын жерасты суының барынша ластануына байланысты.
В вирустық гепатиті
14. В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ) инкубациялық кезеңі орташа күнтізбелік 60-90 күнді құрайды (диапазоны күнтізбелік 45-тен 180 күнге дейін).
15. Сарғаю түрлері 5 жасқа дейінгі балалардың 10%-да, 5 жастан асқан балалар мен ересектерде 30-50%-да тіркеледі.
16. ВВГ вирусы жіті де, созылмалы да ауруды туғызады.
17. Жұқтыру жолдары – табиғи және жасанды (артифициалды).
18. ВВГ вирусын жұқтырудың табиғи жолдарына:
1) перинатальдық жұқтыру (пренатальды, интранатальдық, постнатальдық);
2) жыныстық қатынас кезінде жұқтыру;
3) тұрмыста вируспен контаминацияланған гигиенаның әртүрлі заттарымен (ұстара және маникюр керек-жарақтары, тіс щеткалары, сүлгілер, қайшылар мен т.б.) жанасу есебінен жұқтыру жатады.
19. ВВГ вирусын жұқтырудың жасанды жолдарына:
1) ВГ вирусымен контаминацияланған медициналық, зертханалық құрал-саймандар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар арқылы жұқтыру;
2) қан және/немесе оның құрауыштарын құю, ағзаларды (ағзалардың бөліктерін), тіндерді, жыныстық, фетальды, дің тіндерін және басқа да биологиялық материалдарды трансплантаттау кезінде, оларда ВГ вирусы болған жағдайда, жұқтыру;
3) медициналық емес инвазиялық емшаралар арқылы жұқтыру (психикалық белсенді препараттарды енгізу, дене әшекейін салу, діни салт жораларды және басқа да рәсімдерді орындау (қырыну, маникюр, педикюр, құлақ тесу, косметикалық рәсімдер және т.б.) жатады.
Д вирустық гепатиті
20. Д гепатитінің вирусы – ақауы бар, оның көбеюі үшін В гепатиті вирусының болуы қажет, сондықтан ДВГ мынадай түрде өтеді:
1) коинфекция (ВВГ мен ДВГ бір мезгілде жұғуы);
2) суперинфекция (ДВГ-нің ағымдағы ВВГ инфекциясына, әдетте созылмалы болған кезде қабаттасуы). ДВГ жіті және созылмалы болады
21. Асқынулар мен нәтижелері: көбіне жіті бауыр энцефалопатиясы және үдемелі бауыр циррозы жиі дамиды.
С вирустық гепатиті
22. СВГ инкубациялық кезеңі орташа күнтізбелік 180-210 күнді құрайды (күнтізбелік 14-тен 780 күн аралығында ауытқумен).
23. Инфекция көздері: аурудың жіті және созылмалы түрлері бар науқастар.
24. Жұқтыру жолдары ВВГ-ге ұқсас.
25. Сарғаю түрлері жағдайдың 10-20%-да орын алады.
ВГ ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу
26. ВГ-мен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық көрсетілімдер бойынша (орташа-ауыр және ауыр түрлері, бауыр мен асқазан-ішек жолдарының ілесіп жүретін патологиясы болған жағдайда жеңіл түрлері) нозологиялық түрлері бойынша бөлек жүргізіледі.
27. ВГ-мен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетілімдер жоқ.
28. ВГ-мен ауыратын жүкті әйелдер клиникалық көрсетілімдері бойынша инфекциялық аурулар стационарларына, 30 аптадан бастап жүкті әйелдер және босанған әйелдер перзентханалар мен бөлімшелердің оқшауланған палаталарына (бокстарына) жатқызылады.
29. ВГ-мен ауырып айыққан науқастарды ауруханадан шығару толық клиникалық сауығудан кейін, клиникалық-зертханалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Диспансерлеу
30. ЖВГ-мен ауырып айыққан науқастарды диспансерлеу клиникалық көрсетілімдер бойынша гепатологиялық орталықтарда немесе емдеген дәрігер науқастың қолына берген жазбаша ұсыныммен аумақтық денсаулық сақтау ұйымының инфекциялық аурулар кабинеттерінде жүзеге асырылады.
АВГ-нің орташа ауыр және ауыр түрлерімен ауырғандарды диспансерлік бақылау үш ай, ВВГ-мен – алты ай, жіті СВГ-мен – созылмалылықтың жоғары ықтималдығын ескере отырып, тұрақты жүргізіледі (оның ішінде биологиялық-химиялық сынамалардың қалыпты көрсеткіштері кезінде және қанда вирус репликациясы болмаған кезде).
Созылмалы вирустық гепатит – ЖВГ нәтижелерінің бірі, алты ай бойы және одан көп айға рұқсат бермейтін бауырдағы диффузиялық қабыну процесі.
ЖВГ-мен ауыратын науқастарды диспансерлеу (әсіресе НВsАg болғанда) Д инфекцияның ықтимал суперинфекциялануына байланысты көрсетілген.
Диспансерлік бақылау ұзақтығы жалғасатын гепатит пен ферментемия клиникасының болуымен анықталады.
Вирустық гепатиттер реконвалесценттері сақталатын ферментемиялармен ауруханадан шыққаннан кейін бір айдан соң қаралған кезде диспансерлік есепке қойылады.
Есептен шығару клиникалық белгілер болмаған кезде жүргізіледі.
ЖВГ-мен ауырып айыққан адамдарға стационардан шыққаннан кейін алты ай бойы антирабиялық вакцина мен сіреспеге қарсы анатоксиннен басқа профилактикалық егуге болмайды (көрсетілімдер бар болса).
31. Қандағы В және С гепатиттері вирустарының репликациясын растайтын полимеразды тізбекті реакцияның оң нәтижелері алынғанда, хирургиялық операцияларға және манипуляцияларға қатысатын медицина қызметкерлері жұмысқа жіберілмейді.
|
"Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 3-қосымша
|
Эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру
және жүргізу алгоритмдері
1. МСАК медициналық ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:
1) аумақта және ғимаратта кіреберісте тиісті көрсеткіштері бар "сүзгілер" ұйымдастыру және жабдықтау;
2) ЖРВИ, ТТА, АЖРИ және тұмау белгілері бар адамдар арнайы бөлінген бөлмеге оқшауланады, содан соң сүзгінің мейірбикесі дәрігерді шақырады;
3) дәрігер қарағаннан кейін сүзгі мейірбикесі дәрігердің нұсқауын орындайды (зерттеуге жағындыны алады, инъекциялар жасайды және басқалары) және пациент одан әрі амбулаториялық емдеуге немесе стационарға жіберіледі;
4) келушілердің емханада болу уақытын шектеу, науқастарды қабылдау үшін қосымша кабинеттер бөлу;
5) қосымша телефондар орнату және тұмауға күдігі бар және ауыр, орташа ауыр түрде өтетін ЖРВИ-мен ауыратын науқастарға консультациялық көмек көрсету және оларды ауруханаға жатқызу үшін автокөлікті бөлу;
6) үйге шақыртуға қызмет көрсету үшін жағдайлар жасау (қосымша автокөлік, жанар-жағармай материалы, тіркеу орнының ауысымдық жұмысын ұйымдастыру, 7 күнге еңбекке жарамсыздық парақтарын беру және басқалары);
7) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларының (пневмониялар) белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйге шақыртуларды күн сайын патронажды, уақтылы емдеуге жатқызуды қамтамасыз ету арқылы бірінші кезекте қызмет көрсету;
8) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде медициналық ұйымдардағы жұмыс күнінің уақытын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін ұзарту;
9) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар амбулаториялық науқастарды емдеу үшін вирусқа қарсы препараттардың қорын құру;
10) әрбір 3 сағат сайын бетперделерді ауыстыру есебімен, қолданылған жеке гигиена заттарын уақтылы кәдеге жарату арқылы қызметкерлерді бір рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз ету. Көп рет қолданылатын бетперделерді пайдалануға және бір рет қолданылатын бетперделерді қайтадан пайдалануға жол берілмейді;
11) адамдар бар кезінде ауаны зарарсыздандыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманғы құрылғыларды пайдалану;
12) санитариялық тораптарды сұйық сабыны бар дозаторлармен, электр кептіргіштермен немесе бір рет қолданылатын қағаз майлықтармен, қолданылған бетперделер мен майлықтарды жинауға арналған педалі бар қоқыс жәшіктерімен қамтамасыз ету;
13) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18оС температуралық режимді қамтамасыз ету;
14) тұмауға күдікті науқастардан материалды уақтылы (ауырған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей) алуды, "салқындату тізбегі" талаптарын сақтай отырып, үлгілерді уақытша сақтауды және вирусологиялық зертханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету;
15) тұмауға күдігі бар науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және 7 күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;
16) пациенттер болатын жерлерде ЖРВИ мен тұмаудың профилактикасы туралы көрнекі ақпаратты орналастыру (стендтер, брошюралар, үнпарақтар, плакаттар, тұмаудың профилактикасы жөнінде бейнематериалдар көрсету және басқалары).
2. Медициналық ұйымдарда (стационарлар, перзентханалар мен бөлімшелер) эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:
1) ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде соматикалық бөлімшелердегі төсектерді инфекциялық ауруларға арналған төсек ретінде қайта бейіндеу жоспарын бекіту;
2) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынулары (пневмониялар) бар науқастарды емдеу үшін препараттардың, сондай-ақ дезинфекциялық препараттардың тізбесіне сәйкес дезинфекциялау құралдарының қорын жасау;
3) тұмауға және басқа да респираторлық вирустық инфекцияларға күдігі бар науқастардан уақтылы (ауырған сәттен бастап 72 сағаттан кешіктірмей) материал алуды, "салқындату тізбегі" талаптарын сақтай отырып, үлгілерді уақытша сақтауды және вирусологиялық зертханаларға тасымалдауды қамтамасыз ету;
4) тұмауға күдігі бар науқастардан материал алу үшін шығыс материалдары мен көліктік орталардың қорын жасау және 7 күннен асырмай температуралық режимді сақтай отырып, көліктік ортаны уақытша сақтауды қамтамасыз ету;
5) ЖРВИ және тұмау белгілері бар пациенттерге медициналық көмек көрсететін персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (бір рет қолданылатын бетперделер, халаттар, қолғаптар) қамтамасыз ету; әрбір 3 сағат сайын бетпердені ауыстыру есебімен қызметкерлерді бір рет қолданылатын бетперделермен қамтамасыз ету; олардың қайта қолданылуына және көп рет қолданылатын бетперделердің қолданылуына жол бермеу;
6) медициналық қызметкерлердің стационар бөлімшелерінде жүруін және шектеу іс-шараларын жүргізу кезінде келушілердің санын шектеу арқылы медициналық персонал үшін бетперде режимін енгізу;
7) медициналық ұйымдардың үй-жайларында кемінде +18оС; босандыру блогының үй-жайларында кемінде +22оС температуралық режимді қамтамасыз ету;
8) палаталарды терезе ойықтары арқылы күніне кемінде 3 рет желдету;
9) ауаны зарарсыздандыруға арналған құрылғыларды пайдалану;
10) стационарда пациенттер мен қызметкерлер арасында тұмау жағдайларын ерте мерзімде белсенді түрде анықтауды ұйымдастыру;
11) ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар пациенттерді жеке үй-жайларға немесе блоктарға (палаталар, бокстар, бөлімшелер, секциялар) оқшаулау;
12) тұмаумен ауруханаішілік сырқаттанушылық жағдайларын есепке алуды және тіркеуді жүргузі, тұмаудың белең алу себептерін тексеру және оны шоғырландыру бойынша шаралар қабылдау.
3. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды қамтамасыз ету алгоритмі:
1) болмау себептерін анықтау және балалардың сырқаттану жағдайлары туралы аумақтық медициналық ұйымдарға хабарлау арқылы балалар мен қызметкерлердің күнделікті келуіне мониторинг жүргізу;
2) балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінде топтық оқшаулауды сақтай отырып, жіті респираторлық аурулар белгілері бар оқушылар мен педагогтарды сабаққа жібермеу үшін әрбір ауысымның алдында таңертеңгілік сүзгі ұйымдастыру және жүргізу;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру объектілерінде, кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталықтарында, интернат ұйымдарында, пансионаттарда, медреседе, баспаналарда сұрау, сырттай қарау, көрсеткіштері бойынша – қызу өлшеу арқылы әрбір ауысымдағы сабақ басталғанға дейін балалар мен жасөспірімдерге күнделікті сүзгі ұйымдастыру; әрбір қабатта немесе сыныпта ЖРВИ мен тұмауға күдігі бар балаларды уақтылы анықтау үшін санитариялық посттардың жұмысын ұйымдастыру;
4) таңертеңгілік сүзгіде анықталған ЖРВИ мен тұмаудың белгілері бар балаларды (қызметкерлерді) уақтылы сабақтан (жұмыстан) шеттетуді ұйымдастыру, медициналық пунктке немесе учаскелік дәрігерді үйге шақыру үшін үйге жіберу;
5) бір күннің ішінде ауырған балаларды ата-аналары келгенге дейін тиісті күтімді қамтамасыз ете отырып, изоляторға ауыстыруды ұйымдастыру;
6) шұғыл жағдайларда балаларды медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу;
7) медициналық пункт пен изоляторларды қажетті медициналық жабдықпен және дәрі-дәрмекпен (термометрлер, қалақшалар, бетперделер, тұмауға қарсы препараттар) қамтамасыз ету;
8) үй-жайларда +18-тан +22оС-қа дейін температуралық режимді қамтамасыз ету;
9) ерекше бейінді үй-жайларды қатаң түрде мақсаты бойынша пайдалану;
10) үзілістердің ұзақтығын 10 минуттан 15 минутқа дейін созу арқылы оқу кабинеттерінде; мектепке дейінгі балалар ұйымдарында балаларды басқа үй-жайларға шығару кезінде желдету режимін күшейту;
11) санитариялық тораптарды сұйық сабынмен, бір рет қолданылатын сүлгілермен/сулықтармен қамтамасыз ету;
12) пайдаланылған бетперделер мен сулықтарды жинау үшін педальмен жарақталған қоқыс жәшіктерін орнату;
13) оқушыларға жеке гигиена ережелерін сақтау және ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу мәселелері бойынша тақырыптық диктанттар жаздыру;
14) ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың көтерілу кезеңінде жаппай және ойын-сауық іс-шараларын өткізуді шектеу.
|
"Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 4-қосымша
|
ТТА және АЖРИ-ды шолғыншы эпидқадағалау жүйесін ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |