"Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы


ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын



жүктеу 0,56 Mb.
бет5/8
Дата21.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#23138
1   2   3   4   5   6   7   8

ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      292. Бір рет қолданылатын медициналық құрал-саймандар алдын ала дезинфекцияланбай және бөлшектелмей жойылады (өртеледі, қиратылады).

      293. Көп рет қолданылатын медициналық мақсаттағы бұйымдар пайдаланылғаннан кейін дезинфекцияланады, стерильдеу алдында тазартылады, кептіріледі, оралады және стерильденеді.

      294. Құрал-сайманды дезинфекциялау оны пайдаланған жерде дезинфекциялық ерітіндіге батыру немесе ультрадыбыстық және басқа да жуу машиналарына салу жолымен жүргізіледі.

      295. Медициналық бұйымдарды дезинфекциялау үшін екі сыйымдылық пайдаланылады. Бірінші сыйымдылықта құрал-сайман қанның, шырыштың, дәрілік препараттардың қалдықтарынан жуылады, сосын экспозиция үшін екінші сыйымдылыққа батырылады. Бөлінетін бөлшектер бөлінген күйінде өңделеді.

      296. Дезинфекциялық ерітінділер ластануына, түсінің өзгеруіне немесе тұнбаның пайда болуына, жарамдылық және сақтау мерзімінің өтуіне қарай ауыстырылады.

      297. Биологиялық сұйықтыққа қатысты бекіту әсері бар дезинфекциялық ерітіндіні пайдаланған кезде құрал-сайман алдын ала бөлек суы бар сыйымдылықта жуылады, кейіннен ол зарарсыздандырылады.

      298. Жуатын ерітінді егер ерітіндінің түсі өзгермесе, дайындалған сәтінен бастап тәулік бойы пайдаланылады. Стерильдеу алдында өңдеудің сапасы қан мен синтетикалық жуу заттарының сілтілі компоненттерінің қалдық мөлшеріне, сондай-ақ аспаптағы майлы дәрілік заттардың қалдықтарына оң сынаманың жоқ болуымен бағаланады.

      299. Құрал-сайманды стерильдеу алдында тазалау және стерильдеу медициналық ұйымның әр бөлімшесіндегі арнайы бөлінген жерде немесе орталық стерильдеу бөлімшесінде жүргізіледі. Дезинфекциялық құралдың құрамында жуу компоненті болған жағдайда стерильдеу алдында өңдеу жүргізілмейді.

23. Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау


және олардың асқынулары (пневмониялар) кезінде
санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды
ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      300. Халықтың ЖРВИ (ТТА, АЖРИ), тұмау және олардың асқынуларымен (пневмониялар) сырқаттанушылығын мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жыл бойы мониторинг түрінде жүзеге асырылады және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді қамтиды.

      301. ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмониялар) эпидемиологиялық қадағалаудың әдеттегі жүйесі кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар 1 қазаннан бастап 1 желтоқсан аралығындағы эпидемия алдындағы кезеңдерге және 1 желтоқсаннан бастап 30 сәуір аралығындағы эпидемиялық маусымға бөлінеді.

      302. Тұмау, ЖРВИ, ТТА және АЖРИ-ды шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жыл бойы жүргізіледі, оның мақсаты амбулаториялық және стационарлық науқастардың тұмаумен сырқаттанушылығына мониторинг жүргізу, халық арасында айналымдағы вирустардың типтерін ерте түсіндіру және тұмау вирусының жаңа, өзгерген түрлерін анықтау болып табылады.

      303. Эпидемия алдындағы кезеңде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:

      1) денсаулық сақтау басқармалары, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының ЖРВИ-ге және тұмауға қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық жедел кешенді іс-шаралар жоспарларын әзірлеуі;

      2) төсек қорының қажетті көлемін, негізгі тұмауға қарсы препараттар мен құралдардың (вирусқа қарсы препараттар, оксолин майы, қызуды төмендететін құралдар, иммундық модульдеуші дәрі-дәрмектер, витаминдер мен минералдар), қарқынды терапия көрсетуге арналған жабдықтың және құралдардың, дезинфекциялау препараттарының, жеке қорғаныш құралдарының резервін құруды көздей отырып, медициналық ұйымдардың эпидемиялық маусымда сырқаттанушылықтың көтерілуі кезінде ЖРВИ және тұмаумен ауыратын адамдарды қабылдауға дайындығы;

      3) меншік нысанына қарамастан денсаулық сақтау ұйымдарындағы вирусқа қарсы препараттар мен құралдардың резерві мынадай есеппен құралады:

      МСАК ұйымдарында кемінде 10 науқасқа;

      стационарларда – кемінде 35 науқасқа;

      4) медициналық ұйымдардың, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру объектілерінің, халыққа қызмет көрсету саласының, туристік фирмалардың персоналына, көші-қон полициясының, шекара және кеден қызметтерінің қызметкерлеріне тұмаудың клиникасы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу мәселелері бойынша семинарлар және нұсқамалар өткізу;

      5) медицина қызметкерлерін, медицина ұйымдарында диспансерлік есепте тұрған балаларды, әлсіз және алты айдан асқан көп ауыратын балаларды, балалар үйлері, сәбилер үйлері балаларын, қарттар үйі контингентін және мүгедектерді, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместрінде және эпидемиологиялық көрсетімдеры бойынша жүкті әйелдерді жыл сайын тұмауға қарсы вакцинациялауды жүргізу.

      304. Эпидемиялық кезеңде мынадай іс-шараларды жүргізу қамтамасыз етіледі:

      1) ЖРВИ, тұмау және олардың асқынуларын (пневмонияларды), сондай-ақ биоматериалды тұмауға және басқа да ЖРВИ вирустарына зерделей отырып, оларға байланысты өлім-жітім жағдайларын есепке алу;

      2) аумақтар, жас ерекшелік, тәуекел топтары бойынша ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылыққа және олардың асқынуларына (пневмонияларды), сондай-ақ олардан болған өлім-жітімге, тұмауға қарсы вакцинацияланғандар арасында, жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балалар арасында ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылыққа жүйелі түрде мониторинг (1 қазаннан бастап апта сайын, 1 желтоқсаннан бастап күн сайын);

      3) халықты жас ерекшелігі, тәуекел топтарының санаттары бойынша тұмауға қарсы иммундауға мониторинг;

      4) медициналық ұйымдар ЖРВИ, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар), сондай-ақ олардан болған өлім-жітім жағдайлары туралы ақпаратты халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне береді;

      5) тұмауға қарсы иммундау, ЖРВИ және тұмау, ТТА және АЖРИ бойынша күнделікті және апталық есептілік нысанын халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосы бекітеді;

      6) жергілікті атқарушы органдарға ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылық және олардың асқынулары (пневмониялар) мен олардан болған өлім-жітім, өңірдегі айналымдағы вирус типтерінің белсенділігі және тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күресудің қажетті шаралары туралы ақпарат жүйелі түрде беріліп отырады;

      7) тұмау мен басқа да ЖРВИ-дің алдын алу және оған қарсы күрес шаралары туралы тұрғындар арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу;

      8) медициналық ұйымдарда (МСАК пен стационарлар), балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу және білім беру ұйымдарында эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар осы Санитариялық қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      305. ЖРВИ-мен, тұмаумен сырқаттанушылықтың апталық бақылау деңгейі немесе сырқаттанушылық көрсеткіштері өткен аптамен салыстырғанда 1,5 немесе одан да көп есеге артқан кезде аумақтарда шектеу іс-шаралары халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органымен белгіленген тәртіп бойынша енгізіледі.

      306. ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша жүргізіледі.

      307. Емдеуге жатқызу үшін клиникалық көрсетімдер:

      1) 14 жасқа дейінгі балаларда, 65 жастан асқан адамдар мен жүктіліктің кез келген мерзіміндегі жүкті әйелдерде аурудың өтуі орташа ауыр және ауыр, асқынған түрлерімен өтетін ЖРВИ және тұмау;

      2) орташа ауыр және ауыр өтетін ЖРВИ және тұмау белгілері, жүрек-қан тамыр, өкпе, бөліп шығару, эндокриндік жүйе тарапынан қоса жүретін созылмалы аурулары мен гематологиялық патологиясы бар науқастар.

      308. Науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер олардың сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, интернаттарда, мүгедектер үйлерінде, жатақханаларда, казармаларда тұруы болып табылады.

      309. Зертханалық зерттеулер үшін биоматериалдарды алуды, сақтауды және жеткізуді Кодекстің 7-1-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес белгілеген тәртіппен медициналық ұйымның оқытылған медицина қызметкері қамтамасыз етеді.

      310. ЖРВИ-мен (ТТА, АЖРИ), тұмаумен және олардың асқынуларымен (пневмониялар) ауыратын науқастардан алынған материалды зерттеуді санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ұйымдары жүргізеді.

      311. Эпидемиологиялық қадағалаудың әдеттегі жүйесі кезінде зертханалық зерттеу үшін биоматериал алуды ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылықтың эпидемия алдындағы және эпидемиялық маусымдарында ай сайын клиникасы айқын ЖРВИ-мен, тұмаумен ауыратын кемінде 10 науқастан әр медициналық ұйымның жауапты медицина қызметкері жүргізеді; шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

      312. ТТА және АЖРИ шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүйесі кезінде шолғыншы орталықтардың тізбесін, олардың жұмыс кестесі мен ШЭҚ аясында жұмысты ұйымдастыруға жауапты адамның функционалдық мiндеттерiн шолғыншы өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары мен халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің басшылары айқындайды және бекітеді.

      313. Осы Санитариялық қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ШЭҚ кезінде ТТА жағдайларына үлгілерді алуды шолғыншы орталықтар айына кемінде бір рет; АЖРИ – стационарлардың қабылдау бөлімдерінде іріктеудің репрезентативті қағидатын қамтамасыз ете отырып жүргізеді.

24. Менингококк инфекциясының алдын алу бойынша
санитариялық–эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық
іс-шараларды жүргізуді ұйымдастыруға қойылатын
санитариялық–эпидемиологиялық талаптар

      Ескерту. Қағида 24-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      314. Менингококк инфекциясының клиникалық ағымында оқшауланған (менингококк тасымалдаушылық, назофарингит) және генерализацияланған (менингит, менингококкцемия, аралас және басқа) түрлері бөлінеді. Менингококк инфекциясы кезінде инкубациялық кезең 2 күннен 20 күнге дейін, көбіне 2-4 күн жалғасады.

      315. Жіті назофарингит – 3-5 күн бойы бірқалыпты қызбамен өтетін, улану симптомдары және ринофарингит әлсіз көрінетін және клиникалық симптомдары бойынша этиологиясы басқа жіті респираторлық аурулардан айырмашылығы жоқ, осыған байланысты диагноз тек мұрын-жұтқыншақ сілемейін бактериологиялық зерттеудің оң нәтижесі негізінде қойылады.

      316. Менингит – жіті, қалтыраудан және қызбадан, бастың қатты ауыруынан және құсудан басталады. Науқастарда жарықтан қорқу, гиперакузия, терінің гиперестезиясы дамиды, содан кейін қозу және қозғалыс мазасыздығы, сананың ессіз күйден комаға дейін бұзылуы қосылады, менингеалды симптомдар өршиді. Айқын білінетін улану, сананың бұзылуы, құрысу, талықсу, бас сүйек-ми нервтерінің парезі, атаксия, гемипарездер және параличтер, нистагм, мишықтың бұзылуы менингоэнцефалитті көрсетеді. Менингит және менингоэнцефалит кезінде жұлын сұйықтығы бұлыңғыр, нейтрофилдер есебінен құрамындағы цитоз жасушаларының саны 0,01 х 109/л және одан жоғары, құрамындағы ақуыз 0,33 г/л-ден артық, Панди және Нонне-Апельта реакциялары оң болады.

      317. Менингококцемия (менингококкты сепсис) – науқастарда көбінде назофарингиттен жіті басталады. Дене температурасы Цельсийдің 40 градусына (бұдан әрі – оС) дейін және одан жоғары көтеріледі, улану симптомдары айқын көрінеді. Ауруға тән симптом – денеде, аяқ-қолдарда, бөкседе ауру басталғаннан 12-48 сағаттан кейін геморрагиялық бөртпе пайда болады. Бөртпе элементтері әртүрлі түрде болар-болмас байқалатын петехиядан үстіңгі бетке шығып тұратын қып-қызыл түсті теріге ірі қан құйылуға дейін болуы мүмкін. Қан құйылу ортасында некроз болуы мүмкін. Менингококцемия кенеттен болатын сипатқа ие болуы мүмкін, ол кезде қатты басталады, кенеттен қалтырау, қорқыныш сезімі пайда болады. Дене температурасы 40 – 41 оС дейін көтеріледі, содан кейін инфекциялық-уытты шок (бұдан әрі – ИУШ) дамуына қарай жылдам төмендейді. Демікпе, тахикардия артады, артериялық қысым төмендейді, ауру басталғаннан 6-48 сағаттан кейін өлім жағдайы болады.

      318. Менингококк инфекцияларымен сырқаттанушылықты эпидемиологиялық қадағалау мынадай санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды қамтиды:

      1) профилактикалық іс-шаралардың, ұзақ мерзімдік бағдарламалық-нысаналы жоспарлаудың тізбесін, көлемін және өткізу мерзімдерін негіздеу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жыл сайын өткізетін менингококк инфекцияларымен сырқаттанушылықты ретроспективті эпидемиологиялық талдау. Менингококк инфекцияларының құрылымын нозологиялық түрлер бойынша зерделеу, "тәуекел топтарын" анықтау үшін халықтың жеке жас, әлеуметтік, кәсіби топтарындағы және жеке ұжымдардағы сырқаттанушылық деңгейін бағалау қажет;

      2) сырқаттанушылықтың басталған көтерілуін уақтылы анықтау, оның себептерін анықтау және жедел эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу үшін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері ай сайын өткізетін менингококк инфекцияларымен сырқаттанушылықты жедел эпидемиологиялық талдау. Апталар, айлар бойынша, өсу қорытындысымен ағымдағы сырқаттанушылықты салыстыру, осы аумаққа тән сырқаттанушылықтың бақылау деңгейлерімен салыстыру жүргізіледі.

      319. Ауруханаішілік ауруларды болдырмау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері медициналық ұйымдарда, балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, психикалық-неврологиялық диспансерлерде, интернат үйлерінде санитариялық-эпидемияға қарсы режимнің сақталуына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүргізеді.

      320. Науқастарды және менингококк инфекциясымен сырқат күдіктілерді анықтауды ведомстволық тиістілігіне және меншік нысанына қарамастан барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері амбулаториялық қабылдау, үйге бару, медициналық тексеріп қарау, ауруханаға жатқызу және медициналық ұйымдардың басқа қабылдаулары кезінде жүргізеді. Диагноз аурудың клиникалық көріністері, зертханалық зерттеу, эпидемиологиялық анамнез деректері негізінде қойылады.

      321. Менингококк инфекциясына бір реттік зертханалық тексеру халықтың мынадай санаттарына:

      1) медициналық ұйымдарға жүгінген кезде менингококк инфекциясына күдікті науқастарға;

      2) стационарға түскен кезде психиатриялық стационарлардың пациенттеріне;

      3) мектеп-интернаттарға, балалар үйлеріне және нәрестелер үйлеріне ресімдеген кезде балаларға;

      4) қарттарға және мүгедектерге арналған интернат-үйлерге ресімдеген кезде 60 жастан асқан адамдарға;

      5) ауырып айыққан менингококк инфекциясынан кейін реконвалесценттерге;

      6) инкубациялық кезеңде менингококк инфекциясымен ауыратын науқаспен қарым-қатынаста болған адамдарға жүргізіледі. Балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде, балалар үйлерінде және нәрестелер үйлерінде байланыста болған адамдарды зертханалық тексеру 3-7 күн интервалмен кемінде екі рет жүргізіледі.

      322. Осы Санитариялық қағидалардың 321-тармағының 1), 5)-тармақшаларында көрсетілген адамдарды менингококк инфекциясына диагностикалық мақсатта зертханалық тексеруді медициналық ұйымдар жүргізеді.

      323. Осы Санитариялық қағидалардың 321-тармағының 2), 3), 4), 6)-тармақшаларында көрсетілген адамдарды менингококк инфекциясына профилактикалық мақсатта зертханалық тексеруді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүргізеді.

      324. Эпидемиологиялық ахуал асқынған кезде және сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққандағы орташа республикалық сырқаттанушылық көрсеткішінен жоғарылаған жағдайда халықтың белгілі бір топтарына зертханалық тексеру жүргізіледі. Тексерудің көлемі мен құрылымын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының (ұйымдарының) лауазымды тұлғалары қаулылар мен нұсқамалар бойынша айқындайды.

25. Эпидемиологиялық тексеруді және эпидемияға қарсы


іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      Ескерту. Қағида 25-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      325. Эпидемиологиялық тексеру аурудың әр жағдайы тіркелген кезде жүргізіледі.

      326. Менингококк инфекциясы тіркелген балалардың мектепке дейінгі мекемелерінде, оның ішінде жабық типті мекемелерде, мектептерде, мектеп интернаттарда соңғы науқас оқшауланған сәттен бастап 10 күнге карантин белгіленеді. Бұл мерзім ішінде жаңа және уақытша болмаған балаларды қабылдауға, сондай-ақ балалар мен персоналды бір топтан екінші топқа ауыстыруға тыйым салынады.

      327. Науқаспен байланыста болған барлық адамдар соңғы науқас оқшауланған сәттен бастап 10 күн бойы күнделікті клиникалық тексеріп қарау және термометрия арқылы медициналық бақыланады. Тексеріп қарауды жүргізуге отоларингологтар тартылады. Науқастармен қарым-қатынаста болған және мұрын-жұтқыншақта катаральды құбылыстар бар адамдарға профилактикалық емдеу жүргізіледі.

      328. Зертханалық тексерудің оң нәтижелері анықталған адамдар тасымалдаушы ретінде қаралады. Оларды емдеу, есепке алу жүргізіледі, оларға медициналық бақылау белгіленеді. Айналасындағылар үшін эпидемиялық қауіп төндіретін тасымалдаушыларды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жұмыстан шеттетеді және бір рет теріс нәтиже болғанда ұжымдарға жіберіледі, зерттеуге арналған материал емдеу аяқталғаннан кейін 3 күннен соң мұрын-жұтқыншақтан алынады.

      329. Сырқаттанушылық деңгейі 100 мың тұрғынға шаққандағы орташа республикалық сырқаттанушылық көрсеткішінен жоғарылаған жағдайда эпидемиологиялық көрсетімдер бойынша сырқаттанушылық тәуекелі жоғары адамдарға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің каулысының негізінде вакцинациялау жүргізіледі.

      330. Ошақтарда қорытынды дезинфекция және науқастарды тасымалдайтын көлікті өңдеу жүргізілмейді.

      331. Үй-жайларда жиі желдету, ылғалды жинау, жататын, оқу үй-жайларында, ойын бөлмелерінде аурумен қатынаста болған адамдарды барынша сейілту ұйымдастырылады.

      332. Сырқаттанушылықтың маусымдық көтерілуі кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

      333. Халық арасында дәрігерге ерте жүгіну қажеттілігі туралы ауқымды түсіндіру жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі.

26. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге


жатқызуға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      Ескерту. Қағида 26-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      334. Генерализацияланған түрімен ауыратын науқастар міндетті түрде және тез арада емдеуге жатқызылады.

      335. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу клиникалық және эпидемиологиялық көрсетімдері бойынша жүргізіледі.

      336. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін клиникалық көрсетімдер:

      1) генерализацияланған түрі;

      2) улану симптомдары және назофарингит өршігенде.

      337. Менингококк инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін эпидемиологиялық көрсетімдер:

      1) науқастың тұратын жерінде қажетті эпидемияға қарсы режимді сақтаудың мүмкін еместігі (әлеуметтік-қолайсыз отбасылар, жатақхана, казармалар, коммуналдық пәтерлер);

      2) медициналық ұйымдарда, мектеп интернаттарда, балалар үйлерінде, нәрестелер үйлерінде, санаторийлерде, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерде, жазғы сауықтыру ұйымдарында, демалыс үйлеріндегі ауыру жағдайлары.

      338. Менингококк инфекциясынан кейін реконвалесценттерді шығару:

      1) оқшауланған түрде – клиникалық сауыққаннан кейін және бактерияға қарсы терапия аяқталғаннан 3 күннен кейін мұрын-жұтқыншақ сілемейінің бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін;

      2) генерализацияланған түрде – клиникалық сауыққаннан кейін және бактерияға қарсы терапия аяқталғаннан 3 күннен кейін 2 күндік интервалмен мұрын-жұтқыншақ сілемейінің екі реттік теріс бактериологиялық зерттеуінен кейін.

27. Менингококк инфекциясымен ауырып сауыққан адамдарды


диспансерлік бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар

      Ескерту. Қағида 27-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      339. Мектептерге, мектепке дейінгі мекемелерге, санаторийлерге, оқу орындарына менингококк инфекциясымен ауырып сауыққан адамдар стационардан шыққан соң немесе науқас үйде назофарингитпен ауырып сауыққаннан 5 күннен кейін бір реттік теріс бактериологиялық зерттеуден кейін жіберіледі.

      340. Менингит және менингоэнцефалит реконвалесценттері невропатологта екі жыл бойы бақылауда болады (бірінші жылы 3 айда 1 рет, кейінгі жылы 6 айда 1 рет).

28. Менингококк инфекциясының зертханалық диагностикасына
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      Ескерту. Қағида 28-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.11.2015 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      341. Менингококк инфекциясының және іріңді менингиттердің зертханалық диагностикасы қоздырғышты бөлу және сәйкестендіру арқылы бактериологиялық әдіспен (мұрын-жұтқыншақтың сілемейі), Грам бойынша бояу арқылы бактериоскопиялық әдіспен, организм сұйықтықтарында (ликвор, қан, синусоидалды сұйықтық) ерекше антигендерді немесе қан сарысуында антиденелерді бөлу арқылы серологиялық әдіспен, биологиялық материалда (сынамада) нуклеин қышқылының айқын фрагменттерінің кіші шоғырлануын елеулі арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін полимеразды тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) әдісімен жүзеге асырылады. ПТР биологиялық материалдағы қоздырғыштарды анықтаудың шұғыл әдістерінің ішіндегі анағұрлым сезімтал және ерекше әдіс болып табылады: көптеген белгілі микроорганизмдерді, оның ішінде өсірілмейтін микроорганизмдерді анықтау үшін үлгіде дезоксирибонуклеин қышқылының (бұдан әрі – ДНҚ) бірнеше молекуласының болуы жеткілікті. Жұлын сұйықтығын (бұдан әрі – ЖС) бөлме температурасында сақтау, мұздату – еріту (3 ретке дейін) сияқты факторлар әдістің сезімталдығына әсер етпейді. Молекулярлық-биологиялық әдістер үшін жоғары өнімділік, нәтижені алу жылдамдығы (бірнеше сағат ішінде, таза өсірінділерді бөлмей сәйкестендіру жүргізуге мүмкіндік береді) тән.

      342. Сыныптамалық жүйесі бойынша менингококктар Neisseriaceae тұқымдасына Neisseria (бұдан әрі – N) түріне жатады, N түрі патогенді микроорганизмдердің екі түрін қамтиды: N.meningitidis және N.gonorrhoeae, осы түрдің басқа өкілдері сілемейлі қабықшаның резидентті флорасы болып табылады. Соңғыларға пигмент түзетін, N.subflava бір түріне біріктірілген, сондай-ақ N. sicca, N. mucosa, N. flavescens, N. Lactamica жатады. Катаральды диплококк Branhamella (бұдан әрі – В) түріне бөлінеді, B. catarrhalis, B. caviae. B. ovis және B. cuniculi және басқаларын қамтиды.

      343. Менингококктар өсіру жағдайларына талап қойғыш. Өсіру кезінде жоғары ылғалдылықты және ауада көміртек диоксидінің (бұдан әрі – СО2) 5-10 пайызын (бұдан әрі – %) қажет етеді, температураның аздаған ауытқуларына сезімтал. Нативті ақуыз көзі ретінде ірі қара малдың, жылқының сарысуын немесе кез келген басқа малдың қанын, арнайы мақсаттағы қоректендіру агарын қолдану ұсынылады.

      344. N. meningitidis түрін сәйкестендіру морфологиялық, тинкториалдық, өсірінділік және биохимиялық белгілер осы Санитариялық қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген кешеніне негізделген.

      345. Менингококктар мынадай 13 серотопқа бөлінеді: A, B, C, X, Y, Z, 29E, D, W135, K, H, L, I. Менингококктарға серологиялық топтастыру жүргізу менингококк инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау шараларының бірі ретінде практикалық зертханалар үшін міндетті болып табылады.


 

"Инфекциялық аурулардың
алдын алу бойынша санитариялық-
эпидемияға қарсы (профилактикалық)
іс-шараларды ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар"
санитариялық қағидаларына 1-қосымша


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау