ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3 деңгейлі СМЖ құжаты
|
ОӘК
|
ПОӘК042-14-5-02.01.20.50.03 - 2012
|
«Қылмыстық іс бойынша сот өндірісі» пәні бойынша студенттерге арналған оқу-әдістемелік материалдар
|
№1 басылым
02.09.2012ж
|
«ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ ӨНДІРІСІ»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2012
Мазмұны
Глоссарий
Дәрістер
Тәжірибелік тапсырмалар
Курстық және дипломдық жұмыс тақырыптары
Студенттердің өздік жұмыстары
ГЛОССАРИЙ
1. Сот – сот билігі органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;
2. Бірінші сатыдағы сот – қылмыстық істі мәні бойынша қарайтын сот;
3. Апеллияциялық саты – бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын екінші сатыдағы сот;
4. Қадағалау сатысы – тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағым, наразылығы бойынша істі қадағалау тәртібінде қарайтын сот;
6. Судья – сот билігінің иесі, осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесі немесе тиісті соттың басқа да судьясы);
7. Төрағалық етуші – қылмыстық істі алқалық немесе жеке қарау кезінде төрағалық ететін судья;
7-1) Алқаби - соттың қылмыстық істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
8. Басты сот талқылауы - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
9. Процеске қатысушылар - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
10. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
11. Тараптар - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;
12. Айыптау тарабы - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
13. Қылмыстық iзге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
14. Тергеуде болу - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;
15. Қорғану тарабы - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;
16. Қорғау - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
17. Мәлiмдеушi - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібімен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;
18. Өкiлдер - заңның немесе келісімнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;
19. Заңды өкiлдер - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;
20. Туыстар - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;
21. Іс бойынша iс жүргiзу - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;
22. Іс жүргiзу әрекеттерi - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;
23. Хаттама - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты;
24. Іс жүргiзу шешiмдерi - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар;
25. Қаулы - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi;
26. Үкiм - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;
27. Шағым, наразылық - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi;
28. Өтініш жасау - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым;
29. Ғылыми-техникалық құралдар - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар.
8. Дәріс материалдары
Лекция № 1.Басты сот отырысына дайындалу.Алдын ала тыңдау.
1. Басты сот талқылауына дайындық кезеңінің мәні мен маңызы.
2. Алдын ала тыңдауды өткізудің негіздері мен тәртіптері.
3. Басты сот талқылауын тағайындау және оған дайындық.
Басты сот талқылау сатысы іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда маңызы зор, негізгі, түйінді, күрделі саты саналады.Себебі бұл сатыда қылмыстық іс бойынша басты шешім қабылданады,яғни сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі анықталады. Соған байланысты оған жаза қолдану-қолданбау мәселесі шешіледі.
Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады. Кімнің болса да сот өкілеттігін иемденуі заңда көзделген жауаптылыққа соқтырады.
Соттың үкімі бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды (ҚР ҚІЖК 11-б.)
Басты сот талқылауында қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерді сот жаңадан зерттейді.Судья сот әділдігін атқару кезінде ешкімге тәуелді емес, алдын ала тергеу барысында жиналған дәлелдемелерді зерттеумен шектелмейді.
Басты сот талқылауын алдын ала тергеу сатысымен салыстырсақ ,оның мынадай өзгешеліктерін атау қажет:
1) тергеуші қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізгенде әртүрлі болжамды тексере отырып шындықты, ақиқатты анықтайды, ал сот қарауында нақты адамдар туралы тергеуші жинаған, жан жақты тексерілген, баға берілген, жүйеге келтірілген дәлелдемелер болады;
2) тергеуші алдын ала тергеуді дербес, жеке дара жүргізеді, ал сот дәлелдемелерді айыптау және ақтау тараптарының қатысуымен зерделейді;
3) тергеуші қылмыстық істі басынан аяғына дейін кейбір жағдайда тергемейді, іс басқа тергеушіге берілуі мүмкін ( тергеуші ауырып қалды, кезекті демалысқа шығып кетті, білімін жетілдіруге кетті және басқа да себептер), ал басты сот талқылауында қылмыстық істі бір судья немесе судьялардың сол құрамы қарауы тиіс( ҚР ҚІЖК 312-б);
4) тергеуші бірнеше қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қатарластыра жүргізеді, ал сот (судья) істі жартылай қарап, басқа судьяға бере алмайды, судья істі басынан аяғына дейін қарап, қарауды үкім шығарумен не істі қараумен аяқтайды;
Басты сот талқылауының негізгі белгілері:
1.Басты сот талқылауында істі қарау қылмыстық іс жүргізу заңдарында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі. ҚР ҚІЖК-де басты сот талқылауының жалпы шарттары көрсетілген (ҚР ҚІЖК 311-330-баптары). Сотта іс қарағанда іс жүргізудің барлық принциптері толық көрініс табады.
2.Басты сот талқылау сатысының алдындағы сатылар көмекші рөл атқарады, басты сот талқылау сатысын дайындайды. Алдын ала тергеу «сотқа дейін»,«соттан тыс», «сот үшін» жүргізіледі.
3.Басты сот талқылау нәтижесінде сот төрелігі жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады (ҚР Конституциясы 75-б.1-бөлім).
4.Қылмыстық іс бойынша әділ шешім қабылдау үшін басты сот талқылау сатысында барлық кепілдіктер барынша толық шоғырландырылған. Сот қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерді жариялы түрде тікелей ауызша зерделейді.
Қылмыстық іс жүргізу сатыларының жүйесінде басты сот талқылау сатысы ерекше орын алады. Басты сот талқылау сатысы іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда маңызы зор, негізгі, түйінді, күрделі саты саналады.Себебі бұл сатыда қылмыстық іс бойынша басты шешім қабылданады,яғни сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі анықталады. Соған байланысты оған жаза қолдану-қолданбау мәселесі шешіледі.
Жаза қылмыскердің жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемеейді. Жаза жасалған қылмыс үшін қылмыскердің сазайын тарттыру емес,оның мақсаты- сотталған адамды түзеу. Жаза дегеніміз ҚР ҚК 38 бабына сәйкес, соттың шешімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылатын адамға қолданылады.
Басты сот талқылауы сатысында қылмыстық жауапқа тартылған адамның кінәсі немесе кінәсіздігі біржола, үзілді-кесілді шешіледі.Солай бола тұра,баспасөз беттерінде бұл мәселе жөнінде басқа да әртүрлі пікірлер айтылып жатады. Ондай пікірлердің мәні-қылмыстық жауапқа тартылған адамдардың кінәлі-кінәсіздігін соттан басқа, алдын ала тергеу органдары да шешеді делінуінде.Осындай пікірлердің біреуін қарастырып көрейік.
Профессор М.С.Строгович, «алдын ала тергеу және сот жұмыстарының қателік көздері:айыпталушы мен кінәліні, қылмыстықжауапқа тартылғандарды сотталғандармен теңестіріп ұқсату.Бұл теріс түсінік тудырады,істің мән-жайын анықтау бір жақты,айыптау түрінде жүргізіледі» деген болатын.
Қазіргі заманда қылмыспен табыс жүргізу үшін алдын ала тергеу жүргізу органдарының қызметін ұйымдатыру нысандарын әр уақытта жетілдіріп отыру қажет.Бұл мәселе төңірегігде тергеу тәжірибесіне тергеушілер тобымен қылмыстық істерді міндетті түрде тергеуді еңгізу дұрыс деп ойлаймыз.
Қылмыстық іс жүргізу заңы (198-бап) тергеушілер тобымен іс жүргізүдің негізгі белгілерін анықтайды,олар:
1) күрделі немесе ауқымды қылмыстық істер бойынша жүргізіледі;
2) тергеу тобын құру туралы шешім іс қозғау туралы қаулыда көрсетіледі немесе жеке қаулы шығаралады;
3) қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, оның ішінде топ жетекшісі көрсетіледі;
4) іске қатысушыларға (сезікті,айыпталушы,жәбірленуші,азаматтық
талапкер, азаматтық жауапкер,олардың өкілдері) істі тергеушілер тобының тергейтіні туралы қаулымен таныстырылады және оларға тергеу тобына кіретін кез келген тергеушіден бас тарту құқығы түсіндіріледі;
5) тергеу тобына бірнеше органның тергеушілері кіруі мүмкін;
6) тергеу тобы прокурордың нұсқауы бойыша немесе тергеу бөлімдері бастықтарының бастамашылығы бойынша құралады.
Алдын ала тергеу және анықтау жүргізуді қадағалау барысында прокуратура органдары қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың конституциялық құқықтарын қорғайды,заңда дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Прокурордың бұл қызметі Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңымен және ҚР ҚІЖК тиісті нормаларымен ресмилендіріледі.
Алдын ала тергеу мен анықтау жүргізуді қадағалау кезінде прокурор дәлелдемелердің рұқсат етілгендігін анықтайды.Бұл мәселені шешуде ҚР ҚІЖК 116-бабын басшылыққа алады.
Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізудің екінші кезеңі,екінші сатысы қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттеледі,заңда көрсетілген тәртіппен жүргізіледі,қылмысты ашып,айыпкерді жауапқа тартуды көздейді,қылмыстың жасалуына ықпал ететін себеп пен жағдайды анықтайды.
Сонымен алдын ала тергеу дегеніміз қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген,қылмыстарды тез және толық ашуға,оларды тартуға,қылмыстық ісбойынша барлық жағдайды анықтауға,срның нәтижесінде соттың әділ шешім қабылдауына алдын ала жағдай жасауға арналған тергеуші әрекеттері.
Алдын ала тергеу сатысының құқықтық маңызы мынада:тергеуші дәлелдемелер жинап,сол дәлелдемелердің көмегімен айыпкерді Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша жауапқа тартады.Алдын ала тергеу басқа адамдарға тоқтау жасайды,басқа қылмыстарды болғызбауға себепкер болады.
Басты сот талқылауы сатысымен салыстырғанда алдын ала тергеу сатысы көмекші рөл атқарады.Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу «сотқа дейін»,«соттан тыс», «сот үшін»жүргізіледі.Іс бойынша келешекте таұы да жэұмыс жасалады,алдын ала тергеу нәтижесінде қабылданған шешім тексеріледі.Алдын ала тергеу барысында дәлелдеу жүзеге асырылады,яғни заңда көрсетілген тәртіп бойынша дәлелдемелер анықталады,жиналады,тексеріледі және оларға баға беріледі.
Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеуші азаматтардың оның ішінде іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуі тиіс. Заң дәлелдемелерді жинау барасында:адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіруге,жауап алғанда қорқытуға,бопсалауға немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдануға ,ерекше жағдай болмаса тергеу амалдарын түнгі уақытта жүргізуге,басқа түрде адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға тыйым салынады.
Іс жүргізу заңнамаларының кейбір ережелері азаматтардың құқықтарын шектейтін шараларды жүзеге асыруға тыйым салады.Мысалы,жеке адамды тінтуді тінту жүргізілетін адаммен жынысы бір адам және сол жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізіледі(ҚР ҚІЖК 123-б).Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жеткілікті негіздер болмаған жағдайда адамдар мен ұйымдарға материалдық зиян келтірмеуге тырысу керек.Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеуші мемлекеттік құпияны сақтауды қамтамасыз етуі және іске қатысушы адамдардың жеке өмірі туралы белгілі болған мағлұматтарды жария етпеуге тиіс.
Қылмыстық іс жүргізу туралы заңнама тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысатын адамдарды анықтайды және олардың әрқайсысының мәртебесін анықтайды.
Басты сот талқылау сатысы қылмыстық іс жүргізу сатыларының арасындағы негізгі,күрделі деп есептеледі,себебі бұл сатыда қылмыстық жауапқа тартылған адамның (сотталушының ) кінәлілігі немесе кінәлі еместігі шешіледі.Бұл қылмыстық іс жүргізудегі басты мәселе.
Айыптау қорытындысымен тергеушіден келіп түскен қылмыстық істі прокурор он тәуліктен аспайтын мерзімде қарап,өзінің қарарымен айыптау қорытындысымен келісетінін білдіріп,айыпталушыны сотқа береді не болмаса ҚР ҚІЖК 282-бабында көрсетілген басқа шешімдердің бірін қабылдайды.Мысалы:
1)өзінің қаулысымен айыптаудың жекеленген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетін жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдана отырып,қайта саралайды;
2)қылмыстық істі толық көлемінде немесе жекеленген айыптаушыларға қатысты қысқартады;
3)істі тергеушіге қайтарады (қосымша тергеу жүргізу үшін);
4)жаңа айыптау қорытындысын жасайды;
5)сотқа шақырылуға тиісті адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады (қорғау куәларының тізімін қоспағанда).
Қылмыстық іс сотқа келіп түскеннен кейін,сот төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді.
Судья келіп түскен іс бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды:
1)басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім;
2)алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешім.
Басты сот талқылауы тағайындалған уақытында басталуы тиіс.Оған дейін іске қатысушыладың барлығы сот мәжілісі өтетін залда өз орындарын алып,отыруы қажет.Қалыптасқан тәртібі бойынша сот залға кіргенде сот приставы соттың келе жатқанын хабарлайды.Сот отырысына қатысып отырғандардың барлығы орындарынан тұрады,мұнан соң төрағалық етушінің ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.Сот мәжілісінің төрағасы сот мәжілісін ашық деп жариялағаннан кейін,қандай қылмыстық іс қарайтынын хабарлайды.Содан кейін сотталушының аты-жөні,Қлмыстық кодекстің қай бабымен айыпталатынын,яғни жасалған қылмыс Кодекстің қай бабымен сараланатынын жария етеді.Іс бойынша бірнеше адам жауапқа тартылса,олардың барлығының аты-жөнін және қылмыстарының қай бап бойынша сараланғаны хабарланады.Содан кейін ҚР ҚІЖК 332-бабына сәйкес сот мәжілісінің төрағасы сот мәжілісінің хатшысына сотқа шақырылған азаматтардың келген-келмегенін баянду үшін сөз береді.Сот мәжілісінде қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөздерінде айтылғандар бойынша тағы бір ретте қысқаша қарсылықтарын немесе құлаққағыстарын білдіруге құқылы.
Лекция № 2 Басты сот талқылауы:түсінігі,жалпы шарттары.
1.Басты сот талқылауының түсінігі және сот талқылауының жалп шарттары.
2.Қылмыстық істердің соттылығы.
3.Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы,жариялылық және істі талқылау кезіндегі сот құрамының өзгертілмеуі.
4.Сот отырысының қатысушылары.
5.Басты сот талқылауының шегі.
6.Басты сот талқылауының хаттамасы.
Басты сот талқылауы дегеніміз-соттың заңды басшылыққа ала отырып,тараптардың қатысуымен сот мәжілісінде қылмыстық істің мән-жайын толық,жан-жақты және объективті зерттеп,сотталушының кінәсін немесе кінәсіздігін анықтап,оған жаза қолдану-қолданбау мәселесін заңға сәйкес шешіп,үкім шығаратын қылмыстық іс жүргізудің негізгі,күрделі сатысы.
Басты сот талқылауының жалпы шарттарыосы сатыдағы тәртіпті реттейтін,міндеттеуші түрде орындалатын жеке басты сот талқылауының айтарлықтай ерекшеліктерін көрсететін құқықтық ережелер.
Басты сот талқылауы,оны тағайындау туралы қаулы шығарған кезден бастап он бес тәуліктен аспайтын мерзімде және тараптарға сот мәжілісінің өтетін жерімен басталатын увқыты туралы хабарланған кезден бастап үш тәуліктен кейін басталуы керек (ҚР ҚІЖК 302-б,4-бөлм.).Сот мәжілісінде қылмыстық іс талқылау қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс.
Басты сот талқылауы ҚР ҚІЖК 317-бабына сәйкес,тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі.Ал егерде сотталушының жағдайы нашарламаса және оның қорғану құқығы бұзылмаса,сондай-ақ айыптауды сот мәжілісінде өзгерту мәселесі туындаса тағылған айыпты өзгертуге жол беріледі.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын азақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және соған теңестірілген соттар (республика аситанасының қалалық соты,республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары,мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасының Әскери,қаржы соотары) (2006 жылғы 11-желтоқсандағы Заңмен өзгертулер мен толықтырулар енгізген)
2)аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық,ауданаралық,мамандандырылан сот-гарнизонның әскери соты және басқалар).
Қазақстан Республикасында басқа да мамандандырылған соттар құқрылуы мүмкін(әскери,қаржы,экономикалық,әкімшілік,кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және басқа да соттар).
Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексі бойынша аудандық және оған теңестірілген сот негізінен барлық істерді қарайды. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады.
Бірінші саты бойынша облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына мыналар жатады:
1)жасалғаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер,мысалы ҚР ҚК 96 бабының 2-бөлігі (адам өлтіру); 156-бабы (басқыншылық соғысты жоспарлау,әзірлеу,тұтандандыру немеск жүргізу) 159-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану),160-бабы (геноцид) және т.б.
2)өлім жазасы көзделген қылмыстарды жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер;
3)жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғалған істерді қарайды.
Қылмыстық істердің сотқа жататындығын және олардың қай соттың қарауына жататындығы туралы мәселені қарағанда ғалымдардың көпшілігі бірнеше ермин қолданды.Мысалы «юрисдикция», «компетенция», «подсудность» деген сөздер.
Юрисдикция деген термин қылмыстық іс жүргізуге арналған оқулықтарда сирек кездеседі.Ол көбінесе халықаралық құжаттарда көп қолданылады. Мемлекеттің юрисдикциясы деген ұғым мемлекеттің егемендігі,ешкімге тәуелді емес деген ұғымдармен тығыз байланысты.Мемлекеттің юрисдикциясы дегенде мемлекеттің азаматтарына байланысты қабылданған заңдарды,сот шешімдерінің күшін толық қолдануға құқығы барлығын айтамыз.Кейбір жағдайларда шетел азаматтарына біздің заңдар қолданылмайды.Мысалы,елшілік иммунитеті бар азаматтарға біздің заңдар қолданылмайды.
Компетенция деген термин құзыры,құзыреті деп аударылса, «компетенция суда»деген сөз «соттың құзыреті»деген мағынаны білдіреді.
Подсудность-соттылық,істің сотқа жатандығы.Подсудность уголовных дел-қылмыстық істің қай соттың қарауына жатандығы әрбір істің қасиетіне,қылмыстың сипаты мен ауырлығына,оның күрделілігіне байланысты.Оқулықтарда қылмыстық істің қай соттың қарауына жататындығын сөз еткенде,авторлардың барлығы оны істің қасиеттерімен байланыстырады.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар:
— Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді.
— Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.
Істің мен-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.
— Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
— Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес».
Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:
Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.
Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі.
Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді.
— Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді:
дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады.
тараптардың құқықтары тең.
сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.
Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі.
Қылмыстық процесс — күрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады.
1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы).
2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері).
3. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |