Лекция № 4 Алқабилердің қатысуымен болатын сот өндірісінің ерекшеліктері.
1.Алқабилер сотының түсінігі.
2.Алдын ала тыңдау және алқабилерді таңдау.
3.Алқабилер сотындағы істі талқылау ерекшеліктері (алқабилердің қатысуымен болатын соттың істі талқылау ерекшеліктері).
Алқабилер соты дегеніміз заңды басшылыққа алып,ар-ұятқа жүгіне отырып,өзінің ішкі сезімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы келісім шығаратын халық өкілдерінің соты.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын 2007-жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында демократиялық реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі-сот-құқық жүйесін жетілдіру.
Алкабилер соттары,яғни соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы өзіндік даму жолынан өтті.Заң қабылданбай тұрып,мұны бірде алқа заседательдері десек,кейде халық өкілдері деп жүрдік.
2006 жылғы 16-қаңтарда Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы»Заңы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңы қабылданды.
Осы аталған Заңдар негізінде ҚР ҚІЖК-не «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын 13-бөлім енгізілді.Бірнеше тараудан тұратын бұл бөлім 2007 жылы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Алқабилерді іріктеу жұмысына Қазақстан Республикасы азаматтарын қатыстыруды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттардың бастапқы,бірыңғай және қосалқы тізімдерін жасайды.Бұл тізім кандидаттар іріктелетін жыл алдындағы жылдың бірінші желтоқсанына дайын болу керек.
Алқабилер құқығы:
1)өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға;
2)процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға;
3)заттай дәлелдемерді,құжаттарды тексеріп қарауға,жерді және үй-жайларды тексеріп қарау ісіне,сот тергеуіндегі барлық басқа да іс-әрекеттерге қатысуға;
4)төрағалық етушіге заңнама нормаларын,сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты,өзіне түсініксіз басқа да мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға;
5)сот отырысы кезінде жазбалар жасауға құқылы.
Алқабилер міндеті:
1)сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағыну;
2)алқабилер міндеттерін атқару үшін,сондай-ақ егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тыңдау кейінге қалдырылған жағдайда,сот талқылауын жалғастыру үшін соткөрсеткен уақытта келуге;
3)істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға;
4)жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметерді жария етуге,сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға.
Бір адам алқаби ретінде сот отырысына жылына бір реттен артық қатыса алмайды.Қылмыстық істі қарау үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін,олардың тегі,аты,әкесінің аты және мекенжайы көрсетіле отырып,алдын ала тізім жасалады,оған сот отырысының хатшысы қол қояды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 543-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстардан басқа аса ауыр қылмыстарға байланысты істер, айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш түскен жағдайда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта (бұдан әрі - соттар) қаралады.
Адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) бірнеше баптарында көрсетілген қылмыстарды жасады деп айып тағылған жағдайда, олардың ішінде біреуі аса ауыр қылмыс болса және ол қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімделсе, сондай-ақ егер аса ауыр қылмыс жасады деп бірнеше адам айыпталса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімдесе, оларға қатысты қылмыстық істі қарау ҚІЖК-нің 13-бөлімінде көрсетілген қағидалар бойынша жүргізіледі.
ҚІЖК-нің 546-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен соттың қарауы туралы өтінішті алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материалдарымен танысу, сондай-ақ қылмыстық іс прокурорға жіберіліп, айыпталушыны сотқа беру кезінде және сотта істі алдын ала тыңдау барысында, бірақ судья басты сот талқылауын тағайындағанға дейін мәлімдеугеқұқылы.
ҚІЖК-нің 276-бабына сәйкес, айыпталушы қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша да, жазбаша да беруге құқылы.
Егер айыпталушы қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша мәлімдесе, тергеуші оның мазмұнын іс материалдарымен таныстыру хаттамасына енгізеді. Жазбаша өтініштің түскені туралы хаттамада көрсетіледі және өтініші ескеіркеледі.
Қылмыстық істі прокурорға жіберу, айыпталушыны сотқа беру кезінде мәлімделген өтінішті айыпталушы жазбаша түрде береді және ол қылмыстық істі қарайтын сотқа дереу жіберіледі.
ҚІЖК-нің 301-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдаудың өткізілуі міндетті болғандықтан, судья оны өткізу барысында, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыға істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш беруге құқылы екенін түсіндіреді және ҚІЖК-нің 301-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес оның осындай өтінішінің бар - жоғын анықтайды.Егер айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті алдын ала тергеу аяқталған соң іс материалдарымен танысу кезінде берсе, онда судья КІЖК-нің 547-бабына сәйкес, прокурордың, сотталушының және оның қорғаушысының міндетті түрде қатысуымен алдын ала тыңдауды өткізеді де соның барысында айыпталушының өз өтінішін растайтынын - растамайтынын анықтайды.
Сотталушы өз өтінішін растаған жағдайда немесе осындай өтініш алдын ала тыңдау барысында мәлімделсе, судья сотталушыға алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің құқықтық салдарымен қоса сот актілеріне шағым жасау ерекшеліктерін де түсіндіруге міндетті.Судья қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандыру туралы шешімді істі алдын ала тыңдаудың қорытындылары туралы шығарылған қаулыда көрсетеді.Судья істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
Прокурор алдын ала тыңдау барысында айыптауды өзгертсе, бұл соттылықтың өзгертілуіне әкеп соқса, ҚІЖК-нің 301-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, iс айыптау қорытындысын қайта жасау және iстi соттылығы бойынша жiберу үшiн прокурорға жолдауға жатады.Мемлекеттік айыптаушы сот отырысының барысында айыптауды жеңілдетіп өзгерткен не айыптаудан ішінара бас тартқан жағдайда, судья істі жаңа айыптау бойынша талқылауды алқабилердің қатысуымен жалғастыру туралы қаулы шығарады.Прокурордың сот талқылауы сатысында айыптаудан толық бас тартуы, ҚІЖК-нің 561-бабына сәйкес, қылмыстық істің қысқартылуына әкеп соғады.
Судья алқабилердің қатысуымен басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда келушілердің саны кемінде жиырма бес адам болатындай етіп сот отырысына шақырылуға тиісті алқабиге кандидаттардың жалпы санын анықтайды.Судьяның өкімі бойынша ҚІЖК-нің 550-бабына сәйкес, сот отырысының хатшысы алқабиге кандидаттарды соттағы бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерден алдын ала кездейсоқ таңдау жүргiзу арқылы іріктеп алады.Алқабиге кандидаттардың уақытында келуін қамтамасыз ету, қажетті жағдайларда алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі жасаған адамдарға және сотқа келуден себепсіз бас тартқан алқабиге кандидаттарға жауапкершілік шараларын қолдану, сот талқылауын ұйымдастырудың басқа да мәселелерін шешу мақсатында соттар ҚІЖК-нің 550-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, алқабиге кандидаттарға сотқа келетiн күнi мен уақыты көрсетілген хабарламаны сот отырысы басталғанға дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей тапсыруға тиіс.Егер сотқа келген алқабиге кандидаттар саны жиырма бестен кем болса, судьяның өкімі бойынша сот отырысының хатшысы қосалқы тізімнен алып, олардың қатарын осы санға дейін толықтырады.Сотқа келген кандидаттардан алқабилерді іріктеу жөніндегі сот отырысы ҚІЖК-нің 331-334-баптарының, сондай-ақ 551-556-баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.Егер жергілікті атқарушы органдар жасаған тізімде көрсетілген алқабиге кандидаттардың жеке басы туралы мәліметтер келген адамның төлқұжаттағы мәліметтеріне сай келмеген жағдайда, төрағалық етуші осы адамды кандидаттар санынан шығарып, алқабилер алқасын қалыптастыруға қатысудан босатады.Алқабиге кандидаттардың міндеттерін атқаруына кедергі келтірген адам, сондай-ақ алқаби міндетін атқаруға шақырылып, дәлелсіз себеппен сотқа келуден бас тартқан кандидат «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі - «Алқабилер туралы» Заң) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 514-1-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Алқабилер қатысатын сот отырысының дайындық бөлігі ҚІЖК-нің 551-556-баптарының, 557-бабының бірінші бөлігінің және 558-бабының талаптары ескеріле отырып, осы кодекстің 41-тарауымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Төрағалық етуші алқабилерді іріктеу басталар алдында тараптарға ҚІЖК-нің 69, 75-81-баптарында, 551-бабының төртінші бөлігінде, 554-бабында, 555-бабының екінші бөлігінде, 563-бабында, 565-бабының екінші бөлігінде, 567-бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді.ҚІЖК-нің 551-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, төрағалық етуші судьяның (бұдан әрі – судья) қойған сұрақтарына алқабиге кандидаттың шынайы жауап беруi және алқабидің өзi және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы басқа адамдармен қарым - қатынастары жөнінде өзге де ақпараттарды беруі туралы олардың міндеттерін түсіндіруі, сондай-ақ алқабиге кандидаттардан қылмыстық істі қарауға алқабилер ретінде қатысуға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы сұрауы алқабилер алқасын және соттың заңды құрамын қалыптастырудың міндетті шарты болып табылатындығына соттардың назары аударылсын.Сонымен қатар, судья алқабиге кандидаттарға алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін мәліметтерді жасырып қалуы, олар алқабилер алқасының құрамына енгізілген жағдайда істі қарауға қатысуы шығарылған үкімнің күшін жою үшін негіз болатынын түсіндіруге міндетті.Сонымен қатар, судья алқабиге кандидаттарға сұрақтар қою барысында тараптардың алқабиге кандидаттың осы қылмыстық істі қарауға қатысуына кедергі келтіруі мүмкін мән-жайларды анықтауға байланысты сұрақтарының түсінікті және нақты болуын және «Алқабилер туралы» Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген себептер бойынша (шығу тегі, дінге қатысы, нанымы және т.б.) алқабиге кандидаттардың құқықтарын шектеуге тиіс емес екендігін қамтамасыз ету үшін шара қолдануға міндетті.
Алқабиге сұрақ қою барысында ҚІЖК-нің 552-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда судья алқабиге кандидатты бұл туралы жазбаша немесе ауызша арызы болған кезде алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.ҚІЖК-нің 551-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, алқабиге кандидаттардың соттылығы, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылуы, құқық қорғау немесе сот органдарына күштеп әкелінуі, сондай-ақ олардың жақын туыстарында сот немесе құқық қорғау орындары туралы теріс пікір қалыптастыруы мүмкін осындай мән-жайлардың бар-жоғын анықтауы үшін жәбірленуші, айыпталушы және оның қорғаушысы сұрақтарын судьяға жазбаша түрде қоя алады. Прокурор алқабиге кандидаттарға сұрақтарды өз бетінше және ауызша түрде қояды.
Алқабиге кандидаттың істі қарауға алқаби ретінде қатысуы кезінде объективті болмауы ықтимал екендігіне негізді күмән келтіретін көрсетілген және өзге де мән-жайлар (кандидатқа ықпал ету, онда ағат пікірдің болуы, оның істің мән-жайын іс жүргізуден тыс көздерден білуінің салдары және т. б.) анықталған жағдайда судья алқабиге кандидатты алқабидің міндеттерін атқарудан босатады.
«Алқабилер туралы» Заңның 13-бабының 4-тармағына және ҚІЖК-нің 557-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, судья ҚІЖК-нің 559-бабының төртінші бөлiгiмен белгiленген шектеулердi сақтамаған алқабиді басты сот талқылауының кез келген кезеңінде iске одан әрi қатысудан шеттете алады.ҚІЖК-нің 551-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, өздiгiнен бас тартулар мен алқабиге кандидаттарға мәлiмделген қарсылық білдiрулердi және алқабиге кандидатты босатуға байланысты басқа да мәселелердi, сондай-ақ ҚІЖК-нің 557-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, алқабидi істі қараудан шеттету туралы мәселелерді судья тараптардың қатысуымен кеңесу бөлмесiне кетпей-ақ жеке-дара шешедi, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады.
Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуінің ерекшеліктері ҚІЖК-нің 562-бабымен айқындалады.ҚІЖК-нің 560-бабының екінші және үшінші, 562-бабының бесінші және алтыншы бөліктерімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, іс бойынша анықталған нақтылы деректер алқабилердің қатысуымен зерттелуге жатады.Осыны, сондай-ақ ҚІЖК-нің 562-бабының ережелерін ескере отырып, судья сот талқылауын айыпталушыға тағылған айыптың шегінде ғана өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тараптардың алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауы және істі талқылаудан алып тасталған дәлелдемелерге сілтеме жасамауы керек екенін ескеруге тиіс.
Судья осындай мән-жайлар анықталған жағдайда тараптардың мұндай сөздерін үзіп тастап, алқабилерге шешім қабылдаған кезде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін түсіндіреді.Судья жарамсыз дәлелдемелерді және алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды зерттеу тәртібін оның ескертуіне қарамастан тараптар бірнеше мәрте бұзған жағдайда, оларды сотты құрметтемегені үшін ӘҚБтК-нің 513-бабының тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.Сот жарамсыз деп танымаған, сондай-ақ істің шешілуі үшін елеулі маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді тараптардың зерттеуінен бас тартуды олардың құқықтарын шектеу деп, яғни ҚІЖК-нің 575-бабына сәйкес, үкімнің күшін жоюға әкеп соғатын қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу ретінде бағалау керек.
Лекция № 5 Екінші сатыдағы сот өндірісі.
1.Қылмыстық іс бойынша екінші сатыдағы сот өндірісінің мәні мен мақсаты.
2.Шағым білдіруге құқылы субъектілер.
3. Сот отырысының құрылымы.
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер — ҚР Конституциясы жене «Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьялардың мертебесі туралы» конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады.Аталған соттардың бәрi тұтас бiр жүйеге бiрiктiрiлген, олардьң барлығы әдiл соттың ортақ және бiрегей ұстындарын басшылыққа алып, әрқайсысы iстердi қарау және шешу мәселесi бойынша өздеріне тиесiлi нақтылы мiндеттерді атқарадыСоттарды мiндетiне қарай бөлудiң негiзiнде сот инстанциялары жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы сот — бұл iстi мәнi бойынша қарайтын сот, екiнші инстанциядағы сот — бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот, қадағалау инстанциясы — заңдық күшiне енген сот шешімдерiне тараптардың жасаған шағымдары, наразылықтары бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот.Осындағы соңғы екi инстанция — апелляциялық және қадағалау — соттардың үкiмдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелляциялық— үкiмдер мен қаулылар заңдық күшiне енбеген жағдайда және қадағалау — үкімдер мен қаулылар заңды күшiне енген жағдайда. Заң шығарушылар әдiл соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшiн қосымша кепiлдiк ретiнде жоғарыда аталған iс жүргiзудiң екі сатысынан басқа соттардың үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың және бiр түрiн — жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастауды қарастырды. Қайта караудың бұл түрі Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 10-бөлiмiне “Соттың заңды күшiне енген шешімдерiн қайта қарау жөнiнде іс жүргiзу” деген тақырыппен енгiзілді. Сот өндiрісiнде оның алатын орнына және атқаратын мiндетiне қарап, заң әдебиеттерiндегi жаңадан ашылған жағдайларға байланысты iс бойынша өндірiстi қайта бастау сот шешiмдерiн қайта қарау тәсiлдерiнiң бiрiне жатады және оны сот шешiмдерiн қайта қарау сатыларының қатарына жатқызу керек (Ривлин А.А. Пересмотр приговоров в СССР. Государственное издательство юридической литературы. М., 1958. 44-бет)деген пiкiрлермен келiсуiне тура келедi.Жоғарыда аталған соттар өздерiне берiлген заң шеңберінде бірін-бірі алмастырып, әрi сот билiгiнiң “тiк сызығы” бойында орналаса тұрып, бiрiншi инстанциядағы және содан кейiнгi инстанциялардағы сот үкiмдерiнің қаулыларының, тағы басқадай шешiм заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру мiндеттерiн атқарады.Осынау өзара тығыз байланыстағы тексеру құрылымдарының ең басында апелляциялық саты орналасқан.Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесi үшiн бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндiрiс туралы ережелердiң іс жүзінде қолданылу проблемалары кiм-кімдi де қызықтырары анық.Бұл мәселені зерттеудi, ең алдымен апелляциялық өндiрiс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.1997 жылдың 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргiзу кодексi сот шешiмдерiн қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:
- соттың әлi заңдык күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);
- соттың күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндiріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастау).Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң шығарушылар осылардың үшеуiн ғана: кассациялық шағымдану және наразылық қадағалау өндiрiсi және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндiрiстi қайта бастау сатыларын қолданысқа жiбердi. Ал, ҚІЖК-нiң соттардың қылмыстық iстерді апелляциялық тәртiппен қарау туралы ережесiн қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 каңтарына дейiн, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн кейiнге қалдырды.2001 жылдың 11 шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасының “Сот iсін жүргізу меселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы соттың заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын кайта карау үшiн апелляциялық инстанция енгiздi. Осы заң республиканың сот өндiрiсінен кассациялык шағымдануды, наразылықты алып тастады.
Сот шешiмiне апелляциялық шағым жасау құқығы iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесiлi. Наразылық келтiру құқығы iстi қарауға қатысушы прокурорға тиесiлi. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде iстi қарауға қатысуына қарамастан сот шешiмiне наразылық келтiруге құқылы. Шағымдар, наразылықтар шешiм, қаулы шығарған сот арқылы берiледi (келтiрiледi). Тiкелей апелляциялық сатыларға келiп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң осы бабы екiншi бөлiгiнiң және 338-бабының талаптарын орындау үшiн шешiм шығарған сотқа жiберiлуге тиiс. Шағымдар, наразылықтар iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелермен қоса сотқа берiледi (келтiрiледi). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша айғақтардың iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелерiн беруге мiндеттей алады. Шағым, наразылық сот шығарған шешiмнiң көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап он бес күн iшiнде берiлуi (келтiрiлуi) мүмкiн.
Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны
1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:
1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;
2) шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның атауы;
3) шағым жасалатын немесе наразылық келтiрiлетiн шешiм және сол шешiмдi шығарған соттың атауы;
4) iстi қараудың дұрыс еместiгi неде екендiгiн көрсету;
5) заңдарға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және материалдарына сiлтеме жасай отырып, шешiмнiң заңсыздығы немесе негiзсiздiгi неде екендiгiнiң негiздемесi;
6) шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлiгiнде келтiретiнiн және қандай өзгерiстер енгiзудi талап ететiндiгiн көрсету;
7) шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген құжаттардың тiзiмi;
-
Аппеляциялық тәртіппен наразылық білдіруге құқылы адамдар
|
Айыптаушы ретінде Басты сот талқылауында қатысқан прокурор
|
ҚР Бас прокуроры және оның орынбасарлары
|
|
Облыстық прокурорлар, оларға теңестірілген прокурорлар, және олардың орынбасарлары
|
|
Аудандық прокурорлар, оларға теңестірілген прокурорлар, және олардың орынбасарлары
|
|
Аппеляциялық шағым әкелуге құқығы бар адамдар [6,396-бап.2-бөл.]
|
|
Үкім жарияланғаннан кейін оң тәулік ішінде шағым әкелуге құқылы [6,399-бап]
|
Толық үкімге
|
|
Азаматтық талап бөлігіне
|
Сотталған,ақталған
|
|
Сотталғанның,
Ақталғанның қорғаушысы
|
|
Азаматтық талапкер
|
Сотталғанның, ақталғанның заңды өкілі
|
жәбірленуші
|
Азаматтық жауапкер
|
|
Жәбірленушінің өкілі
|
Азаматтық жауапкердің,азаматтық талапкердің өкілі
|
Лекция № 6.Үкімнің орындалуы.
1. Үкімнің орындалу түсінігі және маңызы.
2. Сот үкімдерін,қаулыларын және ұйғамдарын орындау түсінігі мен мерзімі.
Достарыңызбен бөлісу: |