Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет71/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89

 
 
191 
құрамы,  пәрмені,  әлеуеті,  құндылықтар  жүйесіндегі  және  міндеттену 
формаларындағы  құндылық  міндеттеу  түріндегі  құқық  ерекшклігі  және 
т.б.)  айқындайды  және  тиянақтайды.  Құқықтық  құндылықтардың  осы 
бітімі,  позициясымен  мәнділік  ауқымындағы  құқықты  байланыстыру 
және  оған  релевантты  (міндеттеу  түріндегі,  мақсат  түріндегі,  құқықтық 
мағына  мен  маңыздың  қайнар  көзі,  талап  ету  негізгі  түріндегі  құқық) 
барлық феномендердің құқықтық мағынасын айқындау керек. 
     Құқықтық 
міндеттену 
тұрғысынан 
құндылықтықты 
айқындайтын  мәнділіктің  осы  ауқымын  –  юридикалық  аксиология 
шеңберінде (оның пәндік, салалық және міндеттерінің ерекшелігін ескере 
келе)  –  өзінің  барлық  нақты  көріністері  мен  өлшемдеріндегі,  өзінің 
барлық  шынайы  тіршілігіндегі  және  сонымен  бірге  барлық  құқық 
субъекттерінің юридикалық маңызды тәртіпті сақтайтын заң (позитивтік 
құқық) мен мемлекет құрайды. 
     Демек,  легистік  аксиологияда  сөз,  құқық  тұрғысынан  алғанда,  бар 
заңның (позитивтік құқық) құқықтық мағынасы мен маңызын, мемлекет, 
құқық  субъекттерінің  тәртібі,  олардың  құқықтық  сапасы  туралы  және 
оның  құндылықтық  міндеттік  түріндегі  құқықтық  мақсаттарына, 
талаптарына,  императивтеріне  сәйкестігін  (немесе  сәйкессіздігі) 
бағалауы  жөнінде  болады.  Сонда,  құқық-заң  (позитивтік  құқық), 
мемлекет,  адамдар  тәртібі,  бітімі  үшін  мақсат  болу  ретінде  көрініс 
табады.  Бұл  дегеніміз,  заң  (позитивтік  құқық),  мемлекет,  адамдардың 
легистік  маңызды  іс-әрекеттері,  бітімі-құқық  талаптарының  орындалуы 
мен  жүзеге  асуына  бағытталуы  қажет  екенін  білдіреді,  өйткені  құқық 
талаптарының мақсаты, мәні, маңызы осында жатыр. 
     Заң  (позитивтік  құқық),  мемлекет,  құқық  субъекттерінің  тәртібі, 
бітімі, тек құқықтық құбылыс болғандығымен ғана құндылыққа ие. 
     Заңға  (позитивтік  құқық),  мемлекетке,  құқық  субъекттерінің 
тәртібіне  қатысты  міндеттілік  тұрғыдағы  құқық  мақсатын  мына 
құндылық  –  құқықтық  императив  түрінде  тұжырымдауға  болады:  заң 
(позитивтік  құқық),  мемлекет,  құқық  субъекттерінің  тәртібі  құқықтық 
болуы керек. 
     Осы  аксиологиялық  тұрғыдағы  міндеттілік  пен  мәнділіктің 
арақатынасы  позитивтік  құқықтың,  мемлекет  пен  адамдар  тәртібінің 
практикалық  қалыптасуындағы  және  нақты  әрекеттегі  формаларын 
тұрақты  жетілдіріп  тұру  қажеттігі  идеясын  көрсетеді,  сөйтіп,  тарихи 
дамудағы  шындықтың  құбылыстары  ретінде  оның  жетістіктері  мен 
кемшіліктерімен  біте  қайнасып,  әрдайым  идеалдық  күйден  алшақ 
тұрады.  Сонымен  бірге  тарихи  даму  процесінде  әрекеттегі  заңдарға, 
мемлекетке,  құқық  субъекттері  тәртібіне  сәйкес  келетін  барлық 
құқықтық  кешендерінің  (мақсаттар-құндылықтар-талаптар),  құқықтық 
міндеттену мәнінің өзі де жаңғырады, жетіледі және нақтыланады.  


 
 
192 
10.5 Құқықтың 
гносеологиялық 
формалары 
 
Легистік 
(юридикалық-позитивтік) 
гносеология  негізінде  ресми  биліктің 
бұйрықтарын,  мәжбүрлік  –  міндеттейтін 
шешімдерін  құқық  ретінде  мойындау 
(және ұғыну) принципі жатыр. Анығында, 
осындай  позитивистік-прагматикалық  бағыттағы  легистік  гносеология 
көбінесе мына жәйттерге жүгінеді:  
 
Ресми  билік  бұйрықтарының    (мәжбүрлік  –  міндеттейтін 
шешімдерінің)  түрлерін    (формаларын),  яғни  әрекеттегі  құқықтың 
(позитивтік  құқықтың,  заңның)  формалды  шығу  тетіктерін,  көздерін 
анықтау, топтастыру және жүйе - жасамдау; 
 
Заң  шығарушының  пікірін  (позициясын),  яғни  ресми  акт 
мәтінінде  көрсетілген  билікті  қолдау  бұйрықтарының  нормативті-
реттегіш  мазмұнын  анықтау.  Легистік  гнеосеологияға  сүйенсек,  құқық 
туралы  ақиқат  заң  шығарушының  (сувереннің,  мемлекеттің)  ерігін, 
позициясын,  пікірін  білдіретін  заңда  берілген.  Сондықтан  құқық 
жөніндегі ақиқи білім, ресми – биліктің пікір болса да, пікір сипатында 
қалады.  Осындай құқық түсінудің  логикасы бойынша, құқық  жасаушы, 
құқық деген не және ол бей құқықтан қалай ажыратылатынын білу тек 
билік ғана шешетін болып шықты. Ал оны танып – білу, ең болмағанда 
заңда (әрекеттегі құқықты) берілген биліктік – бұйрықтық пікірді  дұрыс 
түсіндіріп, көрсете алумен шектеледі.  
 Бірақ  құқық  догмасын  зерделеу  арқылы  құқық  теориясын 
позитивистік  шектеу,  шын  мәнінде  құқықты  ғылыми  зерттеуді  кәсіби-
техникалық 
сипаттаумен 
ауыстыруға, 
құқықтануды 
заңтануға 
алмастыруға әкеледі.  
Заңның  (әрекеттегі  құқықтың)  позитивистік  гнеселогиясы  заңның 
мәнін тануға емес, әрекеттегі құқық туралы жаңа білім (өз болмысында 
берілген  заңда  жоқ)  алуға  емес,  керісінше,  заңды  адекватты 
(юридикалық-догматикалық  мағынада)  сипаттауға  бағытталған.  Осы 
құқық  түсіну  бойынша,  құқық  туралы  барлық  білім,  алдын  ала 
позитивтік  құқықтың  өзінде,  оның  мәтінінде  ресми  берілген,  сөйтіп 
құқық туралы позитивистік ілімнің негізгі мәселесі – заң мәтінін дұрыс 
ұғынып,  түсіну  және  осы  мәтінде  кездесетін,  орын  алған  ресми  – 
құқықтық  білімді,  заңшығарушының  пікірі  мен  позициясын  тиісті 
қарастырып 
мазмұндау 
болып 
табылады. 
Сонда 
құқық 
гносеологиясының  мәселенамасы  (проблематиканы)  көбінесе  ресми  акт 
мәтінін дұрыс лигвистикалық талдау туралы мәселеге саяды.  
Гносеологиялық  тұрғыда  алғанда  табиғи  құқықтық  көзқарас 
құқықтың  объективтік  табиғатын  ұғынудың,  оның  ақиқатына  жетудің 
теориялық  (философиялық-құқықтық,  ғылыми)  зерделеудің  тарихи  ең 
алғашқы  әрекеті,  түрі  болып  табылады.  Танымның  осы  әдісі  құқықты 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау