Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет72/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89

 
 
193 
теориялық  түсініктеу  мен  зерттеу  ауқымындағы  ойлаудың  алғы  шарты 
мен бастапқы танымдық арқауы ретінде табиғи және позитивтік құқықты 
ажыратуға әкеледі.  
Құқықтық  ойлау  тарихында  табиғи  және  позитивтік  құқықты 
ажырату  нақты  берілген  позитивтік  құқық  туралы  теориялық 
рефлексияның  гносеологиялық  формасы  және  осындай  рефлексияның 
нәтижелерін  тұжырымдау  болып  табылады.  Өйткені  заңды  (позитивті 
құқықты)  кешенді  теориялық  тұрғыда  тану,  оның  ресми  болмысы  мен 
эмпириялық  мазмұнына  тоқтамай,  заңның  объективтік  негіздері  мен 
сапаларын,  құқықтық  мағынасы  мен  маңызын,  құқықтық  табиғаты  мен 
мәнін іздеу, танымдағы нысанның (заңнан) абстракциялану және сөйтіп 
оны теориялық ұғыну мен зерттеудің салдары мен нәтижесі ретінде оның 
парасаттық-мағыналық  моделін  (табиғи  құқық  формасында,  құқық 
идеясы және т.б.) ойтопшылау. 
«Табиғи  құқық»  деген  жалпы  атау  мен  бірыңғай  терминнің 
астарында  табиғиқұқықтың  әрқилы  (өзінің  мазмұны,  мәні  және  ұғымы 
бойынша) варианты мен әрұдайылық мағынасы жатыр.  
Табиғи  құқық  туралы  (өзгермелі  позитивтік  құқықтан  өзгеше) 
көзқарастардың  жалпы  теориялық-танымдық  негізі  –  «табиғилықтың» 
«жасандылықтан» шартсыз басымдылығын мойындайтын және олардың 
қарама-қарсылықты  бағалануын  өзінде  қамтитын  құқық  саласындағы 
«табиғилықты жасандылыққа» қарсы қоятын принцип болып табылады. 
Бұл – құқықтың әмбебаптық (универсалдық) принципі.  
Осы  принцип  шеңберінде  «жасандылық»  алдын  ала  позитивтік 
құқықта  берілген  ,  сондықтан  «табиғилық»  (табиғи  құқық)  одан  бұрын 
берілген  (құдай,  парасат,  заттар  табиғаты,  адам  табиғаты  және  т.б.) 
позитивтіктен  алдыңғы  (позитивтікке  дейін,  позитивтіктен  жоғары) 
құқық  ретінде  түсіндіріледі.  Сонда  «табиғи»  дүниебітімнің  кеңістік  пен 
уақыттағы алдын ала берілуі (шартсыз беделді, адамның жоғарғы тұрған 
истанция) 
бірмезгілде 
онтологиялық, 
гносеологиялық 
және 
аксиологиялық  маңызжға  ие:  «табиғи»  (табиғи  құқық)  бастапқы,  сөзсіз 
дұрыс,  ақиқи  және әдепті,  әйтеуір бір сонымен,  жақсы, ал  «жасанды»  - 
екінші,  туынды,  нашар,  бейдұрыс,  бейақиқи  және  ол  «табиғилықтан» 
ауытқыған (адамдарға тән қателік, зомбылық, өз қалауына сай және т.т.) 
себепті есептен шығарылуы керек, немесе ең болмағанда «табиғылыққа» 
сәйкес келтіріп, түзетілуі керек.  
Юснатурализмнің  әрқилы  қағидаларының гносеологиялық  мүддесі-
табиғи  құқықтың  тиісті  версияларының  (оның  позитивтік  құқықпен 
ажыратылуы  мен  қарсы  тұруындағы)  ақиқаттығы  мен  айқындалуын 
түбегейлеуге бағытталған.  
Осы тұрғыда қарастырғанда – құқықтың заң идеясының өзі, табиғи 
және  плзитивтік  құқықтың  өзара  байланыстық  аспектілері,  әрекеттегі 


 
 
194 
құқықты табиғи құқықтың ережелері мен талаптарына, сәйкестендірудің 
нақты  формалары  мен  бағыттары  және  т.б.  ескерілмей,  тасадан  тыс 
қалады. Табиғи және позитивтік құқық арасындағы өзгешеліктің салдары 
юснатуралистік  көзқарасқа  тән  құқықтық  дуализм,  яғни  табиғи 
құқықтың  да  және  позитивтік  құқықтың  да  қосамжарланып  өмір  сүруі 
мен бірмезгілде әрекет етуіне мүмкіндік жасау болып табылады.  
Осы  құқықтық  дуализм  табиғиқұықтық  көзқарас  шеңберінде  бола 
тұра,  сонымен  бірге  табиғи  құқықты  құқықтың  философиялық  идеясы, 
құқықтың  философиялық    ұғымы  ретінде  түсіндіретін  философиялық-
құқықтық  қағидаларда  өз  шешімін  таба  алмады.  Алайда,  осы 
философиялық  қағидаларда құқық танымы  және т.б.  идеялар құқықтық 
заң  ұғымы  деңгейіне  көтеріле  алмады  (құқықтың  объективтік  мәніне 
сәйкес келетін бірізділік юридикалық-формаландырылған қағидалар мен 
позитивтік құқық құрылымдары деңгейіне дейін).  
Либертарлық  гносеология  негізінде  құқықты  мән  ретінде  және 
құбылыс  ретінде  түсінудің  барлық  өзекті  танымдық-маңыздылық 
аспектілері  мен  варианттарын  теориялық  дамыған  формада  көрсететін 
құқық пен заңның ажыратылуы мен арақатынасының (сәйкестігі немесе 
сәйкессіздігі)  жалпы  теориясы  жатыр.  Осы  жағдай  либертарлық 
гносеология  шеңберінде,  өзге  қағидаларда  кездесетін  теориялық-
танымдық тұрғыда алынған барлық құндылықтарды оңтайлы өзгертілген 
түрде пайымдауға мүмкіндік береді.  
Мәні мен принципі формалды теңдік болып табылатын теориялық-
танымдық  тұрғыдағы  либерталдық  қағида  анықталған  құқық  ұғымы 
түрінде  –  заң  (позитивтік  құқық)  жөніндегі  білім  мен  ақиқатты 
теориялық  зерделеу  мен  топшылаудың  қажетті  гносеологиялық  моделі 
ретінде  көрініс  табады.  Сөйтіп,  осы  берілген  қағида  құқық  туралы  жай 
пікірден (нақты заң ретінде өзінің субъективтік биліктік бітімінде) ақиқи 
білімге танымдық өту процесін – құқық туралы ақиқатты ұғынуға, құқық 
ұғымына,  яғни  құқықтың  объективтік  (биліктің  ерігі  мен  қалауына 
тәуелсіз)  мәнділік  қасиеттері  мен  оның  жалпыміндеттік  көріну, 
нақтылану,  білдіру  формалары  туралы  теориялық  (ұғымдық)      білімге 
өтуді  көрсетеді.  Либертарлық  гносеология  бітімінде  құқық  пен  заңның 
байланысы  мәселесі,  заңның  мәнділік  қасиеті  мен  заңның  құқықтық 
сапасының критерийі ретіндегі құқықтың объективтік қасиеттерін түсіну 
мен  түсіндіру,    құқықтық  заң  (формальды  теңдік  принципіне 
сәйкестенген,  позитивті  құқық)  ұғымын  зерделеу  мәселесі  тұр.  Осы 
көзқарас  тұрғысында  алғанда  құқық  пен  заң  туралы  ізденістегі  ақиқат 
құқықтық заңның табиғаты, қасиеттері мен сипаттары туралы, әрекеттегі 
құқық ретіндегі оның орнығуының алғышарты мен қалыптасуы туралы 
объективтік ғылыми білім болып табылады.  


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау