Ылым тарихы мен философиясы



жүктеу 1,74 Mb.
Pdf просмотр
бет57/89
Дата23.11.2018
өлшемі1,74 Mb.
#24380
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89

 
 
156 
8.3   Қоғамды 
ақпараттандырудың 
әлеуметтік-тарихи 
аспектілері 
 
болмыстың парадокстылығы: шын мәнінде жоқ нәрсенің «болуында». 
Біздің  пайымдауымызша,  виртуалды  шындықтың  болмысын 
полионтологиялық  көзқарас  анық  айқындайды:  «Виртуалистика  – 
полионтологиялық  ындыққа  негізделген  көзқарас».  Виртуалистика  – 
homo virtualis (виртуалды адам) мәселесі – ақпараттық революцияның 
салдары  ретінде  өзінің  тұжырымдалуын  күтуде.  Көптеген 
зерттеушілердің  пікірінше,  виртуалды  адам  ХІХ  ғасырда  негізгі 
мәселеге айналады. 
Адам  еңбегі  сипатының  өзгеруі  – 
қоғамды 
ақпараттандырудың 
ең 
маңызды әлеуметтік салдарының бірі.  
Ақпараттандыру 
үрдістерін 
жаһандандыру салдарынан біздің әлем 
туралы біліміміздің мазмұнымен бірге, 
ол ақпаратты алу,  жеткізу  және тарату тәсілдері өзгеріп, қорытынды 
есепте тұлғаның ішкі құрылымына айтарлықтай зор ықпалын тигізді. 
Тұлға  мәселелерін  зерттеушілердің  басым  көпшілігінің  ойынша,  ескі 
мектепте,  ЖОО-нда  оқыған  адам  мен  балабақшада-ақ  компьютер 
ойнап, мектепте компьютерлік сыныпта оқып, достарымен спутниктік 
байланыс  арқылы  хабарласатын  адамның  арасында  көптеген  ішкі 
психологиялық 
айырмашылықтар 
бар. 
Жаңа 
ақпараттық 
технологиялар  әсерінен  ойлау  стилі,  қарым-қатынас  тәсілдері, 
айналадағы  адамдарды  бағалау  және  өзін-өзі  бағалау  қабілеттері 
өзгеруде.  Ең  көкейкесі  болып  адамның  компьютерге  тәуелділік 
мәселесі  табылады.  Ғаламтордың  (интернеттің)  пайда  болуы  мен 
таралуы алдымызға мынандай мәселе қояды: жақын арада адам үшін 
ақпарат  алудың  басты    көзі  бұқаралық  ақпарат  құралдары  немесе 
компьютерлік  желі  болу  мүмкіндігі.  Интернет,  яғни  біздің 
білетініміздей,  дүниежүзілік  тор,  бір  тәртіппен  жұмыс  істейтін 
барлық  елдерде  өзінің  қолданушылары  бар  компьютерлік  желілер 
жиынтығы.  
      Ақпараттық  қауіпсіздік  мәселесі  қазіргі  қоғамдағы  ақпараттық 
төңкерістің  салдарынан  туындаған  ең  зәру  мәселе  болып  табылады. 
Оның негізгі бағыттары: 
 
тұлға  үшін:  ақпаратты  іздеуде,  алуда  және  тасымалдауда 
адам құқықтарының сақталуы; жеке өміріне қол сұғылмау, ақпаратты 
қорғау; интеллектуалдық меншік құқығын қорғау; ақпараттық салада 
тұлғаның мүдделерінің орындалуын қамтамасыз ету; 
 
қоғам  үшін:  ақпараттық  қоғам  орнату;  бұқаралық  сананы 
жеке  бас  пайдасы  үшін  пайдалануға  тыйым  салу;  заманауи 
ақпараттық технологияларды дамыту; 


 
 
157 
 
мемлекет  үшін:  мемлекеттік  ақпараттық  құрылымдар  мен 
мемлекеттік  ақпараттық  ресурстарды  қорғау;  мемлекеттік  ақпараттық 
кеңістіктің тұтастығын сақтау. 
 Жаңа ақпаратық көзқарастар мәдениет тарихын бағалауды жан-жақты 
етуге  септігін  тигізеді.  Егер  әр  дәуірлердегі  ақпаратты  сақтау  және 
тасымалдау технологияларын салыстырсақ, онда адамзат өркениетіндегі 
білім  дамуы  барысындағы  бірнеше  ақпараттық  төңкерістерді  бөліп 
қарастыруға болады:  
 
бірінші  ақпараттық  төңкеріс  жазудың  пайда  болуымен 
байланысты,  ұрпақтан  ұрпаққа  білімдерді  беру  және  тіркеу  мүмкіндігі 
туды; 
 
екінші ақпараттық төңкеріс (ХҮІ ғ.-ң ортасы) кітап шығару ісіне 
қатысты,  ақпаратты  тарату  мәдениеті  мен  ұйымдастырылуын  түбегейлі 
өзгертті; 
 
үшінші  ақпараттық  төңкеріс  (ХІХ  ғ.-ң  аяғы)  электр  қуатын 
шығарып, телеграф, телефон, радио арқылы ақпаратты тез таратуға және 
жинақтауға жол ашылды;  
 
төртінші 
ақпараттық 
төңкеріс 
(1970 
жылдар) 
микропроцессорлық технологиялардың пайда болуы, дербес компьютер, 
компьютерлік  желілердің  көмегімен  ақпарат  тасымалдау  жүйелерінің 
шығуы.  Бұл  кезең  үш  фундаментальды  жаңалықтармен  ерекшеленеді: 
ақпарат 
өңдеудің 
механикалық 
және 
электрлік 
құралдардан 
электорондыққа  өтуі,  барлық  құрылғылар  мен  құрал-жабдықтардың 
ықшамдалуы; 
бағдарламалық-басқарушылық 
құрылғылар 
мен 
үрдістердің пайда болуы. 
Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялардың қауырт дамуы 
ақпараттық  қоғам  деген  атауға  негіз  болды.  З.Бжезинский,  Д.Белл, 
О.Тоффлер  тұжырымдамалары  бойынша,  ақпараттық  қоғам  – 
постөнеркәсіптік  қоғамның  бір  түрі.  Қоғамдық  дамуды  –  сатылардың 
ауысуы  деп  түсінген  бұл  ғалымдар  ақпараттық  қоғамды  «төртінші 
сектор»  -  экономиканың  ақпараттық  секторы  деп,  ол  лдындағы  ауыл 
шаруашылығы, өнеркәсіп, қызмет көрсету экономикасынан кейін пайда 
болды  деп  санайды.  Өнеркәсіптік  қоғамдағы  капитал  мен  еңбек, 
ақпараттық қоғамда ақпарат пен білім түрінде көрініс табады. Қоғамның 
ақпараттық  деңгейге  өтуінің  бірнеше  талабы  бар.  Егер  қоғамда  50  % 
халық  ақпарат  қызметінде  жұмыс  істесе,  онда  ол  қоғам  ақпараттық 
болады.  Мысалы,  А.И.Ракитов  ақпараттық  қоғамның  келесідей 
қасиеттерін  келтіреді:  а)  ақпараттың  қол  жетімділігі;  б)  техникалық 
жағынан  ақпараттың  қол  жетімді  болуы;  в)  қоғамда  қажетті  көлемде 
ақпараттың өндірілуі; г) барлық өндіріс және басқару салаларын тездетіп 


 
 
158 
автоматтандыру  мен  роботтандыру;  д)  50  %  жұмысшы  халықтың 
ақпараттық салада жұмыс жасауы. 
Осы  орайда  жаһандық  ақпараттандырудың  қауіпті  үдерістерін 
(тенденцияларын) бөліп қарауымыз қажет: 
-  БАҚ-ң қоғамға мол әсер етуі; 
-  ақпараттық  технологияларды  қолдану  арқылы  азаматтар  немсе 
ұйымдардың жеке өміріне араласа алу мүмкіндігінің жоғарылауы; 
-  сапалы және нақты ақпаратты алу мәселесінің күрделенуі; 
-  апараттық  технологияларды  жасаушылар  мен  тұтынушылар 
арасындағы аралықтың үлкендігі. 
Сонымен,  информатиканың  философиялық-әдіснамалық  мәселелерін 
қарастыру  зат  пен  энергия,  дискреттік  және  континуалдық  бейнелер, 
белгілер  мен  модельдер  т.б.  түсініктердің  арақатынасын  нақтылауға 
мүмкіндік  береді.  Жаһандық  ақпараттандыру  мен  құрылымдардың 
ақпараттандырылуы 
әлеуметтік-гуманитарлық 
информатиканың 
дамуына ықпалын тигізді. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1.  Ғылымды  компьютеризациялау:  танымның  жаңа  әдістері  және 
жаңа ақпараттық кеңістік. 
2.  Ақпараттық дәуірдегі ғылыми білімнің эволюциясы. 
3.  Ғылым  философиясы  мен  эпистемологиясының  қазіргі  кездегі 
даму үрдісі. 
4.  Когнитивті құндылықтар және оның табиғаты. 
5.  Этикалық құндылықтардық ғылымдағы рөлі. 
6.  Инновациялық қызмет және оның құрылымы. 
7.  Инновациялардағы ғылымның рөлі мен функциялары. 
8.  Ғылыми қызметтің философиялық белгілері. 
9.  Ғылыми сферадағы басқару. 
10.  Қазіргі мәдениеттегі ғылымның бейнесі. 
11.  Қазіргі кездегі компьютерлік революция: табиғаты және мәні. 
12.  Ғылыми рационалдықтың идеалдары мен типтері. 
13.  Рационалдылық тип ретіндегі ғылым ерекшелігі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 1,74 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау