Дүниетануды оқытуда оқушылардың ақыл-ойын, дүниетанымын қалыптастырудың моделі
Мазмұнды сипаттамасы
|
Өлшемдер мен көрсеткіштер
|
Психологиялық құрылымы
|
Тірі табиғаттың құндылығын түсіну
|
Өлі табиғаттың құндылығын түсіну.
|
Экологиялық мінез –құлқын тәрбиелеу
|
Мотивациялық
|
Қызығуы - тілегі - қажеттілігі
|
- тірі табиғатты білуге қызығуы;
- тірі табиғатты тануға тілегі, ұмтылысы;
- тірі табиғатты қорғау қажеттілігі.
|
- өлі табиғатты білуге – қызығуы;
- өлі табиғатты білуге ұмтылысы;
- өлі табиғатты қорғау қажеттілігі
|
- табиғатты қорғау әрекетіне қызығу;
- табиғат аясында әдептілікке ұмтылысы;
- табиғатты қорғауда қоғамдық мотиві;
|
Когнитивтік
|
Б і л і м і
|
-өсімдік туралы білімі;
- жануарлар туралы білдімі;
- тірі табиғаттың құндылығын ұғынуы.
|
- өлі табиғат туралы білімі;
- өлі табиғаттың тірі табиғат арасындағы байланыс туралы білімі;
-өлі табиғат құндылығын ұғынуы.
|
-экологиялық мінез – құлық ережелерін білуі;
- экологиялық міндеттер мен құқылары;
- табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
|
Мінез құлықтық
|
Б і л і к т і л і г і
|
- өсімдікті күтіп баптау біліктілігі;
- адам – қоғам – табиғат туралы дүниетанымдық ұғымы;
- тірі табиғаттың құндылығын бағалау біліктілігі.
|
- өлі табиғат туралы білімін өмірде қолдану біліктілігі;
- ойынмен байланыстыру біліктілігі;
- өлі табиғатты бағалау біліктілігі
|
-эколгиялық мінез-құлық ережелерін орындай білу біліктілігі;
-табиғатта әдептілікті сақтай білу біліктілігі;
- эколгиялық құқықты орындай білу біліктілігі.
|
Аспан әлеміне байланысы
- Аспанға ұшар бу болып, - Алдым да әртүрінен
Жерге қайнар су болып жібек жіптің,
(Бұлт) Аспанға әшекейлеп кесте
тіктім. ( Кемпірқосақ)
Табиғат құбылыстары туралы
Қасыңнан өтер қолға ілінбестен,
Қашады басқан ізі білінбестен. (Жел)
Адам дене-мүшелері туралы
Шөп шыққанда көп шықты. (Бас пен шаш)
Өсімдіктер туралы.
Жазда жатсаң көлеңкесіне алады,
Қыста жатсаң-жаның рахат табады. (Ағаш)
Киімдер туралы
- Бес ін, бесіннің - Артында құйрығы бар,
Аузы бір ін. Төреден бұйрығы бар.
(Қолғап) (Жаулық, кимешек)
7. Жануралар туралы - Жем-шөптен де тартынбайды,
- Туа сап жүріп кеткен, Сабасы да сарқылмайды.
(Құлын) (Сиыр)
Дүниетану сабақтарына арналған дидактикалық ойындар
Ойын тақырыбы: Ұяадағы жұмыртқа.
Мақсаты: баланы қызықтыру, ынталандыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Шарты: Ұяда бірнеше жұмыртқа, жұмыртқадағы тапсырманы дұрыс орындаған бала құстарға қамқорлық жасаған болып табылады және табиғатты қорғауға пайда келтіреді.
Ойын тақырыбы: Бөлме гүлін күту.
Мақсаты: Еске сақтау қабілетін арттыру. Білімін дамыту. Бөлме гүлдерінің пайдасы мен қасиетін тереңірек білу.
Ойын барысы: Суретте гүлдің сабағы ғана салынған. Енді осы сабаққа бүршік, күлте, жапырақ орналастыру үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.
Бөлме гүлдің қандай пайдасы бар?
Оның қандай қасиеті бар?
Бөлме гүлдерін қалай күтуге болады?
Осы сұрақтарға жауап берген оқушы сабағына бүршікті іліп, жапырағын жайқалады, гүлденуіне жәрдемдеседі.
Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа және жылу керек.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өсімдікке ауа және жылудың өте маңызды керек екенін түсіндіру. Тірі табиағт пен табиғаттың бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көз жеткізу.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық белсенділігін, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні: табиғатты қорғау, экологиялық білім негіздерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: Вени диаграмасы, тірек сызбасы, мониторинг, тест, „Тазша бала қонақта“, сұрақтар, жұмбақ жыл мезгілінде, мақал мәтел т.б.
Сабақтың өткізу әдісі: Ойлануды дамыту технолгиясы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Топтау әдісі. „Жыл мезгілі“ топқа бөлу.
Қыс, Көктем, Жазғ Күз.
2. 5 тапсырма мониторинг бойынша бағалап отыратын.
3. Әр топтан бір оқушыдан шығып өздерінің атқаратын қызметі, мерекесі т.б. туралы ой қозғайды.
Қыс, өзің жайлы не айталасың?
Қандай қысқы мерекелер бар?
Оқушы өз ойын айтады.
І кезең: әр топқа баға береміз.
ІІ кезең: тазша баланың сұрағына жауап береді.
Өсімдікке топырақтың тигізетін пайдасын айт.
Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайды ата.
Өсімдіктің тірі ағза екенін дәлелде.
Суда еритін заттар.
ІІІ. Жаңа сабақты сөз жұмбақ шешу арқылы ашамыз.
Ай Жұлдыз
Елеуіш шырша
Қазан бұлт су
Сөзжұмбақ шешілді.
Тақырыпты тірек сызба арқылы түсіндіремін.
Бабалар табиғатты аялаған.
Малын бағып, бауырын саялаған.
Табиғатты „Ана“ леп ардақ тұтып
Қамқорлығын ерекше аямаған.
Туған жер дегенде тұла бойындағы қаны қызбайтын, жүрегі елжірмейтін адам баласы бола қоймас. Сондықтан халқымыз туған жер – атамекенін арымен де, жанымен де жақсы көрген.
Сонымен қатар жер бетінің сән берер бағалы байлық дәстүрлері деп есептелінер жасыл желегіне, орман – тоғайға қатысы бар қаншама тыйым сөздер бар.
„Көкті жұлма“, „Көкті таптама“, „Құраққа орақ салма“, „Орманды өртеме“, „Жалғыз ағашты кеспе“, т.б. „Жаралы аңға оқ атпа“, „Ұяны бұзба“.
Бұл тиым сөздердің өзіндік түсініктері, мағынасы бар. Өсімдікке ауа және жылу беру үшін, біз біріншіден сол өсімдікті қорғауымыз керек.
ІҮ. Оқушылардың әр топтан оқу қарқыны тексеремін.
Ү. Тест сұраққа жауап алу.
Дәптермен жұмыс: Сөз жұмбақтың жауабын дәптерге жазамыз. Тақтамен жұмыс. Вени диаграммасы бойынша өлі табиғат пен тірі табиғатты салыстыру, ұқсастығын, айырмашылығын, ортақ қасиетін тауып өздері жазады.
Сабағымды қорта келе, оқушыларға жыл мезгіліне арналған бірнеше мақалдарды айтып, оның мазмұнан түсіндіремін.
„Қыс қысыларсың, жаз жазыларсың“,
„Қыс шанаңды жаз сайла“
Күздің бір күні,
Қыстың мың күніне азық.
Мониторинг бойынша жиналған төрт топтың бағасын есептеп баға беремін. Өте жақсы қатысқан топқа алақан соғып, рахметімізді айтамыз.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма: тақырыпта оқып, түсінік айту. Мақалды жаттау.
Екінші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Таза ауа – денсаулық кепілі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Таза ауаның адам денсаулығына пайдалы екендігі туралы түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушылардың сезімталдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, топтық жұмыс, ойын элементтерін пайдалану.
Көрнекіліктері: сызбалар, суреттер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, біз Жер – ананаың перзентіміз. Сондықтан Жер – Ана адамдардың саулығын, балалардың ауырмай жүргенін қалаған. Адамдардың мейрімді, бауырмал болғанын тілеген.
2. Топтастыру:
- Адам баласы жер бетінде тіршілік ету үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
- Тыныс алу үшін ауа қажет.
- Ауамен бұкіл ағзалар тыныс алады.
- Ауа үнемі таза болу керек.
- Ауасыз адам, өсімдік, жануарлар, құстар, бунақ денелілер т.б. тыныс алады.
Олай, болса таза ауаның денсаулық кепілі екендігі жайында әңгімелесеміз.
- Адам тіршілігінде бірнеше мың литр ажұтады. Ауаның құрамындағы оттегі алдымен өкпеге барады.одан қанға сіңіп бүкіл ағзаға тарайды. Өкпе бейне сүзгі сияқты ауа құрамында түтін шаң – тозаң болса, тұтып қалады.
Айналадағы ауаның тазалығын сақтауда көгалдандырудың маңызы зор. Өсімдік ауаның құрамындағы көмір қышқыл газын жұтып, оның орнына көп мөлшерде оттегін бөліп шығарады.
„Тазалық денсаулық кепілі“ демекші, қандай мақал-мәтелдер білеміз?
Денсаулық туралы мақал-мәтелдер:
Денсаулық – зор байлық
Дені саудың жаны сау.
Бірінші байлық - денсаулық.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Денсаулық болса байлық та, еңбек те, атақ – абырой да болады.
- Дені сау адам дегенде көз алдымызға қандапй адамды елестетеміз?
- Еңбекке, сабаққа жақсы араласа алады.
- Ойынға жақсы қатысады.
- Адамдармен жақсы қарам-қатынаста болады.
- Олай болса, дені сау болса Отанымызға, ата-анамызға көп пайдамыз тиеді екен.
Балалар, мына қағидаларды есте сақтаңдар.
Күніне бір рет табиғи суық суға шомыл.
Суға түскенде немесе түскен соң бір мезгіл жерді жалаң аяқ басып тұр. Ойша өзіңе және барлық адамдарға денсаулық тіле.
Табиғатты сүй, тазалықты сақта.
Қолыңнан келгенше адамдарға көмектес (әсіресе мүгедектер мен ауру-сырқауларға).
Жалқаулықты жең. Өзіңе сен.
Әдепсіз сөз айтпа.
Сабақты қорыту: Балалар, Егмененді елімізді көркейту үшін дені сау, сұлу да сымбатты, шымыр да шыныққан, мәдениетті адамдар керек. Олай болса, біздің денсаулығымыздың жақсы болуы өзімізге байланысты. Ол үшін денемізді суға шынықтыруға үйретуіміз керек. Бұдан біздің денеміз жақсы дем алып, бұлшық еттеріміздің күш жиюына еркін дем алуымызға әсер етеді. Сөйтіп адамда сергектік пайда болады. Көңіл күй көтеріп, ширақ дем аламыз. Әлсіз, адамға қарағанда дені сау, шыныққан адам отанына көп пайда келтіреді. Сендер, ертеңгі күннің болашағысыңдар.
Үйге тапсырма:
1. Мәтінді түсініп оқы.
2. „Денім сау болсын десең“ тақырыбына сурет салу.
3. Оқушылардың білім бағалау.
Үшінші сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Адам – табиғат перзенті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың табиғат адам туралы білімдерін толықтыру. Бір – бірінен ажыратуға болмайтындығына көз жеткізу.
Дамытушылық: Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, плакаттар, диаграмма.
Сабақтың әдісі: Ойлауды дамыту технологиясы бойыннша элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа керекті құрал-жабдықтарын дайындатамын. Сабаққа назар аударамын.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Топтау әдісі; Өлі және тірі табиғат туралы суреттерді топқа бөлу.
2. Ой шақыру әдісі: табиғат денен не?
3. Суреттер таратып беріледі. Табиағтқа қатысты сөйлемдер.
4. Балалармен топтастыру әдіс – арқылы адамның табиғаттағы орны, табиғаттың адам баласына берері зор қазына көзі екендігі туралы жазбаша жұмыстар тапсырылады.
1. Адам табиғаттың бір бөлігі, адам баласы табиғаттың ең негізгі саналы перзенті екендігі туралы ой толғау.
2. Табиғат өлі және тірі организімдермен тұратындығы жайында ауызша түсіндіру.
Құрайды. Су – тіршілік көзі. Мен табиғатты аялаймын. Ауыл табиғаты керемет.
4. Оқулықпен жұмыс.
„Адам табиғат перзенті“ тақырыбын оқушыларға оқып, мазмұнын айтқызу.
Ой толғаныс. Өлі және тірі табиғатты венн диаграммасы арқылы салыстыру.
5. „Адам табиғат перзенті“. Өлі және тірі табиғатқа суреттер салғызамын.
6. Салған суреттер бойынша әңгіме жүргіземін.
7. Балалар өз суреттерімен қатар, басақ да оқушылардың суреттерін талдайды.
Сабақты қортындылау: - сұрақтарға кубизм стратегиясы бойынша жауап беру.
1.Табиғат деген не?
2. Адамның табиғатқа көзқарасы.
3. Адам – табиғатсыз өмір сүре алама?
Үй тппсырмасы: „Адам табиғат перзенті“ мәтінін оқу, мазмұнын айту.
Енді осы екі бақылау жұмысының нәтижелерін салыстырайық.
Дүниетану.
Бірінші бақылау /бой/ нәтижелері бойынша саналылық:
Жоғары деңгей – 37% /7 оқушы/
Орташа деңгей - 23% /4 оқушы/
Төменгі деңгей - 42% /8 оқушы/
Бірінші бақылау нәтижелері бойынша беріктік:
Жоғары деңгей – 15% /3 оқушы/
Орташа деңгей - 53% /10 оқушы/
Төменгі деңгей - 22% /6 оқушы/
Бірінші бақылау нәтижелері бойынша шоғырланушылық:
Жоғары деңгей – 10% /2 оқушы/
Орташа деңгей - 42% /8 оқушы/
Төменгі деңгей - 48% /9 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша саналылық:
Жоғары деңгей – 53% /10 оқушы/
Орташа деңгей - 37% /8 оқушы/
Төменгі деңгей - 10% /2 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша беріктік:
Жоғары деңгей – 42% /8 оқушы/
Орташа деңгей - 48% /9 оқушы/
Төменгі деңгей - 10% /2 оқушы/
Екінші бақылау нәтижелері бойынша шоғырланушылық:
Жоғары деңгей – 26% /5 оқушы/
Орташа деңгей - 437 /7 оқушы/
Төменгі деңгей - 37% /7 оқушы/
Жалпы алғанда дүниетанудан 3-сынып оушыларының білімді меңгерудің жоғары деңгейі 4 оқушыға, 21%, орташа деңгейі 2 оқушыға, 10% артты, төменгі деңгейі 6 оқушыға, 31% кеміді.
Дүниетанудан орташа балл – 0,5-ке, оқу сапасы -26%-ке артты, үлгерімі сол қалпында қалды. Мұның барлығы, сайып келгенде біз жасаған дидактикалық ойындар жіктемесінің білім, іскерлік және дағды сапасына тиімді әсер еткендігін байқатты.
Ойын элементтерін дүниетану сабағында пайдалану өте тиімді екендігіне көз жеткізе отырып, біз ұсынған дидактикалық ойындар, ойын – жаттығулар, ойын – тапсырмалар, ребустар, ойын – жұмбақтар, сөзжұмбақтар, дидактикалық, қимыл – қозғалыс ойындары дүниетану пәнінің мақсатын толық орындауға мүмкіндік береді. Оқушылар дүниетанудың адам – қоғам – табиғат бөлімдері бойынша берілген білім элементтерін ойын әдіс арқылы жақсы меңгеріп танымдық қызығушылығы артты.
Дүниетануды оқытуда тиімді әдістердің бірі дидактикалық ойындар мен ойын элементтері екендігіне біз өз зерттеулерімізді дәлелдедік.
Достарыңызбен бөлісу: |