Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер



жүктеу 26,03 Kb.
Дата17.01.2022
өлшемі26,03 Kb.
#33110
средни школа


Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер


Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
• ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
• мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
• оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
• жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Оқыту құралдары - білім алу, іскерлікті жасау көзі.

Оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді ғылыми негізінде меңгерту және терең білімді, ұлтжандылық ұрпақ тәрбиелеу мәселесін өз жұмысына арқау ету мұғалімнің мақсаты.

Жаңаша әдістерді жаңа педагогикалық технологияны ұтымды енгізу, оларды пайдаланудың жолдарын үйрету. Бүгінгі жаңа технология бойынша оқып үйрету, меңгеру, өмірге ендіру, дамыта оқыту.

Сабақта жаңаша үрдіспен өткізу оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып педагогтердің кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.

Оқытудың басты міндеттері:


  1. Баланың жеке басының алғашқы қалыптасуына қамтамасыз ету;

  2. Қабілеттерін ашып, дамытып, оқуға деген ықыласын іскерлігін қалыптастыру;

  3. Оқу, жазу, санау қарым – қатынасын ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту.

Оқытуға қойылатын талаптар:

Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес оны тұлға ретінде біртұтас үйлесімді (білім мен тәрбие беру) түрде дамыту.

Осы іс - әрекеттердің негізінде компонеттерін меңгерту (оқу міндетін түсіну, оқу операцияларын орындау, өзін - өзі басқару, өзін - өзі бағалау, өзін -өзі бақылау, айналасындағылармен дұрыс қарым – қатынаста болу.)

Адам тұлғасына тән азаматтыққа рухани және адамгершілікке құндылықтарға танымдық іс - әрекетке өздігінен іс - әрекет жасауға, оқуға және тәрбиелеуге ұмтылу. Міне, осындай мақсат – міндетті қолдай отырып:

Баланың ойын, тілін, дыбыстық есту, көру кеңістігін, математикалық аңғарымен интеллекті мен қарым – қатынас дағдыларын яғни пәнді оқып үйренуге тілдік дайындығын дамыту.

Міне, осындай мақсат – міндетті қолдай отырып, жасөспірімдердің жан-жақты дамуына жағдай жасау жалпыдан жекеге қарай, яғни жеке тұлғаны дамытудың әдіс – тәсілдерін, жаңа білім беру жүйесінің технологиясын ізгілендіруді қажет етеді. Баланың жеке қасиетін ашу арқылы оның жан дүниесіне жылылық ұялату, танымдық қабілеттерін қалыптастыру білім мен біліктерін кеңейте отырып, тереңдетуге жағдай жасап, тұлға етіп тәрбиелеуді көздейді. Баланың біліп ұққанын тексеру оңай шару емес. Ол мұғалімнің жеке басының шығармашылық шеберлігіне байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерге оқушылырға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс - әрекеттерінің берік негізі әдіс –тәсілдері болатындай етіп оқытудың, оқу тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңарту мен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр алуан құралдардың тиімділігін арттыруды, оқытудың жаңа технологиясын меңгертуді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді талап етеді.

Қазіргі танда «Мұғалім оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдерді ғылыми негізде меңгерту» мәселесін өз жұмысына арқау еткен әр мұғалімнің міндеті деп түсінемін. Бүгінгі таңда педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұнын жаңартып, жаңа көзқарас пайда болуымен жаңа технологиялар өмірге келді. Оқытудың жаңа технологиясын жеке меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Қазіргі педагогикалық технология ұғымы іс - әркетімізге кеңінен еніп, жиірек қолданылып, практикаға енуде.

Педагогикалық технологияның негізгі әдіс – тәсіл, амалдардың ең тиімдісін әр тұлғаның немесе сыныбындағы оқушы қажетіне қарай таңдап қолдануда.

Ұстаз естен шығармайтын негізгі мемілекеттік стандарттың талаптарын толық басшылыққа ала отырып, жұмыс істеуінде.

Олай болса педагогикалық технология – оқу тәрбие үрдісінің шығармашылық пен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.

Осыдан келіп әр мектепке, мұғалімге оқушылардың оқу танымдық белсенділігін  арттыру жолында олардың әр пәнге қызығуын, өздігінен білім алу даму дағдыларын қалыптастыру. Ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу міндеті жүктеледі.

Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын, оқуға деген қызығушылығын арттыру барысында мынадый жолдар өз тиімділігін көрсетеді:



  1. Баланың бойындағы пәнге қызығушылық па немесе ынта ма соны ажырату керек.

  2. Оқушы бойында қай пәнге қызығушылығы жоғары, қай салаға қабілетті екенін анықтау. Мұғалім оқыту жүйесінде үрдісті шебер басқара білуі және оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын, таным процестерін дамытып отыру керек.

  3. Баланың жеке тұлғалық қасиеттері мен қызығушылығын, жас ерекшелігін ескере отырып, сабақты қызықты етіп ұйымдастыру, яғни сабақта жаңа, озық технологияларды пайдалану ( ойын арқылы оқыту, деңгейлеп саралап оқыту, дамыта оқыту, сыни тұрғыдан оқыту технологиясының кейбір элементтері т.б ).

  4. Сабақты өткізу барысында мақсатты нақты, айқын белгілеп, соған жетудің жолдары мен тәсілдерін көрсету. Сабақтың уақытын бөлу барысында мұғалімдердің осыған назар аударғаны жөн. Сабақты «қызығушылықты ояту» тәсілімен басталуы да маңызды болып табылады.

  5. Сабақ барысында тақырыпқа қатысы жоқ болса да, балаларға «жаңалықтар» айту. Бұл жаңалық хабар немесе болған оқиға, әлемдегі қызық жайттар түрінде болуы мүмкін.

  6. Баланы мадақтау, ынталандыру, баланың күшіне қабілетіне сенім білдіру, ынталандыру (бағалау барысында балаларға қолдан жасаған суреттер, фигуралар тарату ) баланың жұмысын бүкіл сыныпқа көрсетіп үлгі ету, дәптер тексеру соңында ынталандыру сөздерін жазу.

  7. Шығармашылықпен жұмыстандыру. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік көп. Дүниетану, математика, сурет, музыка сабақтарында жеке тапсырма беру арқылы балада ойды тұжырымдап айту, идеяның пайда болуы оны шешу, оның логикалық дамуы көрінеді. Баланың сабақ бойында ынта, ықыласы жоғары болады.

  8. Оқу белсенділігін арттыруға арналған ойындар мен тренингтерді қолдану. Баланың оқуға ынтасын ояту үшін оған эмоциянальды жағымды көңіл – күй сыйлаудың маңызы зор.

Мұғалім қолданған әр түрлі әдіс – тәсілмен тынымсыз еңбектің арқасында баланың белсенділігі артып, дербестігі қалыптаса бастайды, беделі артып, танымдық қызығушылығы бекиді. Өз іс - әрекетінің, жұмысын нәтежесін көріп масаттанады (үйрендім, білдім, басқаларға көмектестім, қиындықтарды жеңдім)

Бастауыш сынып оқушыларының дағдыларын меңгертумен бірге қоршаған орта туралы түсініктерді кеңейту, оларды шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы осы талап тұрғысынан алғанда оқу тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін іздестіру мен жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы зор.

Осындай жұмыстардың нәтежесінде бүгінгі күн талабынай сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек.

Қолданылған әдебиеттер.



  1. Абилова. Ж. Т Жаңа технологияның пайдалану тиімділігі. \\Бастауыш сынып әдістемесі №3(22)

  2. E-mail:45minut.kz. Бастауыш сыныпта оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер.

  3. Төлегенова. У. Жаңа технологияны сабақта қолдану. \\Бастауыш мектеп №5-2006

  4. Хисметова. С. Оқу – тәрбие үрдісінде, оқытудың жаңа әдістерін тиімді пайдалана отырып, оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру. \\Қазақ тілі мен әдебиеттер орта мектепте № 10(57)-2013

  5. Қуанаева. Б. С. Бастауыш сынып оқушыларының оқу мотивациясын арттыру жолдары. \\ Ұстаз Ғылыми әдістемелік журнал №1 (54) 2012

жүктеу 26,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау