Ылым министрлігі


Дүниетану пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының



жүктеу 0,52 Mb.
бет6/10
Дата26.06.2022
өлшемі0,52 Mb.
#38966
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Дүниетану сабақтары ДПЛ

1.3 Дүниетану пәнін оқыту процесінде бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымын қалыптастыру
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастуда көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру.
Балаң жастық – дүниетанымының қалыптасуындағы шешуші кезең. Әрине, дүниеге көзқарастың негіздері анағұрлым ерте кезден қаланады. Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдеттерді, нұсқауларды, жағымды жағымсыз жағдайларды іс-жүзінде меңгеруден басталады. Бұлар кейінен ұғынылып, мінез-құлықтың белгілі бір нормалары мен принціптеріне айналады. Алайда, адам дамуының бір шама жоғары сатысында ғана бұл принціптердің белгілі бір тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі келіп шығады. Ол адамға айналасындағы дүниені түсініп ғана қоймай, оны бағалауға, оған деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Дүниетанымдық ізденістер айналадағы дүниені қайсы бір жағынан өзінің мінез-құлқын бір шама асыра бағалаумен жүреді.
Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші – дүниенің неғұрлым жалпы принциптеріне табиғат пен адам баласының әмбебап заңдарын танып білуге деген ынтаның өсуі.
Бұрын бастауыш сыныптарда «Дүниетану» пәні оқылмағанмен, оқу бағдарламасында қоршаған дүниеден ұғым беретін материалдар, яғни дүниетану материалдары бастауыш сыныптан 1 сыныбында «Айналамен таныстыру», 2 сыныбында «табиғаттану» пәндері арқылы меңгерілсе, соңғы жылдары мазмұны да, мақсаты да жаңа «Дүниетану» пәні республиканың барлық мектептерінің бастауыш сыныптарына енгізілді.
Интегративті оқытуды жүзеге асыратын дүниетану пәнінің негізгі мақсаты – адам, қоғам, табиғат, яғни дүниенің ірі үш құрамдас бөлігі туралы оқушыларға біртұтас көзқарас қалыптастыру және адамның орнын түсіндіру. Оқушылардың мектепке дейін айналамен таныстыру арқылы алған білімдері тереңдетіледі, кеңейтіледі, дамытылады.
Сол сияқты дүниетанудан алған білім мазмұны жоғары сыныптарда оқытылатын жаратылыстану пәндері арқылы тереңдетілумен айқындалады. «Дүниетану» пәні – «Жаратылыстану» білім саласының құрамдас бөлігі. Заттардың физикалық, химиялық қасиеттерін анықтауда, ғарыштық құбылыстар мен жер қойнауындығы және тіршілік әлеміндегі құбылыстарды, табиғат объектілерінің қасиеттерін, географиялық жаңалықтарды оқу барысында оқушылар дүниетанудан алған білімдеріне сүйенеді.
«Дүниетану» пәні базистік оқу жоспарына «Жартатылыстану» және «Қоғамтану» білім салалары бойынша міндетті түрде оқытылатын пән ретінде еніп, 4 жыл бойы кіріктірілген курс ретінде оқытылады.
«Дүниетану» пәні ауқымды білім берудің негізгі бағдарламасы жүзеге асырылады.
«Дүниетану» бағдарламасының мазмұны адам, қоғам, табиғат бөлімдерін қатиды.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

    1. сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

    2. сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

    3. сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

    4. сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

«Дүниетану» пәнінің осы уақытқа дейінгі мектепте оқытылып келген «Айналамен танысу» және «табиғаттану» пәндерінен зерттеу объектісі, құрылымы, логикасы, мазмұны жағынан алғанда елеулі өзгешеліктері бар. Бұл ерекшеліктер пәннің артықшылықтарын анықтайды:

  1. Ең алдымен білім мазмұнының дамытушы, тәрбиеленуші қызметі күшейтілген. Дамыта оқытудың шарттары мүмкіндігінше ескеріліп, оқушылардың білімді зерделенетін объектінің сыртқы белгілері туралы оқушылардың білімді зерделенетін объектінің сыртқы белгілері туралы қарпайым мағұлматтар деңгейінді емес, ішкі мәнін, байланыстарын ашатын теориялық сипаты бар ұғымдар жүйесінде меңгеруі көздейді. Оқытудың мазмұны ғылыми фактілермен заңдылықтарға негізделген.

  2. Оқушыға берілетін білім, білік жүйесі адам – қоғам – табиғат тізбегінен тұратын үш іріленген дидактикалық бірлік түрінде топтастырылған. Сәйкес бірліктер мазмұны сыныптан сыныпқа қарай тек өткенді қайталап, аздап тереңдетілу арқылы емес, жаңа мағұлыматтар, түсініктер, ұғымдар қосылып кеңеюі есебінен яғни бұрандалы жоғарлату принципі негізінде күрделенеді. Мысалы, 1 сыныпта табиғат өзгерістері туралы жалпы түсінік берілсе, 2 сыныпта табиғаттағы өзгерістердің өзара байланысы, өсімдік және хануар – тірі ағза, олардың көбейюі, өсуі, дамуы, 4 сыныпта тірі ағза мен орта туралы бір – бірімен генетикалық байланысы бар ұғымдар беріледі. Басқа бөлімде де осындай.

  3. Адам – алғашқы рет әлеуметтік тұлға ретінде жеке оқытылады. Бұрынғы оқу бағдарламаларында адамның әлеуметтік орны арнайы қарастырылмаған: ол туралы мағұлыматтар (көбінесе, гигиена, денсаулық туралы) «Ана тілі», «айналамен таныстыру», «табиғаттану» пәндерінде әртүрлі материалдармен аралас беріліп, оқушы тұлға ретінде өзінің «Мен» ұғымын түсінетіндей білім ала алмады. «Дүниетану» бағдарламасындағы «Адам» бөліміндегі білім мазмұны «Адамның айналадағы дүниені танып білуінің маңызы, әдістері туралы түсінік» деген тақырыптан (1 сыныпта) басталып, айналадағы дүниені оқушының қалай және қандай мүшелерінің көмегімен тани алатынын бірден бағдарлайды. Осы арқылы бірінен-бірі шығатын, теориялық сипаты бар (әрине оқушы түсінігіне лайық деңгейде), екі түрлі ұғым төңірегіне оқушының логикалық ойы мен практикалық іс-әрекетін жұмылдырады:

а) сезім мүшелерінің қызметі мен маңызы, тілдің әлеуметтік ерекше ролі, ойлау – адамға тән қасиеті;
б) бақылау, тыңдау, оқу және ойға тоқу басқаға айту, тәжірибе – дүниені зерттеу әдістері.
Бұл ұғымдарды меңгеруден алған білім, біліктері оқушының өзін - өзі тануына көмектеседі. Осыдан айналадағы дүниені зерделеп білуге мүмкіндігі бар екенін оның көзі жетеді, сенімі артады.
«Адамның айналадағы дүниемен қарым қатынасы» (2 сынып), «Адам – табиғат перзенті» (3 сынып), «Адам – қоғаның перзенті» (4 сынып) тақырыптары оқушының айналадағы дүниедегі алатын орны мен ролін түсінуге негіз салады.
Адам туралы білім тек осы блокпен шектелмейді: адамның табиғи және рухани қажеттіліктері туралы білім мазмұны арқылы «табиғат», «Қоғам» дидактикалық біліктіліктерімен тығыз байланысып, мұндағы адамның басты құралы – еңбек деген идея пән мұғалімінің өзекті арқауы «реалды дүниенің үш саласында басты тұлға – «кейіпкер» болып, бүкіл мазмұны интеграциялаушы фактор болып рол атқарады.

  1. «Дүниетану» мазмұнындағы табиғат, адам еңбегі туралы материалдар, бұрынғыдай маусымдық емес, жүйелік ұстанымына негізделіп берілген. Мұндай құрылымның бірнеше артықшылығы бар. Ең бастысы – білім «маусым қуып» бөлшектенбей, жүйемен беріледі. Сондықтан, оның дүниетанымдық тәрбиелік мүмкіндігі толық пайдаланылады және оқушының бастауыш сатындан соң басталатын ғылым негіздерін қиналмай зерделенуіне қажетті теориялық ұғымдар жүйесін тыңғылықты меңгеруін қамтамасыз етеді.

Әрине, бұдан маусымдық принцип назардан тыс қалады деген ұғым тумауы тиіс. Кезінде бұл ұстаным сынып оқушыларының таным ерекшеліктеріне сәйкес, ол табиғат құбылыстарын тікелей көріп, бақылап қабылдау арқылы меңгеруіне байланысты енгізілгені мәлім.
Дүниетануда бұл принцип те басшылыққа алынады. Оқушылардың табиғат құбылыстарын тікелей көріп, бақылауы әр бөлім материалдары ішіне, оны зерделеу мерзімі қандай маусымға орайлас келетініне қарай енгізіледі. Мысалы, «Қоғам» бөлімінде мазмұнды зерделеу көктем мен жаздың басына сәйкес келетін болғандықтан үй, ауыл (қала) маңы табиғатындағы осы маусым кезіндегі өзгерістермен оқушы қоғамдық – пайдалы жұмыстар, топ саяхаттар арқылы іс жүзінде танысып, «Табиғат» бірлігінен алған білімін нақтылайды, бекітеді және келесі сыныпта зерделіті материалға негіз болатын мағлұматтар жинайды.

  1. Дүниетануда оқушыларға берілетін білімнің базалық және тірек білім болып жоспарлануы. Базалық білім – білімнің негізі болса, тірек білім – білімнің діңгегі ретінде дүниетанымдық ұғымдар беру жүзеге асырылған.

  2. Бағдарламада оқушының өздігінен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Дүниені танып білудің логикалық әдіс-тәсілдері (талдау, салыстыру, синтез т.б.) зерделеудің ғылыми әдістері мен тәсілдері (бақылау, тәжірибе, картамен, сұлбамен жұмыс, әртүрлі аспаптар көмегімен өлшеу, бағдарлау, шартты белгілерді қолдану, сызбамен, кестемен жұмыс т.б.) дербес мазмұн ретінде оқытылып, оларды бүкіл оқу материалын меңгеруге берілетін уақыттың 20-30 процентін алатын лабораториялық, сармандық, қоғамдық – пайдалы жұмыстарда, топ саяхаттарда іс жүзінлде қолданып, бекіту көзделеді.

  3. Материал мазмұны оқушының өмір тәжірибесіне және қоршаған ортадан бақылағандарымен байланыстыруына жағдай жасалған. Мәтіннің тілі (ғылыми, тартымды, әсерлі, жеңіл, бейнелі т.б.) оқушы ойына орамды болуы қарастырылған.

  4. Оқулықтағы тапсырмалар топтық, жеке және жұптармен жұмыс жасауға лайықтандырылған; міндетті және міндетті емес тапсырмалар қатар беріліп, олар оқушылардың таңдау еркіндігіне мүмкіндік жасайды; проблемалық жағдай туғызатын сұрақтар жүйесі де берілген.

  5. Оқушылардың дайындық деңгейлері мен мүмкіндіктері есепке алынған; баланың танымдық қызметін белсендіруге жағымды мотивация тудырылған; танымдық қызметін белсендіруге жағымды мотивация тудырылған; оқытуды дифференцациялау жолы қарастырылған.

  6. Дүниетану материалдарында көптеген пәндер мен ғылымдардың (биология, химия, астрономия, тарих, физика, география, анатомия, физиология, гигиена, минерология т.б.) саласын қамтитын теориялық білімдер берілген. Пәнаралық байланыс арқылы берілген ұғымдар мен түсініктер оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған.

  7. Оқулықтың безендірілуі мен көрнекі материалдармен қамтамасыз етілуі жеткілікті деңгейде. Олар оқушылардың оқуға қызығушылығын оятады, қабылдаудың эмоциялық сферасы негізінде жағымды мотивация тудырады. Көрнекіліктер мен иллюстративті материалдар дидактикалық аптарға сай таңдап алынған. Оқулықта алғы сөз, мазмұндық көрсеткіш, кіріспе, тараулар мен тақырыптар, қысқартулар, ескертулер, қосымша материалдар, таңбалар мен шартты белгілер т.б. оқушыны бағыттап отырған.

«Дүниетанымдық», «Айналамен таныстыру» және «Табиғаттанудан» тағы бір негізгі ерекшелігі, оқушыларға берілген оқу материалын кеңінен таныстыруға, бақылау жасауға, хрестоматиядан білімді терең меңгеруге жағдай жасалғанын айтып кетуге болады. Нақтырақ айтқанда лқыту процесін оқу - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету жақсы жолға қойылған:

  1. «Дүниетану» оқулықтары (1, 2, 3, 4 - сыныптар).

  2. Бақылау күнделігі (1, 2, 3, 4 - сыныптар).

  3. «Дүниетану» оқулықтарына арналған әдістемелік нұсқаулар (1, 2, 3, 4 - сыныптар).

  4. Қоршаған ортаға байланысты дидактикалық материалдар (1, 2, 3, 4 - сыныптар).

  5. Хрестоматиялар (1, 2, 3, 4 - сыныптар).

Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытуға оқушыларда табиғат туралы алғашқы түсінік қалыптасады, айнала дүние, оның заңдылықтары туралы түсінік баланың сезімдік қабылдауы арқылы жүріп, бірте-бірте құбылыстың мәнін ұғынуға ұласады. Осы бағытты жетілдіруде ойын элементтерін, дидактикалық ойындарды қолдану қажет.
Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін дидактикалық ойындарды пайдаланудың орны ерекше.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтасымен тыңдап, оны берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені ойын мектепке келген оқушылардың әрекетін белсендіріп, оларды тәрбиелеп, дамытудың аса маңызды құралы болады. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балаларды ойнауға, яғни А.С.Макаренконың сөзімен айтқанда: «Жақсы ойын» жасауға үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік-танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы, белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы. /12/
Ойын процесінде балалардың білімі мен ұғымы айқындалып, тереңдей түседі. Демек, ойын балалардың слған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге танымды белсенді іс-әрекетінің белсенді бір формасы болып табылады. Соның барысында олар мұғалімнің басшылығымен жаңа білімді меңгереді. Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, ұстаз балалар ұжымына және ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы бала өзінің ниеті мен әрекетін басқалармен үйлестіруге, ойында қалыптасқан ережелерге бағынуға тиісті болады.
Педагогикалық басшылық болмаған жағдайда балалардың ойындары кейде жарамсыз ықпал жасауы мүмкін. Сонымен бірге дидактикалық ойын балалардың танымдық дамуына әсер етеді, білімдерін кеңейтуге қажеттілігін туғызады. Бүгінгі таңда дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жіктемелері бар. (Л.А.Венгер, О.М.Дьяченко, Т.К.Жикалкина, т.б.)
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына (М.Гунер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев), дене қасиеттерін, қимылды әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышев); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне (А.К.Айтпаева) сәйкес жасалды.
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан – ойында ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, іздемпаздық, белсенділік қалыптасады. Екінші жағынан – ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа материалды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты қажетсенбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын, үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Олардың сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басында ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың ортасында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да, қызықты, түсінікті болуы оқушыларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.
Бұл жүйені бастауыш мектепте оқыту процесінде басшылыққа алуда мұғалімге әдістемелік талаптар қойылады.
Мұғалімге қойылатын бірінші талап-ойынның нақты мақсаттарын түсіну және білу болып табылады, ойынның негізгі мақсаттары төмендегідей:

  • бастауыш сынып оқушыларына әрбәр пән бойынша меңгеруге тиісті білім мөлшерін саналы түрде игеріп, оқушылардың іске икемділігін қалыптастыру;

  • бала қабілетінің қырларын жан-жақты дамыту;

  • ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту;

  • еңбек дене тәрбиесін жетілдіру, оның өмірге көз қарасын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру.

Екінші талап - ойынның мазмұнын анықтау. Мұнда қажетті шарт- ойынның көмегімен жүзеге асырылатын деректі оқушының жас ерекшеліктеріне, бағдарламалық талаптарға, нақты мақсатқа сәйкес дәл білу болып табылады.
Ойынның мазмұны тек пәндәк мақсаттар ғана емес, оқу әрекетінің іскерліктерін қалыптастыру, бейнелік және логикалық ойлауды дамыту мақсаттарын да жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет. Ойынның мазмұнына қойылатын негізгі талаптардың бірі ойынды және оның түрлерін ұйымдастырудың мүмкін формаларын есепке алу болып табылады.
Ойынды ұйымдастыру формаларына қойылатын талаптар: (ұжымдық, топтық және даралық таңдау) ең алдымен оқушылардың ойлауының даму деңгейін, коммуникативтік іскерліктерді (оқу, жазу), қарым-қатынас іскерлігін қалыптастыру деңгейін нақты есепке алу негізінде анықталады 6-7 жасар балаларға тән көрнекті-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлаудың даму ерекшеліктеріне сүйнене отырып, біз топтық немесе дара ойындарды пайдалану тиімді деп есептейміз. Мұндай жағдайда мұғалім әрбір оқушы арқылы ойынның мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз ете алады. Ол үшін ойынға қатысушыларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету маңызды. Бұл тапсырмалар жазылған карточкалар, сюжетті суреттер, жинақтар, т.б.с.с. болуы мүмкін. Ойынды ұйымдастыру формасына оның түріне байланысты болуы керек.
Ойынның құралдарына қойылатын талаптар ойынның мақсаты, мазмұны және формасы арқылы анықталады. Бұд жағдайда ойынға қатысты әрбір зат (ойыншықтар, материалдар, т.с.с. оқушыларға жақсы таныс болуы керек.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1.Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

  1. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.

  2. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.

  3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.

  4. ойынның эмоциональды болуы.

Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

  1. Ойынның мақсаты және көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.

  2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.

  3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

  4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне желеу керек.

Бағдарламалық материалға сәйкес мұғалім мазмұны жағынан әртүрлі дидактикалық ойындарды – саяхат – ойындарын, тапсырма – ойындарды, жарыс – ойындарды, әңгіме – ойындарын, танымдық іс-әрекеттің сипатына қарай әртүрлі ойындарды – орындаушылық іс-әрекетті талап ететін, қайта жаңарту әрекеті орындалатын, бақылау әрекетін, ізденушілік әрекетті көздейтін ойындарды пайдаланады. Содан кейін мұғалім ойынның сабақ құрылымындағы орнын және оны жүргізу әдістемесін анықтайды.
Дидактикалық ойындарды таңдап алу, оларды дұрыс өткізу мен ұйымдастыру – оның табысты болуының шешуші шарттары. Ойынды оқу әрекетіне енгізу, (бірден сабақта қолайлы) біріншіден сабақта қолайлы жағдайдың болуы, екіншіден мұғалімнің шеберлігін, үшіншіден оқушылардың психологиялық көңіл-күйінің болуын талап етеді.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың кезеңіндегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасының мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесінде оқушыларды белсенді ұйымдастыруға байланысты.
Дидактикалық ойындардың қайсысын болмасын өткізу барысында оқушылар түрлі іс-әрекеттерді орнайды. Дегенмен олардың қандай да бір іс-әрекетінің басым орындалуына орай топтастыруға болады. Демек, ойын барысында орындалатын негізгі іс-әрекеттерді анықтап, оның түрлерін іс-әрекетке орай алмастырып отыруға тура келеді. Кейбір дидактикалық ойындарда оқушылардың орындаушылықпен (берілген үлгілерге еліктей отырып), біршамасында еске түсіруімен, (қайта жалғастыруымен) байланысты, қайсы бірінде тексеру мен бақылау, өзгерту, түрлендіру, әртүрлі мүмкін варианттарды іздестіру сияқты іс-әрекеттер орындайды. Ойын элементтерін пайдалану нәтижесі болу үшін осы сияқты іс-әрекеттерді алмастыра отырып дидактикалық ойындардың өзгермелі болуын да жүзеге асыруымыз керек.
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың әдістемесін жасау зерттеу мәселесіне қатысты келесі тұжырымдамалар жасалды:
1. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың маңыздылығы, пәнаралық байланыстар қажеттілігі, жоғары сыныптарда білім негіздерін жалғастыруға қажетті негіздеме екендігі анықталды.
2. Қоршаған әлем мен бүгінгі күннің дамуының байланыстылығы, пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымы кеңейтілунің сапалы игерілуіне тәуелділігі қарастырылады.
3. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың әдістемесін жасау әлі де жетілдіруді, ең негізгісі көрнекілікпен оқытуға, өмірмен байланыстыруға тәуелділігі айқындалады.
4. Дүниетаным пәнін өткізуде ғылым жетістіктерімен, техника табыстарымен, күнделікті өмір техникасын түсінуге негізделуі арқылы тиімді игерілетіндігі белгіленді.
5. Дүниетаным пәнін оқытуда пәндерді терең білу, тәжірибе алмасу арқылы ең озық, оңтайлы технологияны негізге алуды растады.
6. Бастауыш сыныпта оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстарды оқытудың көрнекілік құралдарын оқытудың техникалық құралдарын кеңінен қолдануды оқыту тиімділігін арттырады.
7. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқытудың мүмкіндігіне, тақырып мазмұнына сай ғылым, техниканың жетістіктерін мерзім, уақытқа сай жетілдіріп пайдалану.
Қорыта айтқанда, еліміздің саяси, экономикалық, әлеуметтік даму мүмкіндіктерін, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясына қатысты мәліметтерді дүниетануға байланысты мерзімінде түрлендіріп, пайдалану маңызды.



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау