2. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ
ҚАЛЫПТАСУЫН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2.1 Дүниетануды оқытуда дидактикалық ойындардың жіктемесі және
ойын элементтерін пайдалану мазмұны
Мазмұны бойынша барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қығығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп, нерв жүйесін демалдырады. Міне, сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші роль атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық – оңай жолмен; қажеттілер – қызық жолмен беріледі;
Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.
Ойын – болжадар. Бұл ойындар «Не болар ...?», «Мен не істер едім, егер ...» деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюшы ерекшеленеді. Мұүндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыру байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.
4.Ойын – жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі – логикалық астарының болуына. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңдеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялын дамуына әсер етеді.
5.Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалрмен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше мсипатқа ие болады. Ойынның құндылығы – олар эмоциональдық процестерді белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері.
Балалрдың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
Қайта жасау іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
Сюжеттік рольдік ойындар.
Жаттығу ойындар.
Драмалық ойындар.
Шығармашылық ойындар.
Әдеби – музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктерне сәйкес мынадай жіктемесі бар:
Білім беретін ойындар
Тәрбиелейтін ойындар.
Дамытатын ойындар.
Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнына сәйкестендірілген. Сондықтан біз Тараз қаласы №5 жамбыл атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сыныбында эксперименттік жұмыс жүргізу барысында, осы жіктемелерге сүйене отырып. 1-сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде пайдалануға болатын дидактикалық ойындардың жіктемесін жасадық. Бұл жіктемені дүниетану сабағында пайдалана отырып сабақтың тиімділігін арттырудың жолдарын қарастырдық.
Дидактикалық ойындарға материалды таңдап алуда біз төмендегідей жайттарды есепке алдық:
а/ ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
б/ білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылығы;
в/ ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Сонымен бірге біздің зерттеуімізде дидактикалық ойындарды жіктеуге, жүйелеуге қойылатын талаптар анықталды:
Дидактикалық ойындардың мазмұны:
а) 1-сыныптағы бағдарлама материалға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;
ә) тапсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерінмеңгеруге ықпал ету қажет;
б) ойындардағы тапсырмалардың әртүрлі тәсілімен орындауын қадағалау керек;
в) оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал ету қажет.
Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болу керек.
Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдариен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез, әрі жеңіл болуы шарт.
Дидактикалық ойындардың нәтижелері объективті тұрғыдан бағалануы тиіс.
Дидактикалық ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарын жетуіне бағытталған мазмұндық- мотивациялық аспектіне негізге алдық:
Оқушылардың жас ерекшеліктері білім, іскерлік және дағдының көлемі, осы сәттері оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-күйі;
Оқып – үйренілетін материалдық сипаты мен мазмұны; сол сабақтың мақсаты;
Нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.
Осы өлшемдерге сәйкес біз 1-сыныпта дүниетану сабақтарында дидактикалық ойындардың жіктемесін пайдаландық.
Дүниетану пәні бойынша дидактикалық ойындардың жіктемесі:
Айналадағы әлемді танысуға бағытталған дидактикалық ойындар: табиғат, құстар, жан-жануарлар жөніндегі жұмбақ-ойындар, «Бақытты сәт», «Иісін тап», «Бұл қай аң?», «Кім тез айтады?» т.б.
Тазалық пен күн тәртібін сақтауға байланысты дидактикалық ойындар: «Күн режим», «Тап-таза», «Күн мен түн», «Бір минут» т.б.
Адам сұлулығын танытуға бағытталған дидактикалық ойындар: «Кім күшті», «Қуыршақты киіндіру», «Спорт», «Өнер көрсет» т.б.
Дүниетану сабақтарында жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар баланың ой-өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына, баламасына қарай олардың атын табуға үлкен септігін тигізеді. Біз сабақтарда оқушылардың білім деңгейін молайту мақсатында төмендегідей жұмбақтарды пайдаландық: құс туралы «Бір –ақ уыс көлемім, Шыбын шіркей қорегім. Бау бақшаны қорғаймын, Ал атым ше?» (торғаймын); аспан әлеміне байланысты «Тақим толған сөк, Тәңертең тұрсам дым да жоқ» (жұлдыз); табиғат құбылыстары туралы: «аппақ-аппақ, ақ мамық, Жерде жатар тапталып». (қар); адамның дене – мүшелері туралы: «Қимылдаса қос шебер, Қыруар-қыруар іс өнер» (қол); өсімдіктер туралы: «Іші жұмсақ, сырты қатты, Еті қызыл, сүті тәтті», (қарбыз); киімдер туралы: «барады, барады, Аузын ашып қалады» (кебіс); жануар туралы: «Таптым-таптым тап жорға, Табаны жалпақ боз жорға» (түйе).
Ұсынып отырған жұмбақ ойындар сабақта жарыс үстінде, көрнекі құралдарды пайдалана отырып өткізілді. Олар балаларды тапқырлыққа үйретеді, ой-қиялдарының өсуіне көмектеседі, қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Балалардың өз бетімен шығармашылық ізденісін, эстетикалық талғамын жетілдіру мақатымен – үйде жұмбақтар даярланып, оның суреттерін салдыруға болады.
1-ші сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінде пайдалынған жоғарыдағы дидактикалық ойындар төмендегідей функцияларды атқарады:
Білімділік – жаңа білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, алған білімдерін одан әрі жетілдіру.
Тәрбиелік – қоршаған ортаға қнды, сыйлы қатынасты қалыптастыру.
Дамытушылық – баланың физиологиялық және психологиялық (қабылдау, ес, ойлау, қиял, зейін, ерік, қабілеттер т.с.с.) дамуын қамтамасыз ету.
Диагностикалық – оқыту, тәрбиелеу және дамыту нәтижелерін сараптау.
Дидактикалық ойындардың мұндай педагогикалық жіктемесі атқаратын қызметі және мазмұны жағынан, біздің ойымызша, бірінші сыныптағы оқу – тәрбие процесінің талаптарына және оқушылардың қызығушылықтарына жауап береді. Сабақтың тиімділігі артып, мұғалім қойған мақсатына жеңіл жетеді. Ойын элементтері балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, тұлға ретінде қалыптастыруға және дамытуға үлкен мүмкіндік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |