Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет23/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46

51 
 
болатындай  дәрежеде  берілуге  тиісті.  Тек  мұнымен  оқулықтың  міндеті 
шектелмейді,  ондағы  материалдар  оқушылардың  шығармашылық  мүмкіндігін 
ашатындай, оларды ізденуге, зерттей қарауға жетелейтіндей жағдайға кӛтеріп, 
жаңа  мәселелерді  кӛре  білетіндей,  білімді  ӛздігінен  іздене  отырып,  меңгерген 
білімін  жаңа  жағдайда  қолдануға  жеткізетіндей  болуға  тиісті.  Ол  үшін 
оқулықпен жұмыс атқаруда мына мәселелер ескерілуге тиісті: 
- мәтін мазмұнын оқу барысында онда кездесетін ғылыми анықтамаларды, 
заңдарды ойда сақтайтындай жағдай жасау; 
-  кездескен  атаулар  мен  жаңа  ұғымдарға  мән  беріп,  оларды  дәптерге 
жаздыру; 
-  тірек  сӛздер  бере  отырып,  оқушыларға  химиялық  ерекшеліктерге 
байланысты сӛйлем құрату; 
- оқығандарын сӛзбе-сӛз емес, ӛз ойларымен қорытындылай отырып, еркін 
айтуға жаттығу. 
Алға  қойған  талаптарды  орындауда  оқулықтың  тек  ӛз  мазмұнымен, 
шектелмей,  оның  құрамдас  бӛлігіне  енетін  оқу  құралдарымен  тығыз 
байланыста,  сабақтастықта  қарау  талабы  тұрады.  Себебі,  қандай  ғылыми 
ұғымды  қалыптастыру  мақсатын  алға  қойсақ  та,  оларды  бір-бірімен  ұқсас 
ғылымдар  жүйесімен  байланыстыра  отырып  оқыту  арқылы  қол  жеткізуге 
болады. 
Орта метептегі бейорганикалық химия пәні оқушыларға заттар және оның 
қасиеттері  мен    қосылыстарынан    бастап,  біртіндеп  дамыта  отырып  химия 
ғылымы  ашқан  теориялар  мен  заңдылықтарды,  нақты  деректерді,  химиялық  
ұғымдарды, түсініктерді   меңгертеді. Бұл алғашқы ұғымдар зат,  оның сапалық 
және сандық сипаттамасы, символикасы туралы берілетін ұғымдар. Осылардан 
біртіндеп,  заттардың  ӛзгерістері,  құбылыс,  бір  заттың  екінші  затқа  айналу 
терминдерінің  арақатысын    меңгере  отырып,  химиялық  реакция  ұғымын 
түсініп,  оның  формуласын  жазу  деңгейіне  жетеді.  Бұл  меңгерту  жолында 
мұғалімнің  іс-әрекеті  мен  оқушыладың  ӛзіндік  іс-әрекеттерінің  тиімді 
тоғысулары үлкен рӛл атқарады. Осы кезге дейін химия пәнін оқыту мәселесіне 
байланысты Республика кӛлемінде  кӛптеген әдістемелік құралдар жарық кӛрді. 
Бұлардың 
қатарында: 
Д.Қоянбаев, 
А.Г.Гатаулин, 
Л.З.Дюсюпова, 
Л.П.Калашникова, 
К.А.Сарманова, 
О.Хаймолдин, 
А.Мырзабаев, 
М.Д.Жадриналарды және т.б. атай аламыз
[128,129]
. Бұл педагогтар орта мектеп 
химиясын  оқытуға  байланысты  оны  әр  тұсынан  зерттеп,  мұғалім  қауымына 
үлкен  әдістемелік  кӛмек  кӛрсетті  және  сол  еңбектердің  нәтижесі  қазіргі  таңға 
дейін  мектеп  химиясын  оқытуда  жетістіктерге  жетудің  негізі  болып  келеді. 
Мектеп  химиясын  оқытуда  тек  әдістемелік  құралдар  дайындау  ғана  емес, 
күрделі  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  да  жүргізілді.  Бұл  зерттеулерде  химияны 
оқытудың 
басқа 
пәндермен 
байланыстару 
да 
жан-жақты 
назарда 
болды.Сонымен  қатар,  мектеп  химиясының  мазмұнын  талдап,  қазіргі  таңдағы 
олардың  құрамына  енген  жаңалықтарды  да  кӛрсете  білді.  Соңғы  жылдардағы 
зерттеулер  негізінде  химия  оқулықтарының  мазмұндық,  құрылымдық  жүйесі 
біраз реттелді. Химияның ғылыми тілі сараланып, тұрақталыпоның мазмұнына 


52 
 
біраз  ӛзгерістер  енгізілді.  Мәселен,   бейорганикалық  қосылыстардың  негізгі 
кластары  және  электролиттік  диссоциация  теориясы  тұрғысынан  олардың 
химиялық қасиеттері жӛніндегі мағлұматтар толықтырылып, қорытындыланды.  
Оқулықтың   «Кіріспе» бӛлімінде  химия  ғылымы  нені  зерттейтіні  жӛнінде 
және  химияны  оқып  үйренуде  қандай  әдістердің  басым  қолданылатыны 
жайында  қысқашы  материалдар  берілді. 7-  сыныптың    соңғы  қолданыстағы 
оқулығында(авторлары:  М.Қ.Оспанова, Т.Г.Белаусова, Қ.С.Аухадиева) 
«Химия  пәніне  кіріспе» бӛлімінде  таза  заттар,  және  қоспалардан  бастап 
берілетін білім біртіндеп күрделене түседі.  Сондай-ақ, осы алғашқы берілетін 
ұғымнан бастап, оқушыларға химиялық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған  және  қарапайым  химиялық  тәжірибелер  жасауға  үйрететін 
тапсырмалар беріледі. 
Біз зерттеу жұмысымызда бейорганикалық химия пәнінің оқулықтары мен 
оқу құралдарын байланыстыра  оқытудың дидактикалық  негіздерін қарастыру 
мақсатын  ӛзімізге  міндет  етіп  қойғандықтан,  7-  сыныптың  химия  оқулығын 
ӛзіміз құрастырған (авторлары:О.С. Габриелян,  Ж.Ә.Шоқыбаев, Г.У.Ильясова)  
« Химияға кіріспе 7-сынып» оқу құралымен байланыстыра отырып, білім беру 
мәселесіне тоқтала келе, осы  арқылы  оқушылардың теориялық білімдері мен 
практикалық біліктерін қалыптастыруды қарастырмақпыз [130]. 
Әсіресе,  химия  оқулықтарының  мазмұндық  мәселесін  сӛз  еткенде  оны 
басқа  жаратылыстану  ғылымдарының  негізімен  байланыстыра  оқытудың  
қазіргі  білім  беру  талаптарының  бірі  екендігіне  тоқталған  болатынбыз.  Оқу 
құралын  құрастырушы  авторлар  химияның  ғылымда  алатын  орынының 
еркешелігін  былай  қойғанда,  оның  бүкіл  шаруашылық  салаларында    алатын 
орынының  маңыздылығымен  қоса,  бүкіл  жаратылыстану  ғылымында  негізгі 
орынды  алатындығын  атай  келіп,  «химия  және  физика»,  «химия  және 
геграфия», «математика және химия», «химия және биология» байланыстарын 
ашуға  тоқталады.  Сондықтан  да,  осы  сабақтастықтарды  химияны  оқыту 
барысында  қолданудың  оқушылардың  теориялық  білімі  мен  практикалық 
біліктерінің  қалыптасуы  мен  іскерліктерінің  шыңдалуына    тигізетін  әсерін 
қарастырамыз. 
7- сынып бейорганикалық химия оқулығының алғашқы «Таза заттар және 
қоспалар»  тақырыбында  «зат»  және  «дене»  ұғымдарын  түсіндіретін  ғылыми 
ақпарат  түрінде  материал  беріледі.  Бұл  екі  химиялық  терминнің  анықтамасы 
талданып, мысалдар келтірідеді. Оқулықтың 9- бетіндегі заттардың қасиеттері 
туралы  анықтама  былай  берілген:  Заттардың  бір-бірінен  айырмашылығын 
немесе, ӛзара ұқсатығын кӛрсететін белгілерді олардың қасиеттері –деп атайды. 
Біздің  пікірімізше    мұны  оқушыларға  ӛте  жеңіл  түсіндіру  үшін  оларға  сол 
заттар арқылы тәжірибе жасату бірінші орында тұрмақ. 
«Заттардың  тек  ӛзіне  ғана  тән  белгілеріноның  қасиеті  дейді.  Заттардың 
қасиеті  кейде  бір-біріне  ұқсас  не  бір-бірінен  үлкен  айырма  жасауы  мүмкін» 
десек, ең алдымен оқушы заттың қасиеті тек сол затқа ғана тән болатындығын 
түсінуге тиіс. Осы тақырыпты меңгерту кезінде мұғалім оқу құралының  10-11 
беттерінде  берілген  материалдарды    сабақ  барысында  оқушыларға  ӛзіндік 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау