41
негізделген жаңа оқулықтарда, сұрақтар мен тапсырмалар, сондай-ақ жүйелі
әрі жиынтық кестелер сияқты оқушылардың танымдық қызметін іске қосатын
басқа да элементтер толық әрі тиімді қолданылады. Бұл элементтердің бәрін
игеру арқылы оқушылардың танымдық қызметін ынталандыруға және
бағыттауға мүмкіндік береді. Танымдық мүдделері мен қабілеттеріне, арнайы
оқу шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Осыған
байланысты оқытудың барлық кезеңдерінде қолданылатын, оқушылардың
қабілеттіліктері мен білімділіктері ескерілген тапсырмалардың жүйесі беріледі
[121,122].
Химия оқулығында берілетін кӛрнекіліктер ӛзіндік ерекше қызметтер
атқарады. Ол оқулықтың басқа да құрылымдық компоненттерімен тығыз ӛзара
байланыста бола отырып, мәтінді түсіну мен талдауда және білімнің
дидактикалық принциптерін орындауда олардың ӛзіне ғана тән міндеттерібар:
- мәтін мазмұнын тереңдету, ұғымды толықтыру;
- кӛрнекіліктер арқылы ӛзіндік
жұмыс атқару;
- кӛрнекіліктерді ӛмір тәжірибесімен байланыстыру;
- кӛрнекіліктерді басқа пәндерден алған білімдерімен байланыстыру;
- кӛрнекіліктерді жергілікті материалдармен байланыстыру;
- оқушылардың осыған ұқсас кӛрнекіліктер жасауы.
Оқулықтың оқу материалы оқушыға танымдық, идеялық, эстетикалық
және эмоционалды ықпал етіп, оның сәтті игеруін қамтамасыз етеді. Кӛрнекі
материалға мынадай элементтер: иллюстрациялар (кӛркемдік-бейнелі, сюжеттік
және пәндік; құжаттық; техникалық; фотоиллюстрациялар, оның ішінде
аралас), сондай-ақ
сызбалар, сұлбалар, жоспарлар, диаграммалар жатады.
Қазіргі таңда оқулық мазмұны оқушының оқыған материалды үй жұмысы
барысында бекіту қызметін атқарады. Оқулықтың мұндай бӛлімінің
оқушылардың ӛз бетінше білім алу, ӛз бетінше ой қорыту және даму
құралдары ретіндегі рӛлін күшейтеді. Бұл оқулықты тиімді игеруге
кӛмектесетін мәтіндердің логикалық құрылымын сақтау мақсатынан
туындайды.
Химия оқулықтарының осындай күрделі құрылысымен қатар оның
дидактиклық қызметтерін тиімді орындауға кӛмектесетін оқулық мазмұнынан
бӛліп қарауға болмайтын элементтері де бар.Оларға алғысӛз, кіріспе, айдарлау,
әріп және түс бӛлінулері, сигнал-символдар, пәндік және атаулы кӛрсеткіштер,
библиография, колонтитул және т.б. жатады. Бұлардың басты қызметі
бірыңғай құрылымға, біріге отырып, оқушының ӛзіндік жұмысты сәтті
орындауға қажетті жағдай жасауын қамтамасыз ету [123,124].
Мәтін – оқулықтың негізгі құрам бӛлігі. Кӛптеген мамандардың пікірлері
бойынша, мәтіндерді берудің жалпы теориясы әзірше жоқ. Біз бұл пікірлерге
қосылмаймыз. Әр пәннің мазмұндық ерекшелігіне, білім берудің мақсаты мен
міндетіне қарай мәтінді жүйелеп беру кӛзделеді. Мәтіннің мазмұнына
байланысты ортақ пікірдің болуы міндетті емес. Себебі, әр пәннің зерттейтін
ғылым саласы әртүрлі болғандықтан, оның мәтін берудегі құрылымы да ерекше
болуға тиісті. Оқулық мәтіндерін талдауды оларға қолжетімділік (түсініктілік),