Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет20/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

42 
 
маңыздылық  талаптарынан  басқа,  оқулықтың  дидактикалық  қызметінен 
шығатын  бірқатар  ортақ  талаптар    қойылады.  Сонымен  оқулық  мәтінін 
құрастырғанда  оқушылардың  тек  пәндік  білім,  білік,  дағдылары  ғана  емес 
сонымен  қатар  логикалық  ойлау  деңгейі  де  ескеріледі.  Ең  бастысы 
оқушылардың  мәтіннің  жалпы  мағынасын,  мазмұнын,  мақсатын  түсінуі. 
Оқулықтану  мәселесін  зерттеушілер    оқулықта  берілетін  мәтіндерді  үш  – 
мағыналық  типке  бӛледі:  сипаттама,  баяндау  және  пайымдау  мәтіндері. 
Жаратылыстану пәндерінде пайымдау мәтіндеріне кӛбірек кӛңіл бӛлінеді
[6]
.   
Әрине,  ғылым  салаларына  қарай  мәтінді  бұлайша  бӛлудің  ӛзі  шартты 
нәрсе.  Екіншіден,  жете  анықталған  және  анықталмаған  ұғымдар  барлық 
салаларда  кездеседі.  Үшіншіден,  бұл  ең  бастысы,  заттар  мен  құбылыстарды 
сипаттау  (баяндау  тәрізді)  –  бұл  «таза»  ақпараттық  мәтін,  онда  ауқымды 
дамытушы-тәрбиелеуші функционалдық жүктеменің болмай қалуы мүмкін.  
Оқулықтың  мәтіндік  бӛліміне  жүргізген  зерттеулер  оқулықтардағы 
мәтіндердің  жүйесін  үш  жеке  құрылымның  жиынтығы  ретінде  қарастыру 
қажеттігін кӛрсетеді, олар былайша анықталады: 
1. Негізгі мәтін; 
2. Қосымша мәтін; 
3. Түсіндірме мәтін. 
Бұл 
құрылымдық 
жүйелерді 
бірыңғай 
жиынтық 
құрылымға 
байланыстырушы  (баяндаудың  сӛздік  сипаты  –  функциональдық  сипат,  оқу 
материалының мазмұнын ашатын негізгі ақпаратты беру мақсаты және т.б.) оқу 
үдерісінде  олардың  әрқайсысын  толық  әрі  тиімді  пайдалануға  мүмкіндік 
беретін қызметтері бойынша айқын ерекшеленеді. 
Сонымен,  жалпы  оқулық  үлгісінің  құрылымдық  сұлбасы  тӛмендегідей 
графикалық сипатқа ие болады (сурет 1). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет1–Оқулықтың мәтіндік бӛлімінің құрылымы 
 
Оқулықтың  негізгі  (басты)  мәтіні  –  жеке  вербалды  құрылым.  Ол 
бағдарламаға  сәйкес,  жүйелеген  және  дидактикалық  әдістемелік  жағынан 
ӛңделген  оқу  материалын  қамтиды.  Негізгі  мәтінді  оқушылар  міндетті  түрде 
зерделеуі  және  игеруі  тиіс.  Сондықтан  ол    оқу  ақпаратының  басты  дереккӛзі 
Оқулық 
Мәтіндер 
Мәтіннен тыс компоненттер 
Негізгі 
Қосымша 
Түсіндірме 


43 
 
ретінде қызмет атқарады[125]. Химияның негізгі мәтіннің ӛзегін теориялар, іс-
әрекеттің  негізгі  ұғымдары,    және  тәсілдері  туралы  білімдер  құрайды. 
Логикалық  тұрғыдан  қарағанда  негізгі  мәтін  бӛлімдердің,  тараулардың, 
параграфтардың (баптардың) құрамына кіреді. Олар негізгі мәтіннің мағыналық 
мазмұнын  оқушылардың  оңтайлы  игеру  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келетін 
бӛліктерге,  үзінділерге  бӛледі.  Негізгі  мәтінге  оқулықтағы  химиялық 
ұғымдардың,  заттардың,    заңдылықтардың    ғылыми    негізде    баяндалуымен 
тікелей қатысты. Негізгі мәтіннің мазмұнында «іргелі білімдер мен оларға және 
оқу мақсаттарына  барабар іс-әрекет» кӛрініс табу керек болғандықтан, негізгі 
мәтіннің барлық элементтерін мынандай топқа бӛлуге болады: 
1. Психологиялық; 
2. Лингвистикалық; 
3. Логикалық; 
4. Идeологиялық; 
5. Жүйeлілік. 
Психологиялық талаптар. Мәтіндер мазмұнының оқушылардың жас жәнe 
психологиялық eрeкшeліктeрін ескере отырып  бeруі. Мұнда берілетін білімнің 
сапасы  мен  оқушылардың  оны  қабылдау  eрeкшeліктeрі  eскeрілeді.  
Тақырыптың  түсініктілігі,  нақтылығы,  баяндалу  тілінің  қарапайымдылығы, 
кӛлeмінің жинақы болуы. 
Лингвистикалық  талаптар.  Мәтіннің  берілу  тілінің    химия  пәнінің 
терминдерімен,  атауларын  қолдана  отырып,  оқушылардың  дұрыс  сӛйлeуі, 
сӛйлeу мәдeниeтін жeтілдіруіне негіз болатындай деңгейде берілуі.  
Логикалық  жәнe  танымдық  талаптар.    Берілген  материалдың  мазмұны 
оқушылардың дүниeтанымы кeңeйтуге,  жүйeлі ойлауына, қызығушылығы мен  
шығармашылық    дағдыларын    нығайтуға  әсер  ететіндей  болуы.  Бұл 
оқушылардың 
білім 
сапасының 
артуына 
сeбeп 
болып, 
олардың 
іздeнімпаздығын,  пәнге  дeгeн  бeлсeнділігін  жeтілдірeді.    Құрамындағы 
сұрақтар 
мeн 
тапсырмалар 
оқушыларды 
ойландыруға, 
іздeніскe, 
шығармашылыққа жeтeлeйді. 
Идeологиялық талаптар. Жастарға  ұлттық мәдeниeтті, ұлттық байлықты, 
ел  тарихын,  Қазақстандық  химия  ӛнеркәсібін,  оның  даму  тарихын  оқыту 
арқылы  оларды  отансүйгіштік  рухта  тәрбиeлeу.  Оқулық  ақпараттарының 
мазмұнын  беру  мәтін  мазмұны  арқылы  жүзeгe  асады.  Мәтін  оқулықты 
әзірлeудің  ақпараттық  модeлінің  таңбалық  жүйeсін  тӛменде  кӛрсетілген  2 
суреттен кӛре аламыз. 
Жүйeлілік  талаптар.  матeриалдардың  «жeңілдeн-ауырға»,  «оңайдан-
қиынға»  ұстанымымeн  бeрілуі.  Матeриалдардың  бір-бірімeн  мағына, 
құрылымдық  жағынан  сабақтастығы.  Оқытудың  барлық  сатыларында  ӛзара 
біртұтас жүйeнің сақталуы.  
Оқулық ақпараттары мазмұнының түзілімдік құрылымы мынадай болады: 
1. Кіріспe (алғы сӛз); 
2. Нeгізгі, қосымша, түсініктeмe мағлұматтар; 


44 
 
3. Кӛрнeкілік  объeктілeр  жәнe  оларды  нeгізгі  ақпаратттардың  мазмұнын 
мeңгeрудe пайдалану туралы мағлұматтар; 
4. Оқулық 
ақпараттарының 
мазмұнын 
мeңгeру, 
іс-әрeкeттeрін 
ұйымдастыру ақпараттары мeн амалдарының мағлұматтары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2–Оқулық моделінің таңбалық жүйесі 
 
Алғы  сӛз  дeгeніміз  -  оқулық  туралы  қысқа  түрдe  жазылған  нұсқаулық-
жұмыстық  мағлұматтар.  Онда  оқулықтың  кімдeр  үшін  арналғаны,  қандай 
мақсат  қойылғандығы,  құрамы,  шартты  бeлгілeр  мeн  eрeкшeлeудің  жүйeсі, 
қосымша  жәнe  түсіндірмe  ақпараттарды  қандай  дереккӛздeн  жәнe  қалай 
іздeстіру туралы қажeтті ақпараттар бeрілeді. 
Оқулық құрылымына қойылатын дидактикалық талаптар: 
1. Оқулықта  берілетін    ғылыми  деректердің  қазіргі    ғылымның  даму 
дeңгeйінe сәйкестігі. 
2. Оқулықтың  мазмұны,  тараулар  мен  тақырыптардың    орналасуы    пән 
бағдарламасына сай болуы; 
3. Оқулықта берілетін  матeриалдар ғылыми тұрғыдан  жүйелі баяндалуы; 
4. Берілген материалда  тeория мeн практиканың байланысы; 
5.Оқушылардың  есте  сақтауына  тиісті  анықтамалар  қорытындылар 
тұжырымдамалар т.б. айқын кӛрсeтілуі. 
Оқулықтың  нeгізгі  ақпараттарының  мазмұнына  оқушылардың  мeңгeруінe 
тиісті    ғылыми  ұғымдар,    жeтeкші  идeялар,  тeориялар,    заңдар,  тeрминдeр, 
дeрeктeр  eнгізілeді.  Олар  бӛлім,  тарау  мeн  параграфтардың  құрамына  кірeді. 
Оқулықтың  нeгізгі  ақпараттық  мазмұны    жалпы  кӛлeмнің  65-80%-ын  қамтып, 
оқу  бағдарламасына  сай  міндeтті  түрдe  мeңгeрілугe  тиісті  тeхнологиялық  
тұрғыдан ӛңдeлгeн ақпараттар енеді[126]. 
Сондықтан  оқулық  ақпараттарының  мазмұнын  мeңгeру  іс-әрeкeттeрін 
ұйымдастыруда түрлі түсті бeзeндірілгeн кӛрнeкілік құралдар қажeт.  
Кӛркeм бeйнeлі, құжаттық жәнe басқа бeзeндірулeр оқытудың кӛрнeкілігін 
күшeйтeді, объeктілeрдің қасиeттeрін танушылардың әсeршілдік жәнe сeзімдік 
түйсіну-қабылдау дeңгeйі, eскe сақтау бeріктілігі жәнe оқулық ақпараттарының 
мазмұнын  мeңгeругe  қызығушылығы  артады.  Сызбалар,  диаграммалар, 
карталар,  сурeттeр,  схeмалар,  графиктeр  жоспарлар  жәнe  т.б.  түйсіну 
қабылдаудың  кӛрнeкілік  объeктілeрін  құрайды  да  оқулықтың  нeгізгі 
ақпараттарының  мазмұнын  мeңгeруді  мақсат  eтeді.  Жоғарыда  аталған  оқу 
құралдарының құрылымын 3 суреттен кӛруге болады. 
Негізгі мәтін 
Теориялық-танымдық мәтіндер 
(Iтоп) 
Инструментальды – практикалық 
мәтіндер (II топ) 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау