Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет26/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46

57 
 
Сондықтан, олардың бастауыш сыныпта алған білімдерін естеріне түсіріп, оны 
жаңа  ұғыммен  байланыстыра  кетудің  қажеттігі  туындайды.  Бұл  арқылы  
оқушылардың  еске  сақтау  қабілеті  ізденушілікке    және  шығармашылыққа 
ауысып, олардың танымдық қабілеті дамып, білім алуға белсенділігі артады. 
Оқу  құралының  «Химия  және  география»  тақырыбында  берілген 
материалдар  химия  пәнінің  география  ғылымымен  байланысын  кӛрсетуге 
бағытталған.  Мұнда  Жердің  ішкі  құрылысынан  бастап,  тау  жыныстары, 
минералдар,  шӛгінді  жыныстар  туралы  мағлұматтар  беріледі.  Осы  мәліметтер 
оқулықтағы    «Геологиялық,  химиялық  қосылыстар»  тарауы  бойынша  білім 
беру кезінде   қолданылады. Мәселен, оқулықта магмалық тау жыныстарының 
жердің  терең  қойнауынан    балқып  шыққан  тау  жыныстары  екені  айтылады. 
Енді  сол  жыныстарға  мысал  ретінде  гранитті  атап,  оның    құрылысын 
зертханалық тәжірибе арқылы кӛруге болатыны оқу құралында берілген. Сонда 
бұл екі жағдай теориялық тұрғыдан бірін-бірі толықтырып тұрғандай. Әсіресе, 
«Магмалық  тау  жыныстары»  тақырыбы  бойынша  Жердің  ішкі  құрылысында 
кездесетін  минералдарды  түсіну  үшін  оқу  құралының  56-60  беттердегі 
материалдардың  ішінен  бұл  тақырыппен    байланысты  бӛлімін  тауып,  іріктеп 
оқуды  және  сол  құралдағы  сұрақтар  мен  тапсырмаларды    орындауды 
оқушылардың  ӛздеріне  тапсыруға  болады.  Мұндай  жұмыстар  оқушылардың 
ізденушілігін  арттыруға  кӛмектеседі.  Олар  керекті  материалдарды  ӛздігінен 
іріктеуді, таңдауды, мазмұндық құрамын салыстыруды және осының негізінде 
қорытынды  шығаруды  үйренеді.  Оқушылардың  ізденушілігі  сен  ізден!-  деген 
сӛзбен  орындалмайды.  Оларға  іздендіретіндей  іс  тапсыру  арқылы  біртіндеп 
қалыптасады. 
Біз  жоғарыда  оқулықтың  шығармашылық  мақсатын  айтқан  болатынбыз, 
міне  сол  оқушыларды  шығармашылық  деңгейге  кӛтеруде  химияның  басқа 
ғылымдармен  байланысын  байқаған  оқушы  оны  керекті  жерінде  пайдалануға 
дағдыланады.  Мұндай  мәселелер  олардың  әлем  бейнесін  түсінуіне  және 
дүниенің  біртұтастығын  ұғынуға  негіз  болады.  Оқушыларға  берілетін  білім, 
білік, шығармашылық дағдыларды бір-бірінен ажыратып қарай алмаймыз. Олай 
болса, мұның бәрі берілетін білім мазмұны мен оқушылардың оқу әрекеттерінің 
нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі. 
Бейорганикалық  химияның  алғашқы  сабағынан  бастап-ақ,  бұл  пәннің 
жаратылыстану  ғылымына  жататыны,  заттарды  және  оның  қасиеттерін 
зерттейтіні туралы ұғым қалыптасады. Сол заттардың біразы адам организмінде 
де кездеседі. 
Оқулықтағы 
«Адам 
организіміндегі 
химиялық 
элементтер 
мен 
қосылыстар»  тақырыбының  мазмұнын  осы  мәселені  жан-жақты  талдауға 
арналған. Білім берудің тәрбиелік мақсаты әрбір тақырыпты оқыту барысында 
жүзеге  асып  отыратыны  белгілі.  Әр  тақырыптың  білімдік  мақсатымен  қоса 
тәрбиелік  мақсаты  орындалып  отыратынын  кӛріп  отырмыз.  Бұл  мақсат 
мәтіндердің  мазмұнына  байланысты  жүзеге  асады.  Әр  мәтін  мазмұны  әртүрлі 
тәрбиенің кӛзі бола отырып, сол тәрбиені аша түседі. Осы атап кеткен тараудың 
«Адам  организмдеріндегі  химиялық  элементтер»  тақырыбын  оқып  талдауда, 


58 
 
экологиялық  және  гигиеналық  мәселелер  де  қарала  кетеді.Оқулықтағы 
материалдарда  адам  организмінде    түрлі  химиялық  элементтердің  орын 
алатыны  айтылады.  Осы  материалдардың  теориялық  мазмұнын  күшейту  үшін  
оқу  құралындағы  «Химия  және  биология»  тақырыбындағы  мағлұматтардың 
(64-73)  беттердегі  зертханалық,  тәжірибелердің  және  үй  тәжірибесі  деген 
тәжірибенің  біреуін  оқушының  ӛз  қалауы  бойынша  үйден  жасап,  келесі 
сыныптағы  сабақ  кезінде  оны  жасаудағы  мақсаты  мен  нәтижесін  қысқаша 
баяндауға  тапсырылуын  керек  етеді.  Мұнда  оқушылар  бірін-бірі  толықтыра 
отырып, оқып кеткен  мәтіннің мазмұнын қорытындылаумен қатар, ӛзіндік іс-
әрекеттер  арқылы  оның  теориялық  тұстарын  толықтыра  түседі.  Кейде  мұндай 
тәжірибелердің қортындысын сызбанұсқа арқылы белгілеулеріне де мүмкіндік 
берілуге  тиісті.  Бұл  тақырыпты  оқытқанда  адам  организімінде  болатын  түрлі  
химиялық  элементтер  аталып  қана  қоймай,  олардың  әрқайысының  пайдасы 
және олар қандай заттар арқылы денеге ӛтетінін талдау негізінде оқушылардың 
ӛз денесін күту, тамақтану ережесін сақтау сияқты мәселелерді меңгеруіне жол 
ашылады.  
Оқу  құралында  «Газдың  кӛлемдік  үлесі»  деген  бӛлімде  нақты  деректер 
арқылы ауа құрамының кӛлемдік үлесін бере отырып, оны есептеу жолымен де 
кӛрсетеді.  Сонымен  қатар,  диаграмма  арқылы  бұл  мәселенің  шешімін  сызба 
түрінде береді. Оқулықта да бұл материал жан-жақты талданып, тыныс алудағы 
тыныс  шығарудағы  ауаның  құрамы  ӛте  кӛрнекі  түрде  кӛрсетілген.  Дегенмен, 
оқу  құралындағы  ауаның  құрамын  диаграмма  арқылы  берілуін  оқушылардың 
дәптеріне  сыздырып,  оның  мәнін  оқулықтағы  схемалық  сызбамен  салыстыру 
олардың  есте  сақтауына  негіз  болады.  Оқу  құралындағы  тақырыпқа 
байланысты  берілген  есептерді  оқушылардың  сабақ  барысында  ауызша 
талдауына  да  болады.  Бұл  оқушылардың  теориялық  материалды  саналы 
меңгеруімен қатар, оны есеп жолымен шешудегі біліктіліктерін нығайтады. Үй 
тапсырмасы  ретінде  де,  оқу  құралындағы  есептерді  пайдаланып,  ӛз  ойларын 
айтуға дайындалу тапсырылса, оқушылардың ізденушілігін тудыра аламыз. 
Біз  оқулықтың  дидактикалық  функцияларын  сӛз  еткенде  білімді  бекіту 
және  ӛзін-ӛзі  бақылау  міндетін  атап  айтқан  болатынбыз.  Егер,  осы  оқулық 
мазмұны  мен  оқу  құралының  байланысын  сӛз  еткенде  негізгі  жұмыс  түрлерін 
оқушылардың  ӛзіндік  іс-әрекетіне  қарай  негіздесек,  біз  білім  мазмұнын 
меңгерудегі  осы  жоғарыда  аталған  функция  жүзеге  асады  деп  ойлаймыз. 
Себебі, білімді бекіту материалды қайталап сұрай берумен шектелуге тиіс емес. 
Ол  кӛбіне  оқушылардың  сабақтағы  және  сабақтан  тыс  орындайтын  іс-
әрекеттерінің  негізінде  жүзеге  аспақ.  Сонымен  қатар,  оқулық  пен  оқу 
құралының  негізгі  мақсатының  бірі-оқушылардың  білімді  ӛздігінен  меңгеруге 
деген  ынтасын  дамыту,  танымыдық  қажетсіну  қабілетін  қалыптастыру  және 
білім  беруге  керекті  элементтерді  біріктіру  мақсаттарын  да  орындау  болып 
отыр.  Оқулық  пен  оқу  құралдарының  мазмұндық  байланысын  жүзеге  асыру 
барысында    меңгерілетін  білімнің  жергілікті  материалдармен  және  ӛмірмен 
байланысын қадағалау да оқушылардың  біліктілік деңгейінің дамуына жағдай 
жасайды.  Әрине,  оқытуда  алға  қойған  мақсаттарды  ғылыми  және  әдістемелік 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау