Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет18/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46

38 
 
Қазіргі  қоғамның  даму  қарқыны  мен  білім  беруге  қойылып  отырған 
талаптар,  оқулықтың  құрылымдық  мәселесін  ӛте  жауапты  деңгейге  кӛтеріп 
отыр.  В.П.Беспалько  «ақпарат  тасқынының  үдей  түсіп,  бірін-бірі  тез 
алмастырып, ғылыми- технологиялық  процесс қарқындап дамып жатқан қазіргі 
заманда  оларды  мектепке  бейімдеу  оңайлықпен  орындалатын  іс  еместігі 
белгілі»  -  дейді  [116].    Сондықтан  да,  қазіргі  таңда  мектеп  оқулықтарының, 
оның  ішінде  химиядан  білім  берудің  бастамасы  болып  есептелетін 
бейорганикалық  химиядан    оқулық    мазмұныны  құрылымы  жылдан-жылға 
жаңарта қарастыруды керек ететіні белгілі.  
Мектеп оқулықтарының мазмұнына және оның құрылымдық жүйесіне қай 
заманда да алдыңғы қатарлы зиялы қауым кӛңіл аудармай ӛткен емес. Мәселен,   
оқулықтардың құрылымдық мәселелеріне орыс ғалымдары: 
М.  П.  Погодин  В.  Г.  Белинский,  Н.  А.  Добролюбовтер  де    баса  назар 
аударған.  
Оқулық  құрылымы  мәселелері  ертеден-ақ,  Н.  К.  Крупская  сияқты  озық 
ойлы  қайраткерлерді  толғандырған.  Н.  К.  Крупскаяның  пікірінше,  оқулықта 
сабақ  ұйымдастыруға  кӛмектесетін  мына  тӛменде  аталған  элементтер  болу 
керек:  
1. Пән тақырыптарының жекеше атаулары; 
2. Осы ғылымның негізін кӛрсететін қосымша, сілтемелердің болуы; 
3.Әрбір  тараудан кейін  оқушыларға арналған сауалнамалардың берілуі; 
4. Оқулық мазмұнын  жеке тақырыптарға бӛлу;  
5. Оқытушылар мен оқушыларға арналған қосымша анықтамалардың  
болуы; 
6. Алдын ала мұғалімдерге арналған нұсқауының болуы;  
7.Суреттер, карталар мен диаграммалардың берілуі; 
8. Иллюстрациялардың жеткіліктігі; 
9.Шешуін табуға тиісті мәселелер тізімі; 
10. Мағынасын, мәнін ерекшелеп кӛрсететін типографиялық  әртүрлі  
тәсілдер. 
11. Тақырыпқа керекті  жаттығулардың берілуі. 
Н.  К.  Крупская  ӛзінің  кӛптеген  еңбегінде  оқулық  бойынша  оқушының 
танымдық  қызметін  ұйымдастыратын,  оқу  кітабын  пайдалануға  кӛмектесетін, 
арнайы  сәттерді  енгізу  қажеттілігі  туралы  пікірлерін  ашық  айтады
[117]

Қазіргітаңда  оқулықтарды  дайындау  және  басып  шығару  практикасын  терең 
теориялық негіздеу міндеттері, болашаққа арналған оқулықтың тиімді моделін 
іздеу оқулықтардың құрылымын талдаудың жаңа тәсілін талап етеді. 
Оқулықты  құру  күрделі  әрі  кӛп  функционалды  жүйе    екендігін  жоғарыда 
кӛрсетіп  ӛткенбіз.  Сонымен  қатар,  біздің  тоқтағалы  отырғанымыз  орта 
мектепке  арналған  химия  оқулығы  туралы  болғандықтан,  бұл  пәннің  ӛзіндік 
ерекшеліктеріне  байланысты  жалпы  талаптармен  қатар,  осы  пәнге  ғана  тән 
талаптардың қойылатынын да айта кетпекпіз.  
Оқулықтың  құрылымдық  компоненті  дегеніміз  –  сол  оқулықтың  басқа 
компоненттерімен (олармен бірлесіп бүтін жүйе құрайды) тығыз ӛзара қарым-


39 
 
қатынаста  болатын  қажетті  құрылымдық  блок  (элементтер  жүйесі), 
Құрылымдық  жүйенің    әр  бӛлігінің  белгілі  бір  формасы  бар  және  ӛз 
қызметтерін ӛзіне ғана тән құралдар арқылы іске асырады. 
Химия  оқулығының  атқаратын  дидактикалық  қызметтеріне  байланысты  
оның   құрылымының да ӛзіндік ерекшелігі бар.  Бұл оқулықтағы тақырыптар 
бойынша  берілетін  материалдардың  ең  алдымен  ғылымилығы  болса,  сол 
ғылымилық жүктемені тереңдете түсетін химия ғылымына байланысты қазіргі 
таңда қол жеткен жаңалықтарды да толық қамтуға кӛңіл бӛлу. Сонымен қатар, 
оқулық мазмұны оқушыларды  химиялық біліммен қаруландыру, дамыту және 
тәрбиелеуді ескеру арқылы оның   оқушылардың белсенді танымдық қызметін 
ынталандыруға,  ӛзіндік  жұмыс  атқаруға  керекті  материалдарды  қамтуын  да 
қарастыру. Оқулықта берілген әрбір тақырып оқушылардың ӛзіндік іс-әрекетін 
және оны орындаудың  әдіс-тәсілдерін үйретуге, білімді қолдану мен кӛбейтуді 
ӛз  бетінше  жұмыс  атқару  шеберлігі  мен  дағдысын  дамытуға  және  
қалыптастыруға ықпал ететіндей деңгейде берілуі кӛзделеді
[118]
.  
Бейорганикалық  химия  оқушыларға  химия  ғылымының  негізін  алғашқы 
рет  жеке  пән  ретінде  ұсынатын  болғандықтан,  оның  мазмұнына  ғылыми 
деректер,  ұғымдар,  теориялар  мен  заңдар  енеді.  Сонымен  қатар,  химиялық 
элементтер  және  олардың  қосылыстары  туралы  оқушыларға  ғылыми  негіздегі 
материалдар  ұсынылады.  Бұл  мәліметтердің  бәрі  мәтін  түрінде  беріліп,  оның 
мазмұны  түрлі  ғылымаралық  және  химиялық  терминдерді,  таңбаларды, 
номенклатуралық  атауларды,  символдарды  қолданып    берілетін  химиялық  тіл 
арқылы жеткізіледі. Бұларды қолдануда берілетін ғылыми ұғымның жүйелілігі, 
оқушылардың  жас  ерекшелігіне  сәйкестігі,  ғылыми  ұғымдардың  бір-бірімен 
байланыстылығы  ескеріледі.  Оқулықтың  ғылыми  бӛлімінің  ерекшелігіоны 
оқып  меңгеру  барысында  оқушылар  химия  ғылымының  теориялық  негізінен 
ұғым  алумен  қатар,  оның  практикалық  маңызын  да  түсінеді.  Практикалық 
маңызын  меңгеру  оқулықтағы  мәтінге  қосымша  берілген  мәтіннен  тыс 
компонентердің  кӛмегімен  жүзеге  асады.  Осы  тұста  мәтін  мазмұнын  ӛмір 
тәжірибесімен және күнделікті ақпараттармен байланыстыру мүмкіндігі туады. 
Бұл  айтылып  отырған  мәселелерді  шешу  үшін  мәтіннен  кейін  берілетін 
деңгейлік тапсырмалар, проблемалық сұрақтар, түрлі жаттығулар мен есептерді 
ӛз  мәнінде  қолдана  білу  қажет.  Сонымен  қатар,  мәтін  мазмұнын  толықтыра 
түсетін кӛрнекіліктердің де мәні зор. Бұл кӛрсетіліп отырған мәтінге қосымша 
элементтер мәтін мазмұнын толықтырып қана қоймай, олар арқылы  оқушылар 
дербес, жұптық және топтық жұмыстар орындайды. Сонда ғана оқушылардың 
теориялық материалды саналы меңгеруі  іске асады. Оқулықтың ғылыми негізі 
арқылы  оқушылардың    дүниенің  біртұтастығы  туралы  бастауыш  сыныптарда 
алған ұғымдары тереңдеп, нақты қалыптаса түседі. 
Химия  пәнінің  оқулығы  жоғарыда  кӛрсетілген  ғылыми  мазмұнмен  қатар 
тасымалдаушы,  білімді  ӛз  бетімен  ізденушілік,  танымдық-ӛзгертпелі  сияқты 
функцияларын  да  қамтиды.  Осының  негізінде  химия  оқулықтарының 
құрылымы  дамытушылық  және  тәрбие  берушілік  тұстарының  күшейтілуіне 
баса кӛңіл бӛледі. 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау