27
1.2 Химия оқулықтары мен оқу құралдарының дидактикалық
функциялары және оның қазіргі кездегі орындалу жағдайы мен
мүмкіндігі
Оқулықтардың кез келген теориялық мәселелерін қарастыру оның
педагогикалық мақсаттылығын анық білмейінше мүмкін емес. Химия
оқулықтары қазіргі таңдағы қоғамның даму қарқынына байланысты алдына
қойылған белгілі оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге бағытталған.
И.Я.Лернер мен В.В.Краевский оқулық құрастырудағы маңызды нысандар
ретінде мына мәселелерді айырықша атап кӛрсетеді:
1)
білім мазмұны;
2)
іс-әрекет тәсілдері;
3) шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру құралдарын таңдау;
4) ӛзара
тәрбилеуді басшылыққа алу;
Осы жағдайларды кӛрсете отырып, оқулық құрастырудың дидактикалық
негіздері дегеніміз- дәлірек айтқанда білім беру мазмұны құрамының негізгі
элементтерінің ӛзара үйлесім табуы деп анықтайды[100, 12 б] .
Оқулық пән білім беруге керекті басқа барлық қосымша оқу құралдарын
(оқу құралдары, ғылыми әдебиеттер, міндетті және қосымша кӛркем
әдебиеттер, әдістеме
лік нұсқаулар
т.б.) және оқыту құралдарын (кӛрнекі
құралдар, дидактикалық материалдар, күйтабақтар т.б.) ӛз жанына жинақтайды,
оқушының олармен ӛзіндік жұмыс атқаруын үйлестіреді.
Қоғамдағы ғылыми-техникалық революция оқулықтың мазмұнының,
жалпы және пәндік білім кӛлемінің жаңаруын талап етеді. Бұрын оқулыққа
қойылатын талаптар дидактикалық тұрғыдан сараланып кӛрсетіліп келді. Енді
оқулыққа қойылатын талаптар онан да әрі күрделеніп, әр пәннің мазмұнының
құндылық бағдарлылығына үлкен мән беріліп отыр. Қазіргі таңда болашақтың
иесі жастардың рухани-адамгершілік, ұлттық-мәдени және жалпы адами
құндылықтар негізінде тәрбиелеуге кӛп кӛңіл бӛлінеді. Ал, бұл мақсатты
орындауда оқулықта берілетін материалдардың осы бағытта болуы керектігі
анық. Сонымен қатар, әсіресе, химия оқулықтарында Қазақстандық
компонененттің басым болуы ескерілуге тиісті. Себебі, мұндай материал
арқылы оқушылар ӛз елінің, Отанының байлығымен, табиғатымен таныса
отырып, оны құндауға, сақтауға, сүюге үйренеді [101,102]. Болашақ қоғам
мүшелеріне бұл ӛте керек қасиеттердің бірі болып есептеледі. Оқулық мазмұны
оқушылар үшін тартымды болуы, ондағы берілетін түрлі тапсырмалардың
ӛздігінен жұмыс істеуге бағытталуы,балаларды зерттеушілікке тартуы. Осы
жағдайлардың бәрін ескере келіп, оқулықта кеткен кейбір кемшіліктерді сол
пәннен берілетін қосымша оқу құралдарымен сабақтастыра оқыту арқылы
оқушының біліктілігін, дағдысын дамыту және оқу үрдісі кезінде олардың
алған білімді ӛз бетінше
қабылдауын, пайдалануын жүзеге асыруға болады.
Оқулықтарды терең функционалды талдау нәтижесі оның әрбір құры-
лымдық элементтінің мақсатын ғылыми тұрғыдан анықтауға мүмкіндік береді.
Оқулықтың дидакциялық функцияларын зерттеген ғалымдар оның әрбір