Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет13/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

28 
 
элементінің  атқаратын  қызметін  талдап  кӛрсетеді.  Мұндай  ғалымдардың 
қатарында:  Г.Маендорф  (бұрынғы  ГДР)    атасақ,  ол  кӛлемді  тәжірибелер  мен 
зерттеулердің  негізінде,  кез  келген  оқулықты  жасау  мәселелерін  оның 
функцияларын анықтаудан бастау керектігі туралы тұжырымға келген. 
Ал,  Н.Ф.Талызина    болса,  оқулықтың  дидактикалық  функцияларын 
топтарға бӛліп қарастырады: 
- оқулық – оқытатын мазмұнды оқушыға жеткізуші болып табылады
-  оқулық  арқылы  мазмұнды  меңгеру  үдерісінің  іске  асуына  қарай, 
оқушылар жӛнінде мағлұматтар алуға болады; 

оқулық  оқу  үдерісіне  оқушыларда  оқу  әрекетін  қабылдауға 
ұмтылдыратын түрткілер қалыптастыру құралы (проблемалық оқыту, сызбалар 
мен кӛрнекіліктерді үйлестіре оқыту,т.б); [103]. 
Неміс ғалымдары оқулықтың мына функцияларын талдап кӛрсетеді: 
- ақпараттық; 
- уәждемелік және ынталанушылық
- бағытаушылық; 
- ұтымдылық; 
- оқу материалын түсіндіруге кӛмекшілік  функцияларын атап ӛтеді.  
Кейінгі
  зерттеулерде    оқулықты  құрастыру  барысындағы  функцияларды 
жүзеге асыру үрдісінде оның тәрбиелеу әсеріне басты назар аударылу керектігі 
айтылады.  Бұл  ретте,  алғашқы  3  функция  оқушының  іс-әрекетін  басқарса,  ал 
кейінгі 2-уі мұғалімнің әрекетін  кӛрсетеді.  
Неміс  зерттеушілері    уәждемелік  (мотивациялық)  және  ынталан-
дырушылық функцияларын  күшейтуді ынталандыру функциясы деп те атайды. 
Ол  оқушылардың  оқу  үдерісіне  ынтасын,  олардың  жұмысқа  деген 
қызығушылығы мен оңды кӛзқарасын тудыруға, оқытылатын материалға сыни, 
шығармашыл  тәсілдеме  жасауға  бағытталған.  Бұл  функцияны  ӛмірмен 
байланысты,    іскерлікпен  құрастырылған  мәтіндерді  пайдалануға,  суреттемеге 
(иллюстра-  цияға),  проблемалық    сұрақтарға,  тапсырмаларға,  сонымен  қатар, 
кӛркем  безендіруге  сай  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратын,  ынтасын 
жандандырудың құралы ретінде ұсынуға болады [104,105]. 
Оқулық    оқушыға    арналғанмен,  мұғалімнің  тарапынан  оқыту  үрдісінде 
оқулықтың  барлық  функцияларын  аша  отырып  қолданатын  құрал  болып 
табылады.      Жоғарыда  келтірілген  ғалымдардың  оқулықтың  дидактикалық 
функциялары  туралы  кӛзқарастарына  сүйене  отырып,    оқулық  оқу  үдерісін 
жүзеге  асырудағы негізгі құралы екендігін атап ӛткіміз келеді. Сонымен қатар, 
қазіргі таңда оқулық тек білім беру құралы ғана  емес, ол оқушылардың бойына 
ұлттық-мәдениетті,  рухани-адамгершілікті,  жалпы  адами  құндылықтарды 
дамытатын  құрал  деп  қараймыз.  Әрине,  бұл  айтылғандарды  орындау 
оқулықтың  мазмұнына  байланысты.  Сондықтан  да,  оның    оқушыға  білім 
мазмұнын терең меңгеруге және жан-жақты тәрбие беруге  кӛмектесетін белгілі  
басты қасиеттері болуы керек. 
Оқулықтың  функционалдық  мақсаттары 
тұтастай  алғанда  қоғам 
талаптарына  сай  ӛзінің    педагогикалық  қызметін  оқу  курсының  негізгі  бӛлігі 


29 
 
ретіндегі  (практикалық оқу  іс-шараларын жүзеге  асырғанға  дейінгі) оқытудың 
әдіс-тәсілдерін,  оқушылардың  іс-  әрекеттерін  ұйымдастыруды  іріктеуге 
кӛмектесетін  бірегей мазмұнды  қамтиды. 
Оқулықтың  дидактикалық    функциялары  білім  берудегі,  оқушылармен 
біріге  отырып  педагогикалық  қызмет  атқару  жүйесіндегі  алатын  орынын 
кӛрсетеді.  Оқулық  –  бұл  кітап  формасындағы  дидактикалық  функцияларға 
сәйкес  нақты  құрылылған    оқыту,    білім  беру,  тәрбиелеу  құралы.  Оқулықтың 
мұндай  құрылымын  жетілдіру  үшін,    оның  оқыту  мақсатын  жүзеге  асыру 
үдерісіндегі  нақты  атқаратын  міндетін  және  жеке  құрылымдық  бӛліктерінің 
функциялық қызметін айқындау қажет.  
В.Г.Бейлинсонның    «Мектеп  оқулықтарын  бағалаудағы  функционалдық 
тәсіл»  деген  мақаласында  [106].  оқулықты  оқытудың  құралы  ретінде  оның 
функционалдық  мақсатқа  бағытталу    мүмкіндігі  туралы  идеяны  дәйекті  түрде 
талдайды.  Ол  мұнда    оқулықты  (дидактикалық  зерттеу    нысандарының  бірі 
ретінде)  оқытудың  мақсатына,    мазмұнына,  әдістеріне  қол  жеткізетін  қажетті 
құралы  ретінде  қарастырып    және  оны  тек  ӛзіне  тән  функциялары  бар  жүйе 
ретінде  кӛрсетті.  Оқулықтың    әрбір  бӛлімібарлық  талапта  қызмет  ететін 
элементтерден  тұратын  жүйе.  Соның  арқасында  оқулықтың  нақты  әрі  тиімді 
функциялары  іске  асырылады,  таратылады,  ал  олар  арқылы  әлдеқайда  кең 
кӛлемді,  ауқымды  оқу  жүйесінің  функциялары  да  жүзеге  асады.    Оқулықтың 
дидактикалық  функцияларын  анықтау  (оның  функционалдық  сипаттамасы) 
оқыту  нысандарының  жүйелік  сипаттарына  сай  жүйелік  тәсіл  арқылы  жүзеге 
асырылды. 
Оқулықтың  әртүрлі  функцияларын  оқшаулап,  жекелеп  қарау    шартты 
түрде жүргізіледі (білім беру үдерісінің бірлігі мен ӛзара байланысы негізінде 
оқушыларды  дамыту  және  тәрбиелеу).  Алайда,  оқулықтың  дидактикалық 
функцияларының  алғашқы  талдауының  ӛзі,  оларға  сай  тасымалдаушыны  – 
оның  құрылымдық  компоненттерін  табуға,  осы  компоненттердің  белгілерін 
анықтауға,  оқулықтарды  құрастырудағы  функционалдық  тәсілдемелер 
принципін  қалыптастыруға,  оларды  бастапқыда  бағалау  үшін  объективті 
критерийлерді табуға кӛмектеседі. 
Мектеп  оқулықтарының  дидактикалық  функциясы  аясында  біз  оның 
мақсатты  түрде  қалыптасқан  мазмұнын,  мақсатын  оның  оқушыларды  оқыту, 
дамыту,  тәрбиелеу  шарттарын  жүзеге  асыру    үрдісіндегі    орынын  анықтай 
отырып, оны оқыту құралдарын тасымалдаушы ретінде қабылдаймыз. 
Оқулықтың  тасымалдаушы  функциясы  қазіргі  таңның  талабымен  қара- 
ғанда  тек  базалық  ғылыми  мазмұнының  ашылуымен  ғана  шектелмейді.  Онда 
ұлттық  мәдениетті,  адами  құндылықтарды,  еліміздің  мәдени,  әлеуметтік, 
экономикалық 
жағдайларын 
ашып, 
осы 
тәрбиелердің 
негізінде 
тасымалдаушылық деңгейінің болуы кӛзделеді. 
Оқулықтың    дидактикалық  функцияларын  анықтау  кезінде    жалпы  білім 
беретін  мекеменің  және    қоғамның  әлеуметтік  тапсырысын  жүзеге  асыруға 
бағытталған  оқыту үдерісінің құрылымы мен әдістерін ұсынатын нақты тарихи 
жағдайларды  ескеру  қажет.  Себебі,    диктикалық  функциялылығы  жан-жақты 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау