20
- бірінші, ақпараттық, яғни вербальды немесе материалдың мазмұны
кӛрнекі құралдар арқылы түсіндіру үшін ұсынылған болуы;
- екінші, репродуктивті, мұнда берілетін білім оқушылардың іс- әрекетін
ұйымдастыруға
бағытталуы;
- үшінші, теориялық материалдың мазмұны шығармашылық іс-әрекетке
жұмылдыратындай, ынталандырушы
бағытта болуы;
- тӛртінші, әлеуметтік тұрғыдан бағытталған эмоционалдық қарым-
қатынасты игеруге ықпал етуші ретінде қызмет кӛрсетуі қажет[78].
Оқулыққа қойылатын талаптың күрделілігіне байланысты оны құрастыру
мәселесі теориялық тұрғыдан да, әдістемелік тұрғыдан да кӛп ізденуді талап
етеді. Белгілі педагог-ғалым Д.Д. Зуев оқулықтың пәндік мазмұнның
оқушылардың
танымдық
шығармашылық
жұмыстарының
түрлерін
ұйымдастырушылық мүмкіндігін жоғары бағалайды [6, б. 50].
И.Зверев «Жоғары білікті оқулық-ойлылық пен эмоционалдықты, ғылым
мен кӛркемдікті, бейнелі баяндаумен ұштастыру үлгісі»- деп атап кӛрсетті[79].
Оқулық–Білім және ғылым министрлігімен бекітілген оқу бағдарламасына
сәйкес оқу пәні мазмұнының жүйелі баяндалуын қамтитын оқутеориялық
басылым және бұл мемлекеттік құжат болып есептеледі. Егер оқу
бағдарламасы пән бойынша берілетін білімнің тақырыптарын анықтап және
оған қанша сағат бӛлінетінін кӛрсетсе,оқулық сол тақырыптардың
әрқайсысының мазмұнын ашып кӛрсетеді.
Химия пәні әлем туралы жан-жақты мазмұнмен дамытылған кӛптеген
биологиялық білімнің жетістіктерімен толықтырылып, кіріктірілген пән.
Мәселен, кез келген заттың күрделі құрылымы мен қасиеті арасындағы
байланыс, зат массасының сақталу заңы энергия формалары т.б.химиялық
заңдылықтар ӛздерін қоршаған ортаның негізгі қасиеттерімен таныстырып қана
қоймай оқушылардың жүйелі ойын дамытып, олардың ойлануына, қорытынды
жасауына негіз болады [80]. Қазіргі кезде заттар мен химиялық үрдістер
туралы материалдардың жеткіліктілігі және олардың толық зерттелгендігі,
химияның ғылым ретінде қарқынды дамуы бұл пәннен берілетін білімнің тек
ғылыми шындықты беруінің кепілі.
Оқулықтың кӛлемі мен құрылымы мемлекеттік жалпыға міндетті білім
беру стандарты мен пән бойынша типтік оқу бағдарламасына сәйкес болуы
қажет және онда кӛрсетілген білім мазмұны толықтай қамтылуы тиіс. Оқулық
басқа басылымдардан атқаратын ӛзіндік қызметтері, мазмұны мен мәтініне
қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.
Химия пәнінің оқулықтарының мазмұндық құрылымдық сипаты қазіргі
қалыпқа бірден келе қалған жоқ. Оқулықтар мазмұнының ӛзгеру даму қалпы
негізінен үш кезеңді бастан кешірді. Оның алғашқы кезеңі –Д.И.Менделеев
ашқан периодтық заңның негізінде жазылып, бейорганикалық химияны
оқытуға негіз салды.Сол кездің ӛзінде ол химияны догмалықжолмен оқытудың
зияндылығын атап кӛрсетіп, оқушыларды ғылыми ізденіске жетелеу керектігін
айтып, кӛбіне практикада қолданатын заттарды зерттеу, олар туралы ғылыми