71
жеке тапсырма беріледі. Сонда ғана сабақ барысында мұның бәріне жауап
алумен қатар, ӛзіндік жұмысқа оқушыларды түгел қатыстыруға мүмкіндік
туады.
Ӛзіндік жұмыс – бұл оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің форма-
ларының бірі. Олай болса, оқушылардың белсенді іс-әрекетін, қоршаған ортаға
деген жағымды сезімін оятатын түрткілердің негізгілерінің бірі ретінде
қараймыз. Оқушылардың ӛз бетінше іздену арқылы білімін кӛтеруі, біліктіліке
талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір
жолы екендігі үнемі есімізде болуы керек.
Ӛзіндік жұмыстардың бір түрі, түрлі техникалық құралдарды пайдалана
отырып, слайдтар, презентация жасау. Бұл жұмыстар оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырады. Бейорганикалық химия пәні бойынша
мұндай жұмыстарды оқушылардың орындауына мүмкіндік мол. Сондықтан да,
оқулық және оқу құралындағы материалдар бойынша оқушылар слайдтар
жасай алады. Мәселен, жоғарыда келтірілген «Заттардың агрегаттық күйі»
тақырыбы бойынша оқу құралындағы 48-54-беттердегі суреттерді пайдалана
отырып, осы мәтінді аша түсетін теориялық материалдар негізінде заттардың
агрегаттық күйінің анықтамаларын кӛрсетуге болады. Ӛзіндік жұмысты
ұйымдастыруға қойылатын талаптар мыналар:
- жұмыстың кӛлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға кӛңіл
аудару;
- оқушылардың ӛзіндік жұмысын білім берудің басқа әдістерімен
ұштастыра білу;
- оқушылардың дербестігін арттыру үшін ӛзіндік білім алу мүмкіндіктерін
жүйелі түрде дамыту;
-
оқушылардың ӛзіндік жұмысын күнделікті ӛмірден алынған
материалдарымен байланыстыру;
- оқушыларды табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,
сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды ӛздігінен талдап, түсінуге
үйрету;
- оқушыларды алған білімдерін іс жүзінде
қолдана білуге дағдыландыру;
- оқушыларды оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр
уақытта дербес және
белсенді әрекет жасауға баулу;
- оқушылардың ӛздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдысын
қалыптастыру.
Білім беру үрдісінде ӛзіндік жұмыс орындау дағдыларын дамыту үшін
берілген тапсырмаларды қоршаған орта шындығымен нақты деректермен
байланыстыру.
Кез келген ӛзіндік жұмысты орындатуда мұғалімнің тапсырмаларды
нақты және түсінікті түрде беруі шарт. Ӛзіндік жұмысты ұсынуда
оқушылардың мүмкіндігіне қарай жүктеп және олардың ӛз еркімен жасауына
жағдай туғызылуы тиіс. Ең маңыздысы оқушылар ӛзіндік жұмыстардың
мазмұнын, міндеттерін түсінуі керек. Оқушылардың ӛзіндік жұмысты
орындауына кедергі жасайтын нәрсе, олардың ӛзіне-ӛзінің сенбеушілігі, ӛз