75
болатын мазмұнда берілген.Сыныпта жасаған тәжірибелер мен қосымша үйде
жасалған тәжірибелердің нәтижесін байланыстыруға оқушылар біртіндеп
үйренеді.
Мәселен, оқулықтың 14-бетіндегі «Гетерогенді қоспаларды бӛлу»
тақырыбы-на байланысты берілген тәжірибелерді сыныптағы лабораториялық
сабақта жасауға болады. Сол арқылы қоспаны бӛлудің бірнеше түрін оқушылар
тәжірибе жүзінде кӛре алады. Сонымен қатар, оқулықтағы мәтінді оқып, оны
тәжірибе нәтижесімен байланыстыру арқылы саналы меңгере алады.Ал, үйде
орындауға берілетін ӛзіндік жұмысқа оқу құралының 124-бетіндегі 8-9-10
тапсырмалардағы тәжірибені орындау тапсырылады. Бұл тапсырмаларды
оқушылар ӛздігінен орындау нәтижесінде сабақта алған білімдерін теориялық
тұрғыдан да, практикалық тұрғыдан да тұжырымдай түседі. Ӛзіндік іс-әрекет
арқылы орындаған тәжірибелердің нәтижесін дәптерлеріне жазады. Ӛткен
мәтінді қаншалықты дәрежеде меңгергендігін оқушылардың үйден жасаған
тәжірибелері бойынша талдауы кӛрсетеді.
Ӛзіндік жұмыстар арқылы оқушылардың ізденушілігін дамытуда білімді
пәнаралық кіріктіре отырып оқытудың мәні зор. Осы тұрғыдан алғанда
бейорганикалық
химияның
басқа
да
жаратылыстану
пәндерімен
байланыстыруға мүмкіндігі мол. Соның бірі, оқушылардың географиялық
білімдерімен байланыстыру жолдары мен әдістерін қолдану болып табылады.
Мәселен,оқулықтағы «Геологиялық химиялық қосылыстар» тақырыбы
бойынша оқушылар
минералдармен, магмалық
және
шӛгінді
тау
жыныстарымен танысып, олардың тұрмыстағы және халықшаруашылығындағы
қолданылу дәрежесін де біледі. Бұл материалды меңгеру оқушыларға қиынға
соға қоймайтыны белгілі. Себебі, олардың кӛптеген түрлерінің қолданылуын
күнделікті ӛмірден кездестіріп жүргендіктен, сабақты ӛмір тәжірибесімен
байланыстыру арқылы, оқушылардың материалды саналы меңгеруіне негіз
салынады. Бірақ, осы тұста оқушылардың химялық білімін географиялық
ұғымдармен байланыстыра кету мүмкіндігі туады. Ол үшін оқу құралының 56-
бетіндегі жердің ішкі құрылысы жайында беріліген материалға сүйенуге мол
мүмкінідік бар. Сол арқылы мәтінде аталып отырған табиғи пайдалы қазба-
лардың бәрінің де жер қойнауынан шығатыны айқындала түседі. Сонымен
қатар, кейбір пайдалы қазбалардың ӛндірілетін жерлерін физикалық
географиялық картадан кӛрсетуге де болады. Мұндай жағдайда оқушылар
ғылымдардың бір-бірімен байланысын жалпы табиғаттың біртұтастығын терең
түсіне бастайды.
Үйге тапсырма ретінде ӛзіндік жұмыс түрлерін орындау беріле отырып,
оны орындау арқылы оқушылардың білімін жергілікті материалдармен
байланыстыра алу деңгейін байқау кӛзделеді:
- георафия мен химияның байланысы туралы пікіріңді жаз.
- жердің ішкі құрылысының суретін салып, онан қандай минералдардың
шығатынын жаз.Ӛз жеріңде бұл минералдардың қай түрін кездестірдің?
- ӛздерің білетін минералдардың атын және шаруашылықта пайдалануы
туралы жаз.
76
- геграфиялық картаны пайдаланып, пайдалы қазбалардың шартты
белгілерін және ӛндірілетін кен орындарының атын жаз. Ӛз жеріңде кездесетін
пайдалы қазбалардың атын жаз, пайдасын кӛрсет.
- органикалық шӛгінді жыныстардың пайда болу жолын және олардың
қазіргі таңдағы пайдасын сипатта. Ӛз жеріңде қандай органикалық шӛгінді
жыныстар бар?
Бұл ӛзіндік жұмыс жалпы сыныпқа емес, топтарға бӛліп беріледі. Кейін
сыныпта бүкіл ұжым болып талқылайды. Мұндай жағдайда оқулық пен оқу
құралының байланысын іске асыра отырып, оқушылардың ой қорытуына,
ӛзіндік іс-әрекетін орындауға, ізденуіне және алған білімін жергілікті
материалдармен байланыстыруға жағдай туады. Мұндай тапсырмалардан кейін
«Білім бекіту және білім тексеру» түріндегі сабақты пікір сайыс түрінде
ұйымдастыруға болады.
Сол сияқты химияның математикамен байланысын жүзеге асыру мақсатын
да орындауға оқу құралындағы материалдар мол мүмкіндік береді. Оқулықтағы
«Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым химиялық формула»
тақырыбын оқып үйрену барысында оқу құралының химиядағы математика
бӛліміндегі берілген материалдарды кеңінен пайдалануға болады. Мұнда
салыстырмалы атомдық және молекулалық массаға байланысты, күрделі
заттағы элементтің массалық үлесін табу мәселелеріне нақты деректер, есептер
кеңінен берілген. Бұл материалдарды негізінен оқушылардың сыныпта және
сыныптан тыс ӛзіндік жұмыстарын ұйымдастыру кезінде пайдалану ӛте
қолайлылық туғызады.
Химиялық есептер шығаруды сарамандық әдіс ретінде қарастыруға
болады. Есеп шығару барысында оқушы теориялық білімін іс жүзінде
қолдануды жүзеге асырады. Есеп шығару, бұл оқушының химиялық
ұғымдарына, теориялық білімдеріне, химиялық тілді қолдана білуіне,
іскерлігіне, ізденушілігіне негізделеді. Химиялық есептер оқушының
химиялық ұғымдарды, мағлұматтарды қаншалықты меңгергенін, білімнің
деңгейін, есте сақтауын тексеруге кӛмектеседі. Кейде белгілі бір тараудың
соңында есеп шығарту арқылы материалды пысықтауға болады.
7-сыныптың
бейорганикалық
химиясында
кӛбіне
қолданылатын
есептердің түрі:
- заттарды бір – бірінен ажырату;
- химиялық құбылысты бақылау және түсіндіру;
- заттарды алу;
- заттардың сапалық құрамын анықтау;
- қоспаның құрамын анықтау және бӛлу;
- берілген заттарға тән реакциялар жасау;
- әртүрлі концентрациялы ерітінділерді даярлау.
Оқу құралында күрделі заттағы элементтің массалық үлесін табуға
байланысты да күрделі есептер ұсынылған. Бұл есептерді сабақ барысында да
пайдалануға мүмкіндік бар.
Достарыңызбен бөлісу: |