Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет41/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46

89 
 
топ  құрамындағы  оқушылардың    қабілеті  мен  дайындық  деңгейі  әр  түрлі  
болғандықтан,  олар  кейде    бірдей  ритммен  жұмыс  істей  алмауы  мүмкін. 
Мұндай  жағдайда,  топ  мүшелерінің  орындайтын  жұмыс  түрлерін  олардың 
әрқайсысының мүмкіндігіне қарай бӛлу қамтамасыз етіледі. Ӛзіндік жұмыстар 
нәтижесінде оқулықтағы мәтін мазмұнын меңгеріп, саналы ұғынған оқушы оны 
мазмұндауға,  толықтыруға,  талдауға,    қойылған  сұрақтарға    жауап  беруге 
дайын  болады.  Оқулықпен  жұмыс  сабақтың  басында,  ортасында  не  соңында 
ұйымдастырылып,  әртүрлі  мақсатты  орындауы  мүмкін.  Сабақтың  бас  кезінде 
мұғалім  жаңа  материалды  түсіндіру  үшін  алдымен  соған  байланысты  ӛзіндік 
жұмыс  орындатып,  сол  арқылы  жаңа  ұғым  беруге  кӛшеді.  Кейде  оқушылар 
жаңа  ұғымды  меңгеріп,  енді  соның  дәлелі  ретінде  кӛрсетілген  ӛзіндік 
жұмыстарды орындап, алған білімдерін пысықтаса, кейде ӛзіндік жұмыстардың 
мазмұны  оқыған  материалды  пысықтаумен  қатар,  білім  тексеруге  бағытталса, 
оны сабақтың қорытынды бӛлімінде орындайды.
 
Біз  кӛрсеткен  топтық  жұмыстардың  бір  сабақ  барысында  орындалуына 
сенімсіздікпен қарау да мүмкін. Бірақ, бұл жерде ескерілетін мәселе - 7- сынып 
оқушыларының 
психологиялық 
ерекшеліктерін 
білу. 
Бұл 
жастағы 
оқушылардың сана-сезімі дамыған, ӛзіндік ойы мен пікірі бар. Сонымен қатар, 
олардың  осыған  дейінгі  сыныптардан  алған  жүйелі  білімдері  мен  ӛмір 
тәжірибелері  жеткілікті.  Ӛзінің  «Менін»  кӛрсетуге  жауапкершілікпен  қарай 
алады.  Сондықтан  да,  бұларды  дұрыс  бағыттаған  жағдайда  ӛзіндік  іс-
әрекеттердің барлық түрінде орындауға олардың мүмкіндіктері мол. 
Бейорганикалық  химиядан  оқушыларға  оқулық  пен  оқу  құралын 
байланыстыра отырып білім беруде негізгі дидактикалық принциптерді жүзеге 
асыруға  тырыстық.  Дидактикалық  принциптер  дегеніміз-  бұл  білім  беруге 
педагогикалық  тұрғыдан  қойылатын  талаптар.  Олар  білім  берудің 
ғылымилығы,  жүйелілік,  теорияның  практикамен  байланысы,  білімді    саналы 
меңгеру, нақты және абстракті ойдың бірлігі, түсініктілік, кӛрнекілік, білімнің 
беріктігі және ұжымдық әрекеттердің бірлігі т.б. Сондықтан да мына тӛмендегі 
6
суретте кӛрсетілгендей мәселелер үнемі қарастырылып отырылды. 
 
 
 
Оқушылардың ӛмір                                                              Қазіргі таңдағы ғылым 
тәжірибесімен байланысы                                                          жетістіктерімен байланыс 
 
 
 
Заттар, денелер, химиялық байланыстарды ашу
 
 
Сурет6
– 
Пәннің ғылымилығын жүзеге асыру сызбасы 
 
Пәннің  ғылыми  мазмұнын  оқушыларға  меңгерту  мәселесіне  байланысты 
бірнеше  педагогикалық  талаптарды  ескеруге  тиіспіз.  Бірінші  талап-
оқушылардың  әлеуметтік  тәжірибесін  дамытып,табиғат-қоғам  және  химиялық 
Пәннің 
ғылымилығын 
жүзеге асыру 


90 
 
ғылыми білім арасындағы байланысты нақты мысалдар  мен деректерге сүйене 
отырып, 
материалистік 
тұрғыдан 
ұғындыру. 
Осының 
нәтижесінде 
оқушылардың химиялық білімге деген қызығушылығын, дұрыс қарым-қатысын 
дамыту,  тәрбиелеу.  Бұл  бейорганикалық  химия  пәнінде  берілетін  деректер, 
ұғымдар,  заңдар  мен  солар  туралы  теорияға  негіздеп  оқыту.  Оқытудың 
ғылымилығы  тек  оқулықтағы  материалдарды  меңгерумен  ғана  емес,  ол 
қосымша  оқу  құралындағы  материалдарды  кеңінен  пайдалану,  білімді 
бағалауға,  тексеруге  арналған  басқа  да  қосымша  материалдармен  байланысты 
қарастыру арқылы жүзеге асады. 
Бейорганикалық  химиядан  топтық  ӛзіндік  жұмыстармен  қатар,  жекеше 
орындалатын  ӛзіндік  жұмыстардың    түрлері  де  жеткілікті.  Мұндай  жағдайда  
ескерілетін мәселе  оқушылардың танымдық және  біліктілік деңгейі. 
Сондықтан  да,  жекеше  ӛздік  жұмысты  ұйымдастыру  оқушылардың 
мүмкіндігіне  қарай    деңгейлеп  жекелеп  беріледі.  Мұндай  жағдайда  оқушылар 
ӛздігінен  жеке  жұмыстар  орындайды.  Сол  арқылы  олардың  білім  деңгейі  мен 
біліктілігі  айқындалады.  Олардың  бір-біріне  кӛмегі  тек  жұмыс  нәтижесін 
талдау кезінде жүзеге асады.  
Қалыптастыру  эксперименті  барысында  оқушылардың  бейорганикалық 
химиядан есептер шығара білуіне де баса кӛңіл бӛлінді. Әсіресе, салыстырмалы 
молекулалық  массаларға  байланысты  есептер,  оқулықта  да,  оқу  құралында  да 
толық  құрылымда  берілген.  Бұл  есептерді  шығара  білу  бейорганикалық 
химиядан  білім  мен  білік  қалыптастыруға  мүмкіндік  берді.  Есептерін  шығару 
арқылы оқушылар теориялық білімін тұжырымдайды, оны іс жүзінде қолдануға 
жаттығады.  Есепті  шығару  үшін  оқушылар  химиялық  құрал  жабдықтармен 
және  реактивтермен  жұмыс  істеуге  дағдыланады.    Есеп  шығарып,  оның 
шешімін  табуға  үйренген  оқушылар  ӛздігінен  жұмыс  істеуге  жаттыға  түседі. 
Оқушылардың  химиядан  алған  білім  сапасы  мен  практикалық    іс-әрекетке 
әзірлігі  эксперимент  есептерін  шығару  үстінде  байқалады.  Ӛзіндік  жұмыс 
ретінде  есептерді  жеке-жеке,  топпен  және    бүкіл  сынып  болып  орындату 
жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар кезінде оқушылар   бұрын алған білімдері 
мен  қалыптасқан  біліктерін  қолдануға  және  есеп  шығару  дағдыларын 
жетілдіруге  жаттығады.Шығарған  есептің  нәтижесін  оқушылар  топпен  және 
сынып  бойынша  талқылауға  жаттығады.  Сонымен  қатар,  оқушылардың  ӛткен 
материалды    меңгеру  деңгейін  және  оны  іс  жүзінде  қолдану  шеберлігін 
тексеруге  және  бағалауға  мүмкіндік  туады.  Есеп  нәтижелерін  талдау  арқылы 
оқушылардың,  оны  орындау  барысында  жіберген  кемшіліктерін  және  оның 
себептерін анықтап, оларды ӛзіне түзетуге жағдай жасалады..  
Бірақ,  эксперимент  кезінде  байқалған  жағдай  химиялық  есептерді 
оқушылар  бірден  шығарып  кете  алмайтындығы.  Мұндай  ӛзіндік  жұмысқа  кӛп 
дайындықтың керектігі. Сондықтан да, ең алдымен оқушыларды есеп шығаруға 
үйрету  үшін  сынып  жағдайында    белгіленгенесепті    теориялық  тұрғыдан 
талқылау  ұйымдастырылады.  Талқылау  кезінде  сынып  оқушылары  түгел 
қатыстырылады.  Мұғалімнің  басшылығымен  олардың  әрқайсысының  пікірін 
тыңдау,  дұрыстау,  тұжырымдау  жүргізіледі.  Сонан  кейін  оқушылармен  


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау