Ильясова гульжахан уалибековна



жүктеу 3,92 Mb.
Pdf просмотр
бет29/46
Дата26.11.2018
өлшемі3,92 Mb.
#24573
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46

63 
 
сипаттағы  тапсырмалар  орындалады.  Ондай  тапсырмалар  келесі  жеке  ізденіс, 
яғни  эвристикалық  сипаттағы  тапсырмаларды  орындауға  дайындық    болып 
есептеледі.  Танымдық  белсенділіктің  қалыптасуының  дәрежесі  оқушының  әр 
түрлі  тапсырмаларды  орындау  барысындағы  ӛз  бетінше  жұмыс  істей  алу 
қабілетімен, деңгейімен анықталады. 
Біз  ӛзіндік  жұмысты  сӛз  еткенде  оқушылардың  тек  пәндік  білімді 
меңгеруіне  негіздеп  қана  қараудан  аулақпыз.  Себебі,  білім  мазмұнын 
меңгертумен  мақсат орындалмайды. Мұнда басты кӛңіл сол меңгерген  білімді 
керекті  жерінде  қолдана  алатын  белсенді  тұлға  дайындауға  бӛлінеді.  Қай 
пәннен  ӛзіндік  жұмысты  ұйымдастырсақ    та,  оның  мазмұны  жеке  тұлғаға 
бағытталады.Сондықтан  да,  қазіргі  білім  беру  жүйесіне  қойылып  отырған 
талапардың    бірі  және  бірегейі  білім  беруде  оқушылар  атқаратын  ӛзіндік 
жұмыстарды    күшейту.  Ӛзіндік  жұмыстың  қай  түрін  ұйымдастырсақ  та,  оны 
дұрыс ұйымдастыру үшін оның  ең басты тиімділігін ескеруге тиіспіз: 
- жеке тұлғаның дербестік қасиетін мейлінше арттыру; 
- оқушылардың таным, ақыл-ой қабілетін дамыту; 
-  оқыған    тақырыптың,  қарастырылатын  мәселенің  тӛңірегінде  білімді 
тереңдету; 
- оқушының ӛз пікірін айтуға,  дәлелдеуге мүмкіндік алуы; 
-  меңгерген  теориялық    білімді  практикамен    ұштастыруға,    қолдануға 
мүмкіндік жасау;  
- ойлау жүйесінің дербестігіне қол жеткізіп, ақыл-ой жүйесінің дамуы; 
- ӛзін ӛзі тексеріп, ӛз қатесін ӛзі түзетуі; 
- есте сақтау қабілетінің тұрақтануы ; 
- жұмысты орындау тәсілдерін ӛздігінен іздестіруі; 
- ӛзіне-ӛзінің сенімі артуы. 
Сонымен қатар, ӛзіндік жұмыстарды орындату үшін мұғалімге қойылатын 
талаптар  да  бар.  Мұғалімнің  қатынасынсыз  орындағанмен,  ӛзіндік  жұмыстың 
нәтижелі болуы оның ұйымдастырушылық жұмысына байланысты. Олар: 
- тапсырманың оқушының  қабілетіне қарай  беру; 
-тапсырманың мәні, мақсатміндетінің жете  түсіндірілуі; 
- оқушыға  орындаудың  бағыт-бағдарының, нақты нұсқаудың  берілуі; 
- күрделі мәселелер болған жағдайда, дайын үлгілермен таныстыру; 
- дұрыс орындалған жұмыстарға ынталандыру шараларының болуы. 
Ӛзіндік  жұмыстарды  орындау  үшін  тек  теориялық  білімнің  болуы  ғана 
жеткілікті  емес,  оқушыда  қалыптасқан  әрекеттік  дағдылар  мен  ой  әрекеті 
тәсілдерін жақсы меңгеруі тиіс. 
Қазіргі  жаңашылдық  дәуірде  орта  мектепте  химиялық  білім  беруді 
ӛркендету мәселесін қойып отыр. Бұл оқушыларға берілетін білім тек дәстүрлі 
сабақтар    барысында  ғана  емес,  түрлі  зертханалық  сабақтарды  жүргізу, 
бақылау,  байқау,  тәжірибе  жасауды  ұйымдастыру,  білім  деңгейін  қорытынды 
бақылау сияқты т.б.келелі  жұмыстарды жүргізуді талап етеді.. 
Бұл  оқу  үдерісіндегі  білім  берушінің  беруге  тиісті,  ал  білім  алушының 
қабылдауға  тиісті  білім,  білік  пен  дағдының  деңгейін  кӛтереді.  Типтік 


64 
 
бағдарлама  қазіргі  ғылым  мен  техника  дамуын  есепке  ала  отырып,  білім 
мазмұнының  ғылымилығын,  теория  мен  тәжірибенің  бірлігін,  оқу 
материалдарының деңгейін, пәнге қатысты әлемдегі болып жатқан ӛзгерістерді 
сипаттайтын пәнаралық байланыстарды қамтуды талап етіп отыр.  
Ал,  бейорганикалық  химия  пәнінің    басты  мақсатының  бірітеориялық 
білімнің  негізінде  химиялық  элементтер  мен  олардың  қосылыстарының 
химиясын түсіндіре отырып, басты заңдылықтарын ұғындыру.  Оған қоса бүкіл 
ғылымның теориялық және практикалық даму болашағын да таныстырып ӛту. 
Әрине,  мұның  бәрі  түрлі  типтегі  сабақтар  ұйымдастыру  барысында  жүзеге 
асатыны  белгілі.    Мәселен,  бейорганикалық  химиядан  ұйымдастырылатын 
сабақтардың түріне қарай оның  атқаратын функциялары сан алуан. Соның бірі 
кіріспе  сабақ  болса,  оның  функциясына    бейорганикалық  химияның  негізгі 
ғылыми-теориялық  жағдайымен  таныстыру,  оқушыларды    жалпы  проблемаға 
бағыттау. Оларды,химиялық ұғымдарды ӛздігінен ізденіп меңгеруге  дайындау, 
ойлауды  қажет  ететін  үдерістерге  оқушыларды  әзірлеу,  практикалық, 
зертханалық жұмыстар жүргізуге дайындау. 
Ал,  егер  жаңа  білім  беру  сабағы  болса,  сабақтың    мотивациялық  функ- 
циясын  күшейтіп,  оқушылардың  химия  ғылымына  деген  қызығушылығын 
арттыратын,  "химиялық  тілдің"  дамып,  "химиялық  ойлаудың"  қалыптасуына, 
дағдылануына  ынталандыратын  әрекеттерге  бағыттау  мақсаты  орындалады. 
Бұлардың  қай-қайсысы  да,  оқушылардың  ӛзіндік  жұмыстарына  негіздей 
отырып жүргізіледі. 
Жалпы  алғанда  оқулық  оқыту  үрдісіндe  eң  басты  орын  алады,  оқушы 
негізгі  ұғымды  сол  арқылы  алады,  сонымен  қатар,  оқулықпен    ӛз  бeтіншe  әр 
түрлі    жұмыс  орындайды.  Оқулықта  игeрілугe  тиісті  бағдарлама  кӛлeміндeгі 
матeриал  толығымeн  баяндалып,  тіпті  оқыту  әдістeрі  мeн  құралдары  да 
кӛрсетілeді.  Осындай  құрылымдық,  мазмұндық  жүйесінің  нeгізіндe  оқулықты, 
оқытушы  жүйe,  ол  білімділік,  тәрбиeлік,  дамытушылық  функцияларды 
атқарады дeп қорытындылауға болады. 
Заманауи  оқулық  –  ынталандырғыш,  ӛздік  жұмысқа  бағытталған  болу 
қажет.  Білім  алудың  негізгі  кӛзі  және  оқушылардың  ӛздік  жұмысын 
ұйымдастырудың  негізгі  құралы  ретінде,  оқулыққа  –  құзіреттілік,  тұлғалық 
әрекет  тәсілдерін  жүзеге  асыру,  мәтіндерді  азайтып,  шығармашылық 
тапсырмаларды кӛбейту, тәжірибеге бағдарланған тапсырмалар арқылы ӛмірлік 
тәжірибемен  байланыстыра  отырып  оқыту.  Оқушының  жас  ерекшелігіне  сай 
кӛркем  иллюстрациялармен  безендірілу,  электрондық  қосымшасы  болу 
талаптары қойылады[136]. 
Оқулықпeн оқу құралдарын сабақтастыра отырып, ӛзіндік жұмыс істeп, ӛз 
білім  сапасын  бақылауға  жәнe  бағалауға  үйрeту  мұғалімнің  аса  маңызды 
міндeттeрінің  бірінe  жатады.  Оқушыларға  оқулық  және  оқу  құралы  арқылы 
орындайтын  іс-әрекеттерін  атап  кӛрсете  отырып,    жазып  алуға  кeрeктілерін, 
eсте  сақтауға,  тіпті  жаттап  алуға  жататын  заңдар  мен  заттардың  қасиеттерін, 
атаулардың  анықтамаларын  қалай  игeругe  болтындығын,  ол  үшін  
қолданылатын әдіс-тәсілдерді мұғалім ретті жерінде айтып түсіндіріп отырады. 


жүктеу 3,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау